Андрон мәдениеті — қ



бет18/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Қазақстан тарихы

Махмұд Қашқари түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.Автордың «Диуануды» жазудағы ең басты мақсаты – көптеген зерттеулер мен мамандардың пікірі бойынша Бағдат билеушілердің Селжүктердің оғыздардың, жалпылай алғанда түркілердің тілімен таныстыру қажеттілігінен туған деп санайды. Бұл еңбекте сонымен қатар тек тілге ғана байланысты емес, біздің объектімізге айналып отырған ауыз әдебиетінің өрнектері, мақал- мәтел маржандары, түркі халықтарының орналасқан аймақтары олардың әдет ғұрпы, салт-саналарына байланысты мәлімет беру көзделген сияқты.Жинақта автор арнайы тәртіппен 6800 түркі сөздерін топтастырған М.Қашқари «ең таза тіл-тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат-жұртқа барып келіп қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі»- деп бағалай отырып, түркі тілдерде шұбарлық жоқтығын жоғары бағалаған. «Бұл кітапты тек сөздік деп қана ұғыну жеткіліксіз «Диуани»-сөздік қана емес, ол сонымен бірге ХІ ғасырдағы Орта Азия тайпалар жайлаған өлке халықтарының тарихы мен ол халықтарының әдебиет үлгілерінен мәлімет беріліп тұңғыш әдеби жинақ.Ең маңыздысы – біздің жыл санауымыздан бұрын қадым замандарға жасалған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түркі қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс- салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді шешендік сөздерді М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген.Автор бұл еңбегінде түркі тілдерінің алғашқы классификациясын береді. Түрік тайпаларын екі топқа (солтүстік және оңтүстік) бөліп қарауы- түркология тарихындағы алғашқы класификация еді. Бұл классификацияда Қашқари қолданған географилық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларды қолдау тапты. Сөздік» қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша XIғ түріктердің өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі
болып табылады: атап айтқанда, олардың материалдық
мәдениеті, түрмыс-салты туралы, этнонимдер мен топонимдер,
рулық бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен
атаулары, тағамдар мен сусындардың атаулары туралы, үй
жануарлары мен қүстар туралы, мал шаруашылығы жонінде,
осімдіктер мен дәндер туралы, астрономиялық терминдер, халық
күнтізбесі, ай мен күн аттары туралы, географиялық
терминология мен номенкулатура туралы, қалалар, аурулар мен
дәрілердің атауы, анатомиялык терминология туралы, металдар
мен минералдар туралы, әскери, спорттық және әкімшілік
терминологиялар туралы, тарихи және мифологиялық батырлар
туралы, діни және этникалық терминология туралы, балалар
ойыны мен ойын-сауықтар туралы және т.б.». Махмуд Қашғари
озінің кітабында мынадай негізгі жанрларды бөліп қарады: түркі
тілді фольклорлық-түрмыс-салт және лирикалық әндер, батырлар
жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден астам
мақалдар, мәтелдер және шешендік создер. Қожа Ахмет Ясауи ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын. «Диуани лұғат-ат түрік» еңбегінде: Мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан айтылады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілк, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды. Аллаға және пайғамбарға махаббатты дәріптей отырып, жаратылғандарға мейірімділікпен қарауды үйретеді. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаһи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет