Химиялық элемент
|
Мөлшері, мг
|
Химиялық элемент
|
Мөлшері, мг
|
Калий
|
452,6
|
Магний
|
149,9
|
Хлор
|
125,1
|
Күкірт
|
89
|
Кальций
|
94
|
Фосфор
|
354,1
|
Селен
|
0,023
|
Мыс
|
0,46
|
Темір
|
7,3
|
Бор
|
0,031
|
Цинк
|
2,7
|
Дәрумен РР
|
4,6
|
Дәрумен Е
|
1,68
|
Дәрумен В1
|
0,32
|
Холин
|
109,9
|
Дәрумен Н
|
11,1
|
Бұдан басқа, өнімнің құрамына 17,41 г мөлшердегі клетчатка, 0,99 г омега-6 пайдалы май қышқылдары, селен, тиамин және К, Е дәрумендері, сондай-ақ пантотен қышқылы кіреді.
Арпа дәнін өсіру процесінде қоректік заттардың (ақуыздар, майлар, көмірсулар) құрылымы бойынша неғұрлым қарапайым және адам ағзасымен оңай сіңетін органикалық компоненттерге (ақуыздар аминқышқылдарға, майлар – майлы қышқылдарға, крахмал – қарапайым сахаридтерге айналады) ыдырауына ықпал ететін ферменттердің қызметі белсендіріледі. Осылайша, арпаның немесе арпаның уытының өсірілген дәндерін емдік-алдын алу мақсатында тағамға қолданған кезде адам ағзасы қоректік заттарды меңгеруге энергияны едәуір аз жұмсайды, ол дәстүрлі тағам өнімдеріне арпаның дәнінен қолданған (арпаның және арпаның жармасы, арпаның наны) [10:19].
Бидай дәнінің құрамына су, азотты заттар ақуыздар, майлар, көмірсулар (суда ерімейтін крахмал, жасұнық, пентозандар және еритін заттар — декстриндер, қант), минералды заттар және аз мөлшерде кейбір басқа заттар кіреді.
Бидайдың химиялық құрамы басқа дәнді дақылдар дәндері сияқты көптеген себептерге байланысты үлкен ауытқуларға ұшырайды: дәннің сұрпы, оның пісу дәрежесі (жинау уақыты), климаттық жағдайлар, топырақ және енгізілетін тыңайтқыштар. Бір аймақта бидайдың әр түрлі сұрыптарының тәжірибелі егістері, сондай-ақ әртүрлі аудандарда бірдей сұрыптар осыны растайды.
Астық құрамына кіретін азотты заттар ұн мен одан пісірілген нан сапасына үлкен әсер етеді. Бидайдың азотты заттарының арасында ақуыздар (90%) басты орын алады, ақуыз емес азотты заттар қалыпты сау астықта азотты заттардың жалпы құрамының 10-12% ғана бар. Практикада әдетте азотты заттардың жалпы құрамын анықтайды және оларды шартты түрде ақуыз ретінде қабылдайды [11:78].
Дәннің барлық крахмалы, ақуыздардың көп бөлігі эндоспермада шоғырланған; жасушаның, пентозандардың, минералдық заттар мен майдың көп бөлігі алейрон қабаты бар қабықтарда орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |