Алдашева камар сагингалиевна


Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сӛздерді меңгертудің философиялық



Pdf көрінісі
бет42/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

2.1 Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сӛздерді меңгертудің философиялық 
бағыттары
Тіл ғылымының дамуы философиямен сабақтасып жатыр. Тіл туралы 
ғылымның философиямен байланысы оның əдіснамалық ұстанымдарымен жəне 
ортақ зерттеу нысандарымен түсіндіріледі. Осы себепті философия барлық 
ғылым салаларының əдіснамалық негізі ретінде қарастырылып, сол ғылым 
салаларының дамуына өзіндік үлес қосады.
Қазіргі гуманитарлық тұжырымдарда тіл философиясының шеңберінде 
тілге тəн жалпы заңдылықтарды түсіндіру үшін философиялық ережелер 
пайдаланылса, ал тілдік деректер нақты бір уақытқа тиесілі философиялық 
мəселелердің шешімін табу үшін қолданылады.
Тіл – адам табиғатындағы ерекше ғажайып құбылыс. Тілдің басқа 
жаратылыстардан ерекшеленіп, адамға ғана тиесілі болуының, оның адам 
өміріндегі, дүниемен қатынасындағы атқаратын қызметі мен алатын орны 
философия ғылымында ежелден бері маңызды мəселелердің қатарынан 
табылып келеді. Философиялық пайымдаулар мен тұжырымдарда тіл жеке-дара 
емес, тіл адамды қоршаған бүкіл болмыспен, адамға тəн физикалық жəне 
рухани құндылықтармен бірлікте қарастырылады. Сондықтан адамның 
дүниемен қатынасына байланысты барлық мəселенің философиялық түйіні бар 
десек, біздің зерттеу нысанымыз болып отырған жаңа сөздердің тілдік құбылыс 
ретінде философиялық сипатқа ие болуы заңдылық. Бұл ретте ЖОББЖ-да жаңа 
сөздерді меңгертудің философиялық мəні ұлттық философия мен əлемдік тіл 
философиясындағы ұғым-категориялардың сабақтастығында ашылады (Сурет 
5). 
Сурет 5 – Жаңа сөздерді меңгертудің философиялық мəнін философиялық 
категориялар негізінде түсіндірудің бағыттары 
Жаңа сӛздерді меңгертудің 
философиялық негіздері
Ұлттық философиялық 
категориялар
тіл мен құндылық, тіл мен 
болмыс, тіл мен тарих, тіл мен 
ұрпақтар сабақтастығы, тіл мен 
тұлға, тіл мен діл, тіл мен білім
Ғылыми философиялық 
категориялар
тіл мен мəдениет, тіл мен 
таным, тіл мен сана, тіл мен 
ойлау


77 
Адамзат тілін қалыптастыру мен дамытудың тетігі – өзіндік 
қажеттіліктерге сəйкес қоршаған болмысты өзгертуге деген ұмтылыс. Бұл ең 
алдымен тілге жаңа ұғымдар, жаңа атаулар, жаңа түсініктер – жаңа сөздер алып 
келеді. Тіл мен адамзат қоғамының алға бірлікте жылжуының бұлжымас 
заңдылығы – осы.
Əлемдік философияны тұтастай алып қарайтын болсақ, қазақ халқының 
ұлттық философиясы – сол тұтастықтың бөлінбес əрі бірегей бөлшегі. Ұлттың 
философиясы – ұлттық дүниетанымның жүйеленген жиынтығы. Қазақтың 
ұлттық философиясы – дала даналығы. Дала даналығының тарихы тереңнен 
тамыр жайып, қазақтың бүкіл ұлттық болмысын қамтып жатыр. Атадан балаға 
мирас болып жеткен ұлттық құндылықтар осының дəлелі. Ғасырлар тоғысында 
ұлтты жəне оның ең бағалы құндылықтарын сақтап қалу, ертеңгі ұрпаққа саф 
қалпында табыстау – бүкіл адамзаттың алдындағы үлкен міндет. Осы орайда 
тілді тұтас адамзат дамуының үлкен жетістігі деп бағалау артықтық етпейді. 
Бұл мəселеде қай ұлттың болмасын саналы əрекеті біреу, ол – ұлт тілін сақтау, 
ұрпақтар сабақтастығын жалғау.
Əлемде тілдер адамдардың белгілі бір тобына тиесілі болуына қарай 
ерекшеленеді. Адамдардың ең үлкен қауымдастығы – ұлт. Демек əр тілдің 
ұлттық сипаты – оны басқаларынан ерекшелейтін бірінші меже.
Тіл – ұлттық сана-сезіммен, ұлттық психологиямен тамыры тереңде 
байланысқан феномен. Ұлтымыздың тілі бүгінгі күнге мыңдаған жылдарды 
артқа тастап, Абай айтқан «соқтықпалы соқпақты» жолдардан өтіп жетті. Қазақ 
тілі қазақтың санасымен бірге өркендеді, бірге дамыды, бірге қалыптасты. 
Қашан да қазақ үшін тілден қасиетті, тілден қастерлі ұлттық құндылық болған 
жоқ. Бір ауыз сөзге тоқтай білген ұлтымыз тілді өнердің биігіне теңеді. Ал 
бүгінде жазушы Ə. Əбішев айтқандай, «халықтың бала кезінде туған тілі сол 
халықтың дана кезіне ұлан-асыр ғажайып мұра арқалап жетті». 
Тəуелсіздігі бар, мəдениеті мен əдебиеті бар қай халықты яки ұлтты алып 
қарасақ та, тілден артық байлығы жоқ. Тіл – ұлт өмірінің тірегі. Тіл – 
басқалармен терезесі тең екендігін танытатын ұлттың құндылығы. Демек, 
тілдің тағдыры – ұлттың тағдыры. 
Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорын байытуға үлес қосып жатқан ұлт тілінің 
төл сипатын танытатын түрлі саладағы жаңа сөздерді меңгерту «...халықтың 
шынайы руханилығын түсінуге, оның тамырлары мен ұлттық ойлаудың 
ерекшелігін, төлтумалығын, қоғамның əлеуметтік сипатын тереңірек зерделей 
түсуге» [117, 238] үлес қосары анық. Бұған төмендегі ой-маржандар толық 
дəлел бола алады. 
«Дүниеде бағасы жоқ нəрсе болмайды. Сөздің де, ойдың да, идеяның да 
бағасы бар. Бағасы жоқтың мəні жоқ» [118, 150]. Сөздің дұрыс бағасын беру – 
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау – бір ауыз сөзге тоқтау – 
ұлтымыздың қанына біткен тектіліктің белгісі. Тілдің байлығы мен 
көркемдігіне дəлел – сөз. Сөз – халықпен бірге жасасып келе жатқан, оның 
жүріп өткен жолының, тарихының куəгері, ұлтты ұлт жасайтын барша айрықша 
белгілерді өн бойына жинап, сақтаған қазына. Тарихтың қойнауында кеткен 


78 
өткен күн бүгінге сөз арқылы табысталып, ертеңге сөз арқылы жетеді. Сөздің 
құдіреті де, міне, осында. Өмір сүрудің əр ұлтқа тəн үлгісі де оның сөзінде 
қатталып жатыр. Адам баласының ақиқат болмыспен қатынасының мəні, 
дүниетанымының діңгегі, түптеп келгенде сөзде тамыр жаяды. Даму, өркен 
жаю, жаңғыру, жаңалықты жариялау – қай өркениетке де тəн құбылыс. Бұлар 
да өз кезегінде сөзде көрініс табады. Мұндай құбылыстардың сөздегі 
көрінісінің басты белгілерінің бірі – тілге жаңа сөздердің енуі. Жаңа сөздердің 
тағдыры – сөз тағдырымен бара-бар. Жаңа сөздер де жоғарыда аталған ұлтқа, 
ұлттың тарихына, ұлттың дүниетанымына қатысты міндеттерді өзіне жүктейді. 
Қазақтың философ ғалымы С. Нұрмұратов ұлттық болмысымыз бен 
тіліміздің, діліміздің, құндылықтарымыздың мəнін тереңнен зерделей отырып, 
«түркілік мықты рухани күштің арқасында ғана ғасырлар бойы этникалық 
тұтастығымыз сақталды, халықтық келбетіміз айқындала түсті» [119, 42] деп 
жазады. Мұның астарында сонау түркілік ескерткіштердегі өсиет-өнегені 
бүгінгі ұрпақтың рухын байытатын тəрбие мен білімнің көзі деп бағамдау 
жатыр. 
Сол түркілік ескерткіштердің бірі əрі бірегейі – М. Қашқаридың «Диуани 
лұғат ат-түрк» жинағы. М. Қашқаридің сөздігі – қазақ сөз мəдениеті үшін 
бағалы, құнды еңбек. «Мен бұл кітапты... парасатты-ғибрат сөздермен, ұйқасты 
ақ өлеңмен, мақал-мəтелдермен, өлеңдер мен қара сөзбен безендірдім. Мəңгілік 
ескерткіш əрі таусылмас əдеби мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің 
сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым» [120, 201], –
деп ғалым сол кездің өзінде ұлттың Мəңгілігін, тілдің Мəңгілігін, ұрпақтың 
игілігін мақсат етті. Қашқаридың еңбегі – қазіргі ұлт тіліндегі жаңа сөздер 
жасауда, тілдің байырғы төл байлығын жаңғырту, жандандыру ісінде де баға 
жетпес əрі ұлттық тілдің бай сөздік қорын жинақтаған мұра. 
М. Қашқари: «Ең таза тіл – тек қана бір тілді біліп, парсылармен 
араласпайтын, жат-жұртқа барып келіп, қарым-қатынас жасамайтын 
адамдардың тілі. Екі тіл білетін жəне шаһар халықтарымен араласып тұратын 
адамдардың тілдерінде шұбарлылық бар ...» [121, 110-111], – дейді. Əрине 
қазіргі тілдік ахуал ұлт тілін шұбарландыруға бейім, халықаралық 
қатынастардың үздіксіз дамыған заманында тілдердің араласу құбылысы да 
орын алып отыр. Осыған қарамастан ұлттық мүдде тұрғысынан ұлттық 
құндылықтар қатарындағы ана тілінің төл сипатын сақтауға деген ұмытылыс 
қашан да тоқтамау керек.
Тамыры түркілік руханияттан бастау алып жатқан «əдептің басы – тіл», 
«тіл – тəрбиелік пен қайырымдылықтың басы», «белгі болмаса жол бұзылады, 
білім болмаса сөз бұзылады», «шақпақты шақса – от тұтанар, сөз ұғындырылса 
– ой білінер» деген ұлағатты сөздер қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан 
болмыс-бітіміндегі, даналығы мен тəлім-тəрбиесіндегі тілдің қуатын танытады. 
Сөз асылының түркілік бастауындағы тағы бір арна – Жүсіп Баласағұнның 
насихаттары. Ғұлама «Құтты білік» деп аталатын жəдігерінде ғибрат пен 
өнегеге толы ой-маржандарының өн бойында тілді, сөз өнерін адамдағы 
ізгіліктің бастауы, білімнің қайнар көзі, білімнің інжу-маржаны деп танып, 


79 
«Көрінеді тілден түйсік, білім де, біле білсек жарылқаушы – тілінде» дейді 
[122]. Даналықтың айнасына айналған бұл еңбекте тілдің, сөздің, тіл өнерінің, 
тілдік білімнің адам өміріндегі айрықша маңызы туралы айтылған ойлар – ана 
тіліндегі жаңа сөздерді меңгертудің философиялық мəнін аша түседі. 
Ұлтты ұлттан ерекшелейтін – оның ойлау жүйесі, дүниеге көзқарасы. Осы 
ерекшеліктер ұлттық болмысты, ұлттық ділді қалыптастырады. Ұлттық болмыс 
пен ұлттық діл ұлттың рухани дүниесін, құндылықтар жүйесін жасайды. 
Рухани байлықтың ең озық үлгісі – ұлттың тілі. Осы нəрселердің барлығы 
атадан балаға мирас болғанда бүгінгі ұрпақты өз ұлтының мұрагері деп толық 
атауға болады. «Халық сөзі – қазына» демекші, қазынаның өз бағасын алуы – 
əділ де заңды құбылыс. Бұл ретте «елдің сөздік бейнесі мен қоры жасалған 
сайын, ана тілі ұлттық мəдениеттің құралы мен құбылысына айналады» [123, 
391]. 
Түрік ойшылы Юсуф Акчура айтқандай: «Ұлт – тек-тамыр мен тілдің 
үндесуі нəтижесінде қоғамдық ұжданда бірлік пайда болған, ұйысқан 
қауымдастық ...» [124, 278]. Қазақ – текті ұлт, тектілігінің тамыры талай 
ғасырлар ұлттық тілімен тереңге тартқан, «малым – арымның садағасы» дейтін 
халық. Арды адамдықтың деңгейіне емес, ұлттың деңгейіне көтерген қазақ 
ұлтының мəңгілігі – тəуелсіздігінде. Қазақтың бүгінгі ойшылы Ғ. Есім 
көрсеткендей, «тəуелсіз мемлекет болудың басты идеясы – ұлтшыл болу. 
Ұлтшыл деген халықшыл деген сөз ...» [118, 159]. 
Ұлтшылдық – бұл ұлтжандылық. Дəл бүгінгі жаһандану жағдайында тілге 
деген дұрыс көзқарасты қалыптастыруда ең алдымен ұлтжандылық қасиетті 
бойға дарыту қажет. Бұл үшін «бүгінгі таңда «ұлтшылдық» ұғымын жаңаша 
түсіндіру, біржақты, кеңестік жағымсыз мағынасынан арылту, тарихи деректер 
негізінде жаңаша теориялық-методологиялық көзқарас қалыптастыру міндеті 
тұр [125, 188]. Ұлт тарихындағы ұлтжанды тұлғалардың іс-əрекеттерінің 
астарында, шынтуайтына келгенде, қазіргі таңда ең өзекті болып отырған 
ұлттық идея жатқаны анық. 
Этникалық топтың дəстүрі мен салтына мойынсұнған азамат сол топтың 
мүддесін қорғауға бар ынтасымен кіріседі. Міне, сондай іс-əрекеттер 
ұлтжандылық тұрғысынан көрініс береді... Ұлтжандылық əрбір халықтың ішкі 
халықтық психологиясынан туындайтын құбылыс [126, 10-11], ал «ұлттық 
сезім, ұлттық сана, халықтық намыс дегендер елшілдік ойдың есейіп-жетілуі 
нəтижесінде дарыса керек» [127, 50]. 
Біле-білсек, қазақ халқы – бүкіл түркі халықтарының ата қонысын 
«найзаның ұшы, білектің күшімен» сақтап қалған жауынгер де жомарт, 
ауызбірлікті, білімдар халық [128, 138]. Осындай өз ұлты туралы жақсы 
көзқарас ұрпақтың бойында ұлтжандылықтың оянуына жол ашады. Ұлтжанды 
болу – атадан балаға ғасырлар бойы мирас болған тұтас ұлттық құндылықтарды 
сүю, оны қорғауға, оны сақтауға үлес қосу, ұлттың болашағы үшін тер төгу, 
ұлттық мүддені қашанда жоғары қою жəне ұлттың келбетін жақсы жағынан 
таныта білу. Ал ұлттың келбеті кеше не бүгін – бір күнде жасалмады, оның 
қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жай-күйі талай уақыт сынынан өтті. Ұлт тілін 


80 
ертеңгі күнге таза қалпында, табиғи қалыпта жеткізу – əрбір ұлтжанды 
азаматтың басты міндеттерінің бірі.
Өткенді жаңғырту – тарихи сананың өміршеңдігінің кепілі. Тілдің бүкіл 
өмір сүру жолындағы байлығын жіктеп, «байырғысын» іске жаратпау, өзіндік 
бағасын бермеу – үлкен қателік. Тілге сыртқы əсерлердің, түрлі факторлардың 
ықпалымен еніп жатқан жаңа құбылыстар, жаңа заңдылықтар ондағы 
қалыптасқан дəстүрдің тамырына балта шаппауын əрқашан назарда ұстау 
қажет. Бұл үшін əр буынның, əрбір ұрпақтың тарихи санасында «өткенге» 
құрмет көрсету əрі қорғау деген түсініктер мықтап бекуі тиіс. 
Философ С. Нұрмұратовтың сөзімен айтқанда, «əрбір халықтың 
психологиялық ерекшеліктерін талдау үшін, сол халықтың рухани дүниесінде 
қордаланған байлығын, ...құндылықтарын саралау керек. Халықтың ұрпақтан 
ұрпаққа беріліп келе жатқан этникалық сабақтастығын танып-білудің мəні зор» 
[126, 18-19]. Бұл жаңа сөздерің əдеби тілдің сөздік қорына ену үдерісіне тікелей 
қатысты мəселе.
Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың əлеуметтік жады. Бүгінгі түсіну мен 
болашақты болжау үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі 
екендігі рас. Тарихи эрудиция – бұл тұлғаның рухани байлығы. Алдыңғы 
буынның жинақтаған əлеуметтік-мəдени тəжірибесіне тереңірек енген сайын 
қазіргі адамның өмірлік жəне азаматтық ұстанымы айқындала түседі. Тарихи 
білім адамның ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді [129, 3-4]. 
Қандай үдерістің жүзеге асуында да, қандай үрдістің белсенділікке ие 
болуында да алдыңғы «кезеңді» тану, білу, ескеру маңызды. Бұл турасында 
Аристотель «Дəлелдеме» атты еңбегінде: «Кім бір нəрсені танығысы келсе, 
өзінде бар басқа бір нəрсені де тануы қажет» дейді. Сондай-ақ «Бірінші ұстаз»: 
«Кез келген білім мен оқыту бұрыннан бар ілімге негізделеді... Адам кейде 
бұрын білген нəрселерін тани бастайды, ал кейбір нəрселерін зерттеу 
барысында зерттеліп жатқан нəрселермен қатар таниды» деген тұжырым 
жасайды. Ал Платон болса «Федон» атты кітабында: «білім алу – еске түсіру» 
[130, 58-59], – деп түсіндіреді. Бұл жаңа сөздерді меңгерту үдерісіндегі білім 
философиясына тəн тұжырымдардың сабақтастығын айқындайды.
Тіл – құндылық. Ол тек кеше ғана пайда болып, бүгін бізге жеткен жоқ. 
Оның тарихы – сан ғасырлық. Тілге жаңа ұғымдар мен атаулардың енуі бүкіл 
адамзат тілінің дамуында жүріп жатыр. Адам Ата мен Хауа ананың ұрпағы 
бүгінгі ғарыштық дамуға жету жолында қанша нəрсені өміріне жаңа күйінде 
енгізіп, қанша нəрсе ескіге айналды. Сөздер де солай. Əр сөз ұлттың тілі үшін 
аса құнды, оның байлығының бөлінбейтін бөлшегі. Оны жоғалту – байлықты 
жоғалту, ал жаңғырту – байлықты жаңғырту. Қазақ философиясындағы 
«ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар өткенімен барлық ескілік сақталады» [131, 
241], – деген тұжырымның мəні осында. Қазақ тіліне, қазақ тілінде 
сөйлеушілердің тіліне еніп жатқан жаңа сөздер «жаңа ұғымды» білдіргенімен, 
оны атайтын дыбыстық қалыптың құлаққа түрпі естілмейтіндей, халықтың 
бұрыннан қалыптасқан болмысына сай, түсінуге оңай болуын, мағынасының 
айқындылығын қазақ тілінің төл сипаты ғана қамтамасыз ете алады. Бұл ретте 


81 
жаңа сөздерді тілге ендіруде ұлт тілінің жүріп өткен жолындағы сөз жасау 
мүмкіндіктерін саралау аса маңызды. Тіл – ұлттың қазынасы, ал ұлт əлемдегі 
барша адамзаттың бөлінбес бөлшегі. Сондықтан да «халықтағы ұрпақтан-
ұрпаққа сабақтастық арқылы беріліп келе жатқан рухани-этникалық 
құндылықтарды зерттеу, оның сан қырлы сырын ашуға тырысу тек сол ұлттың 
өзі үшін ғана емес, жалпы адамзат мəдени байлығына қосылған үлес болып 
табылады» [126, 38]. 
Ұлттық тілге қатысты айтылар өзекті ойдың бір ұшы – ұлттық ділге келіп 
тірелетіні анық. Себебі «ана тілін ұлттық ділден, ұлттық адамгершіліктен бөле-
жара қарауға болмайды. Тілдің қуатымен ұлттық ділді, адамның сөйлеу жəне 
ұлттық ойлауын қалыптастыру керек» [123, 391]. 
Ұлттық менталитет – қазақтың «халықтық ділі» деген ұғымға сəйкес 
келеді. Философ С.Е. Нұрмұратов менталитет ұғымына мынадай анықтама 
береді: «Менталитет – жеке адамның немесе əлеуметтік топтың қоршаған 
əлемді белгілі бір кейіпте, қалыпта сезіну, түйсіну, түсіну жəне іс-əрекеттер 
жасау 
мақсатында 
қордалаған 
табиғи-тарихи 
дайындықтары 
мен 
ыңғайларының жүйесі» [126, 38]. Ал жаңа сөздердің тілге ену, сіңісу үдерісі 
тұрғысынан зерделесек, тілдегі жаңа атаулар ұлттық ділдің қалпына зиян 
келтірмеуі тиіс, ал мұның алдын алу тілдің төлтума сипаты арқылы ғана мүмкін 
болады. Бұған дəлел – қазақ тілінің ішкі əлеуеті арқылы жасалған жаңа 
атаулардың көпшіліктің санасына тез орныға бастауы.
«Ана тілі» деген тіркестегі «ана» сөзінің астарында ананың ақ сүтімен 
бойға дарыған болмысымыздың мəні жатыр. Сондықтан да ұлттың ана тілі мен 
болмысы, ділі тұтасып жатқан дүниелер. «Қалыптасқан ұлттық болмысқа өзге 
тілдің неге үйлеспейтіндігін зерттеп көрелік, – дейді дінтанушы Қ. Білəл, – 
шынтуайтына келсек, үйлеспейді деу бекер. Үйлеседі. Бірақ ұлттық болмыс 
соның əсерінен өзіндік мəнін жоғалтады. Өзгереді. Жаттанады. Енді оған 
бастапқы тіл азық болудан қалады. Ал егер тіл жоғалса, онымен бірге ұлт та 
жоғалады, «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген осы. Демек, «тіл – 
ділдің де, діннің де, ұлттық болмыстың да қорғаны» [132, 11]. 
Мəдени мұраның ең маңыздысы – тіл. Ана тілінің ерекшеліктерін зерттеп, 
оның жарқын болашағы мен қарқынды дамуына қатысты келелі ойлар айта 
бастаған қауымдарда ұлттық идеяның, тым болмағанда, ұлттық сезімнің қуатты 
екенін қымсынбай айтуға болады [124, 280]. Бұдан шығатын түйін, ұлттық 
сезім, діл қуатты болу үшін тіл қуатты болу керек. 
Ұлт немесе этникалық топ өзінің ішкі бірлігін, біртұтастығын ортақ 
мақсаттармен немесе ортақ символдармен білдіріп отырады. Соның бірі əрі ең 
маңыздысы – ұлттың тілі. Қазақтың тілі – қазақ ұлтының біртұтастығы мен 
дербестігінің белгісі. Ұлттық діліміздің қалыптасуына ықпал етуші түрлі 
əлеуметтік-тарихи факторлардың қатарында ұлттық мəдениет, дəстүр, салт-
сана, құндылықтар жүйесі бар. Тіл де – ұлттық ділді ерекшелейтін бағалы 
құндылық [126, 39]. 
Философ Т. Ғабитов: «Мəдениет өзінің кең мағынасында əлемдегі адам 
болмысының тəсілін білдіреді жəне бұл болмыс ұрпақтар сабақтастығымен, 


82 
шындықты 
игерудің 
əлеуметтік-мəдени 
тəжірибесін 
тасымалдаумен 
анықталады» деп жазады [131, 241]. Қазіргі ғылымдар тоғысында зерттеудің 
орталық нысанына айналған тілдік тұлғаның негізгі белгілері, тұтастай алғанда 
тілдің өн бойындағы барлық ерекшеліктерді меңгеруді қамтиды. Ұлт факторын 
есепке алар болсақ, қазақ тіліне тəн барлық ерекшеліктерді, соның ішінде сөз 
байлығын дұрыс меңгерген əрі сөз жүйесін ұтымды жұмсайтын тілдік тұлғалар 
қазақтың тарихында – шешендер деп аталды.
Тіл – адамның тұлғалық қасиеттерінің, өмірлік құндылықтарының 
қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны Ж. Баласағұнның: «Адамға екі нəрсе 
тірек тегі: бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деген даналық сөздерімен 
астарласып жатыр. Осы орайда əл-Фарабидің «Тəрбиесіз берілген білім – 
адамзаттың қас жауы» деген даналығы мен Махмұд Қашқаридың «Тəрбие басы 
– тіл» деген қанатты сөздері – жалғасын тапқан жүйелі сөз.
Жаңа сөздерді меңгерту мəселесі тіл мəдениетіндегі «шешендікпен» де 
байланыста қарастырылады. Қазақ ғалымы Ж. Молдабековтің пайымдауынша, 
«шешеннің өмірлік қуаты – сөздік, ақындық, тілмарлық, ділмарлық... 
Шешеннің басты тұтқасы мен тірегі, біріншіден, оның тілдік тұлғасы мен тілдік 
санасында, яғни сөз шығармашылығы мен ойлау, сөйлеу мəдениетінде, 
екіншіден, ұлттық сана-сезімді жаңғырту жолында» [133, 193].
Цицеронның пайымдауынша, шешен «тұтас бір қайнар көзден нəр алады, 
өз ойын тартымды сөзбен əрлейді. Сөз бен ойдың мəнін біртіндеп игеріп, ойлау 
өрісін кеңейтеді. Шешеннің қуаты – сөздің айқындылығында, ойдың 
байлығында, тілдің тапқырлығында, сөйлемнің дұрыстығында. Сөзді 
былапыттау, ойды дөрекілеу – оған жат құбылыс» [133,177].
Қазақ – қашан да тіл өнерін жоғары бағалаған халық. Шешендіктің 
ұлтымыздың қанына біткен асыл қасиет екеніне осы өнердің озық үлгілері, ой-
маржандардың бай қоры дəлел болады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы 
би» дейтін халық арасында кең таралған қанатты сөзді арқау етсек, қазақтың 
би-шешендердің тіл мен сөз туралы даналық ойларында саналы ұрпақ үшін 
тəлім-тəрбие мол.
Шешендер философиясын зерттеуші ғалым Ж. Молдабеков шешенге тəн 
ерекшеліктер туралы: «Шешенің тілі – адамның өмірлік позициясы мен оның 
тікелей айнасы. Оның сөзі – болаттың өзі. Өзін сөзінен кем көрмейді. Өтімді 
сөзінің қайрағы – тілі. Тіл, бір жағы, адамдар арасындағы байланыс пен қарым-
қатынастың құралы, бір жағы, шындықты танудың өтімді, өміршең құралы. 
Шешеннің тілі – тұлғалық болмысты шыңдау өнері» [133, 194], – дейді.
Тіл 
ғылымында 
ғалымдар 
əрбір 
шешеннің 
сөйлеу 
мəнерін 
қалыптастыратын шарттарды белгілеуде мыналарға ерекше тоқталады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет