Алматы, 2012 Сейфуллин Ж. Т., Сейтхамзина Г. Ж. Қазақстанның жер кадастры



бет14/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.9 Mb.
#10514
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17



1


2

  1. Wіndows NT/95 – Серверлік басқарудың көп пайдаланымдағы операциялық жүйесі

1

  1. Wіndows For Work Groups v 3/11 – Жұмыс станцияларына арналған көп пайдаланымдағы операциялық жүйе

1

  1. Oracіe, 5 лицензия – Клиент-Сервер форматындағы мәліметтердің орталықтандырылған базасын басқару жүйесі

1

  1. Are Cad MsDos/ Wіndows – Графиктік ақпаратпен жұмыс жүйесі

1

  1. ArkVіew + Avenue – графиктік ақпаратпен жұмыс

1

  1. AutoCad – графиктік ақпаратпен жұмыс

3

  1. Pentіum

1

  1. Стриммер

1

  1. Дегитайзер

1

  1. Сканер, А3 формат

1

  1. Плоттер, А0 формат

2

  1. Принтер, А3 формат

1

  1. Принтер, А4 формат

2

  1. ПК АТ/РС

1

  1. Көбейту техникасы, А3 формат

1

  1. Жергілікті торап

2

  1. Модем

1

  1. Іркіліссіз қоректену блогы



Облыстық деңгейдегі бөлімшелерде 6-7 адамнан тұратын персонал, ең бастысы менджерлер, компьютер және картография жөніндегі мамандар алу белгіленіп отыр. Бұл бөлімшелер аудандық (қалалық) орталықтардың қызметіне жетекшілік жасауы, техникалық көмек көрсетуі, картографиялық деректерді өңдеуі, мәліметтердің резервтік базасын ұстауы, қажетті ақпаратты республикалық орталыққа беруі, ресми сұрауларға жауап беруі қажет.

Облыстық бөлімшелерде аудандық орталықтарға ұқсас жабдық болуы қажет, одан басқа, оларды неғұрлым күшті графиктік жабдықпен және бағарламалық қамсыздандырумен жабдықтау көзделіп отыр, бұл қолда бар жер-кадастр карталарын сандық жүйеге көшіруге мүмкіндік береді. Бағдарламалық қамсыздандыру құны 19,3 мың АҚШ долларын, ал техникалық жабдықтау – 100,5 мың АҚШ долларын құрайды. Бас (республикалық) топ персоналы 25-30 адамнан тұруы қажет, олар, негізінен, жүйелік әзірлеушілер, компьютер мамандары, карта жасаушылар, менеджерлер. Бас топтың облыстық орталықтардағыдай компьютелік жабдығы мен бағдарламалық қамсыздануы болуы қажет. Бірақ бұл деңгейдегі мәліметтердің жалпы көлемі 100 Гигобайт құрайтындықтан, техника құны 128,5 мың АҚШ долларына дейін өседі.

Құрылып жатырған әртүрлі деңгейдегі жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен (ЖК ААЖ) қатар, жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік жүйесінің кәсіпорындарында қазіргі уақытта топографиялық-геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстарын орындауда геоақпараттық жүйелер негізінде электронды компьютерлік жабдықтармен бірге бір кешендегі электронды геодезиялық өлшеу құралдарын қолдану басталды, олар өлшеулер мен есептеулердің дәлдігін, сондай-ақ еңбек өнімділігі мен өнім сапасын күрт көтеруге мүмкіндік береді. Осыған орай, жаңа техника мен жұмыс технологиясының бірнеше тәсілдерін жер-кадастр жұмыстарын орындаудың дәстүрлі әдісттерімен салыстыра отырып қарастырайық, сондай-ақ салыстырмалы тиімділік талдауын келтірейік.



Жоспарлық-биіктікті негіздемелер құру, полигонометрия торларын құру.

Алматы қ. қала шегінің бір бөлігін белгілеу бойынша жұмыстар кешені жүргізілді. Шекара периметрі 10 км, қалау аумағының ауданы 200 га. GPS- қабылдағыштар көмегімен полигонометрияның бүлінген бірнеше пункттері қалпына келтіріліп, олардың кейбіреуінің жоғалған координаталары анықталды және жаңа қала шегінің тіректі-межелік белгілері координаталанды. Жұмыстардың сметалық бағасы 130 мың теңгені құрды, оның 65 мың теңгесі теодолиттік жүрістер салуға жұмсалды. 2 адамнан тұратын бригада жүргізген тіректі-межелік белгілерді координаталау бойынша далалық жұмыстарға 9 күн, ал камералдық өңдеуге бар болғаны 2 сағат (жоспар сызусыз) кетті.

Дәстүрлі жабдықтармен (теодолит, светодальнометр) жұмыс кезінде 3 адамнан тұратын осыған ұқсас жұмысты орындауға 40 күндей уақыт кетер еді. Еңбек шығынының экономиясы (120-18) – 102 адам/күн құрайды. Жұмыс құнының бір адам/күнге шаққандағы үлестік шамасы жаңа аппаратураны қолданғанда (65 мың теңге : 18 адам/күн) – 3,6 мың теңге, ал дәстүрлі аппаратураны пайдаланғанда – 0,54 мың теңге болады. GPS-қабылдағыш көмегімен қала шегінің бір бөлігін белгілеу және тірек пункттерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу кезіндегі қаражаттың жалпы экономиясы 55,2 мың теңгені (102*0,54) құрайды.

1:500 және одан төмен масштабтардағы топографиялық түсірістер жүргізу.

Қарасай ауданы “Қаблан” ЖШС-нің ауданы 12 гектар жер учаскесінің шекарасын белгілеу және инженерлік-топографиялық жоспарын жасау бойынша жұмыстар кешені GPS-қабылдағыш көмегімен жүргізілді. Жұмыстардың сметалық бағасы 69 мың теңгені құрады, оның 29 мың теңгесі – далалық жұмыстарға жұмсалды. 2 адамнан тұратын бригада 4600 LS қабылдағышымен орындаған жұмыстар кешеніне 2 күн, ал камералдық өңдеуге 3 сағат (жоспар сызусыз) уақыт кетті. 2 адамнан тұратын бригаданың осыған ұқсас көлемдегі жұмыстарды орындауына 12 күн кеткен.

Еңбек шығынының экономиясы 20 адам/күн (24-4) құрады. Жаңа әдісте бір адам/күнге шаққанда 7,25 мың теңге (29 мың теңге:4 адам/күн), ал дәстүрлі жабдықтарды қолданғандағы бір адам/күні құнының еңбек шығыны 1,2 мың теңге (29 мың теңге:24 адам/күн) болады. Берілген объектідегі жұмыстарды GPS-қабылдағышымен орындау кезіндегі қаражат экономиясы 24 мың теңгені құрайды (20 адам/күн*1,2 мың теңге).

Жер учаскесін есепке алу, белгілеу және қалпына келтіру. Қазіргі уақытта жерге орналастыру жұмыстарының жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін есепке алу сияқты түрі жиі жүргізіледі. 2000 жылы 2 адамнан тұратын бригадамен темір-бетон зауытының өндірістік базасы жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізілген. 48826 текше метр ауданда 200-ден аса бұрылыс нүктелерін координаталау орындалған. Жұмыстың сметалық бағасы 1,1 мың теңге. 2 адамнан тұратын бригаданың 4600 LS қабылдағышын қолдана отырып, далалық жұмыстар кешенін орындауы 1 күннен аспаған және камералдық өңдеуге 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қана кеткен. Осыған ұқсас жұмыстарды (байластыру жүрістерін салуды қоса есептегенде) орындауға дәстүрлі жабдығы бар 2 адамнан тұратын бригада даладағы жұмысқа 2 күн, камералдық өңдеуге 1 күннен аз уақыт жұмсаған. Еңбек шығынының экономиясы 4 адам/күнді (6-2) құрайды. Осы объектідегі қаражат экономиясы 0,73 мың теңге (4 адам/күн*0,18 мың теңге) болады. Әртүрлі күрделіліктегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, сипаты және масштабы –кестеде келтірілген.

Практика көрсеткеніндей, құрылыс көп салынған аудандарда спутниктік сигналдарды қабылдау қиындау болатындықтан, электрондық тахеометрлерді қолдана отырып, түсірудің құрамалы әдістерін пайдалану кезінде геодезиялық GPS-қабылдағышты қолдану арқылы тағы да үлкен тиімділік алуға болады. Объектіні натураға көшіру, жаңа кварталдар мен учаскелерді бөлу үшін, әуелі негіздеудің 2-3 нүктесін түсіру жүргізіледі, қалған жұмыстар электронды-оптикалық құралмен орындалады.

Келесі көрсетілген есептеулер геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарын жаңа құралдар мен жабдықтар арқылы жүргізудің құрамалы әдісін қолданудың жеткілікті түрдегі тиімділігін көрсетеді. Ол үшін құралдар мен жабдықтардың келесі жинағы қолданылады: Trіmble 4600 LS + TSC1 Survey Controller екі GPS-қабылдағышының жинағы (28000 АҚШ доллары) және 1 электронды тахеометр (8000 АҚШ доллары). АҚШ долларының курсы 145 теңге болғандағы жалпы құны 5220,0 мың теңге.

Дәстүрлі технологияны (қазіргі заманғы теодолит пен нивелир) қолданғанда барлық жабдықтың жалпы бағасы 3100 АҚШ долларын немесе 449500 теңгені құрайды. Екі жағдайда да жұмыстар екі адамнан тұратын бригадамен орындалды.


14-кесте. Жұмыстарды жаңа жабдықтарды және дәстүрлі әдістерді қолдану арқылы жүргізудің салыстырмалы тиімділігі

Объект сипаттамасы



Сметалық бағасы (мың т.)

Шығындар, адам/күн

Шығындар, адам/күн

1 адам/күн

Жаңа әдіс

Экономия, адам/күн

Экономия, адам/күн




1

2

3

4

5

6

7

8

Ірі (қала шегінің шекарасын белгілеу)

65

40*3

9*2

0,54

3,6

102

55,2

Орташа

(12 га аудандағы топографиялық түсіріс)



29

12*2

2*2

1,2

7,25

20

24

Үлкен емес (жер учаскесінің шекарасын есепке алу)

1,1

2*2

1*2

0,18

0,55

4

0,73


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет