«Қазақтан шыққан ұлы педагог».
-
Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог, балалар «әдебиетінің атасы, оқулык жазушы, кітап жазушы, мектептер ашушы, аудармашы.
Ыбырайдың ұстаздық жолы (мұғалім, инспектор). Мектеп, оқытушы туралы ұлағатты пікірі, педагогикалык мұрасы.
Өлеңдері, оның тақырыбы:
Оқу, білім туралы - «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар».
Табиғат лирикасы: «Өзен», «Жаз», т.б.
Әлеуметтік мәселелерге: «Залым Төреге», «Азған елдің байлары», «Азған елдің молдасы».
Әңгімелері: 1. Тәрбие мәселелері: «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Мейірімді бала». 2. Еңбек мәселелері: «Асан мен Үсен», «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала», «Атымтай Жомарт».
Аудармалары:
Л.Толстойдан: «Үш ұры», «Жаман жолдас», т.б.
К.Ушинскийден: «Сауысқан мен қарға», «Түлкі мен ешкі».
Паульсоннан: «Алтын шеттеуік», «Әдеп», т.б.
Қосымша материалдар: Ө. Дербісәлин. «Ы. Алтынсарин» (монография).
Көркем әдебиет: Р.Қайырбеков. «Дала қонырауы».
Осы көрнекіліктің маңызы мен тиімділігі неде? Жазушы шығармашылығы туралы бұл көрнекілік айна іспеттес. Ол суреткер шығармашылығының негізгі мәселелерін тұжырымды түрде толық қамтиды, әрі оқушыға нені білу керек екеніне жол сілтейді. Ең бастысы, ол суреткер туралы жан-жақты хабар береді. Оның шығармасынан нені оқу керек, сол жайында нұсқау-көмек жасайды.
3. Кесте-плакат, сызбалар көркем шығармалардағы образдар жүйесін оқытуға байланысты да жасалынады.
Үлгі:
М.Әуезов. «Абай жолы». Әйелдер бейнесі
«Қарашығым, қоңыр қозым» ... Абайдың аналары -Зере мен Ұлжан
|
«Көзімнің қарасы» Сүйген жарлары -Тоғжан, Әйгерім
|
«Жолыңа жаным кұрбан». Бақытсыз шерменделер -Керімбала, Үмітей
|
«Сенсіз маған дүние жоқ»: Мәкен, Мағрипа, Салиха
|
..Қапастағы ерке-лер...»: Салтанат, Нұрғаным, Еркежан
|
«Күндестің аты -күндес»: Айғыз, Ділдә
|
«Жуан бәйбішелер...» Күңке, Қаражан, Мәніке...
|
«Кісі есігінде шіріп біттің-ау», Есіктегі 1 күңдер: Иіс кемпір, Есбике, Баян, т.б
|
Мұндай сызба-кестелердің тиімділігі, әсіресе, роман, эпопея сияқты күрделі жанрларды оқытуда ерекше. Мысалы, осы схема «Абай жолындай» эпопеяның ішіндегі көптеген әйелдер бейнесін іс-әрекеті, мінез-құлқы, шығармадағы орны, образы негізінде жатқан идеясына қарай сұрыптап, топтап, жинақтап беріп отыр. Эпопеялық шығармалардағы образдар жүйесін оқытудың тиімді жолы - оларды белгілі бір проблемалар айналасына топтап, жинақтап беру. Мұғалімнің түсіндіруіне де, оқушының сабақ айтуына да бұл кестенің көмегі зор. Эпопеядағы кедейлер, жастар, үлкен топтар бейнесіне де осындай сызба-кесте жасап, пайдалануға болады.
Көлемді шығармаларды сюжеттік-композициялық талдауда да сұлба-кестенің тиімділігі айтарлыктай. «Абай жолы» - 4 кітаптан тұратын эпопеялық шығарма. Оқушыны былай қойып, мұғалімнің өзі де ондағы барлық оқиғаларды толық еске сақтап, біле бермейді. Сондықтан әр кітаптың басты-басты оқиғасын мына үлгіде теріп, сұрыптап, кесте-плакатқа жазып қою керек:
Достарыңызбен бөлісу: |