АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет49/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95

Талдау мерзімі бойынша айналымда болатын пайыздық своптардың шартты сомалары әрбір мерзімге қатысты болады. Себебі, пайыз әрбір мерзімге қатысты шартты сома бойынша есептеледі, ал пайыздық своп айналымындағы ауыспалы мөлшерлемесі бар компоненттер әрбір тоқсанға сәйкес пайыздың ағымдық нарықтық мөлшерлемесі бойынша қайта бағаланады. Шартты сома ауыспалы мөлшерлемелері бар активтер мен міндеттемелердің негізгі сомаларының сальдосына ұқсас пайыздық тәуекелді құрайды.

Қолданыстағы жағдайлар ескерілгеннен кейінгі қалған тәуекел хеджирлеудің қолданыстағы позицияларын түзету қажеттілігінің дәр анықтау үшін бағаланады. III кестенің төменгі бөлігінде X1 мерзімінің басындағы орындалған операциялар алдағы уақытта таза тәуекелдерді жою үшін қажетті пайыздық своптармен көрсетілген.

Мысалда келтірілгендей, ақшалай ағындардың тәуекелі толығымен жойылмайды. Көптеген субъектілер тәуекелді толық жоймайды, бірақ оларды кейбір тиісті шекке дейін азайтады.

Болжамданатын таза ақшалай ағындар кестесінде (II кесте) сәйкестендірілген пайыздық мөлшерлемелер өзгерісінің тәуекелін басқару үшін әр түрлі туынды құралдар қолданылады. Алайда, мысалда мақсаттар болжамданғандай, хеджирлеудің барлық операцияларында пайыздық своптар қолданылады. Сонымен қатар пайыздық своптар жойылудың орнына қысқартылуы тиіс.

Жоғарыдағы III кестеде көрсетілгендей, пайыздың тіркелген мөлшерлемесі бойынша түсімдер мен ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдерді қарастыратын 1 своп X1 және X2 мерзімдерінің таза тәуекелдерін азайту үшін қолданылады. Бұл 10-жылдық своп болғандықтан, ол басқа да кезекті мерзімдерде сәйкестендірілген тәуекелдерді азайтады. Алайда, своп X3–X5 мерзімдері үшін позициялардың хеджирленуіне әкеп соқтырады. Әрекеті болашақта басталатын, пайыздың тіркелген мөлшерлемесі бойынша түсімдер мен ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдерді қарастыратын 2 Своп X3–X5 мерзімдегі айналымдағы пайыздық своптардың шартты сомаларын төмендету үшін қолданылады.

Тәуекелдерді тиісті шекке келтіру үшін көптеген жағдайларда бір ғана түзету талап етіледі. Алайда, егер тәуекелдерді басқару субъектісінің саясатымен тәуекелге деген көзқарасы өте төмен деңгейде болса, болжамданатын уақытта тәуекелдерді төмендету үшін хеджирленетін позицияларға түзетулерді енгізу қажет.

Егер кейбір пайыздық своптар толығымен басқа пайыздық своптарға компенсацияланатын болса, оларды хеджирлеудің сыныпталған қатынасына қосудың қажеті жоқ. Мұндай компенсацияланатын позициялар хеджирлеу құралдарының категориясында қайта сыныпталуы мүмкін. Бұл процедура брутто-негізед своптардың анықталуы мен оларды хеджирлеу қатынасының аумағында бақылауға қатысты шектеу қояды. Мысал мақсаты үшін болжамданғандай, 500АБ тең, тіркелген мөлшерлеме бойынша төлемдер мен ауыспалы мөлшерлеме бойынша түсімдерді қарастыратын пайыздық своптар X1 мерзімінің басында және X1–X5 мерзімдерінде 500АБ тең толығымен тіркелген мөлшерлеме бойынша түсімдерді және пайыздың ауыспалы мөлшерлемесі бойынша төлемдерді қарастыратын пайыздық своптарды толығымен компенсациялайды және ол хеджирлеу құралының категориясынан сауда портфеліне қайта сыныпталады.

Бұл жағдайлар анықталғаннан кейін III кестеден алынған пайыздық своптың қалған валдық жағдайлары IV кестеде ұсынылған.



IV кесте «Хеджирлеу құралы ретінде анықталған пайыздық своптар»

Тоқсандық мерзім (бірліктер)

X1

X2

X3

X4

X5

n

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

Тіркелген мөлшерлеме бойынша түсімдер, ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдер (шартты сомалар)

3,500

3,500

2,700

2,700

2,700

x,xxx

Тіркелген мөлшерлеме бойынша төлемдер, ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдер (шартты сомалар)

(500)

(500)

(1,000)

(1,000)

(1,000)

x,xxx

Айналымдағы своптың таза позициялары

3,000

3,000

1,700

1,700

1,700

x,xxx

Мысалдың мақсаты үшін болжамданғандай, X1 мерзімінің басында жасалған 2 своп хеджирлеу құралы ретінде ескерілетін басқа свопты біртіндеп компенсациялайды, сондықтан әрі қарай хеджирлеу құралы ретінде сыныптала береді.

Хеджирлеуді есепке алу бойынша сұрақтар

Хеджирлеу қатынасын анықтау мысалы

Осы уақытқа дейін бұл мысалдарда экономикалық сұрақтар мен тәуекелдерді басқару бойынша сұрақтар қарастырылып келді. Бұл операциялар хеджирлеуді есепке алу мақсаты үшін хеджирлеуге қатысты анықтамаға арналған негізді құрайды.

ҚСҚЕХС 29 келтірілген мысалдар хеджирлеудіңбір саласы мен бір құралының қатыстыруы арқылы хеджирлеу қатынастарына байланысты. Берілген мысалда жалпы қағидалар хеджирлеуге қатысты қолданылады. Хеджирлеу қатынастарын анықтау кезінде субъект тиімсіздік дәрежені назарға алуы мүмкін.

Алайда, хеджирлеуді есепке алу талаптарын қанағаттандыруда анықтаманың қалыптасуы хеджирлеу қатынасының дәрежесіне әсер ететіндіктен, хеджирлеуді есепке алу мақсаттары үшін хеджирлеу операциялары бақылануы тиіс. Сәйкесінше, субъект хеджирлеу қатынасын жүйенің тиіссіз өзгерісін болдырмайтындай тәсілмен анықтай алады. Хеджирлеу қатынасын анықтау кезінде субъект тиімсіздік дәрежесін назарға алуы мүмкін. Ал оның мойындалуы анықтаудың ұқсас тәсілдерінде күтіледі.



Хеджирлеу қатынасын анықтау кезінде ақшалай қаражаттардың түсімдерімен байланысқан әр түрлі факторларды ескеру қажет, бірақ бұл нұсқаулар ақшалай қаражаттарды төлеумен байланысқан тәуекелдерді хеджирлеуге қатысты. Ақшалай қаражаттардың түсімдеріне қатысты валдық тәуекелдердің бөлігі ғана пайыздық своптардың көмегімен хеджирленетіні сөзсіз. V кестеде «Хеджирлеудің жалпы қатынасы» пайыздық своптардың негізінде хеджирленетін II кестеде сәйкестендірілген қайта инвестициялаудың валдық тәуекелдер бөлігін анықтау мысалдары келтірілген.

V кесте «Хеджирлеудің жалпы қатынасы»

Тоқсандық мерзім

X1

X2

X3

X4

X5

n

(бірліктер)

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

Ақшалай ағындарды қайта бағалау тәуекелі (II кесте)

14,100

12,689

11,687

9,700

9,409

x,xxx

Тіркелген мөлшерлеме бойынша түсімдері және пайыздың ауыспалы мөлшерлемесі бойынша төлемдері бар своптар (IV кесте)

3,500

3,500

2,700

2,700

2,700

x,xxx

Хеджирленетін тәуекелдің үлесі

24.8%

27.6%

23.1%

27.8%

28.7%

xx.x%

Хеджирленетін тәуекелдің үлесі своптардың шартты сомаларына қатысты есептеледі. V кестеде көрсетілген әрбір мерзімдегі болжамданатын қайта инвестициялаудың деңгейлері соманы өтеу үшін, жеткілікті болып есептеледі. V кестеде келтірілген әрбір мерзім үшін болжамданатын қайта инвестициялау деңгейлері тіркелген мөлшерлеме бойынша түсімдер мен пайыздың ауыспалы мөлшерлемесі бойынша төлемдерді қарастыратын своптардың шартты сомасынан асып түсетін сомаларды өтеу үшін және болжамданатын операцияның орындалу талаптары үшін жеткілікті болуы тиіс.

Алайда, ақшалай қаражаттар ағынына әсер ететін және хеджирлену ретінде анықталған пайыздық тәуекелдермен байланысқан ерекше қатынас және пайыздық своптардың көмегімен тәуекелдерді азайту тиімділігі анықталмаған. Бұл жағдайдың ерекше анықтамасының мысалы VI «Хеджирлеудің ерекше қатынасы» кестесінде келтіріледі. Кестеде хеджирлеу анықтамасының күрделі сипаттамасының ерекше тәсілі қарастырылады. Күтілетін хеджирленетін пайыздық төлемдер пайыз түрінде пайыздық төлемдерді үш айлық мерзімге сәйкес хеджирленетін тәуекелдің үлесіне көбейту арқылы есептеледі.



Мысалы, X2 мерзімі үшін 14,100АБ тәуекелінің жинақтық мөлшері пайыздық мөлшерлеменің ағымдағы уақытша құрылымына қатысты белгіленген тоқсандық мерзімдер үшін күтілетін пайыздық төлемдерді есептеу мақсатында 5.50 пайыз, 6.00 пайыз, 6.50 пайыз және 7.25 пайыздарына тең X2–X5 мерзімдерінің форвардтық мөлшерлемесіне көбейтіледі. Алдағы уақытта күтілетін хеджирленетін пайыздық төлемдер сәйкес үш айлық мерзімнің күтілетін пайыздық төлемдердін пайыз түрінде хеджирленетін тәуекелдің үлесіне көбейту жолымен есептеледі.

VI Кесте «Хеджирлеудің ерекше қатынасы»

Пайыздық мөлшерлемелердің уақытша құрылымы

Тоқсандық мерзім

X1

X2

X3

X4

X5

n

Спот-мөлшерлемелер

5.00%

5.25%

5.50%

5.75%

6.05%

x.xx%

Форвардтық мөлшерлемелер (a)

5.00%

5.50%

6.00%

6.50%

7.25%

x.xx%

Ақшалай ағындардың тәуекелдері мен пайыздық төлемдердің сомалары

Қайта бағалау мерзімі

Болжамданатын операцияға дейінгі уақыт

Тәуекелдің жинақтық сомасы

Күтілетін пайыздық төлемдер

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

2

3 ай

14,100



194

212

229

256




3

6 ай

12,689







190

206

230

xxx

4

9 ай

11,687










190

212

xxx

5

12 ай

9,700













176

xxx

6

15 ай

9,409
















хxx

Алдағы кезеңдегі хеджирленетін үлес (V кесте)

24.8%

27.6%

23.1%

27.8%

xx.x%

Хеджирленетін пайыздық төлемдер

48

52

44

49

xx

(a) Форвардтық пайыздық мөлшерлемелер пайыздың спот-мөлшерлемелеріне қатысты есептеледі және есептілікті ұсыну мақсаттары үшін шамаға келтіріледі.Форвардтық пайыздық мөлшерлемелер негізінде туындалатын есептеулер нақты есептелген форвардық мөлшерлемелерге негізделеді және есептілікті ұсыну мақсаттары үшін шамаға келтіріледі.

Жоғарыда аталып өткендей, хеджирлеу қатынасын анықтау кезінде міндетті түрде анықтама сипаттамасын күрделендіретін әр түрлі аспектілерді көрсету қажет. Келесі мысалда анықтама толық сипатталады және анықтаманың қосымша аспектілері көрсетіледі. Жалпы соманың ұзақмерзімді тіркелген немесе ауыспалы пайыздық мөлшерлемемен немесе қасқамерзімді қарыз тәуекелімен қайта инвестициялануы маңызды болып табылмайды. Пайыздың форвардтық мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі бірдей болып табылады. Мысалы, егер 14,100АБ X2 мерзімінің басында пайыздың тіркелген мөлшерлемесі бойынша алты айға қайта инвестицияланатын болса, қайта инвестициялаудың мөлшері 5.75 пайызға тең болады. Күтілетін пайыздық төлемдер X2 мерзімі үшін 5.50 пайызға тең және Х2 кезеңдегі келесі алты айға споттық пайыздық мөлшерлеме болып табылатын 5.75 пайыз (1.055 × 1.060)0.5, X3 мерзімі 6.00 пайызға тең форвардтық мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Алайда хеджирленетін пайыз ретінде ақшалай қаражаттардың түсімдерін қайта инвестициялаудан немесе болжамданатын операцияны орындағаннан кейін бастапқы үш айлық мерзімнің валдық сомасын қайта бағалаудан түскен күтілетін пайыздар ғана анықталады. Бұл мысалда пайыздық тәуекелдің хеджирленетін бөлігі X2 мерзімі үшін 5.50 пайызға тең форвардтық мөлшерлемені білдіреді. Хеджирлеу тиімділігін бағалау үшін және тұрақты негізде хеджирлеудің нақты тиімсіздігін есептеу үшін субъект VI кестеде келтірілген пайыздардан түскен ақшалай қаражаттардың хеджирленетін түсімдері туралы ақпаратты ескере алады және оны ақшалай қаражаттардың күтілетін түсімдерінің жаңа бағасымен салыстыра алады (мысалы, II кестеде келтірілген мәліметке сәйкес). Егер пайыздардан түскен ақшалай қаражаттардың күтілетін түсімдері пайыздардан түскен ақшалай қаражаттардың хеджирленетін түсімдерінен асып түссе, субъект ақшалай қаражаттардың хеджирленетін түсімдерінің шынайы құнының жинақталған өзгерісін хеджирлеудің нақты тиімділігін есептеу мақсатында хеджирлеу құралының шынайы құнының жинақталған өзгерісімен салыстыра алады. Егер пайыздардан түскен ақшалай қаражаттардың жеткіліксіз күтілетін ағындары болса, ол тиімсіздікке әкеп соқтырады. Тиімсіздік пайыздардан түскен ақшалай қаражаттардың күтілетін түсімдерінің шынайы құнының жинақталған өзгерістерін салыстыру жолымен өлшенеді.



Хеджирлеу қатынасының анықтамасын сипаттау

Жоғарыда айтылғандай, хеджирлеу қатынасын анықтау кезінде есепке алу мақсаттары үшін мойындалатын тиімсіздікті шекету үшін қажетті және анықтаманың сипаттамасын күрделендіре түсетін әр түрлі аспектілерді көрсету қажет. Анықтаманың келесі мысалында алдыңғы мысалдарда көрініс таппаған анықтаманың қосымша аспектілері толық сипатталады және ұсынылады.



Анықтама мысалы

Хеджирлеу мақсаты

Хеджирлеу мақсаты хеджирлеу мерзімінің қарсаңында пайыздық мөлшерлемелердің ауытқу тәуекелін жою және пайыздық своптың тіркелген мөлшерлемесіне тең сол мерзімдегі тіркелген мөлшерлемені алу болып табылады.



Хеджирлеу түрі

Ақшалай ағындарды хеджирлеу.



Хеджирлеу құралы

Хеджирлеу құралы ретінде пайыздың тіркелген мөлшерлемесі бойынша ақшалай қаражаттардың түсімдері мен пайыздың ауысымдық мөлшерлемесі бойынша төлемдерді қарастыратын пайыздық своптар анықталады.

Своптың әрбір қайта бағалануы пайыздардан түскен ақшалай қаражат түсімдерінің үш айлық бөлігін хеджирлеу үшін қызмет атқарады. Оның нәтижесі төмендегідей:

V кестеде көрсетілген негізгі сомалардың болжамданатын қайта инвестициялануы немесе қайта бағалануы.

Айналымдағы мерзімнің қарсаңында свопты қайта бағалау күндерінен кейін орындалатын байланыссыз инвестициялар немесе қайта бағалау.


Хеджирленетін бап — жалпы ақпарат

Хеджирленетін бап пайыздардан түскен жинақтық ақшалай ағындардың бөлігі болып табылады. Пайыздардан түскен ақшалай қаражаттар түсімдерінің хеджирленетін бөлігі үш компоненттен тұрады:

Түсімдер орындалатын мерзімде пайыздардан түсетін ақшалай қаражаттардың түсімдеріне септігін тигізетін негізгі компонент;

Пайыздық мөлшерлеме; және

Хеджирлеу уақыты.


Хеджирленетін бап — негізгі компонент

Пайыздардан түскен ақшалай қаражаттар түсімдерінің хеджирленетін бөлігі әрбір кезеңдегі негізгі сомалардың бірінші бөлігін инвестициялау немесе қайта бағалау нәтижесінде туындайтын соманы білдіреді:

Бұл хеджирлеу құралы ретінде анықталатын пайыздың тіркелген мөлшерлемесі бойынша ақшалай қаражаттардың түсімдері мен пайыздың ауысымдық мөлшерлемесі бойынша төлемдерді қарастыратын пайыздық своптың шартты құнының сомасына тең, және

Бұл пайыздық своптарды қайта бағалау күндерінде немесе олардан кейін инвестицияланатын немесе қайта бағаланатын ақшалай қаражаттардың алғашқы негізгі сомасына сәйкес келеді.





Анықтама мысалы

Хеджирленетін бап — пайыздық мөлшерлеме

Пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің хеджирленетін бөлігі келесі компоненттердің өзгерісінен тұрады:

Пайыздық свопқа қатысты несиелік тәуекелге тең инвестицияланатын немесе қайта бағаланатын негізгі сомасымен бірге төленетін пайыздық мөлшерлеменің негізгі компоненті. Пайыздық своптың пайыздық индексіне тең инвестициялардың пайыздық мөлшерлемесінің бөлігі, мысалы, LIBOR мөлшерлемесіне тең; және

Хеджирлеу құралы ретінде анықталған пайыздық свопты қайта бағалау мерзіміне тең кіріс қисығын білдіретін пайыздық мөлшерлеменің компоненті.



Хеджирленетін бап —хеджирленетін мерзім

Пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің тәуекелі тиетін ақшалай қаражаттардың хеджирленетін бөлігінің мерзімі:

Тоқсандық мерзім шегінде немесе болжамдық операция орындалатын уақыт қарсаңында басталатын пайыздық свопты анықтау күнінен бастап қайта бағалау күніне дейінгі уақыт аралығы; және

Оның болжамданатын операцияның орындалу мерзіміне әсері пайыздық свопты қайта бағалау мерзіміне тең.



Своптар бір инвестициямен байланысқан ақшалай ағындардың тәуекелін хеджирлемейді. Своптар әр түрлі инвестициялар мен қайта бағалауға қатысты ақшалай ағындардың тәуекелдерін хеджирлеу үшін анықталады. Своптар тек қайта инвестициялаудан кейінгі бірінші мерзімде түскен пайызды ғана хеджирлейді. Свопты қайта бағалау күнінен бастап ақшалай қаражаттардың түсімін хеджирленетін қайта инвестициялау күніне дейінгі уақыт аралығында пайыздық мөлшерлемелер өзгерісінің әсер ету тәуекелі хеджирленбейді. Свопты қайта бағалау кезінде своптың пайыздық мөлшерлемесі қайта бағалаудың келесі күніне дейін тіркеледі және своп бойынша нетто-есептеулердің есебі анықталады. Осы күннен кейінгі пайыздан түсетін ақшалай қаражаттар түсімдерінің сомасына әсер ететін пайыздық мөлшерлемелердің кез келген өзгерісі есепке алу мақсаттары үшін алдағы уақытта хеджирленбейтін болады.

Анықтау мақсаты

Жүйелердің сұрақтары

Егер ақшалай қаражаттар түсімдерін болжамданатын қайта инвестициялаудан және қолданыстағы активтердің әрекет ету мерзімдері үшін пайыздың ауыспалы мөлшерлемесі бар активтерді қайта бағалаудан түскен ақшалай ағындардың хеджирленетін тәуекелі ретінде әрбір пайыздық свопты қайта бағалау керек болса, қадағалаудың және есепке алудың көптеген талаптары алынып тасталынады. Егер своптар осы активтердің барлық әрекет ету мерзімі үшін болжамданатын негізгі операциялардан және пайыздың ауыспалы мөлшерлемесі бар активтерді қайта бағалаудан түскен ақшалай ағындардың хеджирленетін тәуекелі ретінде анықталатын болса, онда қадағалау мен есепшілік есепке алу талап етіледі.

Хеджирлеу анықтамасының бұл типі болжамданатын операцияны жүзеге асырғаннан кейін таза активте/капиталда мойындалатын кірістер мен шығыстарды қадағалаудан бас тартуға мүмкіндік береді (29 ҚСҚЕХС 108 және 29 ҚСҚЕХС 109), себебі, ақшалай қаражаттар тәуекелінің хеджирленетін бөлігі ақшалай қаражаттардың көмегімен мерзімдік нетто-есептеулерге сәйкес келетін кезекті болжамданатын операциялардан кейінгі уақытта пайда немесе шығын құрамында мойындалатын бөлігі болып табылады. Егер хеджирлеу сатып алынатын активтердің барлық мерзіміне таралатын болса, нақты пайыздық свопты сатып алынатын активтермен байланыстыру қажет. Егер болжамданатын операция пайыздың тіркелген мөлшерлемесімен бірге құралды сатып алудан тұратын болса, операцияны хеджирлеу құралы ретінде қолданылатын своптың шынайы құны пайыздық кіріс мойындалған кездегі жағдайларда активтен түсетін пайыздық кірісті түзету үшін пайда немесе шығындардың құрамында мойындалатын болады. Бұл жағдайда своп басқа да хеджирлеу қатынасының аумағында тоқтатылуы немесе қайта сыныпталуы тиіс. Егер болжамданатын операция пайыздың ауыспалы мөлшерлемесімен бірге активті сатып алудан тұратын болса, своп хеджирлеуге қатысты сақталатын болады, бірақ мұны сатып алынған активке кері қадағалап отыру қажет, себебі таза активте/капиталда мойындалған своптың шынайы құнының кез келген сомалары активті кезекті сатуға байланысты пайда немесе шығын құрамында мойындалуы керек.

Хеджирлеудің мұндай типі таза активте/капиталда мойындалған своптың шынайы құнының кез келген бөлігінің ауыспалы пайыздық мөлшерлемесімен бірге активтерді қажет етуді болдырмауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, бұл кезде таза активте/капиталда мойындалған своптың шынайы құнының ешбір бөлігі болжамданатын операцияны орындау немесе ауыспалы пайыз мөлшерлемесі бар активті сату бойынша пайда немесе шығындар құрамында мойындалмауы тиіс.

Сонымен қатар анықтаудың мұндай типі ақшалай қаражаттардың түсімі бойынша қайта инвестициялау тәсілін таңдау кезінде оңтайлылықты қамтамасыз етеді. Хеджирленетін тәуекел хеджирлеу құралы ретінде анықталған пайыздық свопты бағалау кезеңіне сәйкес келетін бір мерзімге ғана қатысты болса, ақшалай қаражаттар тіркелген немесе ауыспалы пайыз мөлшерлемесі бар активтерге қайта инвестициялаудың анықтау күнін шешу міндетті емес.

Тиімділік сұрақтары

Тиімсіздік айтарлықтай хеджирлеу ретінде ақшалай ағындар тәуекелінің нақты бөлігін анықтау жолымен төмендейді.



  • Пайыздық своп пен хеджирленетін ақшалай қаражаттар ағынының несиелік сапасындағы айырмашылықтан пайда болатын тиімсіздік пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысқан тәуекел ретінде ақшалай ағындардың хеджирленетін тәуекелін анықтау жолымен жойылады, мысал ретінде АА сәйкес рейтингісінің мөлшерлемелерін келтіруге болады. Анықтаманың мұндай түрі тиімсіздік ретінде несиелік спрэдтердің өзгеруі нәтижесінде пайда болған өзгерістерді қарастырмауға мүмкіндік береді.



  • Пайыздық своп пен хеджирленетін болжамдық ақшалай ағынның әрекет ету мерзімінің арасындағы айырмашылықтың нәтижесінде пайда болатын тиімсіздік кіріс қисығы бөлігінде өзгеретін тәуекел ретінде хеджирленетін пайыздық тәуекелді анықтау жолымен жойылады.



  • Пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің нәтижесінде пайыздық свопты қайта бағалау күні мен болжамданатын операциялардың күні арасында пайда болатын тиімсіздікті жою үшін бұл мерзімді хеджирлемейді. Свопты қайта бағалау және болжамданаытн операцияны орындау мерзімдері хеджирлеусіз қалады. Сондықтан күндер арасындағы айырмашылық тиімсіздіктің пайда болуына әкеп соқтырмайды.

Есепке алу мәселелері

Осында сипатталған әдістемені қолдана отырып, хеджерлеу есебі үшін өлшемдерді қанағаттандыру мүмкіндігі 29 ҚСХҚЕС және осы Стандарттың талаптарының түсіндіруіне негізделеді. Олардың кейбірі F.6.2 «Таза негізде пайыздық тәуекелдіктерді басқару кезіндегі хеджерлеу есебінің мәселелері» бөлімінде сипатталады. Төменде қосымша және көмекші ережелер мен түсіндірулер келітірледі.



Тәуекелге ұшырағыш бөлігін хеджирлеу

Ақша ағынын қайта инвестициялау нәтижесінде немесе пайыздың ауыспалы мөлшерлемесімен құралдарды қайта бағалау нәтижесінде тәуекелге ұшырағыш ақша ағынының бір бөлігін ғана хеджирлеу мен сәйкестендіру мүмкіндігі F.6.2 «Мәселе (k)» және F.2.17 «Мерзімдер бөлігін хеджирлеу» бөлімдеріндегі жауаптарында келтірілген 29 ҚСХҚЕС 90 түсіндірмесіне негізделеді.



Бір құралдың көмегімен бірнеше тәуекелдерді хеджирлеу

Своптың айналысы кезіндегі ақша түсімдерінің бірнеше қайта инвестициялау немесе ауыспалы пайыздық мөлшерлемесімен активтерді қайта бағалаудағы ақша қаражаттары ағынының өзгеруі тәуекелдігі кезіндегі хеджирлеудің құралы ретінде бірдей пайыздық свопты анықтау мүмкіндігі 29 ҚСХҚЕС 85 түсіндірмесіне негізделеді, ол F.1.12 «Бірнеше тәуекелдіктер кезінде хеджирлеу» мәселесінде берілген.



Портфельдегі ұқсас тәуекелдерді хеджирлеу

Пайыздық мөлшерлемелердің ақша ағындарына әсер етуіндегі өзгерістердің тәуекелдіктерінің бөлігі ретінде хеджирленетін болжамды операцияны көрсету мүмкіндігі, яғни инвестициялау мерзімі кезінде, онымен байланысты негізсіз пайыздық төлемдер пайда болған кезде күні, құралдың қызмет ету мерзімі қандай болатындығы және ол арқылы ауыспалы және тұрақты пайыздық мөлшерлеме төленетіндігі F.6.2 «Мәселе (l)» мәселесінде негізділеді, оған сәйкес хеджирленетін бөлік ретінде анықталған олардың тәуекелдігі бірдей болу шарытнда портфельде ұқсас жалпы тәуекелдіктің анықталуы міндетті емес.



Хеджирлеуді тоқтату

Хеджирленетін бөлік ретіндегі болжанатын операцияны (инвестициялау немесе қайта бағалау кезіндегі ақша ағындарының тәуекелге ұшыруы свопты қайта бағалағаннан кейін болады) қайта анықтау мүмкіндігі 29 ҚСХҚЕС 112 қамтамасыз етіледі, онда хеджирлеуді тоқтату мәселелері қарастырылады. Болжанатын операцияның бөлігі ендігі хеджирленбеген болса да, пайыздық своп қайта анықталмайды және әлі болмаған операциялар серияларында қалған операциялар үшін хеджирлеу құралы болып қала береді. Мысалы, пайыздық своптың аяқталуына бір жыл қалды делік, ол ақша ағындарының түсуінің үш түрлі қайта инвестициялаудың серияларын хеджирлеу құралы ретінде анықталған, олардың әрбірі бір тоқсанға тең келеді. Ендігі ақша ағындарын болжамды қайта инвестияциялау үш айдан соң болады. Пайыздық свопты қайта бағалау кезінде үш айдан соң ағымдағы мерзімге дейін ауыспалы пайыздық мөлшерлемесі, нақты пайыздық мөлшерлеме мен своп бойынша ауыспалы пайыздық мөлшерлеме белгілі болады және келесі үш ай үшін хеджирлеуді қамтамасыз етпейді. Егер болжанып отырған операция үш айдан кейін және он күннен соң басталатын болса, пайыздық свопты қайта бағалаудан кейін қалған он күндік мерзім хеджирленбейді.

F.6.4 Хеджирлеу есебі: мерзімдік валюталық шарт бойынша сыйақы немесе дисконт



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет