Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жаратылыстану 5-сынып Құрметті мұғалім!



бет4/13
Дата13.03.2024
өлшемі2.56 Mb.
#495193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ФО Жаратылыстану 5 кл каз (1) (1)

Тақырыбы:Жербетінбейнелеутәсілдері

Оқу мақсаты

5.2.5.2 Шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Жергілікті жердің планын оқиды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Төменде көрсетілген суретте жергілікті жердің планы берілген.






  1. Шартты белгілер санын анықтаңыз;

  2. Шартты белгілердің атауын жазыңыз.



Дескриптор Білім алушы

  • шартты белгілердің санын табады;

  • шартты белгілердің атауын көрсетеді.

Тақырыбы: Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Оқу мақсаты




5.2.5.3 Бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшерімен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Жергілікті жердің түсірілімін жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма







a) Суретте бейнеленген жергілікті жердің түсірілім түрін анықтаңыз.
Бұл түсірілімді қашан қолданған жөн?


b) Практикалық жұмыс: «Жергілікті жердің түсірілімін жасау». 1 топ - көз мөлшерімен түсіру


2 топ - полярлық түсіру 3 топ - бағдарлық түсіру



Дескриптор



Білім алушы




  • жергілікті жердің түсірілім тәсілін атайды;

  • түсірілім тәсілінің қолданыс аясын анықтайды;

  • жергілікті жердің түсірілім ережелерін сақтайды;

  • жергілікті жердің түсірілімін жасайды.

Тақырыбы: Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Оқу мақсаты




5.2.5.4 Рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым пландарын сызу

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Жергілікті жердің планын сызады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Сынып топқа бөлінеді. Әр топ алдын ала белгіленген орындарына тұрып, жергілікті жерде төмендегі жұмыстарды жасайды:

  1. Планшетті бағдарлайды (көкжиек бағыттарын анықтау).

  2. Өзі тұрған жерін белгілейді.

  3. Бағытты аныктайды. Тұсбағарды пайдалана отырып, солтүстік бағытты анықтап планшетке түсіреді, көзге көрінетін нысандарға бағыт сызықтарын жүргізу нәтижесінде азимутты пайдалануға тура келеді.

Азимут дегеніміз - солтүстік бағыт пен белгілі бір нысанға бағытталған пен 360° аралығындағы бұрыш.

  1. Планшетке нысаналау сызғышын койып, сызғыштың жоғары қырын өздерінің планында бейнелейтін жергілікті заттарға қаратып бағыттайды да, планшеттегі әрбір нысанға нысаналау сызығын бағдарлайды, белгілі өлшеу әдістерінің бірімен өлшеу жұмыстарын жүргізеді.

  2. Ең алыстағы нысанды (ағаш, үй, көл, т. б.) планшетте көрсетілетіндей етіп масштаб алу керек. Өлшенген кашықтықты масштабты пайдалана отырып түсіреді.

  3. Нысандарды шартты белгімен белгілейді, түрлі -түсті қарындашпен бояйды. Осы ретпен окушылар өздерінің таңдап алган әдістері бойынша жергілікті жердің карапайым планын түсіреді.

Дескриптор

Білім алушы




  • оқушылардың жүріп өткен жолдарын түсіреді;

  • азимутты белгілейді;

  • жергілікті жердің планындағы объектілерді шартты белгілермен көрсетеді.

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар


Оқу мақсаты




5.2.6.1 Материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын жүйелеп баяндайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Дүние бөліктері әртүрлі сандармен белгіленген. Сандарға сәйкес дүние бөліктерінің атауларын жазыңыз.

1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)



  1. Кестеге материктің атауы, георгафиялық орналасуы, саяхатшылардың ашқан жаңалықтары мен байырғы халықтары туралы ақпаратты толтырыңыз (Топтық жұмыс ретінде жүргізіледі. Әр топ бір материкке қатысты ақпараттарды толтырады).

Материктің Географиялық Материкті ашқан саяхатшылар мен Байырғы атауы орны зерттеушілер халықтары






Дескриптор

Білім алушы




  • сурет бойынша дүние бөліктерінің атауын жазады;

  • материктің атауын жазады;

  • географиялық орнын жазады;

  • материкті ашқан саяхатшыны жазады;

  • материктің байырғы халықтарын жазады.

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар

Оқу мақсаты

5.2.6.2 Мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Мұхиттарды зерттеу тарихын жүйелеп баяндайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма




1. Сипатына қарай мұхиттардың атауларын жазыңыз.

  1. Мұхиттардың ішіндегі ауданы және көлемі жағынан ең үлкені, ең тереңі –

..................;

  1. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 92 млн. км созылып жатқан ұзын мұхит, батыс жарты шарда орналасқан - ;

  2. 75 млн. км жерді алып жатыр, көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан -

..................;

  1. Ауданы, көлемі жағынан ең кішкентайы, солтүстік жарты шарда орналасқан -

.................. .

2. Топтық жұмыс. Картаны пайдаланып, мұхиттарды сипаттаңыз. 1 топ – Тынық мұхиты


2 топ – Атлант мұхиты 3 топ – Үнді мұхиты
4 топ – Солтүстік Мұзды мұхит

Шекаралас Мұхиттың Географиялық Зерттеушілер Аралдар мен мұхиттар,


атауы орны Ауданы мен архипелагтар бұғаздар
саяхатшылыр мен
материктер




Дескриптор

Білім алушы




  • мұхиттың атауын жазады;

  • мұхиттың географиялық орнын жазады;

  • мұхиттың ауданын жазады;

  • зерттеушілерін жазады;

  • мұхиттағы аралдар мен архипелагтарды жазады;

  • шекаралас мұхиттар, бұғаздар мен материктерді жазады.







Тақырыбы: Халық географиясы

Оқу мақсаты




5.2.7.1 Дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма







Мәтінді мұқият оқыңыз. Кестені толтырыңыз.

Адам Антарктидадан басқа барлық материктер мен аралдарда қоныстанған. Еуропоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі ақ қыр мұрынды, шашы толқынды не біркелкі, ерні жұқа болып келеді. Бұл нәсіл өкілдері Еуропа, Солтүстік ,Оңтүстік Америкада,Аустралияда, Азияның біраз аймақтарында қоныстанған. Монғолоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі сары шашы қайратты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы келеді. Монғолоидтық нәсіл өкілдері Азияның көп бөлігіне, Америкада таралған. Негроидтық нәсіл өкілдерінің терісі қара , шаштары бұйра ,мұрны жалпақ жақ сүйегі шығынқы келеді, ерні қалың болып келеді. Олар негізінен Африкада, Аустралияда қоныстанған.
Сурет пен мәтінді пайдаланып, нәсілдерді анықтаңыз және қоныстанған аймақтарын кестеге жазыңыз.

Нәсілдер Қоныстаған аймақтары


1
2
3

Дескриптор

Білім алушы




  • мәтін және сурет бойынша нәсілдер атауын жазады;

  • нәсілдердің қоныстаған аймақтарын жазады.



Тақырыбы: Халық географиясы


Оқу мақсаты 5.2.7.2 Нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау


Бағалау критерийлері Білім алушы

    • Нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын атайды




Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану



Тапсырма

Кестені толтырыңыз



Сыртқы ерекшеліктері

Негроидтық

Еуропоидтық

Монғолоидтық

Нәсілдік белгілердің қалыптасу факторлары
мен себептері

Терінің түсі













Шаштың түсі мен формасы













Мұрын пішіні













Көз пішіні















Дескриптор Білім алушы

  • негроидтық нәсілдердің сыртқы ерекшеліктерін жазады;

  • еуропоидтық нәсілдердің сыртқы ерекшеліктерін жазады;

  • монғолоидтық нәсілдердің сыртқы ерекшеліктерін жазады;

  • нәсілдік белгілердің қалыптасу факторлары мен себептерін жазады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет