Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет86/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
УМКД. Мәдениет

ПАРАДИГМА — үлгі немесе модель. Қазіргі философиялық ғылымның негізгі үғымдарының бірі. Т. Кун енгізген ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, күндылықтар және техникалық дәстүрлердің жиынтығы мағынасын білдіреді. Жалпы мойындал-ған П.-ның қалыптасуы ғылымның жетілгенінің белгісі болып табылады. П.-дың ауысуы ғылыми төңкерістің көрінісі — бүрынғы беделдердің, үлгілердің, методологиялардың, теориялардың, дүниетанымдардың дүние-әлем бейнелерінің қирауы.


ПОСТМОДЕРНИЗМ — дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. «Қазіргі заман» үғымының нақты бір қатаң анықтамасы жоқ. П. термині 1917 ж. бастап қолданысқа енгенмен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 1960 ж. басталды. XX ғ. архитектурадағы стиль атауы ретінде пайда бо-лып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеумет.-экономикалық, технологиялық жөне саяси аймақта-ғы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. Франц. фи-лософ, П.Ж. Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің негізінде П. термин-үғым статусына ие болды. Ол П. туралы пікір-таласты философия мен мәдениет аймағына да таратты. Ол белгілі бір парадигманың үстемдігін жоққа шығарып, орта-лықсыздандыру принципін орнықтырды. Философияда П. он-тология мүмкіңдіктерінің сарқылғаңдығын түсіну ретінде қалып-тасады. П.-тік эстетиканың принциптері лабиринт пен ризома болып табылады. П. — Батыста индустриалдық қоғамның ор-нына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның серігіне ай-налды. Енді қүнды тауар ақша да емес, билік те емес, ақпарат болып табылады. П. үшін нақты шындық жоқ, тек виртуалды шындық қана бар (П. компьютерлер, видео мен интернеттің гүлденген кезінде пайда болуы да тегін емес). Сондықтан П. мәтіндердің нақтылығы мен олардың плюрализімін бекітеді. Лабиринт принципі бойынша күрылып, Б.А.Қ. гипершынды-ғын (Бодрийар) тудыратын «гипермәтін» үғымы пайда болады. Ақпарат ағымы адамды виртуалды шыңдық жағдайына әкеледі. Адамның индивидуалды Мені үжымдық санамен алмастырыла-ды. Бүл көпшілік-сәуегейлік мәдениетте толерантты қатынас-ты анықтайды, еңдігі жерде ол элитарлы мәдениетке қарама-қарсы қойылмайды. П. мәдениеттің қүрағы, яғни өткен мөдениеттің әртүрлі элементтерінен қүрастырылған қүрақ ретінде сипаттауға болады. Бүл қүрақта әлдебір дәстүрге, жанр-ға, стилге немесе дәуірге артықшылық берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет