Алаш қозғалысы



бет20/26
Дата27.09.2022
өлшемі153.2 Kb.
#461493
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
қазақ тілі реферат

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Бұл әлемдегі ең ірі, ең таныс, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым.[1]
Бас кеңсесі орналасуы – Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 193 мемлекет кіреді.
«Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт ұсынды.
Декларациясы Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған.
Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, фран­цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды.
Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификация­лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдас­тықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.
Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбіт­шілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүше­лер мен оның бюджетін қабылдау мәселе­лері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі.

Әлемнің бейбітшілікпен тұрақтылық ісіне Қазақстанның үлесі


Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту және елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған халықаралық қауымдастық. БҰҰ - халықаралық кездесулерге арналған әмбебап алаң. Елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілдігін қамтамассыз етеді. Қолданыстағы дипломатияның негізгі сілтемесі болып саналады. Бұл ұйымды дамыту идеясы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасты. Бұл туралы бірінші рет 1942 жылы 1 қаңтарда (Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясы) айтылды. Көп ұзамай БҰҰ жарғысы бекітілді (1945 жылдың ортасында). Бастапқыда БҰҰ-на 50 ел кірді. 1945 жылы 24 қазанда БҰҰ Жарғысы күшіне енді. Бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп дүниежүзілік күнтізбеге енген 
Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі ретінде, бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықта ядролық қарусыз аймақтарды құру және біздің планетада сондай аймақтарды одан сайын көбейтуге шақырады. Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан бас тарту туралы бастамасын ұсынды. Бұл гуманитарлық және пацифистік бастаманы Орталық Азия аймағындағы барлық көршілеріміз қолдады. Бүгінгі таңда Орталық Азия Аймағы (ОАА) ядролық қаруы жоқ аймақ болып табылады. Сондай-ақ, БҰҰ шеңберінде Қазақстан бүкіл әлемде ядролық қарудың толық жойылуын қолдайды.Президентіміздің «Тәуелсіздік дәуірі» өз фундаменталды еңбекте атап өткендей: «Қазақстанның басты артықшылығы – жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың мол қорында емес, керісінше, ашықтықта, бейбітшілікте, саналы ой-сана мен моральдық беделде екенін біз о бастан жақсы сезіндік. Ол ядролық қарусыз мемлекетті жүздеген, тіпті мыңдаған оқтұмсығы бар мемлекеттерден де қауқарлы күшке айналдыра алатын. Ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін қатерлі қарудан бас тартудың мұндай саясаты барлық замандарда да өзгелерге үлгі болуға тиісті еді». (Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. – 97 б.)Сонымен, жас тәуелсіз, бірақ қазірдің өзінде толық қалыптасқан мемлекет - Қазақстан Республикасы тұрақты емес БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүше ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы – ең ықпалы зор және беделді халықаралық ұйымның жұмысына және соңғы 2 жылда бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне елеулі үлес қосты . Бұл бүкіл дүние жүзіндегі халықаралық және ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне үлкен тарихи үлесі. Сондықтан, әлемнің 138 елі Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу кандидатурасын қолдады. Ал біз, қазақстандықтар, туған елдің бейбітшілік сүйгіш және әлемнің жаһандық сақтау ісіне қосқан үлесіне мақтаныш сезіммен қараймыз және мақтанамыз!
Экстремизм мен терроризм XXI ғасыр індеті
ХХІ ғасырдың әлем тарихында адам баласы үшін ең басты проблемалардың бірі – терроризм. Терроризм-қазіргі кезде тек құқықтық тұрғыдан ғана өзекті қылмыстардың бірі болып саналмай, сонымен қатар әлеуметтік, идеалогиялық та проблема болып көрініп отыр. Себебі террористер экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді, діни фанатизмді, сепаратистік пиғылдарды табысты қолдана білуде. Қазіргі терроризм халықаралық сипат алып, жекелеген мемлекеттер үшін де немесе белілі бір аумақтар бойынша қарқын алып, жазықсыз адамдардың өміріне қауіп келтіру арқылы елдің саяси және әлеуметтік тұрақытылығына қауіп төндіріп отыр. «Террор» деген сөздің өзі – қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. «Террористтер – бұлар кімдер? Не үшін оларды «террористер» деп атайды? Не себептен олар террорлық әрекеттер жасайды? Олардың мақсаты неде? Тарихтағы бізге белгілі радикалды террористтік актілер, және ондай әрекеттерден сақтану, мүше болмау жолдары». Осындай сұрақтарға мен ғылыми-зерттеу жүргіздім. Ешкім де анасынан террорист я лаңкест болып тумайды. Адам қарап жүріп террорист немесе қанқұмар содырға айналмайды. «Бірақ, қалай террористке айналады?» деген сұрақ пайда болады. Оларды адастыратын, адасқандарды өздерінің зұлым мақсаттары жолында пайдаланатын күштер бар. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, террористік әрекетті тікелей іске асырушылар қоғамның әлеуметтік деңгейі төмен, рухаи-интеллектуалдық қуаты әлсіз топтарынан шыққан адамдар. Олар да біз сияқты адамдар, бірақ өз жолынан тайған адамдар. Паналықты ақиқаттан адастыратын адамнан іздеп тапқан. Нағыз террорист жалғыз бір тұлға, яғни ол адамдарды адастырып, оларға тапсырып беріп отырған адам. Мамандардың айтыуынша, лаңкестік ұйымдардың террорлық актілерді ұйымдастырудағы түпкі мақсаты – қарапайым халықты қырып-жою емес, халықтың арасында үрей тудырып, жұртты үнемі қоқыныштың құрсауында ұстау. Олар осы әрекеттері арқылы өздеріне қарсы топтарға, ұйымдар мен күштерге сес көрсетуді мақсат етеді. Басқаша айтқанда, террористік ұйымдар үшін жарылыстарда қырылып жатқан адамдар, бар болғаны, тиісті нысанға жетуі тиіс ақпараттың дәнекерлері ғана. 

Экстремизм ( «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты.


Бейбіт өмір- береке бастауы
Биыл – Қазақстан халқы үшін өткенге маңыз беріп, болашақтың мазмұнын айқындайтын ең мәртебелі де тарихи жыл. Тұғырлы ел болайық деген асқақ рухта тәуелсіздіктің негізін қалап, іргетасын бекіткенімізге, дүние жүзіндегі дербес мемлекеттердің қатарына енгенімізге 25 жыл толды. Осы 25 жылдың ішінде жаңа тарих беттері қатталып, онда Қазақстанның жаңа заманға сай келбеті қалыптасып, жауапкершілікпен атқарған қыруар жұмыстарының жемісі айқын көрініс тапты. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымызға елдің тәуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңса­ған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асыр­дық. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын жаңа қазақстандық арманмен, тың бастамалармен қарсы алып отырмыз. Оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан-2050» Стратегиясымен пара-пар. Еліміз ХХІ ға­сырдың ортасына қарай әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жет­кізуді жоспарлап отыр. Тарихқа үңілсек, қазақ халқы талайлы тағдырында ұлтқа ұстын болған хандардан, ел қорғаған батырлардан, кемел билерден кенде болмаған. Абылай, Керей мен Жәнібек хандар тіккен Қазақ ордасын еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Қазақ хандығы деген ұлан-ғайыр жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің етек-жеңін бүтіндеді. Оның қазақ халқының тұғыры берік, жұлдызы жарық ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа жету жолында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның күшін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы болғанына тарих куә. Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін біз бабалардан қалған аманатты есімізден шығармай, үнемі електен өткізіп отыруға тиіспіз. Өйткені, біз Абылай бабамыз армандаған осы күнге оңайлықпен жеткеніміз жоқ. Ел арасында Абылайдың арманына байланысты айтылатын тәмсіл бар. Ақтық сәтінде «Хан ием, не арманыңыз бар?» деп сұраған Бұқар жырауға Абылай хан: «Үш арманым бар. Біріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім. Қан көп төгілді. Екіншісі, халық жер емшегін еме алмады, қала, кент сала алмады. Үшіншісі, елдің басын біріктіре алмадым», деген екен. Әрине, сыртқы жауға қарсы қазақтың басын біріктіріп, халқын азат қыламын деп аттан түспеген ардақты ханның ел келешегіне қатысты арманы аз емес еді. Бірақ ауызбірліктің дұрыс болмау­ынан Абылайдың көп арманы заманында орындалмай қалды. Маңдайына бақ пен соры қатар жазылған Қазақ елі Абылай хан өмірден өткеннен кейін де тағдырдың талай тауқыметін тартты. Ырысын қашырған алауыздықты, «бас-басына би болған өңкей қиқым» заманды, ұлттық болмысымызды жоймақ болған тоталитарлық саясаттың тепкісін көрді. Алайда, ертеңгі күнге деген үмітімізді өшірмей, бәрінен өттік. Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Абылай армандаған мамыражай бейбіт өмірді көрді. Абылай мұратының орындалғаны осы емес пе?! Осы жиырма бес жылдың ішінде қазақ елі өзінің оң-солын таныды, етек-жеңін жинады. Ғасырлар бойы арман болған ұлы істер осы күні жүзеге асуда. Елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, мемлекеттік тілді жаңғырту жолында қыруар жұмыстар атқарылды. Қазақстан тәуелсіздіктің жиырма бес жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. Халықаралық қауымдастық Қазақстанды ортаазиялық көшбасшы, шынайы әріптес, тату көрші, тағылымды дос ретінде таниды. Айналдырған 10 жылдың ішінде Астананың дүниеге келуінің өзі сонау перғауындардың Мысырдағы пирамидаларды ғасырлап салғанымен пара-пар. Еуразия кіндігінде мың жыл тұрған қалалардан еш кем емес, жаңа да бірегей қала бой көтерді. Бұл да Елбасының ерен ерліктерінің бірі, тәуелсіздіктің арқа­сын­да қол жеткізген жетістіктеріміз. Өз кезегінде, осы мемлекеттің көк туын биіктете түсу міндеті әрбір Қазақстан азамац тына тағдыр сыйлаған ұлы бақыт десек те болады. Ал бақыт, Елбасы айтқандай, «бағалай біл­ген­нің басында тұрады». Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев әлем алдында тәуелсіз елдің тұсауын кескен сарабдал басшы ғана емес, өзін осынау тарихы бай, тағдыр-талайы ауыр, бірақ рухы мықты елдің сүйегінен жаралған адал перзенті екенін де қоса дәлелдеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық шең­берде, халықаралық деңгейде адамзатқа ортақ ондаған күрмеуі қиын мәселелердің оң шешілуіне ықпал етер көрнекті саясаткер, қазақтың бағына жаралған тарихи ұлық тұлға екеніне уақыт өткен сайын көзіміз жете түсуде. Тәуелсіздік жөнінде сөз қозғасақ, ең алдымен жадымызға түсетін қасиетті ұғым ол – елдің тыныштығы, мемлекет ішіндегі тұрақтылық. Тұрақтылық қай жерде болады? Тұрақтылық – бірлік болған жерде болады. Егер елдің ішінде саяси тұрақтылық болмаса, әлеуметтік даму болмаса, ол елде ешуақытта да баянды даму болмайды. Бұл жерде тіпті, тәуелсіздік тағылымы туралы айтуға да орын жоқ. Өте қиын. Неге десеңіз, елдің ішкі саяси ахуалы шайқалған жағдайда бәрі де шайқалады. Бұл тәуелсіздікке бірден-бір қауіпті қатер. Ішкі тұрақтылығы сыр берген мемлекетке сыртқы факторлардың әсер етуі өте оңай. Ал ел бірлігі мықты болған жағдайда ғана мықты мемлекет туралы әңгіме қозғауға мүмкіндік бар.

Қазақ халқы-бейбітсүйгіш ел


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда әлем елдерінің арасындағы қарым-қатынас өте тығыз сипат алды. Жер шарының бір түкпірінде болып жатқан қым-қиғаш оқиғалардың екпіні басқа елдерді де шарпымай қоймайтыны соңғы кездегі үрдістермен анық дәлелденді. Әлем елдерінің экономикалық дамуындағы алшақтық мәдени, діни факторлармен еселеніп, бейбітшілік пен тыныштыққа қауіп төндіретін күштерге дем беруде. Осы ретте бүкіл адамзат баласы тыныш өмір сүрудің кілті бір-бірімен бауырластықта екенін терең түсіне бастады. Кеңес одағы жойылғаннан кейін тәуелсіздігін алған мемлекеттердің бәрі беделді халықаралық ұйым - БҰҰ-ға мүше болуымен өздерінің дербес ел екендіктерін жаһанға паш етті. Солардың қатарындағы Қазақстан Республикасы осы халықаралық қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде мемлекет құрудың жаңа кезеңінде әлем назарын өзіне аударатын бірқатар оқиғаларға себеп болды. Оның бастысы - Қазақстанның өз еркімен ядролық қарудан бас тартуы. 40 жыл бойы ашық аспан астында ядролық сынақ алаңы болған қазақ жерінің қасыреті ел басшылығының осындай батыл қадам жасауына негіз болды. Ядролық қаруды таратпау идеясы мемлекет қауіпсіздігінің кепілі болумен қатар, жаңа ғасырда қарым-қатынасы күрделене түскен дүниежүзілік қауымдастықты бейбітшілікке шақырудың үлгісі еді. Қазақстан Кеңес одағы тарағаннан кейін ядролық қару арсеналына ие әлемдегі төртінші ел болатын. Ал, осындай қуатты қарудан бас тарту Қазақстанның халықаралық сахнада жағымды бейнесін қалыптастырған сыртқы саясаттағы көреген шешімдерінің бастамасы болғаны анық. Одан беріде, яғни 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі Қазақстанның жаһандық тыныштыққа қауіп төндіретін күштерге қарсы күресуге қабілетті нақты іс-шаралар ұсынуының негізінде жүзеге асқан болатын. Осы жаһандық ауқымдағы оң үрдістер биылғы жылдың басты жаңалығымен жалғасты - Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Еліміз географиялық қағидамен сайланатын аталмыш кеңестің 10 тұрақты емес мүшесінің бірі атанды. Жалпы, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тұрақты орган ретінде осы ұйым жарғысына сәйкес әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты орган, ол БҰҰ-ның алты негізгі органының қатарына кіреді. Бұл кеңес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген дау-жанжалды тергеп-тексеріп, қандай шара қолдану жөнінде шешім шығарады, ол тіпті қару қолдануға дейін баруы мүмкін. Жанжал аймақтарына бейбіт күштер кіргізу және басқа да жолдармен бейбітшілік орнатуға ұмтылыс осы ұйымның басты міндеттерін құрайды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет