АНЫҚТАМАЛАР
Диссертациялық
жұмыста
төмендегі
терминдер
жəне
олардың
анықтамалары қолданылған:
Верификация – фактілер мен нақты істің ақиқаттығын таразылау; ғылыми
қағидалардың шынайылығын тексеру; олардың нақтылығын тəжірибе арқылы
айқындау; болжамның шынайылығын эмпирикалық тұрғыдан бекіту туралы
əдіснамалық түсінік.
Жаңа сӛз (неологизм) – тілден тыс жəне тілдік ішкі факторлардың
ықпалымен жаңа зат, ұғым, түсінік, құбылыс атауларын беру үшін белгілі бір
тілдің жаңа сөз жасайтын əдіс-тəсілдері арқылы пайда болған жаңа атау (дара
номинация), күрделі сөз, сөз тіркесі.
Жаңа сӛздердің кодификациясы (қалыптануы vs. қалыптандырылуы)
– үдерістер сатылары жəне олардың нəтижелері; ресми талқыға түсу,
ұсыныстар беру сатыларынан өткізу арқылы оларды тілге енгізу мен
пайдаланудың заң түрінде бекітілуі, заңдастырылуы; əдеби тілдің айналымында
жоғары жиілікпен қолданылуы арқылы мойындатылған тəртібі; осының
негізінде жаңа сөздерді нормативті сөздіктер мен анықтамалықтарға, терминдер
мен терминдік сөз тіркестерінің тізімінен тұратын əртүрлі типтегі
лексикографиялық сөздіктерге енгізілуі; тіл динамикасына қарай диспозитивті
жəне императивті нормалар сипаттарының жоғары деңгейдегі көрінісі.
Интербелсенді әдістер – білім беруші мен білім алушының өзара белсенді
қарым-қатынасы; білімді берудің vs. меңгертудің, білім алушының білік-
дағдыларын қалыптастырудың негізі ретінде танылатын жаңғыртылған оқыту
əдістерінің кешені, жүйесі.
Коммуникативтік қҧзыреттілік – нақты əлеуметтік-мəдени жағдаятта
тілді пайдалану нормаларын білу; сөйлеуші қарым-қатынастың нормалары мен
қағидаларын білуі, қандай жағдайда, не туралы, қашан жəне кіммен қалай
қарым-қатынас жасауды білуі қажет; сөйлеу барысында төменгі жəне жоғарғы
стильді дұрыс қолдана білу сөйлеушінің коммуникативтік құзыреттілігін
танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |