Андрон мәдениеті — қ



бет26/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Қазақстан тарихы

ТҮРКІ НАНЫМ СЕНІМДЕРІ2: Манихейлік дінге түріктер арасында қолдау көрсеткен Білге-қаған болды, қолжазбаларда ол «үлы патша» деп аталады. Манихейлік қауым VI-IX ға Тараз қаласында болды. Он ок еліне, яғни Батыс- түрік қағанатына дінді уағыздауға арнап жазылған «Екі негіздің қасиетті кітабында» «Аргу-Талас (Тараз) алтын қаласы», сондай-ақ манихей монастырь! және шіркеуі бар Жетісуда болған төрт қала туралы дерек келтірілген. Христиан діні. Орталық Азияда христиан дінінің,атап айтқанда, несториандықтың, пайда болуы зерттелген жоқ десе деболады, дегенмен бүл туралы иран ғалымы Сайд Насифидің
«Ирандағы христиандық», түрік ғалымы Азиз С.Атийдің «Шығыс
христиан тарихы» атты көлемді еңбектері бар. V ғасырдың ортасында Христостың қүдайдан немесе адамнан
жаратылғандығы туралы қайшы пікірталастар салдарынан
православиялық шіркеуден несториандық ілім бөлініп кетті. Бүл
бағыт Константинополь патриархы Несторий атымен
неосториандық деп аталған.. 766 жылы христиан діні Жетісуда түрік қағанатытарапынан қолдау тапты, өйткені қағанат оны өзінің мемлекетін біріктіру үшін идеологиялық қүрал ретінде пайдалануға үмтылды. Христиан қарлүқтардың аймағы несториандық митрополияның еркін тізіміне енгізілді. Бірақта христиан діні бірден бір ресми дінге айнала
алған жоқ, сондай-ақ манихейлік пен буддизмді ығыстыруға да
шамасы келмеді. Бүл діннің түріктердің арасына енуі олардың тілі-
не аударылған христиан әдебиетінің пайда болуына түрткі болды. 1253 жылы Жетісуда болып қайтқан Виллем Рубрук ондағы
христиандартуралы: «Бүл жер
алғашқыда Органум (Жетісудың көне атауы) деп аталған,
түрғындарының өз тілі мен жазуы бар. Бірақ олар қазір түркі
жазуларын пайдаланады. Басқа елдерден келген несториандар осы
жазу мен осы тілді қолдану арқылы қызмет етіп, кітап жазады».
Шыңгыс ханның кейбір үрпақтарының христиан дініндегі
тәрбиешілері болған деген деректер кездеседі. Мүсылман автор-
лары христиан ықпалында болған хандар тарапынан исламға
зүлымдық әрекеттердің болғанын ашына жазған. Ислам. Әлемдік діндер ішіндегі ірілерінің бірі ислам, ол
Азияның, Африканың едеуір бөлігіндегі және Еуропаның бірқатар
халықтарының тарихы мен мәдениетінің өркендеуіне зор рол
атқарды және атқарып келеді.
VII ғ екінші жартысында арабтар Мауераннахрды
жаулап алу жорығын бастады. Әскери қимылдар исламды күштеп енгізуге әрекет жасаған
жоқ, бүл жергілікті түрғындардың «жаңа дінді» өз еркімен
қабылдау процесін тездетті. Осы жөнінде фон Грюненбаум былай
деп жазады: «ислам әлемі әртүрлі діни қауымдардың татулық
проблемасын шешті. «Қасиетті кітап жазушы адамдардың»
дербестігі, ең алдымен иудейлер мен христиандар, одан кейін
зороастрийшілер үкіметке, әсіресе атқару билігі органдарына
қатысуға тырыспайтындықтарын білдірді». Қарлүқтарды билеген әрі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен
Қашғарияны өзіне қосып алған Қарахан мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.)
мүсылман еліне айналды. 960 жылы мемлекеттің ішкі аймақ-
тарында, Жетісуда исламды 200 мың түрік жанүясы қабылдады.
Бүл оқиға ислам дінін бірінші болып
қабылдап, Абд ал-Керім
деген жаңа атқа ие болған қарахандар династиясының қағаны
Сатүқ Боғра-хан есімімен тығыз байланысты. Оның үлы Мүса
қаған болғаннан кейін мемлекеттік дін ислам болып жарияланд. XI ғасырдағыортағасырлық қалаларда мешіттер мен медреселер көптеп салынды. Ислам қала
халқы үшін де, көшпенділер үшін де негізгі дін болды, ол
түрмыста қолданылып, өзінің көптеген салт-дөстүрлерін, ерекше-
ліктерін біртіндеп енгізді. Түріктер қарудың күшімен емес, сенім
арқылы мүсылман болған халықтың бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет