Ежелгі жазба деректер: Көне парсы деректері Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан. Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі «Авеста»1 деген
Б.з.д. V ғасырдың ортасында жазған «Тарих» атты Геродаттың еңбегінде скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды «азиялық скифтер» деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар. Геродот: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында», — дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген.. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: «Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты», — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды. «Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды», — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған » Алтын адам», «қайқы қылыш» сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы «География» еңбегінің авторы Страбонның (мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. «Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар.. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады… аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді», — деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады.
«Тарихта» Геродот Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис туралы маңызды дерек қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 594 жылы келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот былайша береді: «Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім бойынша, Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып келеді. Қытай деректері: Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді. Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (б.з.д.140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір» деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды. Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін пазар аударып, жазып алып отырды. Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы «Қытай тарихының атасы» Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның «Тарихи жазбалар» («Шицзи»)деген еңбегінің «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы хикая» деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас.
|