Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдары қазақтың үш жүзінің өкілдері түгел қатысқан жиналыста талқыланып, қабылданған заң актісі болып табылады. ХҮІІ ғасырдың аяғында тарихымызға «Жеті Жарғы» атымен белгілі заң жинағы жазылған. Орыстың және басқа халықтардың деректерінде оны «Тәуке ханның заңдары» деп атайды. Кейбір деректерге қарағанда, Тәуке хан үш жүздің ықпалды билерінің,
яғни Үлы жүзден Төле бидің, Орта жүзден Қазыбек бидің, Кіші
жүзден Әйтеке бидің бастарын қосып, кеңес қүрған. Онда
қүқықтық сипаты бар мейлінше жиі кездесетін жағдайлар
талқыланып, заң ережелерінің жинағы жасалған. «Жеті Жарғы» ауызша таралуына байланысты бізге оның толық нүсқасы жеткен жоқ.
Тек кейінірек, XIX ғ бірінші жартысында орыс
авторларының келтірген үзінді жазбалары ғана сақталған.
«Жеті Жарғыда» ортағасырлық қазақ қоғамы қүқығының
негізгі принциптері мен нормалары бекітілді. Төуке ханнан үрын жасаған қүқық ережелері толықтырылып, достүрлі
жолмен заңдастырылды. Кейбір зерттеушілер бүл қүжатты
Шыңғыс ханның «Үлы Жасақ» заңынан, сондай-ақ Қасым және
Есімхандардың бекіткен қүжаттарынан алынған деп есептейді.
Тәуке хан әкімшілік, қылмыстық, неке күқықтарының
нормаларын, сондай-ақ салық, діни көзқарас туралы ережелерін
заңмен бекітті, яғни өмірдің барлық жақтарын шын мәнінде
заңды түрғыдан қамтыды. «Жеті Жарғының» маңызды
ережелерін келтіре кетелік.
1. Жер дауы, онда жайылымдар мен су коздеріне катысты
дауларды шешу жолдары қамтылды.
2.Отбасылықнекезаңы. 3. Әскери міндетті атқару, өскери бөлімшелерді күру және
әскери басшыларды сайлауды реттейтін әскери заң.
4. Сот талқылауының тәртібін баяндайтын сот процесі туралы
ереже. 5. Кісі өлтіруден басқа, қылмыстың әр түріне жаза белгілейтін
қылмыстық заң. 6. Кісі өлтіргені және ауыр дене жарақатын жасағаны үшін
жазаны белгілейтін қүн туралы заң.
7. Бүл заң жесір дауын, жесірлер мен олардың мүліктік жоне
жеке қүқықтарын, қайтыс болған адамның туыскандары мен
қауымдастықтың оған қатысты міндеттерін реттейді. Жеті Жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның
қолында болды. Басқару сүлтандар мен ру-тайпа старшиналары.
халық жиналысы - қүрылтай арқылы жүзеге асырылды.
қүрылтайға қатысушылар өзімен бірге қаруын ала жүрді.
ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ қоғамында азаматтық және
қылмыстық қүқықтар арасында айырмашылық бола қойған жоқ.
Қылмыстық заңда кінәнің орнын толтыру заңы (қанды кек)
қолданды. Көптеген жағдайларда кек алу қүнмен алмастырылды.
Кейбір қылмыстарға айыппүлдар салынды. Жеті Жарғыға» сәйкес қылмыстық жауапкершілік тек
кінөліге ғана жүктелді, сонымен қатар үжымдық жауапкершілік
принципі де кеңінен тарады. Мәселен, егер кінолі адам сотка
келмесе немесе тиісті қүнды толемесе, онда кауымдастықтың
бәрінен айыппүл ондіріліп алынды. Бүндай жағдайда
қауымдастық мүшелері жауап берушіні оз бетінше айыптауға
қүқық алды. Бас бостандығынан айыру жазасы қазақтарда болған
жоқ, сондай-ақ түрмеге қамалмады. Түтастай алғанда ерттеушілер қазақ қылмыстық қүқығының і з г і л і к т і ,
адамгершілігінің мол екендігін көрсетеді. Өлім жазасы тек белгілі
бір жағдайда ғана қолданылды. Қүнның молшері қылмыскер мен
жәбірленушінің әлеуметтік жағдайларына байланысты болды.
Мысалы, қарапайым ер адамды олтіргені үшін кісі олтіруші оның
туысқандарына 1000 қой беріп қүнын төлейтін болды, ал әйелдер
үшін 500 қой қүн төленді, сүлтанды немесе қожаны олтіргені
үшін қүн қарапайым жай адамдарға қарағанда жеті есе артык
болды. Сүлтанға немесе қожаға тіл тигізгені үшін 9 қой, оларға
қол жүмсағаны үшін 27 қой төленетін болды. Ал күлдың қүны
аңға салатын бүркіттің немесе аң аулайтын иттің күнымен бірдей
болды. Сонымен катар баска да жазалау түрлері қолданылды, атап
айтқанда, христиан дінін қабылдағаны үшін мүлкін тәркілеу,
жүкті әйелдің күйеуін өлтіргені үшін қуып жіберу; ата-аналарына
тіл тигізіп қорлағаны үшін жүртшылықтың талқысына салу
тәрізді жазалар болды. Әйелдер, балалар, қызметшілер, қүлдар сотта куә бола алмады.
Отбасылық-неке қатынастарында балаларды бағып-қағуға ата-
аналарының қүқығы сақталды. Мүрагерлік қүқық тағайындалды.
Сотта кінәні мойындату үшін екіден жеті адамға дейін куәлар
болуы талап етілді. Олар болмаған жағдайда ант қабылданды.
Сот және әкімшілік биліктің бір бірінен ара жігі ажыратылмады.
«Жеті Жарғы» заңы тек Қазақ хандығы аумағында ғана
қолданылды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |