Анықтамалар кіріспе


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет4/11
Дата25.11.2023
өлшемі168.91 Kb.
#484433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
шаимова А

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Қазіргі кезде ұлттық рухты оятатын, оның астарын түсіндіріп, себептерін саралайтын тарихи туындылар мен зерттеу еңбектер аса қажет. Ондай еңбектер ұлттың жаңғыруына жаңа екпін береді. Осындай туындылардың көркем шығарма, тарихи зерттеу, саяси пайымдау болсын, бәрібір, дәл осындай кезеңде ерекше назар аударылып, олардың маңызы жаңаша мағына алуда. «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деп ұлы Абай айтқандай, Абайдың өзінен бастап рух бостандығы туралы тәлімді сөздерді санамызда жаңғыртып, бүгінгі күннің өзекті ойымен ұштастыра білу – әр зиялының парызы.
Жазушылық пен журналистік тізгінді қатар алып келе жатқан тұлғаларды жан-жақты зерттеп, қаламынан туған дүниелерді жанрларға бөліп талдау, оның ішіндегі публицистік, очеркистік қырын арнайы саралау - үлкен парыз.
Ұлттық публицистикамыздың майталманы Тұрсын Жұртбайдың көркемдік әлеміне жаңаша көзқарас, ғылыми-теориялық талдау тұрғысынан қарастырып, зерттеу бүгінгі журналистиканың алдында тұрған міндет болып табылады.
Зерттеудің нысаны: Қазіргі қазақ публицистикасының ішіндегі өзіндік стиль қалыптастырған Т. Жұртбайдың туындыларын жаңаша көзқараспен қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың басты мақсаты – Т.Жұртбай шығармашылығының ерекшеліктерді зерттеу.Осы мақсаттар мен мұраттарды жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық:
- Т. Жұртбайдың өміріне, қызметіне жалпы шолу жасау;
- Т. Жұртбайдың публицистикасына жалпы шолу жасау;
- Т.Жұртбайдың публицистикасының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының материалдары: Т. Жұртбай отандық білім және ғылым жолында қажырлы еңбек етіп, қазақ әдебиеті мен журналистикасын дамыту жолында үлкен табыстарға жетті.
«Жүрегімде жұмыр жер», «Бесқарагер», «Дара тұлға», «Жер – бесік» роман-новелласы, «Бейуақ» роман-эссесі, «Бесігіңді түзе», «Талқы» роман-эсселері, «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Күйесің жүрек... сүйесің!», «Бесігіңді аяла!...» кітаптарыңыз, Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректері туралы көптеген ізденістер жүргізіп, солардың негізінде жазған ғылыми еңбектеріңіз атыңызды жеке даралап тұрады. Сіз «Алаш ақиықтары» жинағын құрастырып, қайраткерлерінің беймәлім шығармаларын жалпы жұртшылыққа таныстырдыңыз. Осы еңбегі бағаланып Халықаралық «Алаш», І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет