Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет84/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   91
УМКД. Мәдениет

МАРГИНАЛДЫҚ (лат.шет, жиектегі, шекара-дағы) — қоғамдағы әр түрлі процесстердің нәтижесінде (көші-қон, этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модер-низациялануы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. М. дөстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр ара-лық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени қүндылықтары, дәстүрлері, нанымдары, бағдарлары және түрмыс саясатының басқа да элементтерінің конгломераты. «Маргиналды түлга» ұғымын 1920 ж. өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімдеуге мәжбүр жағдайға тап болған иммигранттар-дың мәдени статусы мен сана-сезімін белгілеу үшін Р. Парк үсынды. Қоғамдық, ресми мойындалған стандарттардан өзге-ше нормалары мен бағдарлары оның көрінетін маргиналды субмәдениеттердің ерекше спецификасы бар, мойындалған стандарттан белгілі бір деңгейде бас тарту — басымдық таны-тып отырған мәдениет өкілдерінің қабылдамауын, өздеріне күш-теп тартуын туғызады (мыс, этникалық азшылықтардың жағ-дайы). Бұл мәселе 1930 ж. Э. Стоунквисттің зерттелулерінде қарастырылып-зерттелді. М.-қа тән, тұлғаның мәдени «екіүдайлануы», оның бағдарларының «мәдениаралық» болуы мәдени түрғыдан өз-өзіне пара-пар болу процесін күрделендіре түседі. Бұл деперсонализацияға, сананың бөлшектенуі, мәдени потенциалдың фрагментарлығына бастауы мүмкін. Зерттеушілер сонымен қатар М.-тың жекелеген жағдайларында тұлғаның мәдени баий түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.


МЕНТАЛИТЕТ, д і л (лат.— жан қүрылымы) — өлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдас-тықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани коңіл-күй, наным-иланым, рух дағдысы, ойдың біртүтас жиынтығы. М. жеке және үжымдық сананың озіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипат-тайды; бүл орайда М. — озгеше ойлау типі. М. — табиғат және әлеум. жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір өлемі туралы үғым-танымын ашатын жалпылық. М. терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін қүндылықтар мен ақиқаттың түпдереқ ретінде қарастыра отырып, американ фи-лософы Р. Эмерсан (1856) енгізді. М. қоғамның мәдениеті, ру-хани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филос, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаүғым болып табылады.


МОДЕРНИЗМ (франц. — ең жаңа, қазіргі) — XIX ғ. соңы XX ғ. ортасында әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалып-тасқан филос.-эстетикалық қозғалыс. М. өнерде болып симво-лизм (П. Верлен, А. Рембо, С. Малларме, О. Уайльд, В. Соловьев, А. Блок); эмпрессионизм (Г. Тракль, Ф. Кафка, Э. Мунк, А. Шенберг) және акмеизм (А. Ахматова, А. Гумилев, О. Мандельштам) арқылы көрініс тапты. М. реализмге қарсы қойылады. Бүл ретте М. омір болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге үмтылады. Модернистер үшін өмір шын-дығы үғымы — аллюзиялар, реминисценциялар. Мүнда негізгі ұғым цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе интермәтінге айналатын «мәтін» болып табылады. Жеке адам-ның жан-дүние, сезімдерін бейнелеу идеясы екінші қатарға кетіп, алғашқыға сана шығады. М.-ді норвегтік сыншы Э. Ховардсхолм шындыққа жанасу талабын жоққа шығаратын және айнала шын-дықты өзге аспектіде қабылдайтын өнер деп анықтайды. М. ұқсас-тық принципіне негізделген онер өз мүмкіңдіктерін тауысқан, өлі, біздің өмірге деген қарым-қатынасындағы ешқандай жаңалық әкелмейтін өнер деп таныды. Өнердің өзегі сыртқы планнан ішке ойысты: бүл ретте суреткердің міндеті өмірмен қарым-қатынасқа өзінің жеке көркемдік әлемі аясында түсу, оқырман мен көрерменге шығарм. процеске мейлінше көбірек қатысуға мүмкіңдік беретін таза субъективтік өнер жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет