Алматы, 2012 Сейфуллин Ж. Т., Сейтхамзина Г. Ж. Қазақстанның жер кадастры



бет16/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.9 Mb.
#10514
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Агенттік қарамағында республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болады, бұл турасында, Агенттік мемлекеттік меншік құқығының субъектісі қызметін атқарады:




Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігі

Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық (14) және қалалық (Астана мен Алматы) комитеттер, олардың аудандық өкілдіктері

Олар тұрғысында, Агенттік мемлекеттік меншік құқығының субъектісі қызметін жүргізетін Мемлекеттік республикалық кәсіпорындар

Мемлекеттік ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық зерттеулер институты

Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжерғылөн-орталығы)

Қазыналық геодезиялық және картографиялық кәсіпорындар

(9 кәсіпорын)



Еншілес облыстық кәсіпорындар (14)

Аудандар мен қалалардағы еншілес облыстық кәсіпорындардың кадастрлық филиалдары (орталықтары)

8-сур. ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік құрылымы


  • Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми орталығы (Мемжерғылөнорталығы), оның аудандық және қалалық кадастрлық филиалдармен (орталықтармен) бірге еншілес (облыстық) кәсіпорындары;

  • Мемлекеттік ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық зерттеулер институты;

  • Қазыналық кәсіпорындар: “Қазгеокарт”, “Оңтүстікгеодезия”, “Картография”, “Астанатопография”, “Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор”, “Батысгеодезия”, “Маркшейдерияорталығы”, “Солтүстікгеодезия”, “Шығысгеодезия”.

ҚР Министрлер Кабинетінің 23.11.1999 ж. № 1776 «Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің мәселелері” Қаулысымен белгіленгендей, Қазақстан Республикасы Агенттігінің негізгі міндеттеріне:

  • Жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізу;

  • Жер реформасын жүргізу бойынша жұмыстар ұйымдастыру мен іске асыру, оның ғылыми, кадрлық және әдістемелік қамтамасыздығы, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі шараларды дайындау және орындау;

  • Белгіленген тәртіпте жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастыру және жүргізу;

  • Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйі туралы мәліметтер банкін құру және жүргізу;

  • Жерді аймақтарға бөлуді жүргізу;

  • Белгіленген тәртіпте жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу;

  • Мемлекеттік геодезиялық бақылау жүргізу мен тиісті ақпараттарды қорғау.

Агенттік заңмен белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді жүргізеді:

  • Жер заңдарын бұзушылықтарды жоюға шаралар қолданады;

  • Бар жер мен оны санаттар, алаптар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бойынша бөлу туралы, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау туралы, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру, топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептерді жасайды;

  • Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі жинақтар мен басқа да материалдар шығарып, таратады;

  • Мемлекеттік республикалық картографиялық-геодезиялық қор мен республика аумағы жер ресурстарының картогафиялық қорын құрады;

  • Республика аумағының географиялық ақпараттық жүйесін құрады;

  • Мемлекеттік құпия болып табылатын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэротүсіру материалдарын пайдалану тәртібін белгілейді, сондай-ақ ұйымдардағы оларды есепке алу, көбейту және сақтауға бақылау жүргізуді ұйымдастырады;

  • Жер ресурстарын бақылау жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының ынтасын білдіреді, басқа мемлекеттердің тиісті қызметтерімен қарым-қатынас жүргізеді;

  • Қазақстан республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау бойынша топографиялық-геодещиялық және картографиялық жұмыстар жүргізеді;

  • Жер қатынастарын реттеу, жер пайдалану мен қорғау, жер реформасын жүргізу, жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтарды тіркеу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқару органдарымен өзара қызмет жүргізеді;

  • Жерге төлемдерді белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

  • Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындайды;

  • Мемлекет жеке меншікке сататын және жер пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің құнын (жер пайдалану құқығы) анықтайды;

  • Пайдаланылмай жатқан жер мен заңдарды бұза отырып пайдаланылып жүрген жерді анықтайды;

  • Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізеді;

  • Жерге орналастыру, геодезия және картография мақсаттары үшін ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және жобалау-зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар құруға қатысады;

  • Жерге орналастыру жұмыстарының, топографиялық-геодезиялық, топырақ, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да іздестіру мен зерттеу жұмыстарының өзі белгілеген тәртіпте жүргізілу бөлігінің қызметін үйлестіреді;

  • Жерге құқықты куәләйтін құжаттарды дайындайды және береді;

  • Жер ресурстарын басқару жөніндегі, геодезия және картография органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін дайындауды, қайта дайындауды және көтеруді ұйымдастырады;

  • Қазақстан Республикасы заң Министрлігінің тіркеу органдарын жер-кадастр карталарымен және жер учаскелерінің жоспарларымен қамтамасыз етеді;

  • Үкімет жүктеген өзге де қызметтерді орындайды.

Агенттіктің қызметін ұйымдастыру Төрағаға міндеттелген, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттік төрағасының екі орынбасары болады, оның біріншісін қызметке Төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады. Төраға Агенттік жұмысын басқарады, аумақтық органдардың, сондай-ақ өзінің құзыреті шегінде ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізіп, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігіне жүктелген міндеттердің орындалуы және олардың өз қызметтерін жүргізуі үшін жеке жауапкершілікті алады.

Агенттік төрағасының өкілеттігіне келесілер кіреді:



  • өз орынбасарларының және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері жекетшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

  • Агенттік қызметкерлерін, аумақтық органдардың, республикалық мемлекеттік ведомстволық қарасты ұйымдардың жетекшілерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, Агенттік қызметкерлері мен аумақтық органдардың және ведомстволық қарастыұйымдардың жетекшілеріне көтермелеу мен жаза белгілеу;

  • Агенттіктің құрылымы мен штаттық кестесін, құрылымдық бөлімшелер мен оның аумақтық органдары және ведомстволық қарасты кәсіпорындар туралы ережелерін бекіту;

  • Агенттікті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда заңдарға сәйкес таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет