Кенесары Қасымұлы: Абылайдың немересі, Қасым сүлтанның үлы Кенесары. қоғамның белсенді саяси қызмет атқарған
атакты әулетте осуі Кенесарының идеялық-саяси дүние-
танымының қалыптасуына зор ықпал етті.
1837 жылы бүл котерілістің басталуына себеп болған патша
окіметінің Кенесарының туған жерінде, яғни Кокшетау мен
Акмолада жаңа бекініс салып, жаппай казак станицаларын
түрғыза бастауы еді. Кенесары генерал Генске жазған хатында өз ауылына1825,1827, 1830, 1831, 1832, және 1836 жылдары жасалған жазалаушыотрядтардың шабуылы туралы, ал мүндай әрекеттердің 1837
жылы екі рет, 1838 жылы төрт рет, 1840 жылы үш рет қайталан-
ғандығын ашына хабарлайды. Қазақ халқына қарсы әкімшіліктің
осындай зорлық-зомбылығын, шенеуніктік аппараттың жемқор-
лығы мен сатқындығын көрсете келіп, Кенесары патшаның отар-
шылдық саясатына қарсы өзінің күреске шығып, атамекенінде
хан билігін қалпына келтіретіндігін жариялады. енесары Қасымовтың көздегені рулық араздықты жойып,
қазақ қоғамындағы феодалдық бытыраңқылықты тоқтату, сол
арқылы біртүтас мемлекетті нығайту мақсаты болатын. Тек осы
шарттарды жүзеге асырған жағдайда ғана елді қүлдыққа түсуден
қүтқаратындығына көзі анық жетті.
Тәуелсіздік үшін күресу мақсатында ол оңтүстік ауданнан
Көкшетау өңіріне келеді. Отарлау саясатының қарқынды жүру
барысында бүл өңірдің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы-
ның қиындығы Кенесары Қасымовтың бастауымен болған азаттық
қозғалысқа түрткі болды. Тарихшы Е.Бекмахановтың пікірінше,
Кенесарының бүл өңірге оралуы «оқ-дәрі салған жертөлеге от
тастағанмен тең» эсер берді. Кенесары қарамағына жан-жақтан бай
да, кедей де келіп қосыла бастады. Ағыбай, Жанайдар, Басығара,
Иман (Амангелді Имановтың әкесі) және тағы басқа батырлар өз
жасақтарымен толықтай оның соңынан ерді.Кенесары жасағы салынып жатқан бекіністер мен қазақ
даласы арқылы өтетін керуендерге шабуылын үдетті. Алғашқы
кезде Кенесары адамдары олардан тауарларды еріксіз тартып
алса, кейін салық алатын болды. Кенесары қазақ даласында Сібір
әкімшілігінің заңдарын мойындаған жоқ. Себебі оның бітімгер-
шілік саясаты еш нөтиже бермеді. 1837 жылы казан айында
аталған әкімшіліктің бір шенеунігі полковник Талызинге былай
деп ашық хат жазды: «Оларды тәртіпке шақыру үшін отрядтар
жіберу арқылы жедел шара қолдану керек, әйтпесе ешқандай
нәтиже шықпайды, сол болыстардың қырғыздары (қазақтары)
баяғыдан еркіндікке үйренген, олар біреуге бағынуды өздеріне
ар санайды». ОсыдаН кейін «қатаң шаралар» қолданыла бастады. 838 жылы көктемде Кенесары өзінің қоластына Орта жүз
қазақтарының басым бөлігіу біріктірді. Оның замандасы
Н.Н.Середа Кенесарының қозғалысын мүқият зерттей келе былай
деп тамсана жазды: «Кенесары өзінің жасақтарын керемет басқа-
рып, оларға ғажап рух бере білді, бүл еуропа әскербасыларының
қолынан келе қоймайтын іс. 840 жылы қазақ мемлекеттінің қайта өрлеуіне орай азаттық
соғыстың жаңа кезеңі басталды. 1841 жылы қазақ рулары
өкілдерінің кеңесінде Кенесары қайта қалпына келтірілген Қазақ
хандығының ханы болып сайланды. Кенесары хандық билікті
орталықтандыруды күшейтіп, күресті одан әрі жалғастыру үшін
берік қимыл-әрекет жасауға бағытталған бірқатар әкімшілік және
сот реформаларын жүргізді. Хан жанынан кеңес қүрылды.
Салық жинауға, әскери дайындыққа, дипломатиялық қатынас
қүжаттарына жауапты ведомстволар үйымдастырылды несары бастаған үлт-азаттық қозғалыс 1844-1845 жылдары
озінің шырқау шегіне жетті. Бүл кезеңде котеріліс қазақ
даласының біраз болігін қамтыды. 1844 жылы мамырда әскери
күштің басым бөлігі Кенесары көтерілісін басуға жіберілді. Оны
полковник Лебедов (кейін оны Дуниковский алмастырды),
соңынан генерал Жемчужников пен А.Жанторин сүлтан
басқарды. Әскерлердің басшыларына Талызин: «Сіздердің
алдарыңызға қойған мақсат Кенесары қарақшыларын жойып,
оның кошпенділерін кері қайтару болып табылады» деп бүйрык
берді. Кенесары олардан қорғана отырып, Қарақүмның ішіне
қарай ығысты. Патша әскеріне жалған маневр жасап, сол жылдың
шілдесінде Кенесары Жантөрин әскерін қоршап алды да
талқандап жіберді. Тамыз айында Наурызбай мен Ағыбай батыр
Екатерина бекінісін басып алды. Дуниковский мен Жемчужни-
ковқа полковник Ковалевский отряды көмекке жіберілді. Бүл
кезде Кенесары Мүғалжар тауына кетіп үлгердК Патша әскері
кері қайтуға мәжбүр болды, енді отаршылдық әкімшілік күшті
бекініс қүрылысын салуға кірісті. Кенесарыны бодандыққа, ең
болмаса протекторатқа мойынүсындыру үшін елшілікке Долгов
пен поручик Герн жіберілді. Бас имейтін Кенесары елшілерді
қабылдаған жоқ, ол Орынбор әскери губернаторы на жазған
хатында даладағы әскери бекіністерді жоюды және ауылдардағы
зорлық-зомбылығын тоқтатуды талап етті. Тек осы қойылған
талаптар орындалған кезде ғана келіссөз жүргізуге келісім
беретіндігін білдірді. Бірақ, күш тең емес еді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |