Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет80/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
УМКД. Мәдениет

ГИПЕРМӘТІН (грек.жоғары, ар жағында) — мәтіндер иерархиясында жүйеге айналған, сонымен қоса мәтіндердің көптігін білдіретін арнаулы қүрылым. Г.-нің қарапайым мыса-лына сөздер мен энциклопедиялар жатады: ондағы әрбір мақа-ла осы сөздіктегі басқа мақалаларға сілтеме береді. Осындай мәтінді өр түрлі оқуға болады: Г.-дік сілтемелерді ескермей, қажетіне қарай, бір мақаладан екіншісіне; сілтемелерді ескере отырып, мақалаларды басынан аяғына дейін; немесе, бір сілтемеден келесісіне ауысып, Г.-дік саяхат жасау. В. Рудневтің «Қазіргі мәдениет создігі», мыс, арнаулы осы үшінші тәсілмен қүрастырылған. Айталық Г. мақаласын оқу үшін гипершын-дық, виртуалдық шындық, сананың өзгерілген түрлері сияқты мақалалармен міндетті түрде танысу қажет. Г. әдетте, тізбектік сипатта болады және ол түзу сызықты емес ой лабиринтіне үқсас. Оған бір енгеннен кейін, қайта шығу қиындық туғызады.
Мыс, «Көк шалғынды кесуші» фильмінде кейіпкер компьютерлік виртуалды шындықтармен танысқан соң, пара-саты мен денесі күшейіп, әлемдік билікке үмтыла бастады, бірақ компьютерлік Г.-ге түскеннен кейін одан шыға алмай қалды, өйткені, ол өз паңдығының қақпанына түсті. Мыс, Адам белгілі бір Г.-ді қабылдайды: нақтылы бір тіл ойыңдары, қарым-қаты-нас шеңбері, ойлау тәсілдері, әдетті кітаптары т.б. Енді ол осы озін жалықтырған дүниеден кетейін десе, оны қалыптасқан Г. ережелері үстап түрады. Олардан шығу үшін үлкен ырық қажет. Бірақ, ол адамды ырықсыз билей алады. Г. адаммен ойын ойна-ғандай болады.


ГИПЕРШЫНДЫҚ —гипермәтін және виртуалды шындық үғымдарына жақын, француз философы Жан Бодрийар үсын-ған үғым. Г.-ты түсіну үшін шындықты мәтінмен қоса алу ке-рек те, мәтінді гипермәтін ретінде қабылдау қажет, сонда Г. түсінігі шығады. Бодрийар пайымдауынша біз осы Г.-та өмір сүріп түрмыз. Бүқаралық ақпарат қүралдары, толассыз ақпарат ағын. Адам санасын мүлдем билеп алған. Адам дауыл кезіндегідей кеменің үстінде бір шетінен екіншісіне домалай береді. Мыс, 1991 ж. Ирак пен АҚШ-тың арасындағы соғыс шындық мағы-насында болған жоқ. Бүл компьютерлер дисплейімен видео-проекторлар экранына «отырғызылған» гипермәтіндік соғыс бол-ды. Бүл ешқандай мистика емес, ол Г. метафизикасы, ояу түс Тіпті, компьютерлік көркем әдебиет және оның, тым болмаса, бір классигі белгілі. Оның фамилиясы да — Джойс, бірақ есімі Джеймс емес — Майкл және ол «Улиссаны» емес, компьютерлік роман «Тал түсті» жазды. Бүл романды тек компьютер дисплейінде ғана дәл оқуға болады. Ол Г. түрінде қүрастырыл-ған. Клавиштерді басу арқылы оны соңынан басына дейін де, эпизодтарын ауыстырып та оқи беруге болады. Г.-та уақыт пен кеңістік жасанды болып шығады: кеңістік — прагматикалық, ал уақыт болса — сериалы. Мыс, Г.-та қазіргі оқиғаны сурет-тей келе, тарихтың терең қойнауларына кетіп қалуға болады, одан болашаққа жету үшін бір кнопкаң жеткілікті. Г. — адам-дық мәдениеттің ерекше бір тілдік бітіміне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет