Андрон мәдениеті — қ



бет36/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
Қазақстан тарихы

Бөкей Ордасы: 1801жылы 11 наурызда Ресей патшасы I Павелдің жарлығына сәйкес, Жайық пен Еділдің төменгі сағасында Ішкі, яғни Бөкей хандығы қүрылды. бірінші ханы Бөкей
болғандықтан, оны Бөкей хандығы деп атаған.Бөкей ордасы
патша үкіметіне бағынышты болды. Ішкі саясатқа қатысты
мөселелердің көбін хан Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті.
1812 жылы шілдеде Орал қаласының маңында Орынбор
әкімшілігінің жоғарғы шенді адамдары мен қазақтың ақсүйектері
қатысқан жиынында Бөкей хан болып сайланады.
Хан тағына мүрагерлікті ру басшылары мен билер, сондай-ақ
патша үкіметі жақтады. Елді басқару ісінде ханға еркіндік
берілді. Орданың қаржы-салық саясатын, жерді пайдалану
тәртібін белгілеу мен аумақтық-рулық басқару мәселелерін,
шаруашылықты үйымдастыру тәсілдерін ханның өзі шешетін
болды. Бөкей хан 1815 жылы қайтыс болды, ол хан тағын үлы
Жәңгірге өсиет етті, ол кәмелет жасына толғанша орданы
басқару өзінің туған інісі Шығай сүлтанға тапсырылды. 1823
жылы 22 маусымда I Александр Жәңгірді Ішкі орданың ханы деп
тану жөнінде жарлыққа қол қойды, ал 1824 жылы 26 маусымда
ол хан тағына отырды. ан тағына отырған Жөңгір патша әкімшілігінің тарапынан көрсетілген қолдауға сүйене отырып, түрғындардың қоғамдық-саяси өмірі мен жекелеген саласын, сондай-ақ жергілікті
басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта қүруды қолға алды. 1827
жылы Жөңгір хан Жасқүс жайлауында түрақты хан ордасын
салуға шешім қабылдады. 841 жылы хан Торғын өзені бойында
өзінің жазғы ордасын салды. Осы жылы қазақ балалары үшін
бірінші орыс мектебі ашылды. Медресе мен ауылда бастауыш мектептер салынды. Балаларды Астрахань, Саратов және Қазан
қалаларына, Орынбордағы Неплюев кадет корпусына оқуға
жіберу қолға алынды. Осыған орай Ішкі орданың балалары үшін
аталған оқу орындарында он балаға арнайы орын бөлінді. Жәңгір
хан халық ағарту ісіне ерекше мән берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет