Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет51/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Танымдық уәждер. Бұлар оқу əрекетінің мазмұнымен жəне оны 
орындау үдерісімен байланысты. Танымдық уəждер оқушылардың жаңа 
білімді, оқу дағдыларын игеруіне бағыт береді жəне білімге деген, соның 
ішінде жаңа қызықты деректерге, құбылыстарға, олардың маңызды 
қасиеттеріне, логикалық қорытындыларға, заңдылықтар мен үрдістерге, 
теориялық 
ұстанымдарға, 
негізгі 
идеяларға 
жəне 
т.б. 
қатысты 
қызығушылықтың тереңдігімен анықталады. Бұл топқа білім алудың тəсілдерін 
игеруге бағыт беретін мынадай уəждер жатады: өз бетінше білім алудың 
тəсілдеріне, оқу жұмысын өздігінен реттеудің жəне өзінің оқу еңбегін тиімді 
ұйымдастырудың тəсілдеріне қызығушылық. Жаңа сөздер туралы білімді игеру: 
а) тілдік «капитал», тілдік білімнің көрсеткіші немесе өлшемі жəне аялық білім 
шеңберін кеңейтудің маңызды тетігі; ə) жаңа сөздерді меңгеру – қоғамдағы 
жаңалықтарға ілесудің көрсеткіші; б) өз бетінше іздене отырып, жаңа сөздерге 
қатысты жан-жақты білім алудың тəсілдерін меңгеру сияқты танымдық 
уəждерден тұрады.

Әлеуметтік уәждер. Бұлар оқушының басқа адамдармен əлеуметтік 
өзара əрекет түрлеріне байланысты. Мысалы, қоғамға пайдалы болу үшін білім 
алуға ұмтылу, өз борышын өтеуге деген ықылас, оқудың қажеттілігін түсіну, 
жауапкершілікті сезіну. Бұл ретте əлеуметтік қажеттілікті, жауапкершілікті 
сезіну мен мамандық таңдауға жақсы дайындалу уəждерінің мəні зор. 
Əлеуметтік уəждерге айналадағы қарым-қатынаста белгілі бір орынды 
иеленуге, олардың қолдауына ие болуға, беделін көтеруге ұмтылысын 
көрсететін позициялық уəждер де жатады. Позияциялық уəждер өзін-өзі 
танытуға деген түрлі ұмтылыс кезінде, атап айтқанда көшбасшылық орынды 
иелену, басқа оқушыларға əсер ету, басқалардан басым тұру тілегінен көрінеді. 
Уəждердің бұл түрі тұлғаның өзін-өзі тəрбиелеуі мен өзін-өзі жетілдіруінде 


106 
маңызды болып саналады. Жаңа сөздерді меңгертудегі əлеуметтік сипаттағы 
оқу уəждемелері өз ана тіліне құрмет, азаматтық борышын түсінуінен; ұлттық 
құндылықтарды бағалау, сақтаудағы жауапкершілігінен; тілдің өміршеңдігіне 
жəне тазалығын сақтауға үлес қосу міндетін сезінуінен көрінеді.
Жоғары мектеп сатысындағы жеткіншектің психологиялық келбетін 
зерделеудің тұлғалылық бағыты оның бағыттылығымен, тұрақты уəждер 
жиынтығымен, оның құрамдас бөлшектері – қажеттілікпен, қызығушылықпен, 
белсенділікпен жəне мақсатпен байланысты. Бұл категориялар жаңа сөздерді 
меңгерту үдерісінде ескерілуі тиіс аса маңызды психологиялық межелер болып 
саналады.
Тілдегі жаңа сөз құбылысын оқу үдерісінде меңгертуде ескерілетін 
психологиялық сапалардың бір бағыты əлеуметтік сипатқа ие. Бұл олардың 
дүниетанымы мен құндылықтар жүйесін қамтиды.
Адам – əлеуметтік құбылыс. Əрбір кезеңге қандай да бір мəдени-тарихи 
қоғам, мəдени климат, дүниені сезіну стилі, əлеуметтік өзін-өзі 
ұйымдастырудың тəсілдері, белгілі-бір мінез-құлық үлгілері тəн. Бүгінгі дəуір, 
мыңжылдықтар тоғысының тұсы қоғам мүшелерінің өзгеше дүниетанымы мен 
өзіндік құндылықтар жүйесін қалыптастырып отыр. Қанша заман өтсе де, ұлт 
категориясы адам дүниетанымында бар кезде, тіл – құндылық, дүниені танудың 
кілті болып қала береді.
Жаңа сөздерді меңгертуде ескерілетін маңызды психологиялық құрылым – 
дүниетаным. Философиялық сөздікте дүниетанымға мынадай түсінік берілген: 
«Жеке адамның, əлеуметтік топтың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын 
жəне 
шындыққа 
деген 
қатынасын 
айқындайтын 
принциптердің, 
көзқарастардың, мақсат-мұраттар мен сенімдердің жиынтығы» [166].
Дүниетаным – қоғамдық жəне индивидуалды сананың бөлінбейтін 
бөлшегі. Сананың бұл екі түрі өзара тығыз байланыста. Индивидуалды сана, 
яғни жеке адамның санасы өмірдің шынайы жағдайларының əсерінен 
қалыптасады жəне адамдардың сан ғасырлық бай рухани тəжірибесін 
қабылдаған қоғамдық сананың белсенді ықпалын сезінеді.
Тіл – адамның өмір сүру заңдылықтарында ерекше орны бар қоғамдық 
құбылыс. Өмір, дүние туралы көзқарастың қалыптасуы – дүниетаным. Жоғары 
сынып оқушысы өзін белгілі бір ұлттың өкілі ретінде қабылдай отырып, өз ана 
тілі туралы көзқарасын қалыптастырады. Жеткіншек кезең оқушының 
дүниетанымын дұрыс бағытта қалыптастыруға мүмкіндік беруде маңызды, əрі 
бұл кезең жеке тұлғаның қалыптасуындағы белсенді кезең. Бұл ретте өз 
ұлтының тіліне, ана тіліне қатысты жауапкершілікті сезіндіруде жаңа сөздерді 
меңгерту айрықша маңызды. Себебі кез келген тілдің дамуында орын алатын 
өзгерістердің басты көрсеткіштерінің бірі ретінде саналатын жаңа атаулар – 
тілдің бүкіл құрылымы мен келешегіне ықпал ететін маңызды фактор.
Жаңа сөздердің тіл жүйесіндегі орны мен қызметі, рөлі мен маңызы 
туралы дүниетанымды жоғары мектеп жасында философиялық жəне ғылыми 
дүниетаным тұрғысынан қалыптастыру керек. Жоғарыда атап өткеніміздей, 
бұл мəселеге философиялық тұрғыдан қарау тілді, соның ішінде жаңа сөздерді 


107 
жалпыадамзаттық жəне ұлттық құндылық ретінде, мəдениеттің, ділдің, 
танымның, ұлттық ойлау жүйесінің, болмыстың, тарихи сананың, ұлттық 
сананың, білімнің, ұрпақтар сабақтастығының, тұлғалық қасиеттің аса маңызды 
бірлігі ретінде танумен тығыз байланысты. Бұл үшін жоғары сыныпта жаңа 
сөздерді меңгерту үдерісінде ұсынылатын білім мазмұнында кіріспе сабақ 
ретінде «Тіл – бірегей ҧлт қҧндылығы. Тіл мен болмыс, тіл мен діл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет