Андрон мәдениеті — қ



бет3/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Қазақстан тарихы

Сақтар (сақалар) – б.з.б І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа.Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Бұл халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, (). Оларды көне юнандар скифтер деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, ы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған. Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ. ) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Мәдениеті. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7 -6 ғ қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдысаяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қаружараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, желдауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкіИндира секілді құдайлар болған. Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол, артқы және алдынғы жағы болған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Еск қорғанынан табылған сақ ханзадасының ас киімінде бейнеленген. Бұлар- күн, қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналады. Ескетк: Есік қорғаны-1969-70 жылдары Қ. А. Ақышевтің археологиялық экспедициясы Алматы маңындағы Есік қорғанына қазба жұмыстарын жүргізді. Қорған 45 қорымнан тұрады. Олардың бірінен жас сақ көсемінің сүйегі табылды. Ғалымдар оның киімдері мен бас киімдерін жоғары сапалы алтыннан қалпына келтіре алды, бұл әдебиетте "Алтын адам" деп аталатын "аң стиліндегі" жоғары көркем шығарма. " Іле өзені алқабындағы Бесшатыр Қорғаны. Қорған 31 қорымнан тұрады. Қорған б.з. д. V-IV ғғ. ең ірі бейіт — Үлкен Бесшатыр қорымының диаметрі 104 м, биіктігі — 17 м (5 қабатты үйдің биіктігі). Бесшатыр қорғанынан табылған заттар сақ ақсүйектерінің өлгеннен кейін де өзінің үстем жағдайын мәңгі есте қалдыруға тырысқандығын айғақтайды, орасан зор ескерткіштер тұрғызады. Қорғанның мөлшері адамның қоғамдағы жоғары әлеуметтік жағдайын көрсетті. Шірік-рабат қалашығы, Баланды, Бабиш-молла кесенелері — Арал өңірінің ескерткіштері (Грек географы Страбонның мәліметтері). Шірік-рабат қалашығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа, Қызылқұм шөлінде орналасқан, сақ-апасиактардың астанасы болған. Шірік-рабат цитаделі асыл тұлғаларды жерлеудің өзіндік орны болды. камера үйіндінің астына кесіліп, қабырғалары мен едені сазбен сыланып, ақталған. Жерлеуден саз құмыралардың сынықтары, тегіс тұтқасы бар темір қылыш табылды (V-IV ғасырларға жатады.б.з. д.), қола ұшы және алтын төсем. Шығыс Қазақстандағы Шілікті қорғаны. Бастапқыда қорғанды қазу 1947 жылы В. В. Черников Ленинград экспедициясымен басталды. 2003 ж. жалшы ауылы маңындағы Шілікті қорғаны қорымдарының екінші тобын экспедиция А. Т. Төлеубаев қазу жұмыстары жалғастырылды. Бұл ескерткіштер Еуразиядағы ірі обалардың бірі — "патша қорғандары" деп аталады. Қорған 17 қорымнан тұрады. Шілікті қорғанынан сақ патшасының сүйегі табылды және ғалымдар оны үшінші "Алтын адам" деп атайды. Шығыс Қазақстандағы Берел қорғаны. 1999 жылы З. С. Самашевтың археологиялық экспедициясы ШҚО Берел жерінде сақ-аримасыпқа тиесілі қорғандар сериясын қазды. Қорғанның диаметрі-30 м. және биіктігі 5 м. жерлеу камерасы 7 метр тереңдіктен табылған, сақ тайпалық көсемі жерленген. Сондай-ақ қорғаннан 16 жылқының сүйегі, көптеген зергерлік бұйымдар мен аң стиліндегі алтыннан жасалған бұйымдар, қола мен темірден жасалған бұйымдар, қыш ыдыстар табылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет