Ќанипа Бітібаева



бет119/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   141
адеб окыт адис техн

Ш топқа.
1. «Қыс» өлеңі.

  • Өлең мазмұнын ашып тұрған суреттемелерге назар аудар. Теңеу, эпитет, метафоралардың бұл өлендердегі орны, ақынның шеберлігіне талдау жасаңдар. Әсіресе, қыстың қатал, нысапсыз «кәрі құда» бейнесінде алынуы. Қыс пен «құда» арасындағы жақындық...

  • Некрасов қысы - «Мороз - красный нос». Екі ақында да қыстың жан иесі ретінде алынуы...

IV топқа.

  1. С.Сейфуллиннің «Нұра» өлеңі мен «Көкшетау» поэмасындагы табиғат көріністерін алуға болады. Ілияс Жансүгіровтің «Ақсу», т.б. өлеңдеріне назар аударыңдар. Осы ақындарда Абай әсері бар ма? Қазіргі ақындардан осы тақырыпқа көп жазатын кімдер көңіліңе жақын?

  1. Пушкиннің деревня, орыс қысы туралы өлеңінің Есениннің осы такырыптағы өлеңіне үндестігі бар ма? Осы мәселеде өз пікір, болжамдарыңды жинақтаңдар.

Сабаққа төмендегідей көрнекіліктер пайдаланылды. Жұмыс істеп, бір-біріне түсіндіреді. Яғни бір еңбек екіге бөлініп беріледі. 1-бөлімі бірінші балаға, екінші бөлімі 2-балаға бөлінеді. Әрқайсысы өз жұмысын оқыған соң, кезектесе отырып, мазмұнын бір-біріне айтып, түсіндіреді (бәсең дауыспен сыбырласа сөйлей отырып).
Бұл жұмыстың осы сабақтағы маңызы, тиімділігі неде? Үйден оқушылар жаңа сабаққа өз беттерімен дайындалып, проблемалық тапсырмалардың сұрағына жауап, болжам іздейді. Енді мына жұптық жұмыс олардың алдындағы негізгі сұрақтарды шешуге, білімдерін тереңдетуге, өз ойлары, пікірлерін ортаға салуға түрткі, алғы шарт, көмек болады. Енді бірер үлестірме тапсырма үлгісін келтірейік.
Оқушылар жұптың жұмысын аяқтаған соң, оны қорытындылау, негізгі мәселелерді саралау мақсатында бүкіл сынып болып мына сұрақтар айналасында пікірлесіп, жауап қайтарады:

  1. Ғалымдар Абайдың табиғат лирикасына орыс әдебиетінің әсері туралы қандай пікірлер айтады?

  2. Екі ғалым пікірінде үндестік, жақындастық бар ма? Ерекшеліктері қандай?

  3. Өздеріңе кімдердің қай пікірі ұнайды? Ұнау себебін дәлелдеуге тырыс.

Оқушылар пікірі, ойын тыңдап, олардың кем соғып жатқан жерлеріне көңіл бөлінеді, ғалымдар енбегінің басты мәселелеріне нақты, тұжырымды қорытынды жасалады. Ары карай топтық жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар топ-тобымен бөлініп отырады. Әр топтың микро сабағын топ жетекшілері - консультанттар жүргізеді. Бір топ өзінің жұмыстарын ортаға салып жатқанда, басқа топ оларды тыңдап, қатысып, сұрақтар қойып отырады. (Олардың қысқа, нақты, тұжырымды сөйлеуі талап етіледі.) Енді бір-екі мысал келтірейік.
V топқа.
Н.: «Абай қыстың, қаһарлы қыстың шынайы суретін береді. Көз алдыңа боранды, аязды, аяусыз кыс келеді. Абай қысты «кәрі құда» деп, өте орынды балама тапқан. Кәрі құда, кәрі шал мінезі шатақ, тырысқак, әрі катал, қытымыр болып келсе, қыстың да адам баласы үшін қауіпті жайын соған ұқсастыра алады. Құданы құдайдай сыйлаған қазақ. Соған сүйенетін қазақ құдалары да ерке болып келеді. Ол ұрса да, ашулана да, ызғарлана да алады. Қыс та солай...
Топ жұмыстары, оқушылар пікірі, болжамдары, шағын сабақтар аяқталған соң, еңді қорытындылау, бір түйінге келу мақсатында мына төменгі сұрақтар айналасынан әңгіме жүргіздік.

  1. Сонымен, Абай мен Пушкин күзінен, жазынан, жалпы табиғат лирикасынан қандай үндестік таптыңдар? Ақындар көңіл-күйіне де назар аударыңдар.

  2. Абай лирикаларына орыс әдебиетінің жемісті әсерін, сондай-ақ Абайдың өзіндік табысын немен дәлелдер едіңдер?

- Адам - Табиғат - Қоғам. Осы үш мәселе Абай лирикасында қалай шешім тапқан?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет