Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет52/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

мәселелері» деген тақырып ұсынылды. Бұл тақырыптың мақсаты – оқушының 
жаңа сөз мəселесіне философиялық тұрғыдан көзқарасын жəне ұлттық əрі 
халықтық мəселе ретінде азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету. 
Сабақ барысында ұлттық құндылықтар жүйесіндегі тілдің орны, тіл мен ұлттық 
болмыс, ұлттық діл сабақтастығына қатысты тіл филосфиясындағы жəне қазақ 
халқының ұлттық философиясындағы тұжырымдар жан-жақты талданады. 
Рухани дүниенің маңызды тетігі ретінде тілді, оның заңдылықтарын білу, оның 
байлығын игеру, танып-білу философиялық дүниетаным мəселелерінің бірі 
болса, философиялық дүниетаным өз кезегінде дүниетанымның ең жоғарғы 
сатысы болып саналады.
Жан-жақты дамыған, белсенді тұлға – өзіндік философиялық ұстанымы 
мен көзқарасын айқындап алған тұлға. Философиялық зерттеулерде 
дүниетанымның өзі дүниені сезіну, дүниені қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені 
саралау сияқты бөлшектерден тұратындығы айтылады. Дүниені сезіну, дүниені 
қабылдау сана құрылымдарының ерекшелігімен байланысты. Себебі 
психикалық үдерістердің əр жас кезеңіндегі өзіндік белгілері дүниені сезіну 
мен дүниені қабылдаудың деңгейін анықтап береді. Бұл ретте жоғары сыныпқа 
дейін оқушылар айналасындағы, өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы əртүрлі 
құбылыстар мен үдерістерді саналы түрде толыққанды қабылдамауы мүмкін, ал 
жоғары сынып сатысында оқушы өзіне артылған жауапкершілікті саналы түрде 
сезіне бастайды, дүниеге, ондағы болып жатқан оқиғаларға барынша байыппен 
қарап, өзінің міндетін, сол нəрседегі өзінің қосатын үлесін көруге тырысады.
Жаңа сөз – ұлттық тілдің мəселесі. Ұлттық тіл – ұлт мəдениетінің негізі əрі 
іргетасы. Ұлт тіліне қатысты мəселелердің саяси, мемлекеттік, мəдени, ғылыми 
жəне білім беру салаларында қарастырылуы ұлттың тұтастығын қамтамасыз 
етеді. Бұл ретте жаңа сөздерді тілдің байлығы əрі тұлғаның сөз мəдениетін 
танытатын көрсеткіш ретінде қабылдай отырып, өз тіліне деген оң қарым-
қатынасын қалыптастыру əрі дамытуда сөздік қорға еніп жатқан жаңалықтарды 
сауатты түрде саралай білу, оларға қатысты философиялық түйін жасау жоғары 
сынып оқушыларының психологиялық жəне жас ерекшелігіне байланысты 
талаптарға жауап береді. Алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда жеткіншек 
кезеңде адамның білімі ғана емес, наным-сенім, құндылықтар жүйесі, өмірлік 
ұстанымдарының алғашқы сатылары тұрақтанып, қалыптаса бастайтындығын 
ескерсек, жоғарыда аталғандай, жаңа сөздерге қатысты оқушылардың 
қатынасын тұлғалық, ұлттық жəне жалпы адамзаттық маңыздағы құбылыс 
тұрғысынан қалыптастырып, жетілдіру жоғары сынып сатысында жүзеге 
асырылуы тиіс.


108 
Жаңа сөздерді меңгертуде жоғары сынып оқушыларының философиялық 
дүниетанымын қалыптастыруға қызмет ететін ақпараттар тек кіріспе сабақта 
немесе бір сабақ көлемінде шектеліп қалмайды. Алғашқы сабақта айтылған 
жаңа сөздерге қатысты философиялық мазмұндағы тұжырымдар, келтірілген 
пікір-көзқарастар əр сабақтың өн бойында қамтылып, сабақтың тəрбиелік 
мақсатын жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Кез келген дүние құбылысына философиялық жағынан келгеннен кейін, 
оның ғылыми дəлеліне көз жеткізу де аса маңызды. Ғылыми дүниетаным – 
ғылыми білім. Ғылым адамды əртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып
оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды [167, 41].
Ғылыми дүниетаным əлемнің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдау жолымен 
жасалған қорытындылар мен көзқарастарға, сондай-ақ табиғи жəне қоғамдық 
құбылыстардың дамуын сипаттайтын себеп-салдарлық байланыстардың 
теориясына сүйенеді. Ғылыми дүниетаным қандай да бір құбылыстың
үдерістің, оқиғаның дамуын дұрыс болжауға негіз болады.
Жеткіншектердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда мектеп жетекші 
рөл атқарады. Ғылыми дүниетаным, түптеп келгенде мектептегі білім беру 
үдерісінің мақсаты жəне нəтижесі болып табылады.
Ғылыми дүниетаным жеткіншектің қоршаған ортадағы құбылыстар мен 
фактілерді дұрыс қабылдап түсінуіне, оларға дұрыс ғылыми баға беруіне жол 
ашады.
Жаңа сөздерге байланысты ғылыми дүниетанымның алғашқы сатылары
яғни жаңа сөздер туралы ғылыми ақпараттардың бірқатары (тілдегі орны, 
анықтамасы, жасалу жолдары) төменгі сыныптарда беріледі. Алайда жаңа 
сөздер туралы толыққанды ғылыми білім «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет