Андрон мәдениеті — қ



бет6/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Қазақстан тарихы

Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады.  Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін (идентичності) сақтап қалу мəселесі туындайды. Осы арқылы мемлекетіміз əлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.
Тəуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едəуір ықпал ете алады. Этнос жəне ұлт — əр түрлі əлеуметтік құбылыстар. Ю.М.Бородай олардың айырмашылығын жақсы көрсете білді. Этностық қауымның спецификасы адамның антропогенетикалық ерекшелігіне негізделеді. Сондықтан да этникалық «табиғи» қауымның дамуы ешқандай мемлекет басқаруын қажет етпейді. Керісінше, ұлт мемлекет пен азаматтық қоғамның жемісі болып табылады. Егер этноста адамдардың арақатынасы əдет-ғұрып арқылы реттелсе, ұлттық қауымда бұл қатынастарды құқық реттейді. «Ұлттың ең негізгі қасиеті оның алғашқы табиғаты полиэтникалық немесе жоғарғы этникалық болып келуінде. Егер де тайпаны «праэтнос» деп санасақ, онда ұлт этностан кейінгі болып саналады». Кеңес заманынан кейінгі қазақстандықтардың өзіндік бірегейлілік үдерісі бүгінгі күнге дейін аяқталды деп айтуға болмайды. Еліміз болашақта өзінің тарихи қалыптасып келе жатқан ұлттық келбетін сақтап қана қоймай, сонымен қатар тең құқылы дəрежеде өзге елдермен жаһандану үдерісіне кіруі қажет. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірегейліліктің бес деңгейін көрсетуге болады. Əр түрлі этностық топтардың ұлттық ұстанымдарын төмендегідей сипаттап, ұлт бірегейлілігін зерттеушілердің кейбіреулері бұл жіктеумен келіседі: 1. Кейінгі уақытта саны азайып келе жатқан ұлттық, этностық əр түрлілікке мəн бермейтін жəне өзінің де қай ұлтқа, этносқа жататынына назар аударғысы келмейтін адамдар. Бұл адамдар үшін ұлттық бірегейліліктің маңыздылығы өте төменгі дəрежеде болып табылады. 2. Керісінше, кейінгі кезде саны көбейіп келе жатқан өз ұлтына, этносына баса назар аударып, оның дəстүрі мен тілін дамыту қажеттілігін үнемі еске салатындар. Объективті себептерге байланысты оларды түсінсек те, кейде олардан келесі топқа жататындар шығуы да мүмкін.3. Ұлттық «байбалам салушылар». Бұл саны жағынан аз топ өкілдері өз ұлтына қауіп төніп тұр деп сезініп, саяси күштер арқылы қорғаныс жолдарын іздейді. 4. Космополиттер, этникалық құндылықтардан жеке адами (жалпы азаматтық) құндылықтарды басым қоятын жəне мемлекеттік құндылықтардан ұлттық құндылықтарды басым қоятын азаматтық идеологияны жақтайтындар. Сондықтан бұл топ өкілдері алғашқы үш топтың кейбір элементтерін өзіне алған болып есептелінеді. Яғни ұлттық идеяға немқұрайлылық, азаматтық қоғамды ұлттарға сыйластықпен қарау жəне ұлтаралық қатынастарға мəн бере отырып, ұлтты сақтап қалуды көксейді. 5. Бесінші топ — салауатты, нақты дамыған ұлттық бірегейлілік. Ол басқа этностардың, ұлттар мен ұлыстардың мүдделерін жақсы түсінетін, сол мүдделердің қанағаттануын қажет деп санайтындар. Ол өз негізінде жалпыұлттық идеяны иеленген, өз ұлтының жағдайын ойлайтын, оның ерекшелігін, мəдениеті мен тілін дамытуды көздейтін, ата-баба тарихына ізетпен қарайтындар. Бүгінгі қазақстандық ұлттық сананың дамуында екі бағыт байқалады. Біріншісі — қазақ ұлтын асыра мадақтау. Бір халықты орынсыз дəріптеу, оның тарихын бірыңғай батырлық пен даналықтың үлгісі ретінде баяндау, болмаса оны тарихтың құрбаны етіп көрсету, ұлт басына түскен ауыртпалықтары бір ғана отаршылдардың, басқыншылардың арам пиғылымен түсіндіру сияқты біржақты пікір де ұлтты тоғышарлық рухта тəрбиелейді. Ұлттық ерекшелікті көрсетудің объективтендірілген түрі ретінде, мысалы, ұлттық мінезқұлықты жатқызуға болады. Ол бірегейлік ерекшеліктер мен əлеуметтік іс-əрекетте байқалатын сыртқы көрініс, бір ұлттық топтың екінші топтан айырмашылығы түрінде байқалады. Ұлттық өзіндік сана мен ұлттық бірегейліктің негізінде сəйкестенудің əлеуметтік механизмі жатыр. Ұлттық жəне этностық бірегейлілік тұлғаның əлеуметтік нақтылықты меңгерудегі маңызды механизмдерінің бірі, ол əр түрлі ұлттық топтар мен əлеуметтік байланыстардағы ұлттық мінезқұлықтың қалыптасуында күшті фактор ретінде тұлғалық пікірлер жүйесінің қалыптасуына негіз бола алады. Ұлттық жəне этностық бірегейлену бұқаралық іс-əрекет пен саяси іс-қимылдарына өте мықты катализатор ретінде қызмет етеді (əсіресе дағдарысты қоғамдарда). Ұлттық жəне этностық қалыпқа жатқызу туған кезден бастап, ана тілінде сөйлеумен жəне адамның қоршаған ортасындағы мəдениетпен бірге жасасады, ал қоршаған ортадағы мəдениет өз кезегінде жалпыға бірдей тəртіп стандарттарын жəне тұлғаның өзіндік дамуына əсер етеді барысында ұтқыр іс-əрекеті жемісті болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет