Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет81/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91
УМКД. Мәдениет

ДЕКАДАНС (франц.— түңілу) — XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара түлғалардың жекеленуі байқалғанын білдіретін, еуропа мәдениетінде көрініс тапқан токырау қүбылысының жалпы атауы. XX ғ. модернизм үғымы-мен байланыстырылған кейбір бағыттардан Д. өзінің ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Д. аумалы-төкпелі замандағы адамның қүлазыған көңіл-күйін ашып көрсетуге үмтылу, қоғам-дық талас-тартыстан алшақтап, дарашылдық, сыршылдық сезімге бой үрады. Төңкерістік бағыттағы үрдістердің коғамды соқыр сенім үстінде қиратуға бағыттайтынын көріп, Д. — ба-ғыттағы суреткерлер торығу күйін кешті. Д. — бағыттағы суреткерлердің көзқарасы бойынша кез-келген таптық күрес пен қоғамдық прогресс формасының мақсаты қоғамдағы қаты-насты қайшылыққа әкеледі деп таниды. Өнердің саяси және азаматтық тақырыптан оқшаулануы суреткерлердің пікірінше шығарм.-тың еркіндік жағдайымен тікелей байланысты. Д. «өнер үшін» деген қағиданы қолданғаны да тек қоғамдық кү-рестен бас тарту деп қана қарамай, көркем өнердің, әдебиеттің өзіңдік қүндылығын ескеру, шығарм. еркіндікті сақтауға үмты-лу деп таныған жөн. Д.-тың түлға еркіндігін тануы жалпы эс-тетикалық қүндылықтардан, сүлулықты талғам биіктігімен пара-пар тең қарастыруымен үндеседі. Д.-тың түрақты тақы-рыбы — өмір мен өлім мотиві, рухани қүндылықтар идеялына деген сағыныш сарыны болып табылады. Д. барлық жағынан өнер мен әдебиетті әр деңгейде суреткер шығарм.-нан көрініс тапқаны бағыты — «модерн» стилінде, символизм ағымында деп айтуға болады.


ДЕКОНСТРУКЦИЯ - француз ойшылы Ж. Деррида үсын-ған үғым, постструктурализм заманының сыни-философиялық үстанымы. Оның өзгешелігі— егер модернизм кезеңінде сьш дөстүрді қүлату, жою, күйрету қүралы болса, Д. сынаса да сын объектісін жоюға тырыспайды. Керісінше, оның бүге-шігесіне жетіп, қайта тірілтуге бейім. Әрине, тірілткенде, ол шартты түрде тірілтеді. Бірақ поструктурализмнің ең үлкен жеңісі — ойлау процесінің шарттылығын үғыну, метафизикадан бас тарту. Егер Платоннан бері нақты дүние Идеялар әлемінің көшірмесі деп саналса, қазір бүл байланыс жоққа шығарылып, ойлау дегеніміз таңбалау әрекеті деп өйгіленеді. Демек зерттеушінің мақсаты әр ғасырдағы өр қоғамның, әр өркениетгің, әр автордың таңба-лау ерекшелігін айқыңдау. Міне, Д. дегеніміз осындай айқын-даудың қүралы. Д. метафизикалық дәстүрді бірнеше бағыттан сынайды. Біріншіден, бар болу метафизикасы ретінде сынау. Себебі Хайдеггердің болмыс дегеніміз б а р б о л у деген түжырымы батыс метафизикалық жүйелерінің темірқазығына айналған еді. «Мән, тірлік ету, субстанция, субъект, ой аттамы, сана, қүдай, адам сынды негіз, бастау, орта-лықтың барлық атаулары бар болудың өзге түрі ретінде таңба-ланған» (Деррида). Ойлап қарасаңыз, бар болу, сәйкестік, әңгіме, сана сияқты метафизиканың негіз қалаушы үғымдары жоқ болу, өзгешілік, хат, дене іспетті қудаланған қосалқы терминдердің ізі екенін пайымдау қиынға соқпайды. Батыс философиясының метафизикалығы уақытты, тарихты қарадүрсін зерделейтінінен де байқалады. Тарих белгілі бір қүрылым, белгілі бағыттағы ой жобасы ретінде үғынылады. Уақыт концепциясына сүйенген метафизиканың тарихын қарадүрсін деуге болады, себебі метафизика түсінігінің өзі уақытқа тәуелді. Демек метафизика-ны жою үшін, уақыттан тыс болу керек. Д. мақсаты термиңді қайта тірілту емес, осыңдай әрекеттің мүмкіндігін, немесе мүмкін еместігін анықтау. Әдетте Д. объектісі ретінде метафизикалық жүйелер, философ. аискурстар көрінеді. Деррида Д. мақсатын төмендегідей түсіндіреді: «философиялық мәтінді оның форма-лық қүрылымында зерттеу, оның мәтінді типтерінің өзгешілігін және көпнүсқалығын көрсету философиялық мәтіннің сахна-лық кеңістігін, оның синтаксисін үғыну». Д. жалпы даму екі негізгі әрекетке байланысты. Бірінші әрекет — айналдыру, екінші — қайта тірілту. Айналдыру — аттап өтуге болмайтын әрекет, себебі бинарлық оппозицияның күшін жою дегеніміз тек қана оппозиция мүшелерінің орнын ауыстыру емес. Олай істегенде Д. жасалатын аймақ қозғалусыз қалады. «Мәселе әрбір сатылы тәртіптен (иерархиядан) бас тартуда емес, себебі анархия әрқашанда тірлік етуші билікті күшейтеді. Белгілі иерархияның терминін өзгерту, немесе, орнын ауыстыру қажет емес, иерархияның өзіндік қүрылымын өзгерткен жөн» (Дер-рида). Екінші әрекет предикат пен үғымдар иерархиясын қайта жасап, жаңаша қортындылауға байланысты. Бүл сатыда үғым-дардың қудаланған иеліктері мен мүмкіндіктері қайта жан-далып, жаңа үғымдар айналдырудың бірінші адымындағы үстемдік қүрған дәстүрлі үғымдарға енгізіледі. Сонда ғана Д. толық жүргізілді деп айтуға болады. Д. қос амалды ілім. Бірақ мәселе уақыт тізбегіндегі жалғастықта емес. Деконструк-цияның екі ағымы — айналдыру мен қайта тірілту — бір уакытта жасалады. Сөйтсе де олардың арасындағы өзгешілік сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет