6. СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
7. СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.
АНЫҚТАМАЛАР
ОЧЕРК - ақпаратты қызғылықты етіп және байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыру. Очерк журналистің құрғақ фактілерді ой елегінен өткізіп, жанымен сезініп, оқырман жүрегіне жеткізуді талап етеді. Фактілер барынша көркемделіп, әдеби бағытта өрбиді және оларды баламалап беруге болады.
ПУБЛИЦИСТИКА - әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.Публицист сөзі <<Публицистика>> деп аталатын жанрға қатысты пайда болған. Публицист публицистикамен айналысатын адам. Публицистика- латынның
- қоғамдық деген сөзінен шыққан, яғни өмірдің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми, мәдени және басқа құбылыстарын өмірдеректерін негіз ететін әдеби жанр.
МӘДЕНИЕТ – адамдардың материалдық және рухани байлықтарының, білімдарлық белгілерінің жиынтығы.
СӨЗ БАЙЛЫҒЫ – оның ғасырлар бойы басынан кешірген өмірінің, іс-әрекетінің, ақыл-ой жұмыстарының, рухани-мәдени қазынасының тілдегі көрінісі.
СӨЗ ЛОГИКАЛЫЛЫҒЫ – ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз.
СӨЗ ҚИСЫНДЫЛЫҒЫ – жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтамыз.
ТІЛДІК ЖҮЙЕ – тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тәртіппен келуі.
ЖУРНАЛИСТИКА- баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
АҚЫН- поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
Достарыңызбен бөлісу: |