12
негізделген білім мектеп оқушыларында жүргізілетін
тіл саясатына деген
саналы көзқарастың бекуіне, тілді меңгеруді жоспарлауға деген объективті
бағалаудың
қалыптасуына, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауына ықпал
етеді,
ӛйткені жаңа сөздер туралы білімнің функционалды қажеттілігін
объективті түрде түсінудің жəне лексикалық
құрамның жаңа сөздермен
толығуы туралы білімнің бекітілуінің нəтижесінде оқушылар біртіндеп
лингвомəдени құзыретке ие тұлға дəрежесіне көтеріледі.
Зерттеудің мақсаты: Соңғы ширек ғасыр көлемінде пайда болған жаңа
сөздердің қалыптануы мен нормалануы үдерістерін кешенді түрде
талдай
отырып, оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы жаңа сөздер бойынша
білім берудің əдіснамасын айқындау жəне əдістемелік жүйесін ұсыну.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу жəне ұсынылған болжамды дəлелдеу
төмендегідей
міндеттердің шешілуі барысында жүзеге асырылды:
- қоғамдық-саяси,
əлеуметтік-мəдени,
ағартушылық-білім
беру
факторларының ықпалымен жасалған жаңа сөздердің заңнамалық жəне
лингвистикалық негіздеріне талдау жасау; олардың қалыптануы мен
бірізділенуінің алғышарттарын айқындау;
- қазақ неологиясы мен неографиясының
ғылыми бағыттарының
қалыптасу жолдарын жəне олардың қазақ тілтанымының парадигмаларымен
өзара байланысын зерделеу; жаңа сөздердің категориялық мəнін айқындау;
- неологизмдердің қалыптануы мен
нормалануына ықпал жасайтын
негізгі дереккөздерді анықтау, фактілік материалдарға кешенді лингвистикалық
талдау жасау;
- оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруінің əдістемелік жүйесін ұсыну,
оның ішінде таңдау пəні үшін оқу бағдарламасын əзірлеу жəне құрастыру, білім
берудің
жаңа
технологияларын
пайдалана
отырып,
дағдыландыру
тапсырмалары мен жаттығуларды жүйелеу, экспериментті-тəжірибелік əдісті
жүргізу арқылы олардың тиімділігі мен нəтижелілігін дəлелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: