Алшымбеков саяхат қанағАТҰлы болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлау



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі350.5 Kb.
#126015
түріАвтореферат
1   2   3   4

Бағдарлама 1 кредитке 45 сағатқа арналған, оның 15 сағаты лекциялар, 15 сағаты студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыстарына, 15 сағаты – студентердің өздігінен орындайтын жұмыстарына берілген.

Курстың мақсаты. Бүгінгі күн талабына сәйкес болашақ экскурсия мамандарын даярлауда, экскурсияның ұлттық тәрбие беруге бағытталуын, оның этнопедагогикалық білім мен тәрбие беру жолындағы құндылығын табиғи түрде ұштастыра отырып, туризм субъектілерін ұлттық саналылыққа, елжандылыққа, ұлтжандылық пен имандылық сезімдеріне тәрбиелеуді биік мақсат етіп қою қажеттігін көрсету,және осы мақсатты жүзеге асыруға болашақ экскурсоводтардың этнопедагогикалық теориялық және кәсіби әдістемелік даярлықтарын қалыптастыруды жетілдіру.

Арнайы курс бағдарламасы бойынша студенттер экскурсия үдерісінде ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдаланылатын қазақ этнопедагогика материалдардың мазмұнымен түрлерін меңгеріп, оларды этноэкскурсия үдерісінде пайдалануға дағдыланды. Арнайы курстың барысында студенттер этнографиялық экскурсия үдерісінде пайдаланылытын этнопедагогикалық материалдардың ұлттық тәрбиелік мақсаттағы мазмұндық жағына қызығушылық пен шығармашылық ізденіс байқатты.(3-кесте.)



Қалыптастырушы эксперименттің 3-кезеңінде біз «Экскурсовод» мамандығының ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ мамандықтың негізін қалаушы пәндер мен катар өзіміз ұсынған «Қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы бойынша болашақ кәсіби іс-әрекеттке қажетті этнографиялық экскурсиялар бойынша экскурсоводтың этнографиялық экскурсия портфелін даярлатуды жоспарладық. Онда студенттер белгілі бір тақырыпта этнографиялық экскурсияның әдістемесін өздігінен дайындап оны қорғайды, көпшілік жағдайда біздің тәжірибемізде ол әдістемелер дипломдық жұмыс ретінде жалғастырылады.

Белгілі бір тақырып бойынша этнографиялық экскурсияның әдістемесін жасау күрделі үдеріс, мұнда алғашқы кезеңде оқытушының көмегі қажет, әсіресе тақырыпты дұрыс таңдау мен этнографиялық экскурсияның маршруты мен технологиялық картасын жасауда. Ал этнографиялық экскурсияның мазмұны бойынша этнопедагогикалық деректік материалдарды жинақтау, іріктеу, этнографиялық экскурсияның әр кезеңі бойынша мәтінді дайындау, көрнекті құралдар мен этнографиялық экскурсиялық объектілердің паспортын жасау студентке өз бетінше орындау тапсырылады.

Осы кезеңнің мақсатына байланысты Алматы қаласының 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық қарсаңында шетелдік және отандық туристерге арналған экскурсоводтың этнографиялық экскурсия портфеліне жинақталатын мынадай тақырыптарға этнографиялық экскурсия әдістемелерін жасау тапсырылды: «Армысын әз Наурыз мерекесі», «Қазақ халқының шежіресі», «Қазақ халқының салт дәстүрлері», «Қазақ халқының әдеп-ғұрыптары», «Қазақи дәстүрлі баспана», «Қазақтың ұлттық дастарханы», «Қазақ халқының ұлттық қол өнер туындылары.(Шеберлер аулына саяхат)», т.б. Аталған тақырыптардағы этнографиялық экскурсиялар бойынша студенттердің дайындаған әдістемелері Алматы қаласының «Туризм» департаментінің жанындағы арнайы комиссияда талқыланып мақұлданды.

Педагогикалық эксперименттің соңғы бақылау кезеңінде кредиттік оқыту жағдайында өзіміз ұсынған «Экскурсиятану негіздері», «Қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері» атты курстарды және экскурсоводтардың этнографиялық экскурсия портфелін қалыптастыру әдістемесін ұсыну барысында болашақ экскурсоводтардың экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне ұлттық тәрбие беру мақсатында қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлығының қылыптасуының деңгейін байқау мақсатында соңғы кесінді жүргізілді. Студенттерге анықтау эксперименті кезеңіндегі анкеттік сұрақтар қайтара ұсынылды.

Болашақ эскурсоводтардың этнографиялық экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне этнографиялық білім мен тәрбие беру мақсатында этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлықтарын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлерінің эксперимент басындағы және соңындағы көрсеткіштері ( 4-кестеде ) беріледі.


3-кесте - Болашақ эскурсоводтардың этнографиялық экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне ұлттық тәрбие беру мақсатында этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлықтарының қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіші (%), (ЭТ-140; БТ-145)


Компонеттер


Жұмыс

кезең-

дері

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ


БТ


ЭТ


БТ


ЭТ


БТ


ЭТ


БТ

Мотивация-

лық

Басы

-

-

32,8

25,6

38,1

40,9

29,1

35,5

Соңы


35,4

-

37,2

27,6

27,4

41,4

-

31,0

Мазмұндық

Басы


-


-


24,5


22,8


43,6


44,7


31,9


32,5


Соңы


29,4

-

37,3

24,6

33,3

44,5

-

30,9

Іс-әрекеттік


Басы


-


-


24,6


25,7

41,9


43,4


33,5


30,9


Соңы



28,2

-

38,3

24,3

33,5

39,9

-

35,8

Рефлексив-тік

Басы

-

-

26,3

27,7

36,2

43,9

37,5

28,4

Соңы

27,8

-

33,5

26,6

38,7

38,4

-

35,0

4-кесте - Қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелері (эксперименттің басы және соңы%), (ЭТ-140; БТ-145)


Жұмыс

кезең-

дері

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ


БТ


ЭТ


БТ


ЭТ


БТ


ЭТ


БТ

Басы

-

-

27,1

25,4

39,9

43,2

33,0

31,4

Соңы

30,2

-

36,5

25,7

33,3

41,2

-

33,1

Қорытынды нәтижелерден мынаны көруге болады: егер эксперимент тобында алғашында төмен деңгейді көрсеткен студенттердің саны – 33,0% болса, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткендер болған жоқ, орта деңгейдегілердің алғашында саны – 39,9 % болса, соңында олардың саны – 33,3 % болды, жеткілікті деңгейді алғашында 27,1 % көрсетсе, соңында олардың саны – 36,5 % көтерілді, жоғары деңгейді алғашында ешбір студент көрсетпесе, соңында олардың саны – 30,2 % өсті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.

Сонымен, зерттеу жұмысының нәтижесі біздің ұсынған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді және кредиттік оқыту жағдайындағы кәсіби оқу үдерісінде болашақ эскурсоводтардың этнографиялық экскурсия жүргізуде туризм субъектілеріне танымдық тәрбие беру мақсатында этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлықтарының қалыптасуының тиімділігін арттыратын шарттардың жиынтығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Жүргізілген педагогикалық эксперимент нәтижелері мен зерттеу тұжырымдарына сүйене отырып, мынадай қорытындылар жасалды:

1.Бүгінгі таңда туризм мамандарын даярлауда,әсіресе экскурсоводтардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігін қалыптастыруда, студенттерді оқыту үдерісі мен практикалық іс-әрекеттер арқылы қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланануға әдістемелік даярлау жаңа қоғам сұранысы мен мемілекет талабынан туындап отыр.

2.Жоғарғы оқу орндарында болашақ туризм мамандарын кәсіби даярлаудың жағдайларына тарихи талдау жасай отырып білім беру жүйесінде қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия ісінде пайдалануға студенттерді даярлау проблемасының күні бүгінге дейін қарастырылмағанын дәлелдейді.

3.Болашақ туризм мамандарының эноэкскурсиялардың мақсаты мен міндетін анықтап,тақырыбы мен обьектілерін таңдауда,материалдар жинақтап,маршрут құруда,мәтін мен технологиялық карта құрастыруда өздігімен білімін жетілдіріп,дербес шығармашылыққа бағыттау әдістері анықталды.

4.Зерттеу жұмысына байланысты болашақ туризм мамандарының кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық оқыту әдістері мен мотивтері анықталып,тұжырымдар жасалды.

5.Жоғарғы оқу орндарында болашақ туризм мамандарын экскурсия барысында қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастыру үдерісінің нәтижелілігі осы даярлықтың моделін және оны жүзеге асыруды сипаттайтын дидактикалық шарттарды жасаумен қамтамассыз етіледі.Даярлық моделіне психологиялық,теориялық,практика

лық,әдістемелік даярлық компоненттері жатады.

6.Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлауда студенттердің әртүрлі тақырыптардағы экскурсияларды даярлау және жүргізу әдістемелерімен қатар этнопедагогикалық материалдарды қолдану әдістемелерін меңгеру.

7.Болашақ экскурсоводтарды қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлаудағы жоғарғы оқу орнының іс-тәжірибелерін зерттеп,талдау мамандыққа байланысты арнайы пәндер мен арнайы практикалардың бағдарламаларын,студенттермен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс әдістемелерін жетілдіру қажеттілігін дәлелдейді.

8.Зерттеу болашақ туризм мамандарын экскурсия ісінде қазақ этнопедагогика материалдарын тиімді пайдалануға әдістемелік даярлаудың

проблемасын шешетін біздің ғылыми-теориялық негізде жасалған «Қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері» атты арнайы курсымыз.

9.Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарының нәтижесі болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлауда студенттердің кәсіби мамандыққа деген қызығушылығы артып,білімге деген талпынысы мен іскерлік қабілетінің,ізденгіштік пен табандылық қасиеттері мен құзіреттіліктің қалыптасатындығын көрсетті.

Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1.Болашақ туризм экскурсия мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлауда біз ұсынған модель бойынша оқыту.

2.Болашақ туризм экскурсия мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлауды біз ұсынған арнайы курс арқылы жүзеге асыру қажет.Бұл студенттердің осы проблема саласынан білім,іскерлік,дағды деңгейін арттырады.

3.Этнографиялық экскурсиялардың,этнотурлардың қазақ этнопедагогикалық материалдары жайлы бірнеше тіліндегі мәтіні бойынша электрондық оқулықтар мен әдістемелік құралдар даярлау.

4. Экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік оқыту мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибелі экскурсоводтар мен жас мамандарға және өзге тілдегі азаматтарға арнап жоғары оқу орндарында арнайы курс ұйымдастыру.

5.Жоғары оқу орндарында экскурсиятану пәні бойынша экскурсиялық практика енгізу және сағат бөлу.

Қарастырылып отырған зерттеу күрделі және көп салалы болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлау жаңа формалар мен әдістерді,көптеген ізденістер мен зерттеулерді талап етеді.Сондықтан болашақ экскурсоводтарды даярлау мәселелерін әр қырынан дербес зерттеу алдағы уақыттың еншісі екенін айтқымыз келеді.

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1. Туризм мамандарын даярлаудағы география пәндерінің маңызы. Проблемы подготовки специалистов в системе туризма.халықаралық ғылыми-практикалық конференция.Алматы. 1997. Ал.МУ. 74-79 б.

2. Типовые программы по туризму для студентов университетов и педогогических институтов. Сборник №39,1 «Основы туризма и краеведение» Алматы . 1997. - 47 с.

3. Типовые программы по туризму для студентов университетов и педогогических институтов. Сборник №39,1 «Халықаралық туризм географиясы» Алматы Респ.издат.каб.1997.- 24 с.

4. Формирование основ экономических знаний будущих менеджеров туризма / Поиск. Серия гуманитарн. .№2 (2) – Алматы, 2004. 149-153 б.

5. Болашақ туризм мамандарының қазақ этнопедагогикасы материялдарын пайдалануға әдістемелік даярлау мәселелері // Қ. Р . білімнің даму тарихы мен қазіргі тенденциялары» проф. Сембаевқа арналған халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалдары.- Алматы, - 2005. 20-56 б.

6. Экскурсияның ішкі мәні. «Қазақстандағы туризм:мәселелері және болашағы» халықаралық ғылыми практикалық конфер.материалдары.

- Алматы. 2006. -20-21 б.

7. Жоғарғы оқу орындарында экскурсавод мамандарды даярлаудың әдістемелік мәселелері // «ххі ғасыр.экономика,технология және ақпараттық жүйе саласындағы ғылым және білім беру проблемалары». Халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалдары.- Алматы, 2006. 150-154 б.

8. Особенности обучения студентов первокурсников выбравших специальность «Туризм» // «ххі ғасыр.экономика,технология және ақпараттық жүйе саласындағы ғылым және білім беру проблемалары». Халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалдары. -Алматы, 2006. - 231-234 б.

9. Болашақ туризм - экскурсия мамандары үшін журналистикалық икемділік пен білімнің қажеттіліг // «Қазақстан қоғамы:ұлттық басымдылық және бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторы» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалдары. - Тараз, 2007.- 324-327б.

10. Экскурсияның білімдік-тәрбиелік мәні / Хабаршы. Қаз.ҰПу (педагогика сериясы) -Алматы, 2007. №14.102-105 б.

11. 12-жылдық білім беруде туристік-өлкетану жұмыстарын жүргізу мәселелері / Хабаршы Қаз.ҰПу. №15 (педагогика сериясы) – Алматы,2007.

12. Ш.Уалихановтың еңбектерінде топонимикалық деректерді экскурсиялық мәлемет ретінде пайдалану / «Шоқан тағылымы». –Көкшетау, 2007. Т. 2. 263-267 б.

13. Ш.Уалиханов зерттеулеріндегі халық кәсіби және табиғат қорғау мәселелерін өндірістік экскурсияларда пайдалану./ «Шоқан тағылымы» - Көкшетау, 2007. Т.2. 278-281б.

14. Студент жастарға Елбасының халыққа жолдауын туристтік-экскурсиялық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыру // «Қ.Р. президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жлдауында (2008ж.6 ақпан) Қазақстан халқының әл ауқатын көтерудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы. ҚазҰПУ -Алматы, 2008. Ж. 118-121 б.

15. Қазақстан халықтарының салт - дәстүрлері экскурсия нысаны // «Рухани-ғылыми мұра» Республ.ғылыми-теориялық конфер.материалы. Қаз.ҰПУ.-Алматы, 2008. 144-150 б.( Қ.М.Омаров авторлық бірлестікте)

16. Экскурсия-дінтану және рухани тәрбие құралы // «Әлеуметтік және экономикалық дамудағы діннің ролі» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы.Шет тілі және іскерлік.карьера университеті.-Алматы, 2009.– 273-275 б.

17. Діни байланыстарды дамытудағы халықаралық туризмнің ролі // «Әлеуметтік және экономикалық дамудағы діннің ролі» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы .Шет тілі және іскерлік карьера университеті. - Алматы, 2009. 170-172 б.

18. Туристтік орындарға экскурсия жұмыстарын өткерудің әдістері / ғылыми журнал «География, Биология, Экология.» 2008. 34-36 б.

19. Анимационная деятельность в туристских и спортивно-оздоровительных учреждениях // «Туризм дамуының экологиялық-географиялық мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы. Қаз.ҰПУ. - Алматы,.2009. 282-285 б.

20. Экскурсияның эстетикалық мәні // «Туризм дамуының экологиялық-географиялық мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы. Қаз.ҰПУ. - Алматы, 2009. 340-347 б.

21. Экскурсиятану негіздері.әдістемелік оқу құралы, -Алматы, 2009.140 б

22. Болашақ экскурсоводтардың қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлықтарын арнайы пәндерді оқыту процесінде қалыптастыру жолдары // Хабаршы. Қаз.ҰПУ.( педагогика сериясы) №4. 2009.39-43 б. (А.А.Саиповпен авторлық бірлестікте)

23. Жоғары оқу орындарында экскурсия мамандарының кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық,психологиялық мәні // Хабаршы.Қаз.ҰПУ.(педагогика сериясы) №4. 2009. 62-66б. (О.Г.Лютеровичпен авторлық бірлестікте).

РЕЗЮМЕ

Алшымбеков Саяхат Канагатович

ПОДГОТОВКА БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ ТУРИЗМА К ИСПОЛЬЗОВАНИЮ МАТЕРИАЛОВ КАЗАХСКОЙ ЭТНОПЕДАГОГИКИ В ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

13.00.08 – Теория и методика профессионального образования


Актуальность проблемы исследования. Актуальность данной проблемы обусловлена необходимостью совершенствования содержания и форм профессиональной и методической подготовки будущих экскурсоводов в условиях реформирования высщих учебных заведений, внедрения в ее практику ценного педагогического опыта использования материалов казахской этнопедагогики в экскурсионный процесс.

Наличие огромного теоретического и практического материала накопленного казахской этнопедагогикой с одной стороны, слабая востребованоость его в практике экскурсоводов в целях ознакомления субъектов туризма с историей, национальными традициями, обычаями и обрядами казахского народа и народов Казахстана, недостаточная разработанность методики использования материалов казахской этнопедагогики в процессе экскурсии для иностранных и отечественных туристов с другой стороны,обусловили выбор темы исследования.

Анализ имеющейся научной и специальной литературы показывает, что несмотря на огромную познавательную, образовательную и воспитательную потребность субъектов туризма к материалам казахской этнопедагогики в туристской деятельности, в профессиональной подготовке будущих экускурсоводов практически неразработана их методическая подготовка к использованию материалов казахской этнопедагогки в процессе экскурсии и содержание этнографических экскурсии.

Объект исследования: Процесс профессиональной подготовки будущих специалистов туризма в высшем учебном заведении.

Предмет исследования: Формирование методической готовности будуших экскурсоводов к использованию метериалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе.

Цель исследования – Теоретическое и научно-методическое обеспечение методической подготовки будущих специалистов экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в профессиональной деятельности.

Задачи исследования:

1. Выявить теоретические и научно-методическое основы методической подготовки будущих специалистов экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики.

2. Разработать модель готовности будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе, определить ее критерии,показатели и уровни сформированости.

3. Разработать методику подготовки будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе и экспериментально проверить ее эффективность.

4. Разработать содержание системы этнографических экскурсии с использованием материалов казахской этнопедагогики (для отечественных и иностранных туристов).

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

1. Выявлены теоретические и научно-методическое основы методической подготовки будущих специалистов экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики.

2. Разработана модель готовности будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе, определены ее критерии,показатели и уровни сформированости.

3. Разработана методика подготовки будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе и экспериментально проверена ее эффективность.

4. Разработана содержание системы этнографических экскурсии с использованием материалов казахской этнопедагогики (для отечественных и иностранных туристов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет