Бірінші сұраққа оқушылар былай жауап берді:
А.: «Менің тапқаным: Абайда да, Пушкинде де күз суреті ұқсас. Сұр бұлт, жаңбыр, түсіп жатқан сары жапырақтар екеуіне де ортақ. Екеуі күзді адамдар өмірімен байланыстыра алады».
Сұрақ: - Ал өзіндік ерекшеліктері туралы не айтасыңдар?
Т.: «Абайдан «жылауық күзді», «сүреңсіз күзді» көрсек, Пушкиннен «алтын күзді» көреміз. Абайдан қайыршы тірлікті, халықтың ауыр тірлігін көрсек, Пушкиннен қарны тойған, егінін орып, нанын жинап, көңілі қуанышқа толған
адамдарды көреміз... Осы ерекшеліктер екі ақынның екі қоғамда өмір сүруінен туып отыр ғой...»
Сұрақ:
- Өлеңдердегі ақындар көңіл күйін аңғардыңдар ма? Ол туралы не айтар едіңдер?
А.: «Меніңше, Абай күзді суреттегенде, өзі де көңілсіз, жүдеу күйді кешеді. Себебі, ол азамат ақын ғой. Ал жазды, көктемді жырлағанда, жайнап кететін сияқты. Себебі, бұл айда халқының арқасы кеңіп, мал тойынып, ақ шығады ғой...»
Осындай пікірлесу кезінде сабаққа арнайы шақырылған орыс тілі пәнінің мұғалімі де, біз де өз ойымызды, көзқарасымызды айтып отырдық. (Сабақ түсіндірген сияқты емес, пікір айтушы, пікір қосушы дәрежесінде.)
Ары қарай оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. Олар оқулыкты оқи отырып, өз пікірі, ғалымдар пікірі, мұғалімдер пікірі, оқулыктағы түсініктерді саралайды. Себебі, оқулыққа дейін олар өздеріне алдын ала берілген топтық жұмыстар арқылы ой, пікір жинақтады, ары қарай ғалымдар пікірімен, талдауларымен кездесті, енді оқулық аркылы тағы да білімдерін кеңейтеді. Осы жұмыс үстінде олар ғалымдар не дейді, оқулықта не айтылған, өз пікірі қалай еді - осылардың барлығына ой жүгіртеді. Оқулықпен жұмыстан кейін оқушылар осы мәселелер айналасында сөз қозғайды.
Сабақтың ара-арасында, яғни, бір кезеңнен екінші кезеңге өтерде, Абай әндерін тыңдап отырдық (ақын сөзіне жазылған композиторлар әндері). Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін. Сондай-ақ жеке тапсырма бойынша «Гете - Лермонтов - Абай» тақырыбына оқушының қысқаша хабарламасын тыңдадық. (Хабарламашы оқушы неміс тілі, орыс әдебиеті мұғалімдерінің көмегімен дайындады.) Гете шығармашылығы, оның «Кезбенің түнгі әнінің» тарихы туралы неміс тілі мұғалімі айтып берді. Сабаққа арнайы шақырдық. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі жазушы Қ.Шабаевтың Абайдың аудармасын неміс ағайындары білетінін, «Гете - Абай» атты стендінің бар екендігін баяндайтын мақаласын қыскаша айтып, суретін (сол стендті) көрсеттім. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Лермонтовтың Гетеден аудармасын оқып, өлеңге түсінік берді. Өлеңді оқушылар немісше, орысша, қазақша оқыды. Сабактың ең соңында әлем алыптарының катарынан орын алатын Шығыстың ұлы шайыры, ұлы гуманист-демократы, ғажайып акыны, қазақтың данышпан перзенті - ұлы Абайды дүниеге әкелген, ал бүгін қасиетті қабірі жатқан жердің 40 жыл бойы полигонға, ядролық жарылысқа айналғанын күйіне айттық. (Әрине, бұл мәселе оқушыларға жаңалық емес еді.)
Осы сұмдықтың ауыздықталу тарихына байланысты қазақ даласының бүгінгі Шоқанындай болып, ел құрметіне бөленген асыл перзенті - Олжас туралы сөз қозғадық.
Еліміз тап бүгінгі таңдағыдай қиын-қыстау кезде тұрғанда, ұлы ақынды үлгі етпеу, оның айткандарын көңілге медеу тұтпау тағы да мүмкін емес сияқты, жас өрендерге, ұрпақтарға бұл мәселелер ауадай кажет те! Біз күні бүгінге дейін «коммунизм елесін» қудык, марксизмнен бақыт іздедік. Сөйтіп жүріп, балаларымызды, ұрпағымызды бесік жырымен, Абайлар әнімен әлдилеуді, балалар өсиетімен «тәй-тәйлеуді», халықтық тәрбиемен ауыздандыруды, кішіпейілділік, инабаттылык, имандылықпен қаруландыруды ұмыттық. Сондықтан да әдебиеттің әр сабағы имандылық пен ізгілік рухына құрылу керек.
Бұл - менің өз пікірім, өз мақсатым. Қала берсе, азаматтык борышымды ақтауға талпынысым. Ұлы Абай өзінің өлмес-өшпес мұрасын әлем әдебиеті мен даналарының бүкіл адамзат баласына жат емес үлгілерін поэзиялық қабылдау арқылы жасады. Абайдың бір ұрпағы - мен де қара көз сіңлі-інілеріме, шәкірттеріме беретін тәрбие мен білімді ана сүті, туған халқымның бар жақсылығы, әдебиеті, тіл, мәдениеті, әдет-дәстүрі арқылы беруді негізге ала отырып, бүкіл адамзат баласындағы асыл мұра мен асыл қасиетке, тәрбие мен білім берудің озыұ үлгілеріне де жүгінемін. Сол себептен де қазақ әдебиеті ғана емес, әлем әдебиетімен де шәкірттерімді таныстырып отырамын. Қазақ балаларына жан-жақты білім, әрі тағылым, ізетті тәрбие беру жолында ізденіп келемін.
Адам баласы өз бойындағы барлық асыл қасиетін әдебиет арқылы бере білген, әдебиетінде қалдырған. Туған әдебиетімен қоса, әлем әдебиетінен, мәдениетінен аз болса да хабар алса, үлгі алса, ой-өрісін кеңейтсе, ол зиян болмас еді. Сабақтың соңында үйге шығарма-эмоция бердім. Такырыптары:
«Адам ұлы бола біл!»
«Адам-Табиғат-Қоғам-Ақын жайында толғансам...»
Достарыңызбен бөлісу: |