Алдашева камар сагингалиевна


жҧмысының бірінші ӛзектілігі



Pdf көрінісі
бет7/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

жҧмысының бірінші ӛзектілігі аталған мəселелерге байланысты. 
Жалпы білім беру жүйесінде білім алушылардың жаңа лексикалық 
бірліктерді меңгеруі, олардың жаңа сөздерді танып-түсінуі мектеп 
оқушыларының ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтардың көрсеткіші 
ретіндегі қазақ тілі туралы ой-өрісінің кеңеюінде, тілге құрметпен қарауға 
тəрбиеленуінде, сондай-ақ оқушылардың тілдік тұлға ретінде қалыптасуында, 
заңнамалық құжаттарда көрсетілгеніндей, оларда «мемлекеттік тілде 
сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыруда жəне орнықтыруда» [1] маңызды 
рөл атқарады. 
Қазақстандағы 
əлеуметтік-мəдени 
жəне 
əлеуметтік-экономикалық 
реформалар білім беру жүйесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізуде, ал бұл 
жайт қазақ тілін оқыту əдістемесінің теориясы мен практикасының рөлін тың 
тұрғыдан талдаудың қажеттігін көрсетеді. Осы өзекті мəселе Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасында нақты баяндалған, онда осы зерттеу жұмысы 
үшін барынша маңызды төмендегі аспектілер нақтыланған: а) «...білім берудің 
дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси жəне əлеуметтік-мəдени 
өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс; ə) оқытудың жаңа əдістемелері 
мен технологияларын енгізу есебінен тəрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту 
қажет» [12]. 
Қазақ тілінде білім беретін жалпы орта білім беру жүйесінде жаңа 
сөздерді меңгертудің əдістемесі біршама дəрежеде қарастырылған. Дегенмен 
ұзақ уақыт бойында жəне кеңестік кеңістіктегі биліктің ықпалымен білім 
мазмұнының қалыптасқан жүйесі, негізгі ұғымдардың өзге тілде берілуі жəне 
олардың белгілі бір əлеуметтік топтың тілдік санасында бекітілуі ұлттық 
дүниетанымның айрықша дереккөзі жəне нəтижесі ретіндегі қазақ тілінің 
ауқымды əлеуетін танып-түсінуге елеулі кедергі жасағаны белгілі.
Осыған байланысты жəне жалпы орта білім беру жүйесінде білім 
алушыларды лингвомəдени тілдік тұлға ретінде қалыптастыру мақсаттарында 
тілдің ішкі əлеуеті арқылы жасалған, қазақыландырылған жаңа лексикалық 
бірліктерді мектеп оқушыларының меңгеруі үшін əртүрлі əдістер мен 
тəсілдерді игеру ісі пəрменді түрде жаңартылуда.
Жаңа сөздерді меңгертудің əдістерін жүйелеу, оларды меңгертудің 
лингводидактикалық базасын қалыптастыру жəне осы мүддеде білім берудің 
жаңа технологияларына негізделген əдістер мен тəсілдерді бейіндік 
мектептердің білім беру стандарттарының көлеміне енгізу жалпы білім беру 
жүйесінің білім мазмұны мен тəрбиелік инфроқұрылымын айтарлықтай 
жаңғыртуға тиімді түрде ықпал етеді жəне ҚР Білім беру мен ғылымды 
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 


11 
көзделген міндеттердің [13] іске асырылуына үлес қосады. Бұл фактор зерттеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет