Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет37/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

нысан / объект» қатарлары болғанымен, тіркестер құрамында орыс тіліндегі 
сөз 
қолданылған: 
инвентарный 
объект 
– 
түгендемелік 
объект; 
комплектный объект – жиынтықты объект; материально-технический 
объект – материалдық-техникалық объект; неинвентарный объект – 
бейтүгендемелік объект.
Бір ұғым үшін бірнеше баламаларды ұсыну Мемтерминком тарапынан 
бекітілген терминдер қатарында да кездесетінін атап өтеміз; мысалы, кешен / 
жиынтық (комплекс); бірлескен автор / авторлас / серіктес автор (соавтор); 


67 
комментарий / түсіндірме (комментарий), алайда бұлар типтестерде бірінші 
тұрған сөз функционалды жағынан басым балама ретінде ұсынылған.
Осы аталғандар қазақ əдеби тілінде жаңа сөздердің кодификациялану 
үдерістерінің бастапқы сатыда тұрғандығын көрсетеді. 
Орысша-қазақша жəне қазақша-орысша электронды сөздіктің «sozdik.kz» 
версиясы лексикалық ақпаратты іздеу, мағынасын ажырату бойынша өз 
бетінше жұмыс істей алатын, мəнмəтіндік бағыттағы, стильдік жəне 
семантикалық айырмашылықтарды көлемді мəтіндерді аударуға қажетті түрде 
таңдауға, функционалды жағынан бекітілген сөзді іріктей білуге мүмкіндік 
беретін құрал болып табылады. Сөздіктің мақсаты – пайдаланушылар 
тарапынан ұдайы толықтырып отыруға мүмкіндік жасау, сөздерге түсіндірме 
беру, тіркес құрамындағы қолданылу ерекшеліктерін көрсету арқылы 
пайдаланушының аударма жасауына, өз бетінше тіл үйренуіне көмектесу. 
Демек орысша-қазақша жəне қазақша-орысша электронды сөздіктің 
«sozdik.kz» версиясы: а) жаңа сөздердің жинақталуын, тілде пайда болған 
терминдік мазмұндағы, окказионалды қолданыстағы, кей реттерде əлеуетті 
сөздер болып табылатын лексикалық инновациялардың қамтылуын, жаңа 
сөздердің кодификациялану үдерісінің жүріп жатқандығын танытатын; 
ə) пайдаланушылар, əсіресе орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасаушылар 
үшін, қазақ тілін өз бетінше үйренушілер үшін қолайлы; б) ресми-іскери тілдегі 
мəтіндерді сауатты аударуға белгілі бір дəрежеде көмек бере алатын; 
в) ақпараттық технологияның мүмкіндіктері біршама деңгейде жүзеге 
асырылған, жетілдіруді қажет ететін; г) нормативті емес лексикографиялық 
еңбек болып табылады. 
Жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануының басты қайнар көздерінің 
бірі – оқу-ағарту бағытындағы жазба нұсқалар.
Қандай да болмасын ғылым саласының, білім беруге арналған пəн 
салаларының тиімді, сындарлы бағытта дамуы үшін қажет болатын маңызды 
алғышарттардың бірі – əрбір ғылыми-біліми тармақтардың ұғымдық 
атауларының дұрыс қалыптасуы, ғылыми талдау, білім алу, білімді меңгеру, 
пəннің мазмұнын түсіну, қабылдау барысында нақты ұғым атауларының 
жүйелік байланыстары мен құрылымдық ерекшеліктерінің, мағынасының 
барынша түсінікті болуы. Бұл əсіресе жалпы орта білім беру жүйесіне арналған 
оқулықтар мен оқу құралдары үшін аса қажет, өйткені білімнің негізі орта білім 
беру жүйесінде орнығатындығы белгілі.
Өткен ғасырдың басында жариялана бастаған қазақ тіліндегі оқулықтар 
мен оқу құралдарының тілін қазақыландыру мəселесі ұлт зиялыларының басты 
назарында болды. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, тіл білімі, өсімдіктану
есептану, педагогика сияқты бірқатар ғылым салалары бойынша қазақ 
зиялылары жүйелеген еңбектерде басты ұғым-түсініктер ұлттың танымына сай 
жүйеленіп берілді.
Осы мəселеге байланысты тілдік фактілер ең алдымен 5-10-сыныптарға 
арналған қазақ тілі пəні бойынша оқулықтардан жəне қазақ орта мектептеріне 


68 
арналған жаратылыстану, биология, физикалық география пəндерінен 
жинақталды. 
Жаратылыстану пəнінің лингводидактикалық базасының нұсқаларына 
қарағанда қазақ тілі пəні бойынша оқулықтардағы жаңа сөздер туралы мынаны 
айтуға болады: дəлел ретінде алатын болсақ, мəселен, 5 жəне 10-сыныпқа 
арналған «Қазақ тілі» оқулықтарында ақпараттық мəтіндер, функционалдық 
стильдердің түрлерін мазмұндайтын мəтіндер – авторы белгілі, басқа 
дереккөздерден алынған жəне мақал-мəтелдер, қанатты сөздер түріндегі 
түпнұсқа мəтіндер. Осындай мəтіндерде кездесетін бірқатар жаңа сөздер тіл 
мен əдебиетке байланысты жаңа атаулар емес. Тіл жəне əдебиет саласына 
байланысты жаңа сөздер нормалы сипатта (мысалы, мəтін, сынып, пікірталас, 
ресми тіл). Сынып, мәтін, мектепаралық сияқты дидактикалық жəне ӛнержай, 
мұражай, ӛнертану, Абайтану, мұзойнақ тəрізді нормаланған қоғамдық-
əлеуметтік аталымдар бар. 10-сынып оқулығында қолданылған сӛз үйлестігі, 
сӛз әуезділігі, қатқылдата дыбыстау, айырым қағидаты, фонемалық қағидат, 
аяққы дауысты, мәндес сӛз типтес бірқатар жаңа лингвистикалық жаңа 
аталымдар сөздіктерге енгізілмеген, сондықтан олардың қалыптануының 
алғашқы сатысы – жазба нұсқаларда көрініс тапқан деп бағалауға болады.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғырту мен жетілдіру мақсатында 
қазақ əдеби тіліндегі лексикалық инновацияларды арнаулы пəндерден басқа 
(қазақ тілі мен əдебиеті) жаратылыстану ғылымдары бойынша пəндердің 
дидактикалық мазмұнымен меңгертудің əдістерін жетілдіру маңызды. Бұл 
мектеп оқушысының қоғамдық-əлеуметтік белсенділігін, ұлттық ойсанасын 
қалыптастыруға елеулі ықпал етеді. Мектеп оқушысын қазақ тілін жетік 
меңгерген тілдік тұлға ретінде қалыптастыруда арнаулы пəндер арқылы 
берілетін білім жеткіліксіз. Қалай болғанда да жалпы орта білім беру 
жүйесіндегі білім беруде қазақ тілінің мүмкіндігін жəне қажеттілігін толық 
таныту үшін оны басқа пəндермен байланыста қарау керек. Мектептен білім 
алушы жоғары білім беру орнына жəне кəсіби істер саласына араласқан 
жағдайда оған барлық салалар бойынша білімі бар құзыреттілік керек.
Біздің еліміз тəуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдерде жалпы орта білім беру, 
жоғары білім беру жүйесіне қатысты дидактикалық базаның негізінен орыс тілі 
материалдарына сүйенгендігі, олардың тікелей аударылған оқулықтар мен оқу 
құралдарының пайдаланылғаны белгілі. Тіл саясатына байланысты соңғы 
жылдары орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу құралдары 
қайтадан жаңартылып, жаңа мазмұнда жазылып келеді. Олардың басты 
ерекшелігі ретінде ғылыми түсініктер мен ғылыми ұғымдардың қазақша 
баламасының берілетіндігін атауға болады. Сөз дəлелді болуы үшін біз өз 
тарапымыздан қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына 
арналған қазақ тілі жəне 5-10-сыныптарына арналған жаратылыстану, 
физикалық география жəне биология пəндері бойынша оқулықтардың 
құрамындағы жаңа сөздер мен қазақ тіліндегі терминдердің берілу 
ерекшеліктеріне, сандық көлеміне, түсіндірілуіне, оқушылардың оларды қалай 
түсініп қабылдайтындығына (қандай болмасын жаңа сөз алдымен «тосын» 


69 
болып, анықтап алуды қажет етеді) сипаттамалық жəне статистикалық талдау 
жасадық. Статистикалық талдау үшін сауалнама құрастырылып, осы арқылы 
мектеп оқушыларының жаңа сөздер мен жаңа терминдерді қандай деңгейде 
қабылдайтындығына бақылау жасалынды. Өйткені оқушы пəннің тақырыбын 
оқып-меңгеру барысында онда кездескен тың лексеманы түсініп, өзінің 
коммуникатвтік сөйлеу актісінде қолдана алатындай дəрежеге жетуі керек. 
Əйтпесе оқулықта алынған қазақ тіліндегі жаңа сөз (термин) бірқолданыс 
дəрежесінде қалып қояды. Жаңа сөздер мен қазақ тілінің өз əлеуеті арқылы 
жасалған терминдерді оқулықтарға енгізуде басты міндет – тек қазақшасын 
ұсыну ғана емес, сонымен қатар ол оқушының санасында орнығатын аталым 
болуы тиіс, осы арқылы қазақ тілінің коммуникативтік аясы кеңейе түседі.
Мектеп оқулықтарынан (жаратылыстану, биология, физикалық география 
оқулықтары) жинақталған жаңа лексикалық тілдік бірліктердің ерекшеліктері 
мыналар:
Біріншіден:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет