Осы моделде күтетін жалпы пайда ұсыныс пен сұранысқа әсер ететін халықтың тығыздығы, пайда деңгейі, халық санының өсу немесе азаю бағыты, құрылым бар-жоқтығы сияқты экономиклық факторларға байланысты.
Күтетін шығындар келесі пайдалану шығынынан тұрады: тұрғын үйлерді жөндеумен байланысты шығындар және абаттандыру, жақсылап жабдықтандыру шығындары. Капиталдандыру ставкасы пайыз ставкасының меншікке ие болуымен байланысты қауіп-қатердің, ликвидтікті жоғалтудың, мүлікті иелеу кезіндегі күтілетін кіріс және шығыстар қызметі болып келеді. Барлық осы факторлардың өзара әрекеттесуі сол кездегі нарықтық бағаны себептейді. Берілген аймақты жалпы экономикалық жағдай жақсарса, меншікке баға өседі және күтілетін пайда да артады. Пайыз ставкасы өссе, сұраныс шектеледі, сол кездегі болжамдалған кіріс азаяды және жылжымайтын мүліктің бағасы төмендейді. Жердің табысты болуы капитал мен еңбектің бірдей жұмсалуымен байланысты, сонымен қатар алдымен жұмсалған шығындардың орнын толтыру керек болады.
Батыс экономистерінің айтуынша, екінші дүние жүзілік соғыстан соң жер бағасы жыл сайын орта есеппен 5-7 % өсіп келеді, экономика көтерілсе баға да өседі, ал төмендесе – азаяды. Жерге бағаның өсуі қарқынынан инфляция қарқынынан аздап жоғарылау, экономиканың негізгі сапалық инвестициялау табыс деңгейіне жалпы сәйкес келеді. Жер бағасы моделін құрастырушы элементтерге мемлекет әсер ете алады. Мүмкіндік пайда салық саясатына, жол құрылысына, тұрмыстық қызмет құнына, жер пайдалануды әртүрлі реттеушілерге, жер қатынастарының заң және нормативтік негізіне байланысты.
Салық және қаржы саясаты, құрылыс нормалары үйлер мен ғимараттарды салумен байланысты шығындарға әсерін тигізеді. Капиталдандыру ставкалары ақша айналымы ауқымында мемлекеттің саясатын көрсететін пайыз ставкаларының қызмет болып табылады.
Жер бағасын анықтаудың бірінші кезегінде нарық талданады /стратификация, салыстыру бірлігін анықтау, нарық ақпаратын талдау/. Стратификациялауда сатып алу-сату мәмілелер бойынша мәліметтер және басқа нарықтық ақпараттар кейбір бір текті топтарға жіктеледі. Сату бағалары бір бірліктің бағасы ретінде көрсетіледі. Мысалы, тұрғын үй салу үшін бәрімен жерді салыстыру бірлігі ретінде учаске, акр, ал кей жағдайда учаскенің фронтальды шекарасының ұзындығы алынады. Нарықты талдауда жер учаскелері бағасының өзгеру сипаты және бағыты анықталады. Ол үшін үш тәсіл қолданылады – баға картасына нарықтың ақпаратын түсіру, жазу статистикасын есептеу және жер бағасы туралы мәліметтерді графикалық бейнелеу.
Дамыған нарық жағдайында жерді бағалаудың негізгі әдісі - сауда-саттықты салыстыру болып табылады. Бұл әдіс екі тұрғыда пайдаланылады – салыстыру бірліктерінің әдісі және базалық учаске әдісі. Бірінші әдісте әр страта үшін салыстыру бірлігінің орта бағасы анықталады. Екінші әдісте объект ретінде базалық учаске алынып, сауда-саттықты салыстыру әдісін қолданып, әр санатта базалық учаске шын мәнінде немесе жорамалды түрде алынуы мүмкін. Бұл учаскенің бағасы анықталынады, ал бұл басқа учаскелердің бағаларын анықтау үшін бағдар бола алады. Бұл екі әдісте салыстыру бірлігі немесе базалық учаске құнын анықтаған соң, басқа учаскелер үшін олардың айрықшалық сипаттамаларына түземелер еңгізіледі.
Жер нарығын талдауда сауда-саттық саны аз болса абстракциялау әдісі немесе қалдық бағасы бойынша жерді бағалау әдісін қолданады. Мұнда шығындық модельден алынған игеру құны игерілген учаскенің сату бағасынан шегеріледі. Жер бағасы сату бағасынан игеруге кеткен шығындарды кемітіп табылады:
Бж-Бс-Ши ; мұнда Бж –жер бағасы;
Бс - сату бағасы;
Ши - игеру шығындары.
Тасымалдау әдісі. Жер құны және сол жерде салынған ғимараттардың құны арасындағы қарым-қатнасты анықтау әдісі ретінде белгілі. Жылжымайтын мүліктің осы түрі және сол аймақ үшін жер құны мен салынған құрылыстық теориялық байланысы бар.
Жер рентасын капиталдандыру әдісін жерді үйлер мен ғимараттардан бөлек жалға бергенде қолданады. Ауыл шаруашылық алқаптарды және учаскелерді коммерциялық пайдалануға жалға берген жағдайда, жалға алушы мүліктік салықты және басқа да шығындарды төлеу үшін жауапты болғанда бұл әдіс негізгі болып шығады. Егер жалға беру шарты жақында жасалса немесе ол жалға беру нарығында сол кездегі жағдайды жеткілікті деңгейде дәл бейнелесе, онда жалға берудің таза сомасын тікелей жердің номиналды бағасына капиталдауға болады.
Игеруге кеткен шығындарды анықтау әдісі жақында бөлінген жер учаскесін бағалауда ыңғайлы. Әдіс қосымша өнімділік принципіне негізделінген. Жер бағасы барлық қажетті еңбек, капитал, менеджмент шығындарымен байланысты төлемдерді есепке алудан кейінгі қалдық ретінде есептелінеді.
Алдымен жер учаскесін игеру болжамданып, игеруге кететін шығындардың және табыстың жалпы сомасы бағаланады, содан кейін барлық шығындар, пайдалар есептелініп, қалдық принципі бойынша жер бағасы анықталады.
Сонымен, жер өндіріс факторы болып, белгілі бағасымен сипатталады. Бұл баға, өндірістің барлық басқа факторлары табысқа жұмыс істегеннен кейін "қалған қалдық шама ретінде" қаралады. Жер бағасы әсіресе орналасуына тәуелді. Сонымен қатар, бағаға аймақтау немесе жер пайдалану вариантына шектеулер әсер етеді. Сауда-саттықты салыстыру әдісі жер бағасын анықтау бойынша ең жақсысы болып саналады, бірақ сауда–саттық жөнінде ақпарат жеткіліксіз болса, басқа әдістерді де қолдануға болады.
Бөлімге сұрақтар:
-
Жердің бағасын анықтау принциптері.
-
Жердің нарық бағасын анықтауда қандай негізгі үш әдіс қолданады?
-
Қандай қосымша әдістер қолданылуы мүмкін?
-
Сатуды салыстыру әдісінің мәні неде?
-
Жер нарығы дегеніміз не?
-
Әр түрлі санаттағы жерлерді бағалаудың айырмашылығы неде?
-
Қаладағы жерлерді бағалаудың айырмашылығы неде?
-
А.-шаруашылык жерлер калай багаланады?
-
Табиғи мал азықтық алқаптарын бағалаудың ерекшеліктері неде?
7.3. Жерді пайдаланудың ақылылығы, салық салу және
жалға беру төлемі
Қазақстан Республикасының жер заңының негізгі принциптерінің бірі "Жер туралы" Жарлықтың 3-бабында бекітілген жерді пайдаланудың ақылылығы болып табылады да, ал 8-бабында оның мазмұны түсіндіріледі. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, жер учаскелері мемлекет меншігінен жеке меншікке ақы төлеу арқылы беріледі. Мемлекеттік өкілетті орган арқылы жерді тұрақты пайдалану құқығын беру /38-бап/ ақы төлеу ретімен жүзеге асырылады, бұған мына жер пайдаланушылар қосылмайды:
1/ мемлекеттік заңды тұлғалар;
2/ белгіленген нормалар шегінде ауыл шаруашылық
өндірісін жүргізу мақсатында жер учаскесін алған мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
3/ белгіленген нормалар шегінде берілген жер үшін – шаруа /фермер/ қожалықтары;
4/ заңда көзделеген өзге жағдайларда.
Мемлекет берген жер үшін төлем жер учаскесінің сапасына, орналасқан жеріне және сумен қамтамасыз етілуіне байланысты белгіленген жер салығы немесе жалдау ақысы түрінде алынады. Жер учаскелерінің меншік иелері, сондай-ақ бастапқы жер пайдаланушылар /36-бап/ Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртіппен және шартпен жер салығын төлейді. Жер учаскелері жеке меншікке сатылған кезде, оларды мемлекет тұрақты пайдалануға берген кезде, сондай-ақ мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін жалға берген кезде жер учаскелерін бергені үшін төлем мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жеке меншік иесі жер учаскесін сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын басқа адамдарға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесін екінші жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелерін бергені үшін төлем мөлшері тараптардың келісуімен белгіленеді. Тараптардың келісімімен жалдау төлемі заттай түрде төлене алады. Қазақстан Республикасының аумағында жер учаскелері басқа мемлекеттерге берілген кезде жалдау төлемі мөлшері Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шарттарында белгіленеді.
Тұрақты жер пайдалану құқығын мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға табыстау жер учаскесін тұрақты пайдалануға табыстау /аталған құқықты ақысыз табыстаған жағдайда/ туралы актінің не тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу–сату /осы құқықты сатқан кезде/ шарты негізінде жүргізіледі. Уақытша жер пайдалану құқығын мемлекет емес жер пайдаланушыларға табыстау жер учаскесін жалға беру немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шарты негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа адамға беру, жалға беру немесе жерді уақытша өтеусіз пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын оқшаулау, азаматтық-құқықтық мәліметтердің /сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар/ негізінде жүргізіледі. Жер салығының мақсаты жерді үлестіру, жерлер құнарлығын асыру, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ аумақты әлеуметтік–мәдени тұрғыда дамыту үшін бюджет табысын қалыптастыру және жерлерді тиімді пайдалану экономикалық табыстармен қамтамасыз ету болып табылады. Салық салу объектісі болып жер учаскесі болып табылады. Салық салынатын жерлер:
-
ауыл шаруашылығына арналған;
-
елді мекендердің жерлері;
-
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге арналуындағы жерлер;
-
ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жері;
-
орман қорының жері;
-
су қорының жері.
Жер салығын төлеушілері жер учаскесін иелену үшін немесе тұрақты пайдалнушы заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Салық салу принциптері. Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасуына, сумен қамтамасыз етілуіне байланысты анықталады /жер иесі немесе пайдаланушылардың шаруашылық және басқа іс-әрекет нәтижесіне тәуелді емес/. Жер салығы жер көлемінің бірлігіне жылда белгіленген төлем ретінде тағайындалады. Базалық ставкалар және оған коэффициенттер жер ресурстарын басқару жөніндегі Мемлекеттік агентікте анықталады, содан кейін Үкіметке ұсынылады. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерге салықтың базалық ставкалары топырақтардың сапасаы бойынша 1га есептелінеді. Далалық және құрғақ далалы тегісікті аумақтарындағы кәдімгі оңтүстік қара топырақтарға, қара-сарғылт, сарғылт топырақтарға сондай-ақ тау етегіндегі аумақтардың қара-сұр /сұр-қоңыр/, сарғылт /қоңыр/ және қара топырақтарға бонитет баллдарына сәйкесті жер салығының келесі базалық ставкалары бекітілген:
Бонитет баллы Салық ставкасы теңге
1-10 0,25-1,25 2/0,25-0,50
11-20 1,50-2,50 0,75-2,50
21-30 2,75-5,00 2,75-5,00
31-40 7,50-1250 5,25-7,50
41-50 15,00-20,00 7,75-10,00
51-60 22,50-27,50 10,25-12,50
61-70 30,00-42,00 -
71-80 45,00-57,00 -
-
60,00-75,00
-
77,50-100,00
> 100 105,00
1999 ж. инфляцияға байланысты 1,57-тен түземе коэффициент еңгізілген.
Жартылай шөлді, шөл және тау етегіндегі шөлді аумақтарының ақшыл-сарғылт, құба, сұр-құба, ақшыл, кәдімгі сұр топырақтарының, сондай-ақ таулы аумақтардың тау-далалық, тау-шалғынды-далалық, тау альпілік және субальпілік топырақтарға салықтың келесі ставкалары /2/ бектілген. Өзіндік қосалқы шаруашылық, бақ өсіру, бау-бақша шаруашылығы және саяжай құрылысын жүргізу үшін, құрылыс астындағы жерлерді қоса, азаматтарға берілетін жер салығының ставкасы 0,01 га 20 теңге құрады. Жергілікті өкілетті органдар заң бойынша өзінің құзыреті шегінде жер салығының базалық ставкаларын жер учаскесінің орналасуына, оның сумен қамтамасыз етілуіне, өндірістік және басқа да шаруалау жағдайларына байланысты төмендету немесе көтеруге құқықты, бірақ ол 20% асырылмайды. Елді мекендер, өнеркәсіп, байланыс, орман және су қорларының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлері құрамына кіретін ауыл шаруашылық мақсатында қолданылатын жерлері де ауыл шаруашылық арналуындағы жерлер сияқты салықтанады.
Жердің нормативтік бағасына қатынасты жер салығы 0,02% - мақта шаруашылығында, 0,3% - суармалы және багарлық жыртылған жерлерде құбылады. Қазақстандағы жер салығының төменгі деңгейін келесі кесте мәліметтерінен көруге болады:
9-кесте - Жер салығының үлесі
Елдер
|
%
|
%
|
Абсолютті
|
Жалпы өнім құнынан
|
Жердің нормативтік бағасынан
|
Доллар/га
|
Қазақстан
|
0,1
|
0,1
|
0,1-1,4
|
Қырғызстан
|
3,5
|
1-2
|
0,1-2,0
|
Өзбекстан
|
-
|
-
|
0,4-3,4
|
Ресей
|
-
|
0,1-0,3
|
10-120
|
АҚШ
|
6,4
|
1-2
|
44-62
|
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне, жер нарығының қалыптасуына, дамуына байланысты және Еуропа мен Американың дамыған елдерінің көбісінің тәжірибесін, жер салығын анықтаудың ең қолайлы және тиімді принципі жердің өнімділігін, шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде алынатын пайдалы, ақырында жердің бағасын ескере отыра салық мөлшерін анықтаған жөн, дамыған елдердегі жер салығының деңгейі жер бағасының 1-3% шегінде қалыптасты. Республиканың кейбір аумағы бойынша жерлердің кейбір санаттары және алқап түрлері үшін жасалған есептер жер салығын жер бағасы құнының үлесі арқылы анықтау принципі жердің өнімділік қабілетіне, ауыл шаруашылығының мамандануына, табыстылығына байланысты салық мөлшерін дәлірек табуға, сөйтіп жерлерді тиімділеу пайдалануға мүмкіндік береді. Басқа мемлекеттерге берілген жер учаскелерін пайдаланғаны үшін салық салу тәртібі және жағдайлары Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен келісілген шартымен бегіленеді.
Елді мекендердің жерлеріне салық салу. Салық салынатын жердің көлеміне құрылыстар, үйлер, оларға қызмет көрсетуге арналған учаскелер, сондай-ақ объектілердің санитарлық-қорғау аймақтары, техникалық және басқа аймақтар кіреді. Бұл жерлердің базалық салық ставкалары көлемі 1 м2 есептелінеді. Мысалы, Алматы қаласында тұрғын үйлер,құрылыстар, ғимараттар астындағы жерлерге салық ставкасы 0,2 теңге/м2 , басқа жерлерге 15 теңге/м2, Астанада сәйкесті 0,2 және 10 теңге /м2 , Қарағандыда-0,2 және 5 теңге/м2 , ал поселкелерде-0,07 және 0,5, селоларда /ауылда/-0,05 –0,25 теңге/м2 . Жергілікті өкілетті органар салықты 20% көбейте немесе кеміте алады, өнеркәсіп, байланыс, көлік басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған елді-мекенді жерінде, селитебтік аумақтан тыс орналасқан жерлер 70% азайтылған ставкалар бойынша салықтанады. Кемітудің нақты мөлшерін жергілікті органдар белгілейді.
Елді-мекендерден тыс орналасқан кәсіпорын, көлік, байланыс және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлердің салық базалық ставкалары бонитет бойынша келесі мөлшерлерде белгілінеді:
Бонитет баллы: Салық ставкасы /теңге/га/
-
25-250
11-20 275-562
-
590-825
-
853-1075
-
1102-1338
-
1365-1625
-
1652-1925
-
1953-2238
-
2265-2550
-
2578-2950
>100 3000
Осындай ставкалармен қорғаныс мұқтаждығына берілген жерлер де салықтанады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлері заңды және жеке тұлғаларға пайдалануға берілгенде сол мақсатына сәйкес салықтанады.
Орман қоры жерлеріне салық салу. Орман қоры жерлері ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылса, ауыл шаруашылық есебінде қаралып салықтанады. Сонымен қатар орман шаруашылық объектілері /үйлер, ғимараттар/ астындағы жерлер және орманшылық кәсіпорындарына пайдалануға берген жерлер салықтанады. Мұнда эксплуатация арналуындағы игерілген орман көлемдерінің бірлігіне орманды пайдалану мерзіміне сәйкес салық салынады. Мұнда салық мөлшері түбірімен жіберілетін ағаш бағасының 5% шамасында пайдаланған үшін төлем құрамында алынады.
Су қорына салық салу. Су қорындағы ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер салығы 108,109-баптарына сәйкес салынады, ал үйлер, ғимараттар және басқа су шаруашылық органдарының объектілері астындағы жерлер Жарлықтың 114,115-баптарына сәйкес тәртіпте және жағдайларда салықтанады.
Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Босалқы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, орман, су қорлары, жоғарыда айтылғаннан басқа жерлерге салық салынбайды. Елді- мекендердің жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары да салықтанбайды. Бірнеше заңды тұлғалар босатылған. Кейбір жер пайдаланушыларға Үкімет шешімімен жер салығын төлеуде жеңілдік жасалуы мүмкін. Жер салығын ауыл шаруашылық пайдаланушылар және жер иесі жеке тұлғалар сол жылдың қазанына дейін төлеп тұруы керек. Ауыл шаруашылығына арналмаған жерді пайдаланушылар – заңды тұлғалар - жер салығын бірдей үлесте 20-ақпанда, мамырда және қарашада төлей алады.
Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Салық салуға босалқы жер, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жері, орман және су қорының жері жатпайды. Елді мекендердің жалпы пайдаланымдағы жер учаскелеріне, жалпы пайдаланымдағы мемлекеттік автомобиль жолдарына салық салынбайды.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметтерін жүргізудегі жердің ерекше ролін, сондай-ақ нарық жағдайларындағы олардың дамуына мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігін ескере отырып, республикада шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнайы салық режимі (салық кодексінің 65, 66-бөлімдері) енгізілген. Сонымен қатар шаруа қожалықтары мен заңды тұлғалар арнайы салық режимін немесе жалпы белгіленген салық режимін өз бетінше таңдауға құқылы.
Арнайы салық режимін қолдану құқығы шаруа (фермер) қожалықтарына жеке меншік құқығындағы және жер пайдалану құқығындағы (екінші қайтара жер пайдалану құқығын қоса) жер учаскелері бар болған жағдайда беріледі.
Біртұтас жер салығын төлеу негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары салықтың келесі түрлерін төлеушілер болып табылады:
-
арнайы налық режимі қолданылатын шаруа (фермер) қожалығының қызметінен түсетін табысқа салынатын жеке табыс салығы;
-
қосылған құнға салынатын салық - арнайы салық режимі қолданылатын қызмет жүргізу айналымы бойынша;
-
арнайы салық режимі қолданылатын қызмет жүргізу бойынша жер салығы;
-
Қазақстан республикасының үкіметі белгілеген, қажеттік нормативтері шегіндегі салу объектілері бойынша көлік жабдықтарына салынатын салық;
-
Қазақстан республикасының үкіметі белгілеген, қажеттік нормативтері шегіндегі салу объектілері бойынша мүлікке салынатын салық;
Біртұтас жер салығын есептеуге арналған база болып, жер учаскесінің бағалық құны табылады. Жер учаскесінің (жер пайдалану құқығының) бағалық құнын анықтау Қазақстан Республикасының жер заңдарымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Біртұтас жер салығы жер учаскесінің бағалық құнына 0,1% ставканы қолдану арқылы есптелінеді.
10-кесте. Заңды тұлғалар – патент негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін
арнайы салық режимі
Патент (барлық салық қосындысының 20%)
|
Жер салығы
|
Табыс салығы
|
Қосылған құнға салынатын салық
|
Көлік жабдықтарына салынатын салық
|
Әлеумет-тік салық
|
Патент құнының есебіне кіргізілген салықтарды есептеу үшін салық кезеңі болып, күнтізбелік жыл табылады. Патент құнының есебіне корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік жабдықтарына салынатын салық, қосылған құнға салынатын салық кіреді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге берілетін салық жеңілдіктері республикада едәуір шаманы құрайды, мысалы ҚР АШМ-нің мәліметтері бойынша, 1996 жылы шаруа қожалықтарына арналған жер салығы бойынша жеңілдіктер мөлшері 999,6 мың теңгені немесе ауыл шаруашылығы саласындағы барлық жеңілдіктердің 23,9%-ын, ал 2000 жылы сәйкесінше – 131 млн. теңгені немесе 31,5%-ды құрады, яғни Үкімет 1996 жылдан 2000 жылға дейін жеңілдктерді 130,3 млн. теңгеге ұлғайтты. Заңды тұлғалар бойынша салық салудағы жеңілдіктер осы кезең үшін 89,7 есе көбейді.
11-кесте. 1996 және 2000 жылдар кезеңіндегі, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне арналған салық жеңілдіктерінің мөлшері, мың теңге (ҚР ААМ)
Көрсеткіштер
|
Шаруа (фермер) қожалықтары
|
Ауылшаруашылық тауар өндірушілер – заңды тұлғалар
|
1
|
2
|
3
|
Жер салығы бойынша еңілдіктер:
1996 ж.
2000 ж.
|
999,6
131261,3
|
3178,0
285100,0
|
Барлық салық жеңілдіктері:
1996 ж.
2000 ж.
|
17825,5
2311262,0
|
309623,3
11540126,1
|
11-кестеде барлық салық жеңілдіктері мөлшерлерінің көрсеткішіне жер салығы бойынша жеңілдіктен басқа, табыс салығы, қосылған құнға салық, мүлікке салынатын салық, көлікке салынатын салық және әлеуметтік салықтар бойынша жеңілдіктер кіргізілген. Бұл мәліметтер бір жағынан, соңғы жылдары мемлекет ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін едәуір салық жеңілдіктерін беріп отырғандығын көрсетсе, екінші жағынан жалпы салық салудағы жер салығының аз ғана үлесін көрсетеді.
Жер салығы ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін жер салығы приоритетті болуы керек болса да, қазіргі уақытта ол ауыртпалық түсірмейтін салық болып отыр, мысалы Оңтүстік-Қазақстан облысында ол салық төлемдері құрылымында бар болғаны 1,3% ғана алады, осындаң тенденция Алматы облысының шаруашылықтарында да байқалады.
Бұл жер рентасын алу басқа төлемдер арқылы жүргізілетіндігін көрсетеді. Мысалы, Қазақ аграрлық өндіріс кешенін экономика және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша, заңды тұлғалар үшін патент құрамындағы 1 га салынатын жер салығының мөлшері 3,2-ден 7,5 теңгеге дейін, ал кейбір жағдайларда максималды 72 – 86 теңгені құрайды. Сонымен қатар патенттің үлестік салмағы “Қаракемер” ӨК-де - 1,45%, “Түрген” ЖШС-де - 1,4%, Мұсабек атындағы ӨК-де - 1,4%, “Талапты” ЖШС-де - 2,1% құрады.
Шаруа (фермер) қожалықтары үшін енгізілген біртұтас жер салығы салықтар бойынша үлкен жеңілдіктер құратынын есептеулер көрсетті, мысалы Алматы облысының бірнеше шаруашылықтарының мәліметтері бойынша жүргізілген есептеулер шығындардағы біртұтас жер салығының үлестік салмағы - 0,2-ден 0,8% дейін құрайтындығын көрсетті.
Ғылыми көзқарас жағынан, жерді, соның ішінде ауыл шаруашылығы жерін кадастрлық бағалау жер салығы да негізделетін нарықтық құнды анықтау негізінде жүргізілуі тиіс. Жер салығының ставкасын топырақ бонитетінің баллына байланысты белгілеу, оның әртүрлі сападағы жер табыстылығының, орналасу орнының, сумен қамтамасыздығының көрсеткіштеріне, демек оның нақты құндылыққа қатынасы жоқтығына байланысты жеткіліксіз.
12-кесте. Алматы облысының шаруа (фермер) қожалықтарының біртұтас жер салығы бойынша есебі,
мың теңге (2000 ж.)
Көрсеткіштер
|
“Қайрат” шаруа (фермер) қожалығы
|
“Табиғат” шаруа (фермер) қожалығы
|
“Лепсі” шаруа (фермер) қожалығы
|
Егістік ауданы, га
|
386
|
86
|
365
|
С.і. суармалы, га
|
14
|
27
|
43
|
Бағалық құны, мың теңге
|
10040,0
|
5170,0
|
14240,0
|
Біртұтас жер салығы, мың теңге
|
10,04
|
5,17
|
14,24
|
Біртұтас жер салығының үлестік салмағы, %
|
0,23
|
0,84
|
0,61
|
1 га біртұтас жер салығы, теңге
|
26
|
60,1
|
39
|
Сонымен, жер салығының негізгі кемшілігі оның ставкасын топырақтың сапалық сипаттамасы бойынша, бонитет баллына пропорционалды анықтау болып табылады. Ауыл шаруашылғы жерінің нормативтік бағалық құнының пайызымен есептелінетін ставкаға көшкен мақсатқа сәйкес болады.
Осыған орай, бірқатар мамандар жетекші ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге мамандандырылған ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді топтастыру негізінде, республика аумағында жер-салықтық (бағалық) аймақтарды белгілеу бойынша жұмыстар жүргізуді ұсынып отыр, бұл біздің пікірімізше өте күрделі мәселе, өйткені шаруашылықтардың көбісі мемлекеттік емес секторға жатады және қазір аймақтарға бөлу жұмыстарын жүргізу үшін объективті ақпарат алу қиын.
Сондықтан біздің пікірімізше, республикада жердің нормативтік бағасын немесе нарықтық құнын анықтау үшін жерді кадастрлық бағалауды жүргізу қажет, ал жер салығын, әлемнің көптеген елінде қабылданғандай, солардың пайызы ретінде есептеу қажет.
Бөлімге сұрақтар:
-
Жер пайдаланудың ақылылығы деген не?
-
Жалдау төлемін кім белгілейді?
-
Жер салығының объектісі.
-
Жер салығының базалық ставкасы деген не?
-
Жер салығы қай жарлықпен реттеледі?
8-тарау. ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
-
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қалыптастыру
Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытты және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау және пайдалану қазіргі есептеуіш және телекоммуникациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан республикамызда кәзірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпаратты-есептеуіш жүйесін құру керек.
ЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастырын жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. ЖКААЖ тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісті министрліктер және ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ – ол күрделі, көп нысаналы, көп кызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру – технологиялық жүйе. Оған:
-
жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттары;
-
басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;
-
жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы;
-
басқарылатын жүйеде /жер мониторингі/ болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;
-
жер ресустарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.
Қалыптасып жатқан ЖКААЖ қызметі мына мәселелерді қамтиды: жер пайдаланушы субъектерге, басқару органдарға, барлық мүдделі органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарына заңды және сол салада жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсету. ЖКААЖ жер меншігінің әр түрлеріне негізделінген жер қатынастарының орнатылуын қамтамасыз ететін және жер нарығының дамуын қолдаушы мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарауға болады. Оны Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік құрамында құруда және жүргізуде бұрынғы мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жүйесін пайдалану мүмкіндігі қаралған.
Республикалық деңгей
-
Ұзақ мерзімді және болашақтық жоспарлау
-
Бағдарламалық өнімдерді және Қазақстандық бағдарламаларды игеру
-
ЖКААЖ облыстық орталықтарын әдістемелік, бағ-дарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
-
Ақпаратты қорыту
-
ЖКААЖ орталықтың облыстық және аудандық мамандарын оқыту
-
Сапаны тексеру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
|
Облыстық деңгей
-
Орта мерзімді болашақтық жоспарлау
-
Картографиялық негіз құру
-
Ақпаратты қорыту
-
ЖКААЖ аудандық орталықты әдістемелік, бағдарламалық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
-
Мамандарды оқыту
-
Жұмыстардың сапасын тексеру
|
Аудандық /қалалық / деңгей
-жер учаскелерін есепке алу;
-учаскелерге құқық куәләндіруші құжаттар-ды дайындау және беру;
-кадастрлік нөмірлерді беру;
-учаскелер шекараларын анықтау, учаске жоспа-рын жасау, аудандарды өлшеу;
-кадастрлік карталарды жасау және жүргізу;
-жер кадастрлік кітапқа мағлұматтарды жазу;
-есеп құрастыру;
ақпаратты беру
|
-жер учаске-лерінің иеле-рін және пайдаланушыларын еспке алу;
-бағалық аймақтау;
-салықтың базалық ставкасын есептеу;
-салық салу-ды жүргізу;
-жерлерді және жерді пайдалану құқығын бағалау
|
-мониторингті және жерлерді қор-ғау барысын тексе-руді жүзеге асыру;
-топырақ және өсімдік жамылғы-сының сапасын және пайдалануын есепке алу;
-жерлерді табиғи-экономикалық аймақтау;
-жерлердің көп параметрлік карталауын жүргізу
|
5-сурет -Қазақстан Республикасы ЖКААЖ қызметтік құрылымы
Республикамызда мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымы және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үш деңгейлік әкімшілік – аумақтық құрылымнан тұрады: республикалық, облыстық және аудандық деңгейлер. Жер кадастрын жүргізу мен ЖК ААЖ тік және көлбеу деңгейлерде бірыңғай әдістеме мен технология бойынша жүзеге асыру міндетін жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің өндірістік құрылымы атқарады. /Мем. ҒӨО жер, оның облыстық еншілес кәсіпорындары, аудандық кадастр филиалдары, қалалық және аудандық агенттіктермен қосылу/.
ЖКААЖ республикалық орталығы республикамыздың барлық әкімшілік-аумақтық деңгейлердегі жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйесін құрудағы үйлестіруші методологиялық, әдістемелік, технологиялық орган болып келеді. ЖКААЖ республикалық орталықтың негізгі міндеттері:
-
республика жер ресурстарын басқару процестер туралы барынша толық ақпараттануы;
-
елдің жер ресурстарын пайдалану және жай-күйінің мәліметтері банкісін белсенді түрде ұстау және жүйелеу;
-
заң, атқарушы органдарды, ведомстволарды, ұйымдарды жер кадастрлік ақпаратпен өз уақытында және сапалы түрде қанағаттандыру;
ЖКААЖ республикалық орталығы
|
Зерттеу тобы
|
Еңгізу және оқыту тобы
|
Материалдық-техникалық
қамту секторы
|
МемҒӨО жер облыстық еншілес кәсіпорын
|
Мәліметтер базасының әкімі
|
Сканерлеу тобы
|
Жұмыс станциялар тобы
|
Есепке алу тобы
|
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық
/қалалық/ агенттік
|
МемҒӨО жер еншілес кәсіпорынның аудандық /қалалық/
жер кадастрлік бюросы /филиалы/
|
Автоматтандырылатын жұмыс орны
|
Жерді үйлестру ізденістер тобы
|
6-сурет- Автоматтандырылған кадастрлық жүйесін басқару
-
жер кадастрын жүргізуді компьютерлеу және ақпараттаудың негізгі бағыттарын анықтау;
-
ақпаратты топтастыру және код арқылы құпиялаудың бірыңғай жүйесін жасау мен енгізу –жергілікті классификаторларды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеуге арналған бір рәсімді құжаттарды ойлап табу;
-
ЖКААЖ қызметкерлерін оқыту және мамандық арттыру;
-
барлық деңгейде есептеу жүйесінің құралдарын пайдалану және ЖКААЖ енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
Қазіргі кезде Мем. ҒӨО жер орталық өндірісінде жер
кадастрының ЖКААЖ республикалық орталығы жетілген құрылғыларымен толығынша жетерліктей жабдықталған /құрылғының бір бөлігі Пилоттық жоба бойынша қойылған/.
ЖКААЖ республикалық орталығының компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтарының құралы.
Жер кадастрлік құжатты жүргізу және жердің қоры және үйлестірілуі туралы жылдық есепті құрастыру көптеген есептер мен жазуларға байланысты. Кадастрлік мәліметтерді алу, құрастыру бойынша жұмыстар әр деңгейде
1. Фотопланшеттерді өңдеу бойынша топ
АО фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша сканер
|
Фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша графикалық жұмыс
|
Прин-терлер
|
Фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша графикалық жұмыс
|
АЗ фото-планшет фрагмент-терін өңдеу бойынша сканер
| -
Актілерді және басқа басылым өнімін шығару
бойынша топ
Актлерді шығару бойынша жұмыс станциялары
|
Принтерлер
|
Басылым өнімін шығару бойынша жұмыс станциясы
| -
Жүйелік қолдау тобы
Плоттер
|
Мәліметтер базасының сервері
|
Мәліметтер базасының сервері
|
Жүйелік қолдау жөніндегі автомттанды-рылған жұмыс орны
| -
Аудандық және облыстық карталарды құру бойынша графикалық жұмыс станциясы
Принтер-лер
|
Карталар-ды жасау бойынша графика-лық жұ-мыс стан-циясы
|
Мәлімет-тер база-сының әкімшілігі
|
Принтерлер
|
Дигитай-зер
|
Достарыңызбен бөлісу: |