Бірінші орынбасары
|
Геодезия, картография, геоақпараттық жүйелер жөніндегі төраға орынбасары
|
Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімі
(5 адам)
|
Геодезия, картография, геоақпараттар жүйесі бөлімі
(5 адам)
| Жерге орналастыру және жер кадастры басқармасының бастығы |
Жерге орна-ластыру бөлімі
(5 адам)
|
Жер кадастры және мониторинг бөлімі (5 адам)
|
Жерді пайдалану және қорғауды мемлкеттік бақылау (мемлекет-тік жер инспекциясы)
(5 адам)
| Заң бөлімі, кадрлық қызмет
(4 адам)
|
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі (7 адам)
|
9-сур. ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік орталық аппаратының ұйымдастыру құрылымы
Қойылған міндеттер мен қызметтерді орындау үшін Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің өз орталық аппараты бар, оның құрылымы келесідей түрде қалыптасқан. Агенттіктің орталық аппаратына төраға, екі орынбасары, оның біреуі – бірінші орынбасар, құрамы үш бөлімнен тұратын жерге орналастыру және жер кадастры басқармасының бастығы, сондай-ақ геодезия және геоақпараттар жүйесі бөлімі, заң бөлімі мен тиісті төраға орынбасарына бағынатын әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуші персонал кіреді ( -сур.).
Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің Төрағасы |
Төраға орынбасары
|
Облыстық мемлекеттік жер инспекциясы бастығы
|
Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімі (3-4 адам)
|
Облыстық жер инспекциясы
(4-5 адам)
|
Бухгалтерлік қызмет, әкімшілік-қызмет көрсетуші персонал
(4-5 адам)
|
Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің аудандық (қалалық) өкілдігі бастығы
|
Өкілдік мамандары
(2-3 адам)
|
Жер инспекциясы
(2-3 адам)
|
10-сур. Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) аппараттарының ұйымдастыру құрылымы
Қазіргі уақытта жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардағы құрылымдар мен аппарат келесі түрде құрылған (-сур.). Облыстық комитетті төраға басқарады, оның екі орынбасары болады, олар – бірінші орынбасар және облыстық мемлекеттік жер инспекциясының бастығы, оған тиісті бөлімдер бағынады, сонымен қатар әкімшілік-қызмет көрсету персоналы мен бухгалтерлік қызметі болады. Аудандар мен қалалардағы облыстық бағынудағы, бұрын ұйымдастырылған комитеттер қазіргі уақытта аудандық (қалалық) өкілдіктерге қайта құрылған, оны өкілдік мамандары мен жер инспекциясының инспекторы бағынатын өкілдік бастығы басқарады.
Көріп отырғанымыздай, аумақтық органдар аппараттарындағы мамандар саны көп емес, ал жұмыс көлемі жыл сайын ұлғаюда. Сондықтан жер кадастрын жүргізу, жерге орналастыру, жер мониторингі бойынша жұмыстардың негізгі бөлігін облыстық деңгейде Мемжерғылөнорталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары (ЕМК) орындаса, аудандық (қалалық) деңгейде тікелей жерге орналастыру-кадастрлық жұмыстардың орындалуын Мемжерғылөнорталығы облыстық ЕМК-ның құрылып жатырған филиалдары мен бюролары қамтамасыз ете алады, олар негізінен мемлекеттік және мемлекеттік емес тапсырыс берушілердің қаражаты есебіне шаруашылық есепте жұмыс істейді. Оларды компьютерлік техникамен, оргтехникамен және электронды геодезиялық құралдармен қамтамасыз ету қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, Алматы облысындағы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында кадастрлық филиалдар табысты жұмыс істеуде.
ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің аумақтық органдар жүйесінің жұмысын талдау кадрлық қамтамасыз етуде кемістіктердің бар екендігін көрсетті, мысалы көптеген төменгі деңгейлерде, бұл ауадандық, поселкелік және ауылдық органдар - өкілдіктер мен инспекцияларда, негізінен арнайы базалық білімі жоқ, бұрын жерге орналастыру, кадастр және жер ресурстарын басқаруға ешқандай қатысы жоқ көптеген органдар мен ұйымдарда қызмет істеген мамандар жұмыс істейді.
Тіпті облыстық және қалалық деңгейде, мысалы Алматы облыстық мемлекеттік жер инспекциясында мал дәрігерлері, зоотехниктер, құрылысшылар жұмыс істейді және жақында дайындай бастаған инженер-кадастровикті айтпағанда, бір инженер-жерге орналастырушы жоқ, Алматы қ. жер инспекциясындағы 7 адамның біреуінің ғана базалық білімі бар, бұрын қалалық жерге орналастыру комитетінде жұмыс істеген. Ал осы мамандықтар бойынша жоғары оқу орнын бітірушілер жұмыс болмағандықтан мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік жүйесінде мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру және оларды қазіргі заманғы негізде қайта дайындау өніндегі жұмыстар қажетті деңгейде қойылмаған, біліктілікті көтерудің арнайы пункттері, орталықтары, тұрақты түрде қызмет ететін институттары мен курстары, яғни жүйесі жоқ.
Мысалы, Ресей Федерациясында Мемлекеттік жерге орналастыру комитеті жүйесінің 2300 жуық аудандық (қалалық) комитеті бар, 10 жыл ішінде комитеттердің барлық төрағалары қайта дайындықтан өткен, олардың үлкен бөлігі Англия, Австралия, Швецияда сынақ ісінен (стажировкадан) өткен, 2000 жылдың өзінде Ресей жер кадастрының (Росземкадастр) мәліметі бойынша 6,5 мың маман қайта дайындықтан өтіп, 1250 көп комитет қазіргі заманғы бағдарлау-техникалық кешендермен жабдықталған. Жерге орналастыру, геодезия, жер кадастры, картография саласында мамандар дайындайтын жоғарғы және орта оқу орындарына үлкен қаржы бөлінуде, мысалы бұл мақсаттар үшін Федералды бағдарламада 380,0 млн. рубль, НИОКР – 10 млн. рубль бөлу қарастырылған, ал кадастрлық жұмыстарды жерге орналастыру, картографиялық және геодезиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға 2000 жылы барлығы 2082 млн. рубльге жуық бөлінген.
Жер қатынастарын мемлекеттік басқару және реттеу мақсатында келесі ұйымдастыру жұмыстарын: жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің аумақтық органдарының материалды-техникалық базасын, оларға мемлекеттік басқарудың негізгі қызметтері: жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау, жерге орналастыруды ұйымдастыру, тұтас Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді сақтай отырып, бекіту; барлық облыстарда, қалалар мен аудандарда мекемелер – кадастрлық филиалдар (бюролар) құру және оларға Агенттіктің аумақтық органдарының басқару қызметтерін, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қызмет көрсетулер бойынша жұмыстарды, сондай-ақ мемлекеттік және өзге де мұқтаждықтар үшін жерді бағалау жөніндегі қызметтерді беру қажет.
Кадастрлық бюроларды құруды Мемжерғылөнорталығы жүйесінің кәсіпорындары мен жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің ведомстволық қарасты өзге де ұйымдарының базасын пайдалана отырып жүргізу; кадастрлық бюроларды қаржыландыруды тиісті бюджет қаражаты, сондай-ақ заңды тұлғалар мен атқарлыған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін азаматтардан түсетін қаржы есебінен іске асыру қажет.
ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің жер мелиорациясы, ауылдық жерлерде жерді қайта құру жұмыстарын жүргізудің республикалық және облыстық бағдарламаларын дайындау, сараптау және жүзеге асыру, ауыл шаруашылығына арналған жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастырудағы республиканың атқару органдарына көмек көрсету саласындағы ролін арттыру қажет.
Заң Министрлігі жылжымайтын объект ретіндегі жерге құқықты тіркеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Қаржы Министрлігі жер пайдалануды дамытудағы бағдарламаларға сараптама жүргізуге, реформа бойынша жұмыстарға тапсырыс беріп, оны қаржыландыруы, жерге салынатын салықты дамытуы және жер пайдаланушылардың салықты, ал жалға алушылардың жалға алу төлемақысын төлеуін бақылауы қажет. Экология және биоресрстар Министрлігі жер пайдалану субъектілерінің тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарына, орман алаптарының, қорғалатын табиғи аумақ жерінің сақталуына бақылау жасауы тиіс.
Жер ресурстарын дамытудың құқықтық қамтамасыздығы: жерге және өзге де жылжымайтын мүлікке меншік қатынастарын реттейтін заңның дамуын; азаматтардың жерге окнституциялық құқығының кепілдемесін құруды; жерді тиімді басқарудың құқықтық тетігін құруды, нарықтық инфрақұрылым құруды қарастыратын заң актілерін қабыладуды; жер мен өзге де жылжымайтын мүлік нарығын реттейтін заңдарды дамытуды; ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес салалардағы жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды құқықтық қамтамасыз етуді қарастырады.
Қолданылған әдебиеттер
-
Конституция Республики Казахстан - Алматы: Казахстан, 1995.
-
"О земле" Указ Президента Республики Казахстан от 22 декабря 1995г., №. 2718. Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов//. - Алматы: Жети жаргы, 1998. - с.7-77.
-
Земельный кодекс РК. Алматы: Жети жаргы, 2003. – 255с.
-
«О крестьянском хозяйстве». Закон Казахской ССР от 21.05.1990г. №64. Земельное законодательство Республики Казахстан. - Алматы: «Жети жаргы», 1998. - 192с.
-
«О некоторых вопросах регулирования земельных отношений». Указ Президента РК от 24.01.1994г. №1516. Земельное законодательство Республики Казахстан. - Алматы: «Жети жаргы», 1998. - 192с.
-
«О дальнейшем совершенствовании земельных отношений». Указ Президента РК от 05.04.1994г. №1639. Земельное законодательство Республики Казахстан. - Алматы: «Жети жаргы», 1998. - 192с.
-
Государственный (национальный) доклад «О состоянии и использовании земель Республики Казахстан на 1 ноября 2000 года». - Астана: Государственное Агентство по управлению земельными ресурсами, 2001. - с. 5-19, 25-54, 57-75.
-
Комов Н.В. Управление земельными ресурсами России. Российская модель землепользования и землевладения.(Справочное пособие). - М.,1995. - с.11-19, 25-27, 54-59, 125-133, 174-185,205-207.
-
Масанов Н.А. Кочевая цивилизация казахов. - Алматы: Социнвест. - М., Горизонт, 1995.- с. 7-9.
-
Еренов А.Е. Возникновение и развитие социалистических земельных правоотношений в Казахской ССР. - Алма-Ата: изд. АН Каз. ССР, 1963. - с.42-43, 47, 51-52, 53-64, 65, 79-81.
-
Шахматов В.Ф. О сущности патриархально-феодальных отношений у кочевых народов Казахстана. В кн. «Материалы научной сессии, посвященной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период». Ташкент, 1955, с. 50-59.
-
Толыбеков С.Е. О патриархально-феодальных отношениях у кочевых народов. - Алма-Ата: «Вопросы истории»,1955, №1, с.71-77, 81-85.
-
Зиманов С. Общественный строй казахов первой половины 19 века.- Алма-Ата: Издание АН Каз. ССР, 1958. - с. 214-215.
-
Кенжебеков К.К. Военно-земельная колонизация Казахстана царской Россией в 18-19 вв. (На примере строительства военных линий и укреплений). - //Исследования, результаты, 1999, №1. - с.49-52.
-
Совершенствование правовых основ земельной реформы в Республике Казахстан.- //Под редакцией Еренова А.Е.//-Алматы: «Жети жаргы», 1996.-132с.
-
Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: «Борки», 1997.- с.27-30, 118-119.
-
Сабирова А.И., Григорук В.В., Сейфуллин Ж.Т. и др. Земельные отношения (анализ, рекомендации). Алматы: КазНИИЭОАПК, 2001.- с.5-10, 17-27, 77-83, 84-96, 105-110, 115-120.
-
Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами Казахстана в рыночных условиях. - Алматы: КазНИИЭОАПК, 2001.- с. 216.
-
Улюкаев В.Х. Варламов А.А., Петров Н.Е. Земельное право и земельный кадастр. Учебник. - М. : «Колос», 1996. - с.107, 112-113, 118-120.
-
Гендельман М.А., Волков С.Н. и др. Научные основы землеустройства.,курс лекций - Акмола: ААГРУ, 1995.- с.10-11, 14-16, 42-50, 51-57, 75, 105-110.
-
Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (налоговый кодекс). - Казахстанская правда, №146, 20.06.2001. - с.1-16.
-
О собственности на землю в некоторых зарубежных странах. (обзорная информация). - Алматы: ГосНПЦзем, 2000. - 21с.
-
Николенко Г. С. Экономическая оценка земли. Алма-Ата, «Кайнар»,1968.- 322с.
-
Чаянов А.В. Крестьянское хозяйство. - М.: Экономика, 1989.- с.53-56.
-
Землеустройство и земельные отношения.//Сб. нормативных актов//- Алматы: «Каржы-каражат», 1996.-с.3.
-
Временная методика по определению нормативной цены сельскохозяйственных угодий - Алматы: Госкомзем, 1995.
-
Государственный (национальный) доклад «О состоянии и использовании земель Республики Казахстан на 1 ноября 2003 года. – Астана : Агентство по управлению земельными ресурсами, 2003.
-
Земельное законодательство республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов (с комментариями)// - Алматы: Жети жаргы, 1998.
-
Есполов Т.И.,Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами. – Алматы.; КазНАУ, 2004.
-
Подольский Л.И. Научные основы оценки земель. «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстанаң, Ж., НИЦ «Бастау, Алматы, 1997.
-
Порядок ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан. Земельное законодательство Республики Казахстан - //Сб. нормативно-правовых актов.-Алматы: Жети жаргы, 1998.-с. 139-152.
-
Сейфуллин Ж.Т. Жер кадастры. – Алматы.; КазНАУ, 2001.
-
Руководящие принципы управления земельными ресурсами. - Европейская экономическая комиссия. ООН.- Нью-Йорк, Женева, 1996.
-
Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. - Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2000.
-
Сводный аналитический отчет о состоянии и использовании земель РК за 2011 год., Астана, 2012 г., Агентство по управлению земельными ресурсами РК., с. 250.
Қосымша – 1.
Терминдердің түсінігі
-
Меншіктің абсолюттік құқығы: ешқандай басқа тұлғаның жерге басқару құқығы жоқ меншіктің шартсыз құқығы.
-
Сот тәртібінде мойындау: жерге және меншікке құқық ресми түрде белгіленетін процесс.
-
Бағалау: меншіктің нарық құнын анықтау.
-
Салық салу: меншіктің салыстырмалы нарық құны негізінде алынатын салық мөлшерін анықтау.
-
Құқықты табыстау: бір тұлғадан басқаға меншік құқығын беру. Мысалы, жалға алу немесе кепілдік туралы куәлік негізінде.
-
Жер кадастры: жер учаскелері туралы ақпарат және тіркеу жүйесі.
-
Заң кадастры: жер учаскесі иесінің және пайдаланушының құқығын заңды түрде тіркеу.
-
Салық кадастры: жер учаскесінің бағасын көрсетіп, тіркеу.
-
Жер пайдалану кадастры: пайдаланатын жер учаскелерін тіркеу.
-
Көпнысаналы кадастр: жер учаскелерінің әртүрлі сипаттамаларын тіркеу.
-
Кепілдікке беру: меншік құқығы. Мысалы, қарызды өтеу мақсатымен пайдалану.
-
Азаматтық құқық : азаматтар құқығына қатысты мемлекетпен белгіленген құқықтық нормалар /Рим құқығы/.
-
Кондаминиум: меншікті бірлесіп иелену, әсіресе көп пәтерлі үйлерде.
-
Контракт: жүзеге асырылуы заңмен қамтамасыз етілетін келісім.
-
Кәдімгі құқық: ұзақ қолдану негізінде белгіленген, жазылмаған құқық нормалары.
-
Меншікті табыстау: бір меншік иесінен басқасына жерге меншік құқығын беру әдісі /толық меншік, ипотекалық кепіл, бақылау, жалға беру және т.б./.
-
Мәліметтер базасы: мәліметтердің тәртіптелген, кешеңді қатары.
-
Мәліметтер базасын басқару жүйесі /МББЖ/: мәліметтер базасын басқару үшін бағдарламалар қатары.
-
Демаркация: әр жер учаскесінің шекарасын жерде белгілеу.
-
Цифрлік карталарды жасау: есептеуіш техниканы қолданып карталарды құрастыру.
-
Сервитут: басқаның /сервитутпен ауыртпалықтанған мүлік құқығынан басымдылығы бар жер иеленушінің басым учаске/ құқығы; біреудің мүлігін пайдалану шектеулі құқығы.
-
Меншік: құқық тұрғысынан жылжымайтын мүлікке меншік құқығы.
-
Экспроприация: орнын толықтыруға айырбасталған қинау түрінде меншікті алып қою.
-
Салықтанатын құн: салық салу мақсатында пайдаланатын жылжымайтын мүліктің құны.
-
Фригольд: жерді иелену шегінде иесіне мүмкінінше ең көп құқықтар берілгендегі, жалға алынған жер меншігінен айырылатын, толық жер меншігі.
-
Геодезиялық тор: жер бетінде жайлары дәл анықталған пунктердің кеңістік жүйесі.
-
Геоақпараттық жүйе: кеңістік сипаттамаларын пайдаланып, жер туралы мәліметтерді жинау, сақтау, тексеру, қорыту және беру жүйесі.
-
Ипотека: Меншік қарыз алушы тұлға иелігінде қалатын қаржылай несие алу мақсатында мүлікті кепілдікке беру.
-
Жер: жер беті үстіндегі ауа, материалдар және топырақпен байланысты барлық объектілер.
-
Жер учаскесі: меншіктің гомогендік құқығы тарайтын және бірыңғай меншік болып келетін жер учаскесі.
-
Жер реформасы: жерді пайдалану, иелену сапасындағы өзгерістермен байланысты әртүрлі процестер.
-
Жер кадастры: құқық титулын табыстау туралы құжаттарды тіркеу үшін пайдаланатын публикалық кадастр.
-
Жер ресурстарын тиімді пайдалану: жерді экологиялық және экономикалық тұрғыда ресурс ретінде пайдаланумен байланысты әрекет.
-
Жерді иелену: жерге құқықты жүзеге асыру формасы.
-
Жерді табыстау: жерге меншік құқығын беру.
-
Жер учаскелерін тіркеу: құқықтық титулды табыстау бойынша құжатты тіркеу формасында немесе жерге меншіктік құқықты тіркеу жолымен жерге құқықтарды тіркеу процесі.
-
Жер құны: әртүрлі әдістермен анықталатын меншіктің құны.
-
Жалға алу құқықтарында иелену: келісілген сомаға және белгіленген уақыт кезеңіне айырбас ретінде жер иесі жер иелену құқығын жалға алушыға беру келісіммен жалға алу негізінде жерді иелену.
-
Нарық құны: бәсеке және ашық нарық жағдайларында ақшамен көрсетілетін жылжымайтын мүліктің ең ықтималды сату бағасы.
-
Шекаралар /описание/: бөлуші сызықтар /межа/ бағыттары және ұзындақтары, жанама учаскелер аттарының көмегімен жер учаскесін бейнелеу.
-
Графақұрушы: карталарды, диаграммаларды салу үшін қолданатын құрылғы.
-
Бұрынғылық: бұрынғылық күшінде құқыққа ие болу .
-
Құқықты жеке табыстау: жерге құқықты бөлуді публикалық тіркеусіз беру.
-
Жылжымайтын мүлік: жер және жермен байланысты объектілер, үйлерді, пәтерлерді және басқа объектілерді қоса.
-
Жалға беру құны: жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалға беру төлемінің сомасы негізінде анықталатын бағасы.
-
Иелену: жерге меншік құқығын жүзеге асыру әдісі.
-
Құқықты титул: сол немесе басқа тұлғаның меншік құқығын растау.
-
Видео терминал: ақпаратты бейнелеу үшін пайдаланатын электрон – сәулелік түтігі бар компьютерлік терминал.
-
Автоматтандырылған жұмыс орны: бір немесе бірнеше компьютермен қосылған графикалық экран, клавиатура, цифрлік планшет.
-
Растр: автоматты сканерлеу арқылы құрастырылған сол немесе басқа ауданды қамтушы регулярлы матрица.
Достарыңызбен бөлісу: |