Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет89/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
УМКД. Мәдениет

СУБЛИМАЦИЯ (лат. көкке көтеру, биіктету, жо-ғары қою) — мәдениеттануға психологиядан 3. Фрейд еңбектерінің ықпалының нәтижесінде енген термин. Психоло-гияда С. деп инстинктивті энергия түрлерінің қоғам мен жеке түлғаның қажеттіліктеріне жарамды процеске айналуы арқылы қақтығысты, жанжалды болдырмайтын психологиялық қалқан механизмін айтады. Психоанализ бойынша, С.-ның түр көрі-ністерін либидоның (жыныстық энергия, жыныстық қозудың) шығармашылық процессіне айналуынан; өткір тілділіктен; шиеленіскен жағдайды әзіл-сықақпен, ойын-күлкімен бәсең-сітуден және т.б. байқауға болады. 3. Фрейд діни жөн-жоралар-дың, мәдени институттардың пайда болуын қалыптасуын және дамуын С. арқылы қарастырып, талдайды. С. термин ғылыми айналымға 1900 ж. 3. Фрейд енгізгенімен де, оған дейін де С. идеясының болғандығын байқауға болады. Мысалы XVIII ғ. ақын-жазушылары Г. Штиллинг пен Новалистің (Фридрих фон Хар-денберг), XIX ғ. философтары А. Шопенгауэр мен Ф. Ницшенің шығармаларынан витадды (өмірлік) қуаттың әлеуметке жағым-сыз жақтарын тиімділікке аудару туралы түсініктерді кездестіреміз. С. іске аспаған, жүмсалмаған табиғи әуестік — құмарлық қуатын мәдени салаларға — еңбекке, шығармашылыққа, өнерге және т.б. жаратуды аңғартады. Табиғи агрессия — спорт ойындарына; жыныстық құмарлық — махаббат, достық сезіміне; тәнін жала-ңаштауға әуестік (эксгибиционизм) — көзге ұрарлық ашық түсті киім-кешек киюге сублимацияланады. Сөйтіп үйреншікті әуестіктер рухани жағынан энергияның қайта жаңғыруының нәтижесінде өнегелі іске айналады.


СУБМӘДЕНИЕТ (лат. төменгі, нем. — мәдениет) — делме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мөдени қүры-лым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. С. көбіңце қоғамда өктем болып түрған мәдениет пен әлеуметтік қүрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда С. үлкен аймақтық, үлттық мәде-ни қүрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі клас-сикалық дәстүрден тысқары тұрады. С.-тің әлеуметтік баста-уын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейрес-ми бірлестіктер т.б. қүрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет