Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет10/30
Дата23.05.2024
өлшемі2.17 Mb.
#501744
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
!3-ОШ ФО Қазақ тілі Т2 6кл

Бағалау критерийі


Білім алушы

• Мәтін жазуда теңеу мен эпитет сөздерді орынды


қолданады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма
Сіз - туристік компанияның қызметкерісіз. Туристерді жазғы демалыста Көкшетау жеріне саяхат жасауға шақырып, жарнама мәтінін жазыңыз. Жарнама мәтінінде берілген көркем сөз оралымдарын қолданыңыз.

Көркем тіркестер: аспанмен таласқан таулар, көз жетпес шың, тұнық көл, қарағайлы ну орман, биік жартас, тарих сыр шертеді, аңызға толы өлке, жоғары деңгейдегі қызмет, жағдайлар жасалған, балалар алаңы, жоғары қызметті қонақ үй, ұлттық тағамдар, шипалы су




Дескриптор Білім алушы



  • кіріспе бөлімде Көкшетау жеріне саяхат жасауға шақыратын сөйлемдер жазады;

  • негізгі бөлімде Көкшетау табиғатының әсемдігін, көрсететін қызмет түрлері туралы ақпарат береді;

  • қорытынды бөлімде туристік компанияның қызметіне жүгінуге шақыратын сөйлемдер жазады.

29


2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?»


Оқу мақсаты 6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы
арқылы негізгі ойды анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы

Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін


тақырыбы арқылы анықтайды


Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі


Тапсырма
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, 6 тірек сөз бен сөз тіркесін анықтап, бағдарсызық бойына жазыңыз.

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатқа дейін электр энергиясын алады. Былтыр осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар – негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шараушылық иелері.


Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілері қуаттырақ. Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын өндіреді.


Тірек сөздер


Тірек сөздердің негізінде мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.



Тақырып

Негізгі ой















Дескриптор Білім алушы



  • мәтін құрауға негіз болған 6 тірек сөзді анықтайды;

  • анықталған тірек сөздерді кластерге орналастырады;

  • тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қояды;

  • мәтіндегі негізгі ойды 1 сөйлеммен береді.

30

Оқу мақсаты
6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет