Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет88/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
УМКД. Мәдениет

СИНКРЕТИЗМ (грек.— біріктіру) — «жігі ашыл-маған», «біте қайнасқан» деген сөз тіркестерінің синонимі бо-лып табылатын бүл үғым қандай да болмасын қүбылыстың жетілмеген, дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бүл үғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелінбеген, дербестелінбегендігін байқаймыз. С.-нің мәнін миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект-объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке түлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған өлемнен бөліп-жарып қарамауы т.б. С. көріністері болып табылады. Архаика-лық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным-сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі — архаи-калық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер «алғашқы қауымдық С» деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бүл саты-сында қоғамдық өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртүтас-тығымен, бір-бірімен етене тығыз байланыстылығымен сипатта-лады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүниетанымындағы С. көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анимизм, тотемизм т.б. айқын көруге болады. Қазірде бүл термин-мен эстетика, өнертану, мәдениеттану саласында әр түрлі өнер түрлерінің элементтерінің бірлестігі айқындалады.


СТРУКТУРАЛИЗМ (лат.— қүрылым, байланыс, рет) — XX ғ. 20 ж. бастап гуманитарлық білімдер (лингвис-тика, әдебиеттану, тарих, этнография және т.б.) саласында қалыптасып келе жатқан бағыт. Бүл бағыттың ерекшелігі оның қүрылымдық тәсілді, модельдеуді, семиотика элементтерін пай-далануында жатыр. С.-ның зерттеу нысанасы — белгілер жүйесінен қүрастырылған мәдениет (тіл, ғылым, өнер, мифоло-гия, салт-дәстүр, мода, жарнама және т.б.). Бүл бағыттың С. деп аталу себебі де оның мәдениеттің түрлі салаларындағы қүры-лымдарды тауып және суреттеу мақсатымен тікелей байланыс-ты. С. өзінің даму барысында бірнеше эволюциялық сатылардан өтті: біріншіден, қүрылымдық лингвистикада С.-нің өзіндік төсілі пайда болды; екіншіден, философиялық С. дүниеге келді; үшіншіден, С. постструкрурализм мен мәтін семиотикасына ыды-рап кетті. 1920—1940 жж. өзінің қүрылымдық лингвистика аясында қалыптасуын басынан өткізген С. 50—60-шы жылда-ры, әсіресе Францияда шарықтап шықты. С. сол кезеңнің өктем интеллектуалдық парадигмасына айналды. К. Лвви-Строс фран-цуз С.-нің негізін қалаушы болып есептеледі. Өйткені ол тілдің жүйелік талқыламасын өзінің антропологиялық ізденістерінде алғашқылардың бірі болып қолданды. Леви-Стростың түсінуі бойынша, адамдардың некелік қарым-қатынас ережелері мен туысқандық байланыстары адамзат мәдениетінде жеке түлға мен үжым коммуникациясының белгілі бір түрін туындатады..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет