Ќанипа Бітібаева



бет122/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   141
адеб окыт адис техн

IV бөлім. Дебат элементі бар сайыс сабағы
Сайыс тақырыбы: «Алпамыс батыр» - эпостық жыр емес ертегі
Шарты:

  • Оқушылар екі топқа бөлінеді.

  • Дәлелдерін, нақты мысалдарын әзірлеу, пікірлерін нақты деректерге құру. Мысалы, жыр ертегі туралы әдебиеттану ғылымына сүйенеді.

  • Шебер, шешен өткір сөйлеу. Сөйлеу мәдениетін сақтау.

V бөлім. Қорытынды (Коррекция)


1. Қорытындыны оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өз білімдеріне өздерінің сын көзбен қарауымен жинақтау.
2. Мұғалімнің талдауы, бағалауы, алдағы мақсат, міндетті айқындау, тапсырмалар беру. Сабақтың әр кезеңін өз спикерлері өткізеді. Сабақ толық құрылды. Сабақты оқушылар жүргізді. Бағалау да, талдау беру де, шығару да олардың өз іс-әрекеттері арқылы жүреді, олардың шығармашылығына нақты баға беріледі.
Мысалы, I бөлімдегі модельді қорғау сабағында бас бәйгеге сыйлық ретінде сарапшылар «Мақтау қағазын» ұсынады. Онда былай жазылған:
«Алпамыс батыр» бейнесін модельдеудегі ерекше ізденіс үшін Досжан марапатталады. Егеменді елімнің Алпамысы бол! Алпамыстай арманға, бақытқа жет! Сен Алпамыс әлемінің мұхитында еркін жүздің, енді Қобыланды әлеміне жолдама береміз.
Ескерту: - Келесі сабақтарда «Қобыланды батыр» жырын талдау. Ал айыптау сабағындағы үкім былай шығарылады:
–Ұлтан - барса келмес аралына мәңгілікке жер аударылсын, Соркұдықтан сусын ішсін. Адамдар арасында тіпті есімі де жүрмесін!
– Мыстан ертегілерде ғана қалсын!
–Тайшық сынды отарлаушылар жер жүзінен аластатылсын!
Егеменді елімізде оған орын жоқ! Тайшыққа ұрпақ қарғысы!..
Сабақ үлгісі. 10-сынып
АБАЙДЫҢ СУРЕТКЕРЛІК ШЕБЕРЛІГІ
Негізгі мәселе: Абай - табиғат лирикасының атасы.
Сабақтың түрі: - «Кіші академиядағы» кіші кеңес (Автореферат қорғау сабағы).
– Сабақты академия президенті(оқушы) жүргізеді.
– Автореферат авторы, оппоненттер белгіленеді.
–Эксперттік комиссия тағайындалады.
– Кеңесте 4 мәселе (автореферат) талқыланады:



  1. Қазақ әдебиетіндегі табиғат жаршылары.

  1. Абайдың табиғат лирикасындағы қоғам-адам пробле-
    масының бірлікте жырлануы.

  1. Абай және әлем әдебиеті. Табиғат тақырыбы.

  1. Абай және қазіргі заман, экология мәселесі (табиғаттағы, рухани дүниедегі).

Авторефератқа қойылатын талаптпар:

  1. Тақырыптың өзектілігі, маңызы ашылу керек.

  2. Тақырыптың мақсаты, міндеті нақты саралана көрсетілуі керек.

  3. Зерттеу объектісі тұру керек.

  4. Гипотеза ұсыну.

  5. Еңбектің жаңалығы айқын тұру керек.

  6. Ғылыми еңбектерді пайдалану, оны нақты көрсету.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Президент сөзі, кеңес мәжілісінің күн тәртібін талқылау.

  2. Авторефераттар тыңдау.

  3. Талкылау кезеңі.

  4. Қорытынды баға, ұсыныстар. Коррекция кезеңі.

Ескерту: Сабақтың мақсаты, әр сабақтың кезеңі белгіленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет