1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Туған жерім - аялы алтын бесігім»
Оқылатын шығарма тақырыбы «Аяз би» ертегісі
Оқу мақсаты 6.2.1.1- шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Тапсырма
Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Мына рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін талқылаңыз.
Талқы себепшісі – ертегі бойынша (кейіпкерлері, сюжеті, қарым-қатынасы, автор позициясы, т.б. бойынша) сұрақтар құрастырады.
Белгілеуші – ертегінің қай бөлімі ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді.
Байланыстырушы – оқиғалардың бірін өмірмен байланыстырады, дәлелдейді. 4) Қорытындылаушы – көтерілген мәселені қорытындылайды.
Дескриптор Білім алушы
Оқылатын шығарма тақырыбы «Аяз би» ертегісі Тапсырма
Ертегідегі Жаман (Аяз би) бейнесіне талдау жасаңыз. Оның бейнесі арқылы халықтың қандай арманы мен ойы көрініс тапқан деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |