Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет6/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
АТ – «Ана тілі» газеті 
ЕҚ – «Егемен Қазақстан» газеті
ҚӘ – «Қазақ əдебиеті» газеті 
ҚӘТТС – Қазақ əдеби тілінің түсіндірме сөздігі
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 
ЖОББЖ – Жалпы орта білім беру жүйесі
Мемтерминком – Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы 
Мемлекеттік терминология комиссиясы 
ОС – Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің ӛзектілігі. Қазақстан Республикасында бұдан ширек ғасыр 
бұрын басталған үйлесімді тіл саясатының кезең-кезеңімен жүзеге 
асырылуының нəтижесінде біздің елімізде оңтайлы əлеуметтік-лингвистикалық 
кеңістік орнықты. 
Мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі – тіл саясаты нұсқаулардың, 
теориялық тұжырымдамалардың жиынтығы жəне тіл динамикасына саналы 
түрде араласудың практикасы ретінде қазіргі кезеңде біздің еліміздегі тілдердің 
қолданысына ғылыми негізделген нысаналы басшылық жасау шараларын одан 
əрі жалғастырып келеді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қазақ тілінің 
қолданысына реттеуші ықпал ету бұрынғыша тіл саясатының назарында; ең 
алдымен бұл – «қазақ əдеби тілінің лексикалық қорын жетілдіру жəне жүйелеу; 
мемлекеттік тілді меңгертудің əдіснамасы мен əдістемесін жетілдіру; тілдің 
қажеттілігін ұлғайту» [1].
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев: «Біз 
барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде 
мемлекеттік тілді одан əрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға 
тиіспіз. Жəне мұнда қазақ тілінің ғалымдарына, лингвистеріне ғылым мен осы 
заманғы технологиялардың, ал нарықтық қазақ тілінің терминдерін жасаумен 
айналысуы керек. Бұл – шұғыл мəселе. Үкімет барлық проблемаларды кешенді 
түрде зерттеп, шара қабылдауы тиіс» [2] деп атап көрсеткен болатын. Демек, 
əдеби тілдің стандартталуы, қалыптануы мен нормалануы, қазақ тілінің 
əлеуметтік-қоғамдық қызмет аясының кеңеюі мемлекеттік тіл саясатының 
ажырамас бөлігі ретінде «Мəңгілік ел – Мəңгілік тіл» идеясымен тығыз 
байланысты [3]. 
Қазақстандағы тіл стратегиясы бойынша қабылданған заңнамалық 
құжаттарда (олардың жалпы саны 20-ға жуық) қазақ тілін дамытудың, 
Қазақстандағы тіл құрылысының ұзақ мерзімді келешегінің стратегиялық 
мақсаттары мен міндеттері көрсетілген жəне оларды іске асырудың басты 
бағыттары мен тетіктері белгіленген [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11]. Оларда 
қазақ тілінің ішкі лексикалық жəне семантикалық мүмкіндіктерін жан-жақты 
пайдалану арқылы жасалған, қазақыландырылған терминдер мен атаулардың 
бірізділенуін, қалыптануы мен нормалануын қамтамасыз ететін əзірлемелердің 
жүзеге асырылуы басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Заңнамалық 
құжаттарда бекітілген «тілдің ішкі əлеуетін пайдалану арқылы жасалған жаңа 
лексикалық бірліктер» деп аталатын заң күшіне ие түсінік өзінің ұғымдық 
терминдік аппараты жағынан тілтанымда орныққан «жаңа сөз / неологизм / 
лексикалық жаңалықтар» аталымдарына толық сəйкес келеді, бұл аталымдар 
ғылыми таным мен əлеуметтік-мəдени реалийлер атауларын қамтиды. 
Отандық тілтанымның аса көрнекті өкілдерінің (А. Байтұрсынұлы, 
Қ. Жұбанов, Х. Досмұхамедұлы, К. Күдерин, І. Кеңесбаев, Р. Сыздық, 
Ə. Қайдар, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаев, Ш. Сарыбаев, Ш. Бəйтікова, 
Б. Əбілқасымов, Е. Жанпейісов, С. Исаев, Ө. Айтбайұлы, Э. Сүлейменова, 



Б. Хасанов жəне басқалар) іргелі еңбектерінде жаңа сөздер / неологизм мəселесі 
тілдің диахронды-синхронды жай-күйі, əдеби тілдің дамуы мен қалыптасуы, 
функционалдық стильдер мəселелері, қолданбалы тіл білімі аспектілеріне 
қатысты зерденеліп, қазақ неологиясы мен неографиясының іргетасы қаланды. 
Бұдан кейінгі кезеңдерде əдеби тіл лексикасының динамикасындағы 
өзгерістер қазақ терминжасамы мен терминографиясы, сөз мəдениеті, 
функционалдық 
стильдердің 
ерекшеліктері, 
əлеуметтік 
лингвистика, 
аударматану, қазақ лексикографиясы мен лексикологиясы, антропоөзектік 
лингвистика, лингвомəдениеттану проблемаларына байланысты қарастырылуда 
(Д. Ақанова, С. Ақаев, А. Алдашева, Е. Əбдірасілов, Р. Барлыбаев, О. Бүркітов, 
О. Жұбаева, 
Қ. Есенова, 
Н. Исмайлова, 
М. Малбақов, 
Ш. Мəжітаева, 
Ж. Манкеева, Б. Момынова, Қ. Қадыркұлов, Б. Қалиев, Ш. Құрманбайұлы, 
А. Казкенова, Қ. Күдеринова, Ж. Сағындықова, А. Төрениязова, Н. Уəлиев, 
А. Фазылжан, Ғ. Хасанов жəне т.б.). 
Түрколог ғалымдар (Н.А. Баскаков, Н.К. Дмитриев, Н. Баяр, Р. Данияров, 
А. Матқазиев, Л.Г. Керимов, Х.Б. Кулиева, Н.М. Худиев жəне т.б.); шетелдік 
ғалымдар 
(В. фон Гумбольдт, 
И.А. Бодуэн де Куртенэ, 
У. Вайнрайх, 
А.О. Александрова, 
О.С. Ахманова, 
Н.Г. Бабенко, 
М.А. Бакина, 
С.Г. Бархударов, А.А. Брагина, Р.А. Будагов, Е.М. Верещагин, В.В. Виноградов 
Г.О. Винокур, О.А. Габинская, Б.Н. Головин, К.С. Горбачевич, А.Г. Горнфельд, 
В.П. Даниленко, Е.А. Земская, В.П. Изотов, В.А. Ицкович, М.У. Калниязов, 
Ю.Н. Караулов, В.Г. Костомаров, Н.З. Котелова, Л.П. Крысин, В.В. Лопатин, 
А.Г. Лыков, 
Р.Ю. Намитокова, 
Н.А. Николина, 
Л.И. Скворцов, 
Б.А. Серебренников, 
А.И. Смирницкий, 
И.И. Срезневский, 
С. Тогаева, 
И.С. Улуханова, Э.И. Ханпира, Н.М. Шанский, Л.В. Щерба, Н.А. Янко-
Триницкая жəне т.б.) зерттеушілердің пікір-тұжырымдары, теориялық жəне 
практикалық ұсыныстары əртүрлі тілдердегі жаңалықтарды танып-білуге үлес 
қосты.
Қазіргі кезеңде қазақ əдеби тілінің динамикасында жаңа сөздерді / 
неологизмдерді жасау үшін сөзжасам модельдерінің барлық мүмкіндіктері 
айқындалған жəне олардың жалпы сипаттамасы, тиімділігі мен икемділігі 
сөзжасам бойынша еңбектерде жеткілікті дəрежеде тұжырымдалған. Сөзжасам 
модельдерінің қатарында қазақ тілінің семантикалық тынысын (төл сөздердің 
қайта жаңғыруы) игеру арқылы жасалған жаңа сөздер айрықша орын алады, 
олар өздеріне тəн күрделі, лингвистикалық, лингвомəдени жəне сыртқы 
факторларға байланысты ерекшеліктері бойынша қалыптану жəне нормалану 
тұрғысынан жете зерделеуді қажет етеді.
Қазақтың төл сөздерінің семантикалық өзгерістерінің нəтижесінде пайда 
болған жаңа сөздер халықтың дүниетанымын, ұлттық психология мен 
философияны 
бейнелейтін 
ұлттық-мəдени 
құбылыс 
ретінде 
қазақ 
лексикасының саналуан ғылыми-техникалық терминдерді, ресми-іскери, 
мəдени-тұрмыстық ұғым-түсініктерді беруде жан-жақты мүмкіндікке ие 
екендігіне айқын дəлел бола алады жəне қазақ тілінің өміршеңдігін күшейтуде 
ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты əсіресе ғылыми таным атаулары мен 


10 
əлеуметтік-мəдени реалийлерді беру мақсатында қазақ тілі лексемаларының 
қайта жаңғыруының нəтижелерін сипаттау, олардың қалыптануы мен 
нормалануы үдерістерін зерделеу біздің еліміздегі тіл саясатының басым 
бағыттарының əрі қарай жүзеге асырылуына үлес қосады. Зерттеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет