Зерттеудің әдіс тәсілдері: жұмыста талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау әдістер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері:
Жұмысты жазуға негіз болған З Қабдолов,С. Қирабаев, З.Бейсенғали, Р.Нұрғалиев, Б. Майтанов, Т.Есмібеков, т.б. еңбектері алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Т.Жұртбайдың публицистикасында қозғалған ойлар желісін маңыздылығы бүгінгі күнде тәуелсіз еліміздің ұстанған бағытының бастауы іспетті. Торераннтылық, адамгершілік, этика-эстетикалық нормалардың арақатынасын публицист туындыларынан анықтау – жұмыстың негізгі жаналығы болып саналады. Зерттеу жұмысында Т. Жұртбайдың жазушылық табиғаты мен өзіндік ерекшеліктері анықталып, публицистикалық бағыты зерделенді. Публицисттің ой-тұжырымдары қорытылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы:
Жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері әдебиет теориясы мен тарихындағы әдеби бағыт, ағым, көркемдік әдіс мәселелерін талдап, түсінуде үлес қосады.
Келешек ұрпаққа талай құнды дүниелер қалдырды.
Сол себепті де жазушының туындылары арқылы кешеге, ал тарих үшін ХХ ғасыр аталатын заманның небір оқиғалы, небір тағдырлы сәттерін жас ұрпаққа сабақ, тәрбие құралы ретінде пайдалануымыз қажет.
Зерттеу жұмысының материалдарын орта және жоғарғы оқу орындарында «Журналистикаға кіріспе», «Публицистикалық шеберлік», «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәндерін оқып үйрену барысында және арнаулы курстарға, мектеп мұғалімдеріне көмекші ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың жариялануы
Жұмыстың құралымы Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ -ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
1.1 Тұрсын Жұртбайдың өмірі және шығармашылығы
Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 1951 жылы 15 тамызда Семей (қазiргi Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Шаған ауылында дүниеге келген. 1969–1974 жылдары қазiргi әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде оқыды. Жазушы, филология ғылымының докторы, Халықаралық «Алаш», Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты.
Алғашқы еңбек жолын «Жетісу» газетінен бастап, «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында шыңдаған. 1990-1992 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, 1992-1996 жылдары бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1996-1998 жылдары ҚР ҰҒА «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры, 1998-2001 жылдары М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, докторанты ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен дендей айналысты. Ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысуына орай, жаңа елорданың рухани-мәдени дамуына өзіндік үлесін қосып, 2001 жылдың наурызынан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры қызметін атқарып келеді.
Тұрсын Құдакелдіұлы 30 аса кітап пен 700 аса ғылыми мақаланың, оның жетекшілігімен шыққан басылымдардың авторы. Оның алғаш жарық көрген «Қоңыр қаз», «Жүрегімде-жұмыр жер» атты өлең кітаптары, «Замандасым, сырласым» (1976), «Бесқарагер» (1982), «Дара тұлға» (1984), «Жер бесік» (1985), «Болашақтың бәйтерегі» (2007), «Бейуақ» (1997, 2007), «Дулыға» (1994), «Кетбұға» (1994, Пекин, 2007), «Талқы» (1997), М.Әуезов (1997), «Күйесің, жүрек… сүйесің» (2001, 2007), «Құнанбай» (2004), «Сүре сөз» (2008), «Ұраным-Алаш!..» (2008), «Қар астындағы көбелек» (2008), «Бір уыс жусан» (2009), «Бұзылған бесікке!..», тағы басқа да кітаптарға жалғасты. «Жансар» (2008) мен «Мәңгілік аңсар» (2009) басылымын күтіп жатыр)[1,25]
Жазушының зерттеу нысанына айналған үлкен тақырып абайтану, әуезовтану және алаштану. Ол абайтану мен әуезовтану саласынан «Бесігіңді түзе!..», «Бесігіңді ая!», «Бесігіңді аяла!..», «Бесігіңді ұмытпа!..», «Абай және рухани тәуелсіздік мәселесі» атты монографияларын жазды, Т.Жұртбайдың ғылыми жетекшілігімен «М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі», «М.Әуезов туралы естеліктер», «М.Әуезов әлемі», «Абай жолы» роман-эпопеясының ғылыми текстологиялық салыстырудан өткен басылымы, М.Әуезов шығармаларының елу томдық жинағының 1-7 томы (1997-1998), М.Әуезовтің «Ескермедім, қабылдамадым…» (1998) атты ашық хаттар жинағы, «Мұхтар Әуезов» энциклопедиясы дайындалды [1,25].
.
Жазушылық жолын ақын ретінде бастап, бір-екі өлендер жинағын шығарғанын, кейіннен прозаға қалам тартып, бірнеше peт республикалық конкурстын бәйгесін алғанын, «Бесқарагер» атты повесінің Ғабит Мүсіреповтің назарына іліккті. Оның сын мақалалары үнемі жарияланып баспасөз бетінде тұрды. Сонын ішінде, Абайдың өмірі мен текстологиясы және М.Әуезовтің туындыларындағы тарихи және көркем шындық туралы салыстырмалы зерттеулері әдебиет қорын толықтырды. «Бесігіңді түзе!..» атты толғау әссесі әдеби ортада ерекше ықыласқа бөленіп, көркем және сыни талдаулар Т. Жұтбайдың ғалым ретінде танытатын.
Бұл көркем әдебиет пен публицистика бар жанрына қалам тартқан Т. Жұртбайдың шығармашылык жолынын алғашкы кезеңі болды.
Ұлтымыздың рухани тарихында мұндай ұлағатты үлгілер көп-ақ. «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деп ұлы Абай айтқандай, Абайдың өзінен бастап рух бостандығы туралы тәлімді сөздерді санамызда жаңғыртып, бүгінгі күннің өзекті ойымен ұштастыра білу – әр зиялылының парызы.
Бұл орайдан алғанда Т. Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» атты үш кітаптан тұратын тарихи деректі монографиясы жатады. Бұл еңбекте Алаш қозғалысы – тарихи пайымдау тұрғысынан жазылған, біртұтас алаш идеясы тұжырымдалған, алаш қайраткерлерінің тағдыр талайы құжаттар арқылы тиянақталған, мол мағлұматтарға толы зерттеу әрі терең ойға құрылған көркем талдау. Сол идея бүгін де ерекше маңызға ие болып, «рухани жаңғыру» ұранымен үндесіп отыр. Т.Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» трилогиясындағы біртұтас алаш идеясын зерттеулер мен талдаулар арқылы тұжырымдап беруі соның бір айғағы[2,12].
Жалпы, бұл еңбек туралы оқырмандар тарапынан жүздеген көптеген пікірлер білдіріліп, баспасөздер мен ақпарат құралдарында үзбей айтылып келеді. Талқылау барысында да белсенді пікірлер де жарияланып жатыр. Оған қазақ жазушылары тарапынан да жоғары бағаланды, сөйтіп, бүгінгі зиялы қауымның назарын аударатын басты кітаптың біріне айналды.
Трилогияның табысты орындалуының басты себептерінің бірін, кітаптың жазылуы тарихы мен көтерген мәселесі туралы анықтамаға жүгінсек, оның анық-қанығын білеміз. Сілтеме-түсініктеменің өзінде: жазушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» атты үш томдық еңбегі ғылыми-тарихи және әдеби-шығармашылық зерттеу болып табылатыны көрсетілген. Деректерге дәйектелген бұл зерттеу «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің үстінен 1927-1932 және 1937-1938 жылдары ОГПУ, НКВД, КГБ тарапынан жүргізілген тергеу істерінің негізінде жазылған.
Т. Жұртбайдың жеке ғылыми-шығармашылық табыстарына келетін болсақ, ол өзінің үздіксіз ізденіс үстінде өткен осы үшінші кезеңінде әдебиет пен тарихтың тамырын жалғап, жан жақтыланып, марқаланып кеткен сияқты. Түпкі танымдық тамыры бір болғандықтан да бұл табиғи көрініс сияқты. Қазір жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың өзі бір-бірімен өзара тығыз байланысып бара жатқаны анық байқалады. Оның үстіне ғылыми орталықтың ұйымдастыру жұмысы әдебиет, тарих, жазу тарихы сияқты салаға тікелей қатысты болғандықтан да, осындай жан-жақтылықты талап етеді. Он жылдың ішінде әр ілім саласын камтитын 30-дан астам сирек қолжазбалар мен көне кітаптарды ғылыми айналымға түсіруінің өзі соның дәлелі[3,66].
Оның ақын, жазушы, журналист, сыншы, әдебиет тарихшысы ретіндегі еңбектерімен қоса тарихи әфсаналары да бір зерттеушінің жүгін көтеретіндей салмақты екен. «Дулыға» атты екі томдығы үш рет басылып, «Құнанбай» атты монографиясы, прозалық шығармаларының төрт томдығы шықты. Тұрсын Жұртбайдың ізденіс аясы мен еңбегі : 2001–2010 жылдар аралығында профессор Т.Жұртбайдың жетекшілігімен 40 мыңға тарта сирек колжазбалар мен кітаптар жинақталып, 31 басылым, соның ішінде «Жетінші қазына» (2004); Нарманбеттің «Кер заман» (2004); Х.Болғамбаевтың «Шығармалары. Тағы лымдары» (2005); Т.Қоңыровтың «Теңеулер табиғаты» (2005); Х.Тәкежановтың «Қазақтың салт-дәстүрлері» (2005); Ә.Марғұланның «Саят кұстары» (2005); Ноғайбайдың «Елім үшін кектімін» (2007); Б.Бафиннің «Тарихи шежіре» (2007); И.Нұрахметтің «Ұлыстық әдебиеттен ұлттық әдебиетке» (2005); С.Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); «Қазақтың салт-дәстүрі (Энциклопедия, 2009); Қ.Сартқожаұлының «Түркі жазуының генезисі» (2007); Н.Ахметбековтің «Өлеңдері мен дастандары» (2007); К.Таңатарұлының «Арман да, арман, шын арман» тарихи жырлары (2011); Қ.Мұхамедхановтың 9 томдық (2004–2011); С.Бегалиннің 6 томдық шығармалар жинағы (2007–2011); «Қазақ ұлт азаттық көтерілісінің тарихы» атты 30 томдықтың 7, 11-15, 17 томдарын (2007, 2008, 2009, 2010) құрастырып, ғылыми түсініктемелер жазылып, баспадан шығарылды. Білім және ғылым министрлігінің аясында ұйымдастырылған «Көне түркі жазба ескерткіштері мен шығыс қолжазбалары Қазақстанның Тәуелсіздігінің рухани негізі» (2003–2005) және «Көне түркі жазба ескерткіштері мен шығыс қолжазбалары Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясының рухани негізі» (2007–2009) атты жобасына ғылыми жетекшілік етіп, түбірлі зерттеулер жүргізіпті. Сонымен бірге, қазір «Қазақ қолжазбалары (біздің дәуірімізге дейінгі X ғ. бастап XXI ғ. дейін)» атты 10 томдық ғылыми жобаны ғылыми айналымға түсіру бағытында жұмыс істеп жатыр екен. Оның: «Қазақ қолжазбалары»: «Ежелгі грек, көне қытай жазбаларындағы түркілік әдеби үлгілер», «Батыс өңіріндегі аз ұлт ақындарының таңдамалы өлеңдері» (51 ақын, Т. Жұртбайдың өзі аудармалары.), «Түркі және қазақ жазба әдеби мұралары», «Маитри смид», VIII ғасырдағы 20 көріністі пьеса. Транскрипция, аударма, түсінік», «Жеті қаған», «Мұз бұршақ» эпосы» (ІХ–ХІ ғ.) атты алғашқы IV томы «Ел шежіре» баспасынан жарық көрді. Бірақ қазақ әдебиеттануына да, тарихшыларға да ой салатын құнды басылым екені даусыз. Ал оның «Ұраным – Алаш!..» атты, 1922–1957 жылдары аралығындағы кеңестік идеологиялык қысым мен саяси жазалау, ұлт зиялыларын қудалау мен қуғын-сүргінге ұшырату, ұлттық санамен құндылықтарды жою, тұқымүзу (геноцидтік), халықтың жадын өшіру, әдебиеті мен мәдениетін рухсыздандыру саясатын әшкерелейтін «Жегі», «Тез», «Талқы» деген үш кітаптан тұратын «түрме әфсанасы» біртұтас алаш идеясының тұжырымдамасы жасалған іргелі еңбек болып табылады. Сонымен қатар, баспасөз бетінде жарияланып жатқан мерзімдік мақалалары қаншама,
сонымен бірге, ол әдебиеттану іліміндегі ұлттық идеяның қалыптасуын зерттей жүріп, қазіргі таңдағы ұлттық идеямыздың калыптасуына аянбай еңбек сіңірген адал да, шыншыл, мінезді тұлғаға айналды. [4,2].
Т.Жұртбайдың жазушы, публицист, тарихшы, әдебиет зерттеушілігіне қоса, мәдениеттанушы, мұражайтанушы қырлары да айқындала түсті. Барған жерінің бәрінде жылт етіп көзге түскенді «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы үшін өтініп сұрап алады, салмақ салып алады, беделін салады, әйтеуір алып келеді. Нәтижесінде «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөліміндегі аса құнды сирек кітаптар саны екі жүзден асты. Мұнда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазанда, Ташкентте, Орынборда, Стамбұлда, Мысырда, Кабулда, Үндістанда, Санк-Петербургте басылған ислам шарттарына, тарихына, мәдениетіне, араб тілінің грамматикасына қатысты қазақ халқы пайдаланған кітаптар, төте жазумен жазылған қазақ жырлары, араб, парсы, шағатай, қазақ, түрік, татар, өзбек т.б. тілдердегі, Пекиндегі, Үрімжідегі, Күйтіндегі баспалардан шыққан Қытайда тұратын қазақтардың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, тарихына қатысты құнды еңбектер жинақталды.
Кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сонымен қатар жеке адамдардың қолынан алынған көпеген еңбектер сақтаулы. Мысалы, осы орталықтың қорына Ақселеу Сейдімбек, Олжас Сүлейменов, Клара Әмірқызы, Сейіт Кенжеахмет, Сара Көлбайқызы, Хамит Бегалин, Қойшығара Салғара, Қаржаубай Сартқожаұлы т.б. тапсырған қазақтың әдебиетіне, мәдениетіне, дәстүріне, тарихына қатысты Ташкентте, Қытайда, Санкт-Петербургте, Қазанда, Самарқандта, Мысырда, Стамбұлда, Лондонда, Орынборда, Прагада, Мәскеуде жарық көрген кітаптар, қолжазбалар, альбомдар жинақталды. Жалпы саны – 108. Мыңнан асса да мақтаныш бола алмайтын дүниелер болуы мүмкін, алайда қорға келіп қосылған бұл материалдардың әрқайсының арқалаған жүгі салмақты. Берері мол. Бұлар, мақтануға ғана емес, сырларын аша білсек өткеніміздің белгісі, болашағымыздың негізі деуге тұратын құндылықтар.
Осы жинақталған қорды жүйелеп, ұрпақ кәдесіне жарату мақсатында да біршама ізденістер жүріп жатыр. Ілгеріде атап өткеніміздей, түрлі тілердегі кітаптардың мазмұнына қазақша түсініктер беріліп, оқырмандардың жалпы мәлімет алуына мүмкіндіктер жасалған. Мамандар тапшысына қарамастан, мысалы шағатай тілін білетін маман кітапханада өте сирек, алға қойылған міндеттердің алғашқы кезеңі сәтті шешімін тапты деп айтуға әбден болады. Атқарылған істен алда тұрған міндеттер жетіп артылады. Бұл жүріп жатқан жұмыстың баяулығын емес, ауқымдылығын көрсетеді. Осы орайда «Адамның адамшылығын істі қалай аяқтағанынан емес, бастағанынан біл», – деген ұлы Абайдың даналығы ойға оралады[5,55]. Осынша мол аса құнды еңбектердің әрқайсысы жеке зерттеу нысанына арқау етуге тұрарлық.
Қазіргі таңда түркі халықтары арасында шағатай тілі атауын өзіне бейімдеп, ескі өзбек тілі деген секілді ғылыми термин қалыптастыруға бейіл танытып жүрген ғалымдар бар. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің де жазба ескерткіштерден өзімізді іздеуге құқымыз бар. Бүгінге дейінгі зерттеушілердің еңбектеріне сүйенсек, шағатай деген термин бірінші – Шағатай ханның есімі, екінші – оның қол астына қараған ұлыстың атауы, үшінші – осы ұлыс халқының жазба әдеби тілі болып табылады. Шағатай қол астына қараған Әмудария, Сырдария, Мауреннахр, Жетісу, Іле, Шығыс Түркістан аймақтары секілді алып өлкені атам заманнан бері қазақ халқының мекендеп келе жатқанын ескерсек, бұл өлкеде қолданылған жазба әдеби тілді қазақ әдеби тілінің тарихи негізі ретінде «ескі қазақ әдеби тілі» деп атауға міндеттіміз[6,4].
Ғылыми орталықтағы жеке қорлар туралы да өте ұзақ айтуға болады. Солардың бір-екеуіне тоқталсақ, академик Ә.Х.Марғұланның жеке мұражай-бөлмесінде қазақ, орыс, ағылшын, қытай, жапон, тілдеріндегі 700-ге тарта археология, этнография, шығыстану, тарих, өнертану кітаптары, ғылыми зерттеу экспедицияларының қолжазбалары, Қазақстанның археологиялық картасы және жеке пайдаланған бұйымдары компас, көзәйнек, үлкейткіш әйнек (лупа), фотоаппарат, әмияны, фото-суреттер сияқты жеке заттары да қойылған.
Қазақ археология ғылымының негізін салушылардың бірі, Ә.Марғұланның шәкірті Кемал Ақышевтың мұражай-кәбинеті өз алдына бір әлем. Ғалымның жеке кітапханасында 615 кітап пен ғылыми-зерттеу еңбектерінің қолжазбалары қойылған. Сызбалар, археологиялық карталар, суреттер, диафильмдер ғалымның барша рухани әлемімен танысуға мүкіндік береді. Осы еңбектерді жинау, сақтау, мұражайда орнын тауып орналастыру ісін ұйымдастыруға келгенде Т.Жұртбайдың еңбегі ерен. «Мәдениеттанушы, мұражайтанушы қырлары да айқындала түсті» – деп отырған себебіміздің бірі де сол[7,80].
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің қорының көлемі 5600 дана, оның ішінде жалпы 21 тілде жазылған сирек кітаптар мен қолжазбалар, мерзімді басылымдар бар.
Ерлі-зайыпты академиктер С.Қирабаев пен жаратылыстану ғылымдарының докторы Ә.Бейсенова өздерінің кітапханасын сыйға берді. Мұнда жаратылыстану, тарих, тіл білімі, ауыз әдебиеті үлгілері, қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, түрік тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен газет-журналдар, ғалымның қолжазбалары, қазақ және орыс тілдеріндегі авторефераттар бар.
Қазақтың біртуар перзенті қаламгер-ғалым Ақселеу Сейдімбектің жеке кітап қорында қазақ, орыс және басқа да тілдердегі көптеген кітаптар, баспасөз материалдары, жекелеген қолжазбалар, грампластинка мен фотопленкалар, мақалар мен қолжазбалар сақалған, олардың жалпы саны 1744 аталым. Бұл қордағы еңбектердің, соның ішінде әсіресе шежірелер жинағының өзі жеке зерттеуді қажет етеді.
Үшіншіден, айналасына білікті мамандарды топтастыра білу бағытында да білікті маман, тәжірибелі басшы ретінде ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізе алды. Өмір бойы кітапханада істеп, таңнан кешке дейін бір таусылмайтын ішкі жұмыстардың қыр-сырын терең меңгерген жоғары білікті кітапханашыларды айналасына топтастырды, жауапты орындарға қойып, жұмыстың өнімділігін артырып отырды. Он жыл өмірін арнаған Отырар кітапханасы ғылыми орталығының шаңырағы астында қызметкерлердің ризалығына бөленуі Т.Жұртбайдың қол жеткізген тамаша қасиеті ретінде бағалануға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |