Андрон мәдениеті — қ



бет25/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Қазақстан тарихы

ТҮРКІ НАНЫМ СЕНІМДЕРІ: Түркі халықтарының діни-мифологиялықнанымдарытіпті бір тарихи кезеңнің өзінде де біркелкі болған жоқ. Оған бізге
дейін келіп жеткен жазба ескерткіштері мен археологиялық
материалдарға қарап көз жеткіземіз..
Тәңірге табыну. Францияның белгілі дін зерттеушісі Жан
Поль Рудың пікірінше, Алтай мен Оңтүстік Сібірде өмір сүрген
түріктердің табыну объектісі «адам-аспан», «адам-күн» Тәңір
болды. Қытай тарихшылары оларда Тәңір қүдайының пайда
болуы б.з.д. V-IIIғ жатады деп есептейді. Діни үғымды
діни сюжеттермен тасқа түсірген суреттер қытай тарих-
шыларының мәліметтерін растай түседі.
Араб географы Макдиси: «Түріктер «Бір тәңір» дейді, ол «Бір
Қүдай» дегенді білдіреді» деп жазды. Плано Карпини өзінің
«Монгол тарихы» деген кітабында былай дейді: «Олар бір
Қүдайға (Тәңірге) сенеді, оны көзге көрінетін және көрінбейтін
дүниені жаратушы деп біледі, сондай-ақ бүл дүниедегі
жарылқаушы әрі азаптаушы деп мойындайды». Түріктердің
нанымдары бойынша деген Аспанды (Көкті) білдіреді, ол Дүниені жаратушы және ол озі жаратқандардың бәріне адамға,
халыққа, мемлекетке билігін жүргізеді деп сенген. Ол дүниені
жаратты және өзі де дүние. Түріктердің басқа халықтардан
ерекшелігі Қүдай жалғыз деп сенді. Әйел қүдайы саналатын Үмай – отбасыменбалаларды қорғаушы. Сонымен қатар түріктердің қүдірет санаған сенімініңбірі Үмай оларды барлык жағдайда қолдап отырған: моселен,Тоныкок қүрметіне түрғызылған ескерткіштегі сәтті жорық
туралы жазылған жазбада: «Көктегі (қүдай) Үмай, қасиетті Жер-
Су, міне, олар бізге жеңіс әперді деп білу керек» делінген.
Ертедегі түріктер сүлу әрі кайырымды ойел Үмай садақ жоне
жебемен қаруланған, ол зүлымдық атаулының бәрін жеңеді деп
сенді. Жас жауынгерлер өздерін Үмай қорғайды деп білген. Аналар өздерінің үлдарын жорыққа аттандырып түрып, оларды Үмай қүдайға аманаттайтын болғаН. Махмуд Қашғаридің айтуын,
Үмай баланы анасының жатырында жатқаннан бастап қорғайды.
Ислам дінін қабылдаған түрік халықтары арасында, баяғы
замандағыдай, балаларды қорғаушы «Қасиетті ана» Үмайға
табыну ерекше орын алды. Түріктер өздерінің қүдайы Тәңірге табынды, сонымен қатар
ата-бабаларының рухын қастерлеп, олардың әруақтарына
сыйынды, қайтыс болған адамдардың әруақтары болады деген
сенімде болды. Қалыптасқан сенім бойынша адамдар бүл
дүниеден өткен соң жерасты патшалығына барады деп білді,
адамдардың жанын ажалдың Қүдайы басқарады жөне оны
жерасты дүниесінің билеушісі Ерлік деп атады. Исламды қабылдаған түріктер Қорқыт атаны қасиетті деп
бағалап, оны Тәңірмен арада көрінбейтін байланыс орнатушы деп
есептеді. Қорқыт ата аурулардан жаза алады, жаулардың
шапқыншылығынан, өртүрлі қайғы-қасіреттерден сақтайды,
балаларды қорғайды, тағдырға араша болады деп сенді. Нәресте
өмірге келгенде Қорқыт ата оған ат қояды, Тәңір өмір сыйлайды
деп түсінді. Осы сенім түркі халықтарында әлі күнге дейін
сақталған.ІХ-Хғғ. аяғында Орталық
Азияның түркі тілдес халықтарының бір бөлігі ислам дінін
қабылдады,
бүл процесс кейін Қарахан және Селжүктер
мемлекетінің қүрылуына орай жедел дами бастады.
Буддизм. Буддизм басқа діндерге қарағанда Түрік қаға-
натының ақсүйектері арасына әлдеқайда бүрын таралған. Бірінші
Түрік қағанатының билеушісі Мүқан қаған өзінің билік
қүрып түрған кезінде буддизмді қабылдады. Одан кейін болған
Таспара-қаған да будда дінін үстап, оның таралуына
көп үлес қосты. Ол өз еліне үнділік дін уағыздаушысын
шақырып, храм түрғызды және будда қауымдастығын қүрды.
Оның сарайында соғды-буддистер болды. Бугут жазуы будда
сутрасына орай соғды тілінде жазылған. 630 жылы будда дінін уағыздаушылардың бірі Сюань-Цзань
Жетісуда болған кезінде бүл діннің артықшылықтарына батыс
турік қағандарының көзін жеткізді. оның миссионерлері
осы өлке түрғындарының арасында өзіндік ықпал жасады
. Кейін
археологиялық қазба жүмысы кезінде Жетісудан будда мүсіндері
мен рельефтері, сондай-ақ жазулары табылды. Бүл жердей будда бейнелеу өнеріне қатысты көптеген заттар табылды. Манихейлік. Түріктер арасында манихейлік дінкеңінен тарады. Оның іргесін қалаған Иранда «Жарық дүниенің үстазы» атанған Мани еді. Манихейліктің қоғамдағы қайшылықтары билеушілерге
үнамады, сондықтан оның ілімі қуғынға үшырады. VI ғасырдағы
иран манихейшілерінің шығысқа қашуына байланысты бүл дін
орталық азиялық дін болып қалды. Арабтар жаулап алғанға дейін
манихейлік түрік халықтарының діни және мәдени өмірінде аз рөл
атқарған жоқ. Манихейліктің қоғамдағы қайшылықтары билеушілерге
үнамады, оның ілімі қуғынға үшырады. VIғ
иран манихейшілерінің шығысқа қашуына байланысты бүл дін
орталық азиялық дін болып қалды. Арабтар жаулап алғанға дейін
манихейлік түрік халықтарының діни және мәдени өмірінде аз рөл
атқарған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет