109
іс-əрекетінде; в) сыныптан жəне мектептен тыс жұмыстарда; г)
БАҚ-тың
ықпалымен; ғ) өзін-өзі тəрбиелеуде жəне өзін-өзі таныту үдерісінде жəне т.б.
қалыптасады.
Жаңа сөздермен байланысты ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда
пəнаралық байланыс маңызды, мəселен, жаратылыстану пəндеріндегі қазақша
баламасы ұсынылған терминдік атаулар тілдік факті ретінде жаңа сөздерге
қатысты заңдылықтарды түсінуге мүмкіндік береді.
Жоғары сынып сатысында жаңа сөздерді меңгерту оқушылардың
құндылықтар жүйесін қалыптастырумен өте тығыз байланысты. Қазіргі қоғамда
қалыптасқан құндылықтар жүйесі оның гуманистік əлеуетін, келешегін жəне
даму артықшылықтарын көрсетеді. Соңғы жиырма-жиырма
бес жылда орын
алған əлеуметтік-мəдени үдерістер заманауи жағдайларға бара-бар тұлғалық
уəждемелер мен нұсқаулардың, көзқарастар мен нормалардың жəне тұлғаның
құндылық бағдарының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті.
Ғалым Б.С. Круглов құндылық бағдарын зерттей отырып, қоршаған
болмыс пен тұлғаның құндылықтық құрылымының
арақатынасына ерекше
назар аударады: «Тұлғаның құндылық бағдарлары тұлғаның негізгі
құрылымдық компоненті болып табылады, олар тұлғаның қоршаған болмысқа
арақатынасының сипатын жəне ерекшелігін анықтайды. Құндылық бағдарлары
онтогенез сатыларында тұлға құрылымындағы орталық психикалық жаңа
құрылымдардың бірі ретінде алға шығады» [168, 54].
Тұлғаның тұрақты құндылық бағдарының қарқынды қалыптасуы –
жеткіншек кезеңге тəн ерекшелік. Дəл осы жас кезеңінде оқушының
когнитивтік дамуы ақиқат болмыс туралы өзіндік түсінігін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін деңгейге жетеді. Генетикалық тұрғыдан тұлғаның
құндылықтар бағдары негізгі формасы сəйкес
мағыналы білімді көрсететін
жəне сақтайтын алдыңғы өмірлік тəжірибеге деген саналы қатынасы арқылы
қалыптасады. Құндылықтар бағдары жүйесінің мазмұндық-мəндік сипаты
социумның құндылығына тəуелді жəне тұлғаның жалпы бағдарын көрсетеді
[169, 18].
Тұлғаның құндылық бағдарының қалыптасуы оқыту мен тəрбиелеу
үдерісінде əлеуметтік тəжірибені меңгеру шегі бойынша жүреді. Өмірдің түрлі
салаларына қатынас адамда оқыту үдерісінде алатын ақпараттың негізінде
қалыптасады. Тəрбиелеу, өз кезегінде қызығушылықтарды қалыптастыруда,
оқушының құндылық бағдарын қалыптастыруда бағыттаушы күш
рөлін
атқарады, сондай-ақ оның қажеттіліктерін, уəждемелік аясын дамытуды да
бағыттайды. Жеткіншек кезеңде құндылық бағдарын қалыптастыру тұлғаның
тұрақтылықтығын қамтамасыз етеді.
Осы аталған ғылыми тұжырымдарға сүйенсек, жаңа сөздерді меңгерту
жеткіншек кезеңдегі тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыруда өзіндік
маңызға ие. Бұл ең алдымен мынадай құндылықтар жүйесінің
адамзаттық,
ұлттық жəне жеке маңызынан көрінеді.
Білім – адамзаттық құндылық. Білімді жалпыадамзаттық құндылық ретінде
мойындауда қазір ешкім күмəн келтірмейді. Бұл көптеген елдерде адамның
110
білім алу құқығы ретінде конституциялық тұрғыдан бекітілген. Оны жүзеге
асыру əр елдегі білім беру жүйесіне сəйкес қамтамасыз етіледі. Осы тұрғыдан
жаңа сөздер лингвистикалық білімнің бір көрсеткіші ретінде жалпы адамзаттық
құндылықтар жүйесінен орын алады.
Ұлт құндылықтарын меңгерту – білім беру үдерісіне тəн замануи үрдіс. Тіл
– ұлттық деңгейдегі құндылықтық мəні мен бағасы өте жоғары құбылыс. Бұл
ретте жаңа сөздер ұлт тілінің тазалығы мен келешегінің, дамуының көрсеткіші
ретінде ұлттық құндылық ретінде танылады.
Қазір кез келген адамның өзі өмір сүріп отырған қоғамда өз орнын табуы,
сұранысқа ие, білікті маман аталуы – тілді білу мүмкідігімен де бағаланады.
Бұл қайсыбір тілді, оның барлық деңгейлерін жақсы білумен тікелей
байланысты. Шын мəнінде, жаңа сөздерді білуді, сөйлеу тіліне енгізуді жеке
құндылықтарының жүйесі ретінде қалыптастыру
жеткіншектің байыптылығы
мен психикалық қасиет-сапаларының дұрыстығын көрсетеді.
Қорыта келгенде, жаңа сөздерді бейіндік мектепте, яғни жеткіншек
жастағы оқушыларға меңгертуде психолингвистикалық жəне психологиялық
категориялардың мəнін ескерудің маңызы зор. Бұл жаңа сөздерге қатысты
теориялық білімнің толыққанды болуын жəне
тілдегі жаңа сөздердің
қалыптануы мен нормалану үдерістерінің тиімді жүзеге асуын қамтамасыз
етеді. Жеткіншек кезеңде оқушы тілдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі
ретінде жаңа атаулардың қалыптануы мен нормалануына саналы түрде үлес
қоса бастайтындығын жоғарыда талданған психологиялық категориялардың
осы жас кезеңіндегі сипаттары дəлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: