Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі348 Kb.
#133518
1   2   3   4   5

ТЕҢГЕЛІ ТАС
Кімге қалай өз басым қысты табиғаттың төрт мезгілінің төресі деп санаймын. Әрине, олай емес қой, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі барын мойындамау мүмкін емес. Әйтеуір, өзіме қыстың қаңылтыр аязы жаныма майдай жағады. Айнала ақ көрпесіне оранып әлемге алаңсыз тыныштық орнағанда, жаным тіл жетпейтін әсем күй кешеді. Зәулім ағаштар ақ қардан аппақ тұмақ киіп, бастарын төмен иіп ілтипатпен өзіңе ізеттілік танытып тұрғандай сезімге бөлінеміз. Әр-бір басқан қадамымыз жүрген сайын қырт-қырт етіп ерекше әуенмен әндетуінің өзі ғажап емес пе. Басын әзер қылтитып, қалған денесін қарға көміп, өзіңе сығалай қараған қурайдың да қылығы қызық көрінеді.49

Табиғат тынысын ішінен баяу алып терең ойға батқанда ерекше тыныштық орнайды. Шаң-тозаңнан белгі де жоқ, тынысың да кеңейіп, суық сорған денең жылы үйге кіргенде жаның рахат табады. Маған қыстың осындай әсер беруі, мүмкін ұлым Нұрболдың ақпанда туғаны мекен?, - деп те ойлап қоямын.

Биыл ұлым Алла қаласа тоғызға толады, үшінші сыныпта оқиды. Адамгершіліктің тұтқасын мықтап ұстаған, атына заты сай, сергек ойлы, сенімді азамат болып өссе, деген арманым бар. Әр әке де солай ойлайтын шығар. Жас мөлшерінің кішілігіне қарамай зерделі, ерекше сабырлы, істеген ісі байыпты, сөйлесе кетсең сөзінде байсалдылық байқалады, тіпті кейбір қылықтары ақыл тотқанған ересек адамды елестетеді. Былтар қалада ашылған медреседе құран оқып үйреніп, дініміздің әліппесіне үңіліп, терең білім ала бастаған. Оқу үздігі, үй шаруасына да елгезек. Қолы қалт ете қалса кітап оқығанды жақсы көреді.

Нұрболымның бойынан мен байқаған ерекшеліктерінің бірі, шыншылдығы және көңілі сенбей көрінген нәрсеге көне бермейтіні. Оның сүйіп аңсайтын кезі, жазғы демалыс. Оқу мерзімі аяқтала салысымен, ауылдағы сүйікті атасы мен әжесіне бір күн де бөгелмей тартып тұрады. Ол менің туып-өскен ауылым. Тарбағатай тауының бөктерінде орналасқан. Қызығын қимас жастық шағым өткен ауылым сол өлкенің ең қолайлы жері. Таудың сай-саласын қуалай аққан бұлақ сулар, бөктерде бастары тоғысып үлкен өзенге айналып, солай сарқырап аққан бойы көлге құяды. Бөктердегі біздің ауыл суға билікті бірінші болып жүргізгендіктен бау-бағы да, мал жаны да судан тарықпай қағанасы қарқ, сағанасы сарқ болып жатады. Қыс қыстауы, жаз-жайлауы жанында адамға да, малға да аса қолайлы, жанға жайлы. 50

Нұрболдың аңсарының ауылға ауып тұруының ең үлкен себебі, оны сағына күтетін ауылдағы атасы Күзембай мен әжесі Бәти, олар менің әкем мен анам. Күзембай атасы сексеннің бірінде, Бәти әжесі жетпіс алтыда. Екеуі де ауылда беделі биік, силы қариялар. Көпті көрген көнекөз, өмір тәжірибелері мол ата мен әже. Жақсы өнегелерімен елге сыйлы, абыройлы адамдар. Қашан көрмесең де жүздері жайдары, үлкен-кіші, деп бөлуді білмейтін кеңпейіл, көпшіл жандар. Соның әсері ме, үйлерінен қысы-жызы қонақ та үзілмейді. Олардың асыға күтетін құрметті қонақтарының бірі сүйікті немерелері Нұрбол. Ол келсе екеуі екі жақтан айналып-толғанып басқа шаруаның бәрін ұмытып, күні кеш соны ермек қылады. Нұрбол келер, деп дайындап қойған қарындағы сақталған сары май да, түйілген тары да, тәтті жент те, майлы құрт та, қысқы соғымның сүресі де сол кезде шығып дастарханның көркін кіргізеді. Күнара баданадай қызыл бауырсақ пісіріліп, таба нан жабылады. Қалада жүріп бір ішек болып кетіпсің, деп Нұрболға тәтті дәмділерінің бәрін тықпалап жатқандары. Тор биенің күнделікті саумал қымызын да бірінші болып ішетін Нұрбол. Немерелерінің тойғанын көру, олар үшін бір бақыт. Жатарда орталарына жатып алып, көздері ұйқыға кеткенше біресе атасы, біресе әжесіне алма кезек әңгіме айтқызып, әбден шаршағанда ұйқтау Нұрболдың күнделікті әдеті.

Келесі себеп Дәулет деген ауылдағы өзімен түйдей құрдас досы. Екеуінің әңгімелері де, ойындары да әдемі жарасқан. Нұрболдың айтуынша ол ерекше адал, ақ көңіл. Сонан кейінгісі атасының мынау немеремдікі, деп еншілеп ен салып қойған қасқа тайы. Былтыр атасы құйрық жалын күзеп, арқасына ер салып бас үйреткен, биыл құнан. Тұяғы жұмыр, қалың, сиыр құйымшақ, артқы екі аяғының арасы алшақ еңкейген адам өткендей, басы құлынның басындай шағын. Тұлпар шықпаса да, бәйгі шығар тұрқы бар.

Тамыздың аяғында ауылдан оралған Нұрболдың әңгімесі айлап айтылады. Көрген-білгенінің бәрі қызық. Атасы мен әжесінің айтқандары, қасқа тайының қызықтары және Дәулет екеуінің ойындары келесі жазға дейін таусылып бітпейтін бір хикая.

Солардың ішінде кімді болсын бей-жәй қалдыра қоймайтын мына әсерлі әңгімесі, мені қатты толғандырды. Әңгіме барысы былай:

Ауылға келіп атасы мен әжесі бірнеше күн мауқын басқан соң, бір күні досы Дәулет Нұрболға:

- Ертең атаңнан қасқа құнаныңды сұрап ал, мен саған керемет қасиетті жерді көрсетейін, - деп, тамсана бас бармағын шошайтып – ол Теңгелі тас! Тамаша жер, барайық, - деген.

- Жарайды, атама айтайын, - деп Нұрбол келіскен.

Таң ертең ерте Дәулет екеуі қасқа құнанға мінгесіп, өздері межелеген Теңгелі тасқа қарай тартты. Былтырдан бері бас біліп жүріске төселіп қалған қасқа құнанның жүрісі сергек. Тізгін Дәулеттің қолында, кішкентайынан атқа мініп шыныққан, осы өңірді өзінің бес саусағындай біледі. Құнан тізгіні қолына тиген Дәулет, сөз тізгінін де өз қолына алып тынымсыз даңғырлап көсіле сөйлеп келеді. Қолын біресе оңға, біресе солға сілтеп:

- Анау тұрған Ақтас, көрдің бе? Атамның жайлауы болған, мынандай, - деп тағы да бас бармағын шошайтып, тамсанып алған Дәулет, – Ал мынау, балуанның бұлшық етіндей бұлтиған төбе - Бала төбе, Қасым көкем қаладан келген сайын қоян, қарсақ атуға барады, мен де талай барғанмын, қоян дегенің қыстың күні қойша өріп жүреді, - деп жүзі бал-бұл жайнап Нұрболға анда-санда бұрылып қарап қойып, - Қаласаң онда да алып барамын, - деп, үлкендерше салмақтанып.

Бүгінгі билік өз қолына тигеніне ерекше мәз. Біраздан соң тағы да даусын көтеріңкіреп:51

- Әне, анау дөңгелек тасты көріп тұрсың ба?, - деді де қолын сай сілеміне сілтеп, - Мен айтқан Теңгелі тас сол, - деп маңғаздана Нұрболға тағы бір қарап қойды.

Нұрболдың құлағы Дәулетте болғанымен көзімен айналаны шолып келеді. Күн елжіреп нұрын төгіп, мөлдір аспан мұңсыз тынып тұр. Даланың көгі жетіліп, сабағының жуандығы саусақтай жуа, шұбатылған шырмауық, таң қурай, қарақат, қияқ шөп пен бетегенің исі бұрқырап бас айналдырады. Сан алуан гүлдер көз тұндырып әжесінің әдемі салған өрнегіндей жасанып құлпырған төңірек толықсып тұр. Бөктерде жаңа жетілген егін алқаптары бірі қою, бірі ашық жасыл реңге боянып теңбіл-теңбіл болып жатыр. Күн нұрына қаныққан таза ауа тамағыңды қытықтайды. Көк шалғынға бөленген айналаға таңырқай қарап сүйсініп келеді.

Шындығында да, өздері өрлеп келе жатқан сай төріндегі көлемі шөккен нардай тас, алыстан қараған адамға тура қазақтың күміс теңгесін елестетеді. Теңгелі тасты айнала қоршай өскен ақ қайың мен қалың үйеңкі тасты өз орталарына алып тамаша би билеп тұрғандай әсер береді екен.

52Таяу келгенде тура Теңгелі тастың түбінен бұрқырап аққан бұлақты көрді. Тереңнен тұнып шыққан тұманың суы тұп-тұнық. Мөлдір су күн нұрына шағылысып маржандай жал-жұлт етеді. Ерке қыздай бұрала бұлқынып аққан бұлақ, сай өзегін қуалай құлдилап барады.

Дәулет Теңгелі тасқа арқасын сүйеп жүрелей отырды да, аққан бұлақтың қайнар көзінен қос уысымен мұздай суын алып сүйсіне ұрттады. Тағы бір алып бетін жуған соң:

- Рахат-ай, көрдің бе қандай керемет?, - деп көзін бұлаққа қадап біраз отырған соң, қалтасынан бірнеше ұсақ тиын алып, бұлақ түбіне тастап жіберді. Содан соң жүзін салмақтылық басып, іштей бірнәрселерді айтып күбірлей бастады.

Бұны көріп тұрған Нұрбол:

- Сен не істеп жатырсың?, - деді таңырқап.

- Ең асыл арманым жүзеге ассын, деп тілеу тілеп жатырмын, - деді жүзін мұң басқан Дәулет.

- Сенің тілеуіңе бұлақтың қандай қатысы бар?, - деп таңырқауын күшейткен Нұрболға,

- Қатысы үлкен!, - деді даусы дірілдеп, - Менің анам..., - деп көзіне жас толып арғы жағын айта алмай еңіреп қоя берді. Отырған бойы қос тізесін құшақтап басын төмен салып, жылауын одан сайын үдетті.

Досынан мұндай жауап күтпеген Нұрболдың тұла бойы тұтас шымырлап:

- Дәулет, саған не болды? Қой жылама, қой деймін, - деп тізерлей кетіп, өзі де жылаудың шақ алдында тұр.

Дәулет сөздерін үзіп-үзіп:

- Менің анам..., жазылмайтын ауруға шалдыққан..., - деді де ары қарай ешнәрсе айта алмай көзінен жас парлап аққан.

- Қалайша жазылмайды, жазылмауы мүмкін емес, - деді Нұрболдың да дауысы толқып.

- Аудандық ауруханада омыртқасынан... ісік тауып, дәрігерлер оның емі жоқ депті...,- деді Дәулет жылауын тоқтата алмай.

- Жоқ қателесесің, оның емі де Емшісі де бар!, - деген сенімді де салмақты Нұрболдың сөзіне, Дәулет:

- Кім оның емшісі, қайда?, - деп Нұрболға таңдана қарады.

- Ол әрине сен сұрап тұрған бұлақ емес. Ол Құдіреті күшті Алла!, - деді сұқ саусағын шошайтып көкті нұсқаған Нұрбол.

- Алла анамды қалай емдемек?, - деп сұрады Дәулет, үлкен үмітпен досына қарап.

- Көк пен жерді, мынаның бәрін, - деп Нұрбол қолдарымен жан-жағын меңзеп – сенің анаңды, сені де, мені де, бүкіл әлемді жаратушы бір Алла емес пе? Өмір беруші, қорғаушы, емдеуші де соның Өзі! Сен бұлақтан емес осының бәрінің Иесі - Алладан неге сұрамайсың?, - деді.

Нұрболдың бұл сөздері бойына қуат беріп, көңілінен қорқыныш пен үрей сейілген Дәулет:

- Мен Оны көріп тұрған жоқпын ғой, Одан мен қалай сұрамақпын?, - деп жылаудан домбыққан көздерін сүртті.

Досының жылауы басылғанына риза болып, көңілі сергіген Нұрбол, енді сенімді дауыспен:

- Дұрыс айтасың Сен Оны көре алмайсың, бірақ сен Оны көре алмасаң да, Ол сені көріп тұрғаны анық. Егер қолыңды жайып, Одан жалынып сұрасаң Ол Естуші, Көруші және сұрағаныңды Беруші. Ол сұрағанымызды міндетті түрде береді, - деді де алақандарын жайып, - Кел Алладан тілейік, - дегенде Дәулет те тура өзі секілді алақандарын жайған. 53

Осы сәтте табиғат та екеуінің ішкі сырларын ұғып тұрғандай тыныштық сақтап тына қалды. Бұлақ та сылдырын бұрынғысынан бәсеңдетіп сабыр сақтай қалғандай. Теңгелі тас та, айнала өскен қайың мен үйеңкілер де, шоқылар мен шың-құздар да қәзіргі болар маңызды сәттің салмақтылыған түсінгендей, жым-жырт қалып ынта-шынталарымен екі баланың сөздерін мұқият тыңдауға дайындалған. Пыр-пыр пысқырып, соны шөпті бырт-бырт үзіп жеп тұрған қасқа құнан да екеуіне үнсіз үңіле қалған. Нұрбол толқулы даусымен тебірене:

- Иә Жаратушы Алла, Сен бүкіл әлемнің Иесісің, Саған ғана құлшылық етіп, Өзіңе ғана жалбарынамыз, Сенен Дәулеттің анасын сауықтыруды жалбарына сұраймыз, Сенен Дәулеттің анасына шипа беруіңді өтінеміз, Сенен Дәулеттің анасын ауруынан толық айықтыруыңды сұраймыз, расында Сен Шипагерсің! Амин!, - деп алақандарын беттеріне апарды.

Осы айтылғанның бәрін тынып тыңдап тұрған тау, Нұрболдың үніне үн қосып шатқалдарына шығарып шыңдарында жаңғыртты. Толқулы дұғаның соңғы сөздерін: «Расында, Сен Шипагерсің, А-а-а-а-мин!», - деп жаңғырта қайталап, сонау аспан әлеміне әкетіп бара жатты.

Бір сәтке екеуі де терең ойға шомып, үнсіз отырды. Балалық қиялдары Тарбағатайдың тарғыл қияндарына қонған қырандардай биікке бойлап кеткен. Дәулет досының бүгінгі жасаған жақсылығына іштей қатты риза. Жүзі жайнап қуанышын жасыра алмай:

- Рахмет, Нұрбол. Сен нағыз доссың, бұл жақсылығыңды ещқашан ұмытпаймын - деп ерекше жылылықпен Нұрболға қарап алып, - Сен бұның бәрін қайдан біліп, үйреніп жүрсің?, - деп таңырқаған.

- Мен бұны медреседе үйрендім, кітаптардан оқыдым, көбіне атам осы жайлы жиі айтады. Атам намаз оқып болған соң ұзақ дұға жасап Алладан тілек тілейді.

- Мен енді анамның ауруынан айығуын, бүгіннен бастап, тек Алладан ғана сұрайтын боламын, - деді Дәулет. Жаңа ғана жылағаны мүлдем ұмытылып уайымнан із де қалмаған, көңілі көтеріңкі, даусы сенімді.

- Жүр мен саған атамның Ақ тасын көрсетейін, ауылға сонан соң қайтармыз, - деді.

Екеуі құнанға мінгесіп Ақ тасқа бет алған. Нұрбол жол бойы Алланың бірлігі, Алланың құдіреті жайлы айтумен болды. Дәулеттің: «Ол қалай, бұл қалай?», - деген сұрақтарына өз шама шарқынша жауап беріп келеді. 54

Олар ауылға жақындағанда, күн төбеден ауып кеткен. Таң ертеңнен бергі жүрістен екеуі де әбден шаршап, қарындары ашып қалыпты. Ешқайда бұрылмастан қасқа құнанды тура Дәулеттің үйіне қарай беттеткен.

Дәулеттің үйіне кіре салысымен, екеуі төргі бөлмеге бет алды. Нұрболдың көзі жарығы мол кең бөлменің төріндегі төсектегі жұқа көрпеге оранып жатқан Дәулеттің анасына түсті. Жасы қырықтан жаңа асқан, мейірлі әдемі өңіне әжімдер енді ғана із сала бастаған жанарынан ұзақ аурудың жүдетіп қажытқан ізін байқауға болады. Көздері шүңірейіп, ұясына терең кіріп, кірпік қағысы әлсірегені болмаса, жаны жайдары жақсы адам екенін қабағына қарап білуге болады. Еті қашқан бет сүйектері айқындалып, мұрны қырланып қалыпты. Ұлын көре сала, маржандай аппақ тістерін көрсете жымиып, салалы саусақты қолдарын алға созып:

- Келе ғой құлыным, бағанадан сендерді ойлап елегізіп жатыр едім, - деп Дәулеттің бетінен маңдайынан түк қоймай сүйіп мауқын басқан соң, - Қарындарың ашты ғой, - деп Нұрбол екеуіне елжірей қарады.

- Мынау Нұрбол, қаладан келген досым, - деп, Нұрболды қолынан тартып анасына жақындатты.

- Өркенің өссін айналайын, - деді де, - Дәулетім сені аузынан тастамайды, - деп жібектей жұмсақ алақандарымен Нұрболдың басынан сипап, бетінен сүйді. Сосын:

- Жүріңдер, қарындарың әбден ашты, түскі астарыңды суытпай ішіп алыңдар, - деп орнынан ауырсына тұрып, ас үйге бет алған.

Екеуі қолдарын шайып дастархан басына жайғаса салысымен Дәулет анасына:

- Сіз жақын арада жазыласыз. Оның барлық сырын маған Нұрбол айтып берді, - деген.

Жанын жылытқан ұлының жылы сөздерінен анасының өңі ажарланып кетті.

- Айтқандарың келсін айналайындар, Жақсы сөз жарым ырыс, - деп жайдарлана күлімсіреп, - Иә сыры қандай екен?, - деп ұлына қызыға қарады.

Дәулет түрін салмақты етіп:

- Мен сіздің жазылуыңызды, бұдан былай Естуші, Көруші және сұрағаныңды Беруші Алладан сұраймын, - деп Нұрболдың айтқандарын сөзбе-сөз қайталап берген соң, - Сондықтан сіз міндетті түрде айығасыз, - деп, сенімді сөзін түйіндеген.

Баласынан мұндай жауап күтпеген ана терең ойға кетті. Бойын тек өзі ғана ұғатын ерекше тебіреніс билеген.

- Расында, қуат та, өмір мен өлім де, ризық та беруші Жомарт Алла ғой, Шипа беруші де Сол емес пе, - деп өз сөзіне өзі таңырқап алды да, сәл үнсіздіктен соң - Әй менің адал ақылшыларым, - деді ұлының айтқан сөздерінің дұрыстығын қуаттап.

Осылай үшеуінің ойы да бір арнаға тоғысып, бір-бірін іштей үнсіз ұғысқан.55

Сәлден соң, анасы:

- Ертең Алла қаласа Алматыға жүретін болдым, Нағашыларың сонда үлкен дәрігерлермен келісіп қойыпты. Көп бөгелмей ораламын. Мен келгенше әжеңнің үйінде бола тұрасың. Әжеңді ренжітпей ақылды болып жүр, құлыным, - деп Дәулетке қарады.

- Жарайды. Сіз жазылсаңыз болды. Ал мен бәріне дайынмын.

Түскі астан соң Дәулет пен анасы ертеңгі жол жүру қамына кірісе бастағанда Нұрбол хош айтысып, қасқа құнанына мініп атасының үйіне кеткен.

Ертеңгісін таң ертең Дәулет әдеттегідей досының үйіне келген кезде, Нұрбол атасы мен әжесі үшеуі шәй ішіп отыр екен. Дәулетті көрген атасы:

- Кел, айналайын төрлет. Нұрбол құлыншағымның досы, бізге де бөтен емессің, - деп қауқылдап жатыр.

- Иә аман-есенсіңдер ме? Анаңның халы қалай?, - деп Күзембай атасы жөн сұрап - Анаңа Алла шипасын берсін, - деп, сөзін қуаттап қойған.

- Иә, Алла Тағала анаңа қуат беріп ауруынан айықтырсын, өздеріңе берекет берсін, - деді Бәти әжесі қою сүтті шәйін ұсынып.

- Жаман емес, жаңа ғана Алматыдағы нағашыларым келіп, жеңіл машиналарымен алып кетті. Сол жақта үлкен дәрігерге қаратпақшы, - деді, Дәулет.

Осы тұста Нұрбол сөзге араласып:

- Ата, мен кеше Теңгелі тасқа барғанда Дәулетке Алладан қалай тілек тілеуді үйреттім, біз оның анасы үшін Аллаға дұға жасадық, - деп атасына қарады.

- Бәрекелді, ақылдарыңнан айналайын, өте дұрыс істегенсіңдер, - деді де, екі жағында отырған екеуінің де бастарынан сипап, - Ұғынғанға Алланың рахымы шексіз ғой!, - деп Алланы еске алған кездегі әдетінше толқып, Күзембай атасының жүзі нұрланып кетті. Күн қарыған қоңырқай бидай өңіне қан жүгіріп, оң қолымен қою сақалын салалап ойланып қалды.

Сәлден соң Күзембай атасы орнынан тұрып, төрдегі ілулі тұрған ақ дорбадан Құран кітабын шығарып бисмилла, деп Нұрболдың қолына ұстатты.

- Айналайын Нұрболжан, «Бақара» сүресінің 186 аятын оқи қойшы, - деді.56

Бір жыл ішінде медреседе құран оқуды меңгеріп қалған Нұрбол, атасы айтқан аятты әсем әуенмен нақышына келтіріп оқи жөнелді. Дәулет Нұрболға қызыға қарап, ынта-шынтасымен сүйсіне тыңдап отыр. Жанын жылытқан әсем әуен құлағынан кіріп бойын ерітіп барады. Досының дәрежесі бұрынғыдан да өсіп биіктеп кеткен. Тәп қазір өзін тіпті бір үлкен ғұламаның алдында отырғандай сезінеді.

Нұрбол аятты оқып болған соң атасы:

- Бұл аятта, Алла Өзінің пайғамбарына, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады: «Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса, оларға айт: «Мен өте жақынмын, қашан Менен сұраса, сұраушының тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді орындасын және Маған сенсін. Сонда олар тура жол тапқан болар еді», - деп оқылған аяттың қазақша мағынасын түсіндірді.

Аяттың алғашқы сөздері Дәулеттің көкейіне қонғанымен, соңғы сөздерін толық ұғына алмай:

- Алланың: «Олар да әмірімді орындасын», - деген сөзінің мағынасы не?, - деп заңды сұрақ қойды.

- Сұрағың дұрыс, Алла Тағала біздің тілегенімізді берген соң, біздің де Оның әмірін орындауымызды талап етеді. Оның ең басты әмірі Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпей, Одан басқа ешкімнен ешнәрсе сұрамауымыз және намаз оқуымыз. Бірақ, бұл сөздердің мағынасын кейбіреулер түсіне алмай күнге, айға, тасқа, ағашқа, суға жалбарынып, әруақтардан сұрап, соларға табынады, бұл білместіктің кеселі, - деді Күзембай ақсақал.

Арада бір айдай уақыт өтті. Дәулетті ойыннан гөрі Нұрболдан Құран аяттарын оқып үйрену көбірек қызықтырады, намаз оқу тәртібін де тез меңгеріп алған. Негізгі әңгімелері адамгершілік пен имандылық маңында өрбиді. Соңғы күндері өз бетімен намаз оқитындай дәрежеге де жеткен.

Дәулет күндегі әдетінше дәретін алып екінті намазын оқып жатқан кезінде, есік ашылып арғы жағынан:

- Құлыным..., - деп барып үзілген анасының көтеріңкі жарқын даусын естіген.

Маңдайы сәждеде жатқан Дәулеттің жан дүниесі алай-түлей, еркінен тыс көзіне құйылған ыстық жасты тоқтата алмады. Анасының даусынан оның өздері аңсаған қуанышты ала келгенін сезініп жатыр. Намазын аяқтай сала, үнсіз егіліп жылап тұрған сүйікті анасының құшағына кіріп кеткен.57

- Тілеуің қабыл болды, құлыным, мен жазылдым, - деп құшағындағы Дәулетті кеудесіне қыса түсіп, ет бауыры елжіреп қимылсыз қалған. Асыл тілектерін қабыл еткен Құдіретті Аллаға деген махаббаттарын, ана мен бала бір-біріне осылай тілсіз баяндаған. Анасының көзінен аққан ыстық жас Дәулеттің төбесіне төгіліп, қою шашын аралап мойнына құйылып жатыр. Дәулеттің қуаныштан кеудесінде тайдай тулаған жүрегінің нәрі анасының кеудесіне жазғы жауған жаңбырдай сіркірей ағып көйлегіне сіңіп жатты.

Әбден мауқын басқан ана мен бала біраздан соң салихалы кеңеске көшкен. Анасы Дәулетке, Алматыдағы дәрігерлер бойында қатерлі аурудың жоқ екендігін, омыртқасының үстінен өскен аздаған ісіктің өміріне қауіпті еместігін анықтағанын баяндап берді. Дәрігерлер біраз күнгі тексерулерден соң табылған ісікті хирургиялық әрекетпен алып тастаған. Бұл адамдарда жиі кездесетін қауіпсіз операция болып шықты.

Бүгін қысқы демалыстың алғашқы күні. Нұрболым даладағы ақ мамықтай қарды шықырлата басып өзінің сүйікті медресесіне бет алған. Жаңадан қапалақтап жауа бастаған көбік қар ауада қалықтап барып жерге қонып жатыр. Қысты табиғаттың төрт мезгілінің төресі, деп санауымның себебі осы тамаша суреттердің ақыл жетпес сырында жасырынып жатыр ма екен.


МАЗМҰНЫ: 58

МАҚСАТЫ МӘНДІ МӘДИНА................................3

ӘБДІКӘРІМНІҢ ШАМАСЫ....................................5

ПАРАСАТТЫ ФАРИДА.........................................7

ТАСБАҚАНЫҢ ТАҒДЫРЫ ...................................9

БАЛА МЕН ПАТША.............................................14

БАЛЫҚ ӨСИЕТІ..................................................17

ОРАЗБАЙДЫҢ ӨКІНІШІ.....................................21

ФАТИМАНЫҢ ПІКІРІ...........................................24

АСЫЛ СӨЗДЕР...................................................26

СҰЛТАН МЕН АҚЫН...........................................32

ДІНМҰХАММЕДТІҢ ДАУАСЫ.............................34

ҰРЫНЫҢ ТӘУБЕСІ.............................................37

АСЫЛ АНАМ.......................................................40

ӨЗІМ ЖАЙЛЫ.....................................................45

ТЕҢГЕЛІ ТАС......................................................52


Алладан басқа Құдай жоқ және Мухаммад Оның құлы әрі елшісі деп куәлік бере отырып, Құдіретті Ұлы Алла Тағаладан бұл еңбегімізді тек Оның жолына ғана арналуын сұраймыз және осы кітапшаны таратқан, оқып ғибрат алған адамдарға, бұл ктапшаның осы дүниеде де, мәңгілік дүниеде де пайдалы болуын сұраймыз!

Соңғы пайғамбар Мухаммадқа, оның жан ұясы мен оның жолымен жүргендерге Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Алладан күшті ешкім жоқ, Алланың күші ешкімде жоқ!



Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

АВТОРЛАРЫ:

Исмайл Құттықожаев

Исламбек Нұрсила

13

24

35

46

57

68

79

810

911

1012

1114

1215

1316

1417

1518

1619

1720

1821

1922

2023

2124

2225

2326

2427

2528

2629

2730

2831

2932

3033

3134

3235

3336

3437

3538

3639

3740

3841

3942

4043

4144

4245

4346

4447

4548

4649

4750

4851

4952

5053

5154

5255

5356

5457

5558

5659

5760

5861


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет