(l) сұрағы – Жоғарыда (c) сұрағының жауабында айтылғандай, хеджирленетін бап болжамданатын операциялар тобы ретінде құжатталады. Мұндай операциялар орындалу кезінде әр түрлі шарттарға, соның ішінде, несиелік тәуекелдер, мерзімдер және опциондық сипаттамаларға ие болатындықтан, субъект 29 ҚСҚЕХС 87 және 29 ҚСҚЕХС 93 талаптарын қалай орындай алады?
29 ҚСҚЕХС 87 тәуекелдің ұқсас сипаттамаларымен бірге болжамданатын операциялардың немесе активтердің, міндеттемелердің, қатаң келісімдердің тобын хеджирлеу туралы айтылады. 29 ҚСҚЕХС 93 хеджирлеу портфелінің екі шартты орындауға қатысты қосымша нұсқауларды береді: портфельдегі жеке салалар бірдей тәуекелдің әрекетіне ұшырауы тиіс және хеджирленетін тәуекелмен байланысты шынайы құнның өзгерісі күтілуі тиіс.
Егер субъект туынды құрал болып табылатын хеджирлеу құралын жалпы тәуекелмен, хеджирленетін баппен байланыстырса, онда ол болжамданатын операциялар тобы болып есептеледі. Болжамданатын операциялар тобымен байланысқан ақшалай ағындар тәуекелдерін хеджирлеу құралдары үшін жиынтық болжамданатын операциялар мен активтер немесе міндеттемелер әр түрлі тәуекелдерге ие болуы мүмкін. Болжамданатын операциялардан туындайтын тәуекел несиелік тәуекелге, мерзімдерге, опциондарға және басқа да сипаттамаларға қатысты күтілетін шарттарға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Топтағы жеке баптар үшін жалпы тәуекел көлемі әртүрлі болуы мүмкін, әрбір баптың құрамында бар арнайы тәуекелхеджирленген ретінде анықталады.
Портфель құрамындағы салалар міндетті түрде бірдей жалпы тәуекелге ие болу қажет емес. Тәртіп бойынша, портфель құрамындағы қаржылық активтер үшін жалпы тәуекел тәуекелдік немесе бағдарлық пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінің немесе бегіленген пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінің тәуекелі болып табылады. Егер портфельде топталған құралдар әр түрлі несиелік тәуекелдерге ие болатын болса, оларды топ ретінде тәуекел бөлігінің әсерінен хеджирлеуге болады. Олар үшін хеджирленетін жалпы тәуекел портфельдегі ең жоғары несиелік рейтингісі бар құралдың пайыздық мөлшерлемесінің өзгерістер тәуекелі болып табылады (мысалы, тәуекел деңгейі төмен құрал). Егер хеджирлеу құралының несиелік сапасы ең жоғары несиелік рейтингісі бар хеджирленетін құралдың несиелік сапасынан төмен болса, тиімсіздік ықтималдығы пайда болады (29 ҚСҚЕХС 83 параграфы ). Мысалы, егер активтер портфелі A, BB және B рейтингтеріне ие активтерден тұратын болса және мұндай активтер үшін ағымдық нарықтық мөлшерлеме LIBOR+20 (LIBOR-лондондық банкаралық мөлшерлеме), LIBOR+40 және LIBOR+60 базистік тармақтарына ие болса, субъект пайыздың тіркелген мөлшерлемесі бойынша төлемдерді алуды және LIBOR негізінде ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдердің жүзеге асыруын қарастырады. Егер хеджирленетін тәуекел ретінде LIBOR мөлшерлемесі анықталған болса, LIBOR мөлшерлемесінің несиелік спрэдтері хеджирлеудің сыныпталған қатынасынан және оның тиімділігін бағалаудан алынып тасталуы мүмкін.
F.6.3 F.6.2 сұрағында көрсетілген ықпалды қолданудың көрнекілік мысалы
Осы мысалдың мақсаты – хеджирлеу позициясын анықтау, бақылау және түзету және F.6.2 сұрағы аумағында хеджирлеуді есепке алу ықпалын қодану кезінде ақшалай ағындарды хеджирлеуді ескеру талаптарын орындау процесін көрсету. Осы мақсатқа қатысты бұл мысалда қолданыстағы тәуекелдерді басқару жүйелері негізінде хеджирлеуді есепке алуға мүмкіндік беретін әдіснама ұсынылған. Бұл өз кезегінде қажетсіз есепшілік есепке алу мен бақылаудан, өзгерістерден алшақ болуға септігін тигізеді.
Ұсынылатын ықпал бірнеше тәуекелдерді басқару процестерінің бірін көрсетеді. Мұны қолдану басқа ұқсас әдістерді пайдалануға болмайтындығын білдірмейді. Көрсетілетін ықпал басқа да шарттарда қолданылуы мүмкін, мысалы, вексель көмегімен қаржыландыру мерзімін ұзартуды хеджирлеу.
Ақшалай ағындар тәуекелдерін сәйкестендіру, бағалау және төмендету
Талқылау субъект қызметінің мысалына негізделеді, мысалы, бұл барлық субъектінің деңгейінде белгілі бір валютаға қатысты күтілетін ақшалай ағындарды талдау жолымен пайыздық тәуекелдерді басқаратын қаржы департаменті болуы мүмкін. Ақшалай ағындарды талдау субъектінің пайыздық тәуекелін сәйкестендіру үшін, тәуекелді басқару мақсатында хеджирлеу опреацияларын орындау үшін және хеджирлеуді есепке алуға қатысты критерийлерді практикада қолданылуын қадағалау үшін негізді құрайды.
Келесі мысалда Х0 мерзімінің басында субъект болашақ таза ағындардан төмен көрсетілген күтілетін ақшалай қаражаттарға ие болғандағы жағдай болжамданады. Ақшалай қаражаттардың ағындары мерзім соңында белгіленген, сондықтан ақшалай қаражаттардың түсімдерін қайта инвестициялау немесе қайта бағалау және ақшалай қаражаттардың төлемдерін қайта қаржыландыру және қайта бағалау нәтижесінде кезекті мерзім үшін пайыздық төлемдердің тәуекелдерін құрайды.
Мысалда болжамданғандай, субъект пайыздық тәуекелді басқарудың ұдайы бағдарламасына ие. I кестеде ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындары мен X0 мерзімінің басында әрекет еткен хеджирлеу позициялары келтірілген. Кесте талдаудың кері нүктесімен түсіндіріледі. Кесте X1 мерзімінің басында орындалатын бағалауға қатысты қолданыстағы хеджирлеу құралдарын қарастыру үшін негізді береді.
I кесте Мерзім соңы: ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындары және хеджирлеу жағдайлары
|
Тоқсандық мерзімдер (бірліктер)
|
X0
|
X1
|
X2
|
X3
|
X4
|
X5
|
n
|
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
Күтілетін таза ағындар
|
|
1,100
|
1,500
|
1,200
|
1,400
|
1,500
|
x,xxx
|
Айналымдағы пайыздық своптар:
|
|
|
|
|
|
|
|
Тіркелген мөлшерлеме бойынша түсімдер, ауысымдық мөлшерлеме бойынша төлемдер (шартты сомалар)
|
2,000
|
2,000
|
2,000
|
1,200
|
1,200
|
1,200
|
x,xxx
|
Тіркелген мөлшерлеме бойынша төлемдер, ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдер (шартты сомалар)
|
(1,000)
|
(1,000)
|
(1,000)
|
(500)
|
(500)
|
(500)
|
x,xxx
|
Айналымдағы свопты ескерумен алынған таза тәуекел
|
|
100
|
500
|
500
|
700
|
800
|
x.xxx
|
Кесте бес тоқсандық мерзімді қамтиды. Нақты талдау «…n» шартты жазбасының көмегімен бірнеше жылдар аралығын қамтитын еді. Барлық субъектінің деңгейінде пайыздық тәуекелді басқаратын субъект өзінің қаржылық ағындарының тәуекелдерін мерзімді түрде қайта бағалайды. Бағалаудың мерзімділігі тәуекелдерді басқару саласындағы субъектінің саясатына байланысты.
Мысалдың мақсаты үшін субъект X0 мерзімінің соңында ақшалай ағындардың тәуекелдерін қайта бағалайды. Процестің алғашқы қадамы қолданыстағы пайыздық активтер мен пайыздық міндеттемелерден алынған болжамданатын ақшалай ағындар туралы мәліметтерді жинау болып табылады. II кестеде таза ақшалай ағындардың тәуекелдер болжамы келтірілген. Тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін пайыздық тәуекелді бағалаудың дәстүрлі әдісі активтер мен міндеттемелер арасындағы сезімтал пайыздық мөлшерлемелердің салыстырмалы талдауы болып табылады.
Мұндай талдау хеджирлеуді есепке алу мақсаттары үшін, пайыздық мөлшерлемелерді өзгеру нәтижесінде тәуекелдерді сәйкестендіру үшін, кері нүкте қызметін атқаруы мүмкін.
II кесте Болжамданатын таза ақшалай ағындардың болжамданатын тәуекелдері және қайта бағалау
|
Тоқсандық мерзімдер (бірліктер)
|
Ескертулер
|
X1
|
X2
|
X3
|
X4
|
X5
|
n
|
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
Активтерден - ТҮСІМДЕР ТӘУЕКЕЛДЕРІ МЕН ҚАЙТА БАҒАЛАУ
|
Негізгі сомалар мен пайыздар түсімдері:
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұзақмерзімді тіркелген мөлшерлеме бойынша
|
(1)
|
2,400
|
3,000
|
3,000
|
1,000
|
1,200
|
x,xxx
|
Қысқамерзімді (ұзарту)
|
(1)(2)
|
1,575
|
1,579
|
1,582
|
1,586
|
1,591
|
x,xxx
|
Ауысымды мөлшерлеме – негізгі соманың төлемдері
|
(1)
|
2,000
|
1,000
|
−
|
500
|
500
|
x,xxx
|
Ауысымды мөлшерлеме – есептік пайыздық төлемдер
|
(2)
|
125
|
110
|
105
|
114
|
118
|
x,xxx
|
Барлығы ақшалай қаражаттардың күтілетін түсімдері
|
|
6,100
|
5,689
|
4,687
|
3,200
|
3,409
|
x.xxx
|
Ауыспалы мөлшерлемесі бар активтер сальдосы
|
(3)
|
8,000
|
7,000
|
7,000
|
6,500
|
6,000
|
x,xxx
|
Түсімдер және қайта бағалау
|
(4)
|
14,100
|
12,689
|
11,687
|
9,700
|
9,409
|
x,xxx
|
Міндеттемелерден түскен - АҚШАЛАЙ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЙТА БАҒАЛАУ
|
Негізгі сомалар мен пайыздар төлемі:
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұзақмерзімді тіркелген мөлшерлеме бойынша
|
(1)
|
2,100
|
400
|
500
|
500
|
301
|
x,xxx
|
Қысқа мерзімді (ұзарту)
|
(1)(2)
|
735
|
737
|
738
|
740
|
742
|
x,xxx
|
Ауыспалы мөлшерлеме – негізгі сома төлемдері
|
(1)
|
–
|
–
|
2,000
|
–
|
1,000
|
x,xxx
|
Ауыспалы мөлшерлеме – есептік пайыздық төлемдер
|
(2)
|
100
|
110
|
120
|
98
|
109
|
x,xxx
|
Барлығы күтілетін төлемдер
|
|
2,935
|
1,247
|
3,358
|
1,338
|
2,152
|
x,xxx
|
Ауыспалы мөлшерлемесі бар міндеттемелердің сальдосы
|
(3)
|
8,000
|
8,000
|
6,000
|
6,000
|
5,000
|
x,xxx
|
Ақшалай төлемдер мен қайта бағалау
|
(4)
|
10,935
|
9,247
|
9,358
|
7,338
|
7,152
|
x,xxx
|
ТАЗА ТӘУЕКЕЛДЕР
|
(5)
|
3,165
|
3,442
|
2,329
|
2,362
|
2,257
|
x,xxx
|
II кесте Болжамданатын таза ақшалай ағындардың болжамданатын тәуекелдері және қайта бағалау
|
1. Ақшалай қаражаттардың ағындары келісім шарттарының көмегімен бағаланады. Қысқамерзімді активтер мен міндеттемелердің мерзімдері алдағы уақытта да ұзартылуы болжамданады. Мерзімінен бұрын өтеуге қатысты келтірулер, міндеттемелерді орындамау және депозиттерді алып тастау нарықтық және тарихи мәліметтерге негізделеді. Негізгі сомалар мен пайыздардың түсімдері мен төлемдері қайта инвестицияланып, қайта қаржыландырылуы болжамданады.
|
2. VI кестесінен алынған форвардтық пайыздық мөлшерлемелер ауыспалы пайыздық мөлшерлемесі бар қаржылық құралдардан түсетін пайыздық төлемдерді болжамдау үшін қолданылады. Болжамданатын ақшалай қаражаттардың барлық ағыны белгілі бір уақыт мерзіміне байланысты (3 ай, 6 ай, 9 ай және 12 ай). Бәсекелестік мақсатында, қайта инвестициялау, қайта қаржыландыру және қайта бағалаудан болатын ақшалай қаражат пайызы кестеге енгізіледі және тек таза маржа ғана қайта инвестицилаудан өтсе де, нетто тәуекелін көрсетеді. Кейбір субъектілер ақшалай қаражат ағынының пайыздық мөлшерлемесін болжауды тәуекелді басқару мақсатында таңдауы мүмкін, себебі олар операцияның құнын және тәуекелді басқару үшін шешім қабылдауға ықпалын тигізу үшін жеткіліксіз қалған кез-келген маңызды емес соманы өтеуге пайдаланылуы мүмкін.
|
3. Ақшалай ағындардың болжамы әрбір мерзімдегі ауыспалы пайыздық мөлшерлемелері бар активтер мен міндеттемелердің сальдосын ескеру арқылы түзетіледі. Мұндай активтер мен міндеттемелердің негізгі сомалары нақты түрде төленбейді, сондықтан, ақшалай ағындарды туындатпайды. Алайда, пайыздар әрбір мерзімнің негізгі сомалары бойынша есептелетіндіктен, бұл негізгі сомаларды субъект пайыздық тәуекелге ұшыратуы мүмкін.
|
4. Болжамданатын ақшалай ағындардың тәуекелдері және әрбір мерзімде сәйкестендірілетін қайта бағалаулар ақшалай қаражаттар түсімдерінің негізгі сомаларымен байланысты. Бұл сомалар ақшалай қаражаттардың төлемдерімен қайта инвестицияланады және қайта бағаланады.
|
5. Таза ақшалай ағындардың тәуекелі мен қайта бағалау ақшалай қаражат түсімдерінің тәуекелдері мен ақшалай қаражаттар төлемдерінің тәуекелдері арасындағы айырмашылықты білдіреді бұл мысалда субъект пайыздық мөлшерлеменің тәуекеліне ұшырауы мүмкін, себебі, активтердің тәуекелі міндеттемелердің тәуекелінен асып түседі, және бұл мөлшер ағымдық нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта инвестицияланады немесе қайта бағаланады.
|
Кейбір субъектілер өздерінің пайызсыз депозиттерінің бөлігін ұзақмерзімді қарыздың экономикалық эквиваленті ретінде қажет етілгенге дейін қарастыра алады. Алайда, мұндай депозиттер пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі нәтижесінде ақшалай ағындардың өзгеру тәуекелдерін құрмайды.
II Кесте «Болжамданатын ақшалай ағындардың тәуекелдері және қайта бағалаулар» пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі және хеджирлеу позицияларын түзету нәтижесінде ақшалай ағындардың өзгеру тәуекелін бағалау үшін кері нүктені білдіреді. Толық талдау III Кестеде «Күтілетін таза тәуекелдер мен хеджирлеу жағдайларын талдау» келтіріледі. Кестеде қолданыстағы хеджирлеу ұстанымдары бойынша (І кестеден алынған) әрбір мерзімдегі (ІІ кестеде жасалған) болжамданатын таза ақшалай ағындардың тәуекелдері салыстырылады.
ІІІ Кесте «Күтілетін таза тәуекелдер мен хеджирлеу жағдайларын талдау»
|
Тоқсандық мерзімдер (бірліктер)
|
X1
|
X2
|
X3
|
X4
|
X5
|
…n
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
Таза ақшалай ағындардың тәуекелдері және қайта бағалау (II кесте)
|
3,165
|
3,442
|
2,329
|
2,362
|
2,257
|
x,xxx
|
Бұрын қолданыста болған айналымдағы своптар:
|
|
|
|
|
|
|
Тіркелген мөлшерлеме бойынша түсімдер, ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдер (шартты сомалар)
|
2,000
|
2,000
|
1,200
|
1,200
|
1,200
|
x,xxx
|
Тіркелген мөлшерлеме бойынша төлемдер, ауыспалы мөлшерлеме бойынша түсімдер (шартты сомалар)
|
(1,000)
|
(1,000)
|
(500)
|
(500)
|
(500)
|
x,xxx
|
Бұрын қолданыста болған своптардан кейінгі таза тәуекел
|
2,165
|
2,442
|
1,629
|
1,662
|
1,557
|
x,xxx
|
Қолданыстағы хеджирлеу жағдайларын түзетуге арналған операциялар:
|
Ауыспалы мөлшерлеме бойынша тіркелген түсімдері мен төлемдері бар Своп 1 (шартты сома, 10 жыл)
|
2,000
|
2,000
|
2,000
|
2,000
|
2,000
|
x,xxx
|
Ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдері және тіркелген мөлшерлеме бойынша түсімдері бар Своп 2 (шартты сома, 3 жыл)
|
|
|
(1,000)
|
(1,000)
|
(1,000)
|
x,xxx
|
Своптар …X
|
|
|
|
|
|
|
Ақшалай ағындардың хеджирленбейтін тәуекелі және қайта бағалау
|
165
|
442
|
629
|
662
|
557
|
x,xxx
|
Достарыңызбен бөлісу: |