Қазақ хандығы: «Тарих-и-рашиди» еңбегінде айтылған. «Бүл кезде,
деп жазады Мырза Хайдар Дулат, - Дешті Қыпшақта Әбілхайыр
хан билік етті. Ол Жошыдан тараған сүлтандарды жиі
абыржытумен болды. Жәнібек хан мен Керей хан одан болініп,
Моғолстанға қашып кетті». Исан-Бүғы-хан оларды жақсы қарсы
алып, екеуіне Моғолстанның батысынан Шу бойындағы
Қозыбасы жерін берді. Қазақ мемлекеттігінің негізінің қалануы
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің
Әбілхайыр хандығынан тайпалардың бір бөлігін алып,
Моңғолстанның батыс өңіріне кошіп келуінен бастайды. Қазақ хандығы алғашқы кезде Батыс Жетісу өңірін, Шу мен
Талас алқаптарын алып жатты. Ол Орталық жоне Оңтүстік
Қазақстаннан қоныс аударған қазақ рулары мен тайпаларын,
сондай-ақ жергілікті түрғындарының басын біріктірді.
Әбілхайырдың қазақ хандығын қүруға, Жәнібек пен Керейдің
нығаюына қарсы әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. 1468 жылдың
қысында Жетісуға жорыққа аттанған Әбілхайыр қайтыс болып,
оның алға қойған мақсаты орындалмады. Жетісудың рулары мен
тайпалары біртіндеп қазақ хандығына өте бастады. Сойтіп, жаңа
қүрылған хандықтағы халықтың саны екі жүз мыңға жетті. ХҮ
ғасырдың ортасынан XY1I1 ғасырдың бас кезіне дейін қазақ
хандығы біртүтас саяси қүрылымға айналды. Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі мен кейінгі он жылдықтарда
хандар Сырдария алқаптарындағы қалалар үшін шейбанидтермен
соғысты. Қазақтар мен Моғол
оскерлері арасындағы бірнеше ірі шайқастардан кейін Жетісудың
тайпалары мен рулары қазақ хандарын қолдап, солардың жағына
шығып кетті. Ү ғасырдағы қазақ мемлекетінің тарихы оның
билеушілерінің есімдерімен тығыз байланысты. Олардың ішінде
озінің замандастары мен үрпақтарының алдында ерекше беделді
Қасым хан «қазақ халқының басын қүраушы» болды. Ол
болашақты болжай білетін әрі сақ саясаткер €ді, тез шешуді талап
ететін мәселелерде зор шыдамдылық таныта білген. Қасым
осындай қасиеттері арқасында хан болып озінен бүрынғы
ізашары Мүрындық ханның козі тірісінде-ақ қазақ хандығының
тағына отырған еді. Хан билігі бүрын-соңды мүндай берік болтан
емес, оның карамағында бір миллионнан астам халқы болған.
Бабырдың айтуынша, белгілі билеушілердің ішінде өз халқын
катал үстаған ханның бірі Қасым екен. Ол сыртқы саясатта Сырдария өзенінің бойындағы қалаларға қазақтардың ықпапын арттыруды коздеді. Қазақ хандығының билеушілері Орта Азиядағы саяси жағдайға жиі араласа бастады. ХҮІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан
қазақтың кең даласында өз билігін өбден нығайтып алды.
Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай
қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін,
оңтүстік-шығысында Жетісудың өжептәуір тау бөктерлері мен-
жазық алқапгарын, солтүстік-шығысында Үлытау мен Балқаш
көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстік-
батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. Қазақ хандығының дипломатиялық байланыста болған
мемлекеттерінің бірі Мәскеу. Қасым хан кезінде қазақтар
дербес этнос ретінде Батыс Еуропаға белгілі болды. Деректерде Хақназар «қазақтар мен ноғайлардың ханы»
болғандығы туралы, әкесінің саясатын жалғастырып, хандықты
нығайтуға күш салғаны жөнінде мәліметтер айтылған. Ол Ноғай
Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай
мырзаларының көбін оз жағына шығарып алды да Жайықтың сол
жағалауындағы жерлерге ие болды. Есімханның билігі кезінде (1598-1628) сырткы жағдай
бүрынғыдан да киындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бүхар ханы
үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе
бастады, ал казак хандығының ішінде сүлтандар окшаулануды
коздеп, дүшпандық әрекеттерін токтатпады. Қазактардың
каракалпақтармен карым-катынасы да шиеленісіп кетті. ХҮІ
ғасырдың аяғында қарақалпақтардың 40 шақты руының окілдері
орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер
бөлуді өтініп, Тәуекел ханға келді. Хан олардың бүл өтініштерін
кабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің үлын билеуші
етіп тағайындады. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін
қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан
қарақалпақтарға қарсы соғысып, 1613 жылы оларды
Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті.
Жазба деректерге қарағанда,
XY1I ғасырдың 30-шы жылдарында хан тағын Есім ханның
үлкен үлы Жәнібек иеленді, біракта осы кезде талантты әскери
қолбасшы, Есім ханның екінші үлы Жәңгірдің атағы шыға
бастады. Ол ағасы хан болып түрғанда әскербасы дәрежесіне
көтеріліп, 1643 жылдан кёйін хан болады. Оның барлық ғүмыры
Жетісу жері үшін қалмақтарға, сондай-ақ Сырдария өзенінің
оңтүстік жағындағы қалалар үшін аштарханидтерге қарсы
соғысумен өтті. 1643 жылы 50 мың қолмен жоңғар әскерлері
казак қоныстарына түтқиылдан басып кірді. Жәңгір хан әскерін
түгел жинап үлгере алмай, жоңғарларға қарсы 600 казак және
қырғыз батырларымен шайкасқа шықты..
|
Достарыңызбен бөлісу: |