АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Қаржы құралдарының қаржылық ереже мен қаржы әрекетінің нәтижелері үшін маңыздылығы



бет55/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95

Қаржы құралдарының қаржылық ереже мен қаржы әрекетінің нәтижелері үшін маңыздылығы

Әділ құн бойынша есептелетін қаржы міндеттемелері және пайда немесе зарарда көрініс табатын өзгерістер (13 және 14-параграфтар)

AG4. Егер субъект қаржылық активті пайда немесе зарар арқылы әділ құнмен анықтаса, 13(a)-параграф несиелік тәуекелдің өзгеруіне байланысты қаржы міндеттемесінің нақты құнының өзгеру сомасын ашуды талап етеді. 13 (а) (і) параграфы субъектінің осы соманы, нарықтық тәуекелге итермелейтін нарықтық жағдайдағы өзгерістерге қатысты емес міндеттеменің әділ құнындағы өзгерістің сомасы ретінде анықтауына рұқсат береді. Егер міндеттеме үшін нарықтық жағдайлардағы өзгерістер ғана бақылаудағы пайыздық мөлшерлеменің өзгерістері болып табылса, бұл сома төмендегідей бағаланады:

(a) Біріншіден кезеңнің басына дейін міндеттемелер бойынша субьекті талданған міндеттемелерге арналған нарықтық бағаны қолдана отырып, кірістің ішкі нормасына сенеді. Қарастырылатын құралдарға қатысты кірістің ішкі норма үлесін анықтау үшін құралдар бойынша есептелінген кірістің жалпы нормасы кезең басында бақыланған базалық пайыздық мөршерлемеге кемиді.

(b) Одан әрі, субъект міндеттемеге қатысты ақшалай қаражат ағынының ағымдағы құнын кезең соңындағы міндеттеменің келісімдік ақшалай қаражат ағынын және (і) кезең соңындағы бақылаудағы пайыздық мөлшерлемені және (іі) кірістің (а) анықталғандай кірістің ішкі пайыздық мөлшерлемесінің құралға арналған құрауышын пайдаланып есептейді.

(c) Міндетемелердің (b) параграфына сәйкес, кезең соңына дейін бақыланған нарықтық бағасы мен сома арасындағы айырмашылық базалық пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты емес әділ құнның өзгеруі болып табылады. Тек осы сома ашылуы болып саналады.

Осы мысалда факторлар әсерінен болған әділ құнның өзгеруі шынайы емес болып табылады. Егер мысалдағы құрал кіріктірілген туынды құрал болса, онда ол (13(а)-параграфына сәйкес) нақты соманы анықтағанда ескерілмейді.



Басқа да ақпараттардың ашылуы – есеп саясаты (25-параграф)

AG5. 25-параграф қаржы есебін дайындауда қолданылатын бағалы негізідерін, сонымен қатар қаржы есебін түсінуге болатын басқа да есеп саясатының қағидаларын ашуды талап етеді. Қаржы құралдары үшін осындай ашылу мыналарды енгізеді:

(а) Өзгертулері кіріс пен шығысда көрініс табатын, нағыз баға бойынша есепке алынатын қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері категориясына сыныпталған қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері:

(i) Осы санатқа сыныпталған қаржы активтері мен қаржы міндеттемелер сипаты;

(іі) Бастапқы мойындауда осы сияқты сыныптаулар өлшемдері; және

(ііі) Осындай сыныптамалар үшін 29 ҚСҚЕХС 10, 13 немесе 14-параграфтарының шарттары субьект ретінде орындалды. 29 ҚСҚЕХС (b)(i) параграфындағы қаржы активі немесе қаржы міндеттемелерін анықтаумен байланысты басқа жіктеме кезінде болатын жағдайлары көрсетуді талап етеді. Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін анықтаумен 29 ҚСҚЕХС (b)(iі) параграфы негізіндегі құралдармен қатар нағыз құнмен есепке алынуы, бекітілген субьектінің инвестициялық стратегиясымен қауіпті басқару стратегиясына сай анықталады.

(b) Қаржылық активтерді сатуға дайын деп есептеудің өлшемдері.

(с) Қаржылық активтерді сатып алу және сатудың қолданыстағы тәсілдері сату күнінде немесе орындалу күнінде бағалау резервінде есептелінетіндігі (29 ҚСҚЕХС 40 параграфын қараңыз).

(d) Несие шығынымен болған қаржылық активтердің теңгерімдік құнын қысқарту үшін қолданылатын есептеу қолданылған кезде:

(і) Құнсызданған қаржы активтерінің теңгерімдік құнының кемуі жағдайын анықтау үшін қолданылған өлшемдер (немесе, жазба жасау кезінде жойылған) және бағалау резервінде есептеу қолданғанда; және

(іі) Провизия есебі арқылы құнсызданған қаржы активтерінің тізімнен шығару шарты (20-параграфты қараңыз).

(е) Қаржы құралдарының әр санаты бойынша таза кіріс пен шығысы қалай анықталады (24(а)-параграфын қараңыз).

(f) Мысалы, кіріс пен шығыс арқылы шынайы құны, дивидент түріндегі пайызды пайда немесе жай пайыздық пайдасы ескерілетін баптары бойынша таза кіріс немесе таза шығыстары енгізелген кездегі субьект құнсызданудан болған обьективті шығындарды анықтау үшін қолданатын өлшемдер (24 (е)-параграфын қараңыз);

(g) Қаржы активтері бойынша келісімшартты қайта қарау кезінде жарамсыз немесе құнсыз болуы мүмкін шарттарды қайта қарау нысаны болып табылатын қаржы активтерінің есеп саясаты ашылады. ( 43(d)-параграфын қараңыз);

(h) Құндылықтар айырбасы болмайтын және шынайы құны анықтала алмайтын шеңбер аясындағы келісімдермен байланысты қаржы кепілдігі келісімшарты бойынша. «Шартты міндеттемелер мен шартты активтер провизиясы» 19 ҚСҚЕХС сәйкес жағдайлардың ашылуы нәтижесінде провизияны мойындайды.

ҚСҚЕХС 137-параграфында, сонымен қатар, субъектінің есеп саясатында қолдану барысында басшылық жасаған бағалаудан бөлек, субьектілердің есеп саясатының негізгі қағидаларына қысқаша шолу жасауын қажет етеді.



Қаржы құралдарына байланысты қауіптің сипаты мен өлшемі (38-49-параграфтар)

AG6. 38-39-параграфтарына байланысты ашылатын ақпарат қаржы есебінде тұру керек немесе қаржы есебінде басқа есепке сілтеме ретінде тұру керек. Осындай ақпаратсыз қаржы есебі толық емес болып есептеледі.



Ақпараттың ашылуы-санамалы сипаттама (41-параграф)

AG7. 41(a)-параграф ішкі ақпарат негізінде субьектіге әсер ететін қауіп туралы санамалы жиынтық деректерін ашуды талап етеді. Субьект қауіпті басқару тәсілдерінің бірнешеуін қолдану барысында орынды және сенімді ақпарат бере алатын тәсіл мен тәсілдерді аша білу керек. Орынды және сенімділік сұрақтары «Есеп саясаты, есепшілік бағалаудағы өзгертулер мен қателіктер» 3 ҚСҚЕХС қарастырылады.

AG8. 41(c)-параграфы қауіптің концентрациясы туралы ақпараттың ашылуын талап етеді. Ұқсас сипаттамалары бар және экономикалық шарттарының бірдей өзгеруіне әсер еткен қауіптің концентрациясы қаржы құралдарымен пайда болады. Қауіптің концентрациясын анықтауда субьект орналасқан жағайларға маманданған пікірлерді қолдануды талап етіледі. Қауіп концентрациясы туралы ақпараттың ашылуы төмендегілерді қамту керек:

(a) Басшылық концентрацияны қалай анықтайтынын көрсетеді.

(b) Жеке концетрацияны (мысалы, конрагент, валюта, аудан) ажырататын жалпы нақты сипаттамаларды; және де

(c) Осы сипаттама бойынша барлық қаржы құралдарының қауіп сомасын береді.



Несиелік тәуекелдің максималды өлшемі (43(a)-параграф)

AG9. 43 (a)-параграфы несиелік қауіптің максималды өлшемі жақсы жағынан көрінетін сома туралы ақпараттың ашылуын талап етеді. Қаржы активі үшін бұл: теңгерімдік құнды шегеріп алу:

(a) Кез келген сома 28 ҚСҚЕХС сәйкес

(b) ҚСҚЕХС сәйкес құнсызданудан болған кез келген шығын.

AG10. Несиелік қауіпке әкеліп соғатын әрекет төмендегілерді қамтиды:

(a) клиенттерге несиелер мен төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну, сонымен қатар депозиттердің басқа субьектілерде орналасуы. Бұл жағдайларда несиелік қауіптің максималды өлшемі сәйкес қаржы активтері теңгерімдік құнына тең.

(b) туынды құралдар (мысалы, валюталық келісімшарттар, пайыздық айырбас, несиелік туынды құралдар) нәтижесінде пайда болған актив нақты құнға бағаланатын жағдайда есеп мерзімінің активі бойынша несиелік қауіптің максималды өлшемі теңгерімдік бағаға тең болады.

(c) қаржылық кепілдікті ұсыну. Бұл жағдайда несиелік қауіптің максималды өлшемі максималды сомаға тең.

(d) келісімнің әрекет мерзімінің пікіріне жатпайтын қарызға алу міндеттемелерінің қабылдауы немесе тек тиісті емес жағдайларда кері шақыру болуы мүмкін. Егер де қарыз мінеттемелерін қабылдаған субьект ақшалай немесе қаржы құраларының нетто-есебін орындай алмаса, несиелік қауіптің максималды өлшемі қарыз алудың міндеттемелерінің толық сомасына тең болады. Қауіптің максималды өлшемі субьектінің міндеттемелері есептелулерінің сомасынан айтарлықтай артық болуы мүмкін.

Өтемпаздық қаупі бойынша ақпараттың ашылуы – есептік сипаттамалар (41(a) және 46(а) және (b)-параграфтары

AG11. 41(a)-параграфына сәйкес, субьект ақпарат негізінде өзінің ликвидті қауіпке ұшырағыштығы туралы құрылымның басқарма мүшелері ұсынатын жалпылама санамалы деректерін ашады. Субьект қандай деректер анықталатынын түсіндіру керек. Егер ақша ағыны мынандай деректерге қосылған болса:

(a) Деректерде көрсетілгеннен бұрын болса; немесе

(b) Деректерде берілген сомалардан ерекшеленетін сомаларды ұсынады (мысалы, таза есептер негізінде деректерге енгізілетін қаржы құралдарының туындысы жағдайында, бірақ мұнда контрагент брутто-негізінде есеп алуға құқығы бар);

субьект осындай дәлелдерді ашып, қаржылық есепке қауіптің масштабын бағалауға мүмкіндік беретін санамалы ақпаратты ұсыну керек. Тек егер мұндай ақпарат 46(a) немесе (b)-параграфы талап ететін келісім мерзімдері сараптамаларына енгізілмеген болса.

AG12. 46(a) немесе (b)-параграфы талап еткендей, қарызды өтеу мерзімі бойынша қаржы міндеттемелері сараптамаларын дайындауда субьект уақытша санамалы интервалдарын анықтау үшін кәсіптік пікірлерді қолданады. Мысалы, субьект төмендегі интервалдардың қайсысы келетінін анықтай алады:

(a) Бір айдан артық емес;

(b) Бір айдан артық, бірақ үш айдан көп емес ;

(c) Үш айдан артық, бір жылдан көп емес; және

(d) Бір жылдан артық, бес жылдан көп емес.

AG13. 46(a) және (b)-параграфтарына сәйкес, субьект кіріктірілген туынды құралды гибридті құралдан айыруға тиіс емес. Мұндай құрал үшін субьект 46 (a)-параграфын қолдануы тиіс.

AG14. 46(b)-параграфы субьектілер өзінің ашылуларында, өтеуге дейін қалатын келісімдік мерзімдер туынды қаржы міндеттемелерін өтеу мерзіміне санамалы сараптама көрсетулерін талап етеді. Мысалы, бұл төмендегідей жағдайларда кездеседі:

(a) Ақша ағынының қаржы активтерін хеджирлеуінде мерзімі 5 жыл қалған пайыздық өлшем айырбасы

(b) Барлық несиелік міндеттемелер

AG15 46(a) және (b)-параграфы келісімшарт бойынша есептік мерзімде қалатын қарызды өтеу мерзімдері бойынша кейбір қаржы міндеттемелерінің сараптама нәтижелерін ашуды талап етеді.

(а) Егер контрагентте төлем мерзімін таңдау құқығы болса, субьект міндеттеменің төлемін талап етілген ерте мерзім негізіндегі уақыт интервалына енгізеді. Мысалы, субьект бірінші ретте өтейтін қаржы міндеттемелері ерте уақытша интервалға енгізіледі.

(b) Егер субьект төлемдерді бөліп төлеу міндетін алса, әрбір бөліп төлеу субьектіден талап етілетін төлемде ең ерте мерзім болып саналады.

(c) Қаржы кепілдігінің келісімшарттары үшін кепілдіктің максималды сомасы ерте мерзімге жатқызылады.

AG16. 46(а) және (b)-параграф талаптарындағы келісімнің сомаларын мерзімге сәйкес өтеу келісіммен байланысты дисконтталмаған ақылы ағындарын ұсынады, мысалы:

(a) Қаржы жалдауы бойынша жалпы міндеттемелер (қаржыландыру бағасының есептен шығаруына дейін);

(b) Ақшалай қаражатқа қаржы активтерін сатып алуға белгіленген форвардтық келісімдердегі баға;

(c) Құбылмалы мөлшеремеде пайыздардың төлемдерімен пайыздық айырбас келісімдерінің таза сомасы және төлемдердің бекітілген ыңғайласпа талап арқылы есеп жүргізуді (нетто-есеп) қарайластыратын мөлшерлеме бойынша алу;

(d) Туынды қаржы құралдары бойынша екі жақ айырбастауы міндетті келісімшартқа сәйкес сомалар. Егер де келісімшарт ақша қаражаттарының валдық ағындарымен өткізуін қарастырса; және

(e) Қарыздар бойынша міндеттемелер жиынтығының сомасы.

Мұндай дисконтталмаған ақша қаражатының ағыны есеп берудің қаржы жағдайындағы сомадан ерекшеленеді, өйткені есеп берудегі қаржы жағдайы дисконтталған ақша қаражатының ағынына негізделеді. Егер төленетін сома тіркелген болмаса, белгілі сома есеп берілген күннің шарттарымен анықталады. Айталық, төленетін сома әріпсанның өзгерістеріне байланысты болса, бастапқы сома әріпсанының деңгейі есептік күніне негізделеді.

AG17. 46(c)-параграфы субъектінің тәуекел өтімділігін басқарылуын көрсетуді талап етеді, 40(a) және(b)-параграф талабының негізінде ашық көп сандық ақпаратты баптарды міндеттейді. Басқару тәуекелін өтімділік негізінде ұстаған субьект, қаржы активтерінің талдауын ашып, мерзімінде жабуы керек (мысалы, жеңіл сатылатын немесе ақшалай ағындар беретін қаржылық активтер, қаржылық міндеттемелердегі ақшалы тараулар арқылы жүзеге асырылады), мұндай ақпарат пайдаланушылардың қаржы есебінің сипаттылық және өтімділік тәуекелінің өлшемін бағалау керек.

AG18. 40(c)-параграф талаптарының ақпаратын ашуда субьект мына факторларды есепке алады, бірақ олармен шектелмейді:

(a) Субъектінің өзіне негізделген қарыз алысу, өтімділік қажеттілігінің қанағаты үшін пайдаланылатын сызықтары (айталық, коммерциялық вексельтің сызықтары) немесе өзге несиелік сызықтар (резервтік несиелік сызықтар).

(b) Субъектінің өтімділік қажеттілігінің қанағаты үшін орталық банкте депозиттері бар ма?;

(c) Субъектінің нақты диверсификациялық қаржылық бастаулары бар ма?;

(d) Субъектінің өз активтілігінде немесе қаржылай бастауларында өтімділік тәуекелінің маңызды шоғырланулары бар ма?;

(e) Субъектіде өтімділік тәуекелін басқару мақсатында ішкі тексерістің үдерістері және төтенше оқиғаларға жоспар әрекеттері бар ма?;

(f) Субъектіде үдеме өтеу шарттарын асыратын құралдар бар ма (айталық, субъектінің несие рейтингін төмендетуде)?;

(g) Субъектіде кепілге сұранатын құралдар бар ма (айталық, қосымша құралдардың есепшотына енгізу туралы талаптар)?;

(h) Субъект өзінің қаржы міндеттерін ақша қаражатымен таңдататын құралдары (немесе өзге қаржы активтерімен) немесе жеке акциялары бар ма?; немесе

(i) Субъектіде келісімнің талаптары туралы өзара бітім бар ма?;



Нарықтық тәуекел - сезімталдық талдауы (40 және 41-параграфтар)

AG19. 47(a)-параграф субьект душар болған әр түрлі нарықтық тәуекелдің сезімталдық талдауын жүргізуді міндет етеді. AG3-параграфына сәйкес, субъект экономикалық ортадағы маңызды айырмашылықтарға ұшырағыштық қауіпті, әртүрлі сипаттық ақпараттарын біріктірмей, ортақ көріністі көрсету үшін, ақпаратты қалай біріктіреді. Мысалы:

(a) Қаржы құралдарының саудасымен айналысатын субьект, саудаға арналған ақпаратты жеке қаржы құралдары арқылы аша алады, және саудаға арналмаған құралдар арқылы да аша алады.

(b) Субъект аймақтардағы гиперинфляциялық экономикасы бұзылған, аймақтарда нарықтық қауіпке душар өте төменгі сатыдағы инфляциясы болса, нарықтық қауіпті біріктірмеуі керек.

Егер субъект тек қана бір экономикалық ортада нарықтық қауіптің бір түріне ұшыраса, ақпарат көрсету керек емес.

AG20. 47(a)-параграфы талдау нәтижесін, қандай да бір пайданы немесе зарарды және таза активтерді, субьект өзгерісінің капитал қаупін, мүмкіндік негізін көрсетуді міндеттейді (айталық, нарықтық пайыздық ұтыс тігудегі өзгеріс, валюта курстарын ауыстыру, құралдарға немесе тауарларға үлестік баға беру). Осы мақсатта:

(a) Субъектілерден лайықты өзгерістердің басқаша болғандағы пайда немесе шығындарын анықтау қажет етілмейді. Осының орнына субъектілер қандай пайданы немесе шығындарды және таза активтерді/капиталды есептік күннің қолданысына жіберілмеуін, қауіпті өзгерістердің есептік күнге алып келетін жолдарын ашып көрсетеді. Айталық, егер субъектінің жылдың соңында көзделген пайыздық төлемі ағымдағы пайызбен қаралса, жылдық пайыз үлесінің пайда немесе зарарының қаупі кеңеюге негізделеді (яғни пайыздық шығын).

(b) Субъектілерден пайданы немесе шығындарды және таза активтерді, капитал өзгерісінің диапазон шегіндегі ықтимал өзгерістердің лайықты қаупін қарастыру міндетті емес. Диапазон шекараларындағы баршылық өзгерісті ашу жеткілікті.

AG21. Өзгермелі қауіп негізін анықтауда субьект келесі аспектілерді қарауы керек:

(a) Экономикалық ортадағы өзінің қызметі. Тиянақты ықтимал өзгерістер «Нашар» сценарийді немесе «Стресс тесттерді» кірістірмеуі керек. Егер өзгеріс қаупі әрқашан қалыпты болса, субъектінің таңдалған ықтимал өзгерістегі қауіпті қарастыру керек емес. Айталық, мысалы, пайыздық ұтыс тігу 5 пайызды құрайды және субьектінің анықтауынша, пайыздық ұтыс тігудің бұлғағы 50 базистік параграфтардың негізіне ықтимал болып табылады. Субъект пайданы немесе зарарды және таза активтерді/капиталды 4.5 пайызға дейін төмендетеді немесе оның өсуі 5.5 пайызға дейін көтереді. Келесі кезеңде пайыздық ұтыс тігу 5.5 пайызға дейін көтерілді. Субъект пайыздық ұтыс ±50 базистік параграфқа дейін болуын болжайды. Субъект пайданы немесе шығындарды және таза активтерді/капиталды, пайыздық ұтыстың 5 пайызға дейін төмендеу немесе 6 пайызға дейін көтерілу ықпалын ашады. Субъектіге, егер тұрақты пайыздық көтерілуі пайда болмаса, пайыздық ұтыстың ±50 базистік параграфта ауытқудың бағасын қарамаса да болады.

(b) Ол сарапшылықты жасайтын, уақыт кезеңі. Субьект келесі ақпараттың ашылуын байқағанша, сезімталдық талдауы өзгеріске ықпал жасауы керек. Бұл әдеттегі субъектінің кезекті жылдық есептік кезеңі.

AG22. 48-параграф субъектіге сезімталдық талдауын сезуді, өзгермелі қауіпті көрсетуді, мысалы, егер субьект бұл талдауды қаржы бағытындағы қауіпке қолданса, қауіп бағасы сарапшы талдауының әдісі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдіс әлеуетті шығындарды ғана бағалайды, және әлеуетті пайдаларды өлшемейді. Мұндай субъект 48(a)-параграф талаптарына сәйкес, пайдаланылған нұсқа сарапшылығының қауіп бағасын ашады (мысалы, Монте-Карло үлгісі қолданылса), жұмыс үлгісінің түсіндірмесі және негізгі босатулар (иеленушіліктің кезі және сенімді мүмкіндіктің деңгейі). Субъектілер тарихи кезеңдегі қадағалауларды және салмақты, осы аралықтағы қадағалау кезеңін және өзгермелі коэфиценттердің қолданылу нұсқасы кірістірілгенін аңғарады (немесе, Монте-Карло әдісінің сыныпталу үлгісінің сапасы ретінде).

AG23. Субъект өзінің барлық бизнесі үшін талдау сезімталдығын ұсыну керек, бірақ талдауды әртүрлі қаржы құралдары үшін ұсынуға болады.

Пайыздық тәуекел

AG24. Пайыздық тәуекел қаржы құралдарының пайыздық жағдайында, қаржы ережесінің есеп беруінде туындайды (айталық, несие және дебиторлық қарыз, қарыз құралдарының шығуы) және қаржы ережесінің есебін қабылдамаған кейбір қаржы құралдары (мысалы, қарыз алудағы кейбір міндеттер).



Валюталық тәуекел

AG25. Валюталық тәуекел (немесе айырбастау курсының тәуекелі) шетелдік валюталарда аңғарылатын қаржы құралдары арқылы туындайды (валютадан олар өлшенетін функциялық валютаға). Нақты стандартты мақсатта валюталық тәуекел функциялық валюта қаржы құралдарынан туындамайды.

AG26. Сезімталдық талдау субъект үшін маңызды, қауіпке душар әрбір валютаға ашылады.

Өзге бағаның өзгерісімен байланысты баға тәуекелі

AG27. Өзге бағаның өзгерісімен байланысты баға тәуекелі қаржы құралдарының өзгерісіне байланысты туындайды, айталық, тауар немесе үлестік құралдар. 47-параграф талаптарына сәйкес болу үшін, субъект тауарға немесе өзгермелі қауіп бағасына, қор нарығының әріпсанын ашуға ықпал етеді. Айталық, егер субъект, қаржы құралдарының барына кепілдемесі болса, кепіл берілген субъект ақпараттың өсу немесе кемуін айқындайды.

AG28. Өзгеру тәуекелі туындаған екі мысалдағы қаржы құралдарындағы өзге субьектінің үлестік құралына және өз кезегіндегі үлестік құралды сенімді басқару қорына жатады. Өзге мысалдар форвард келісімшартын және таңдалымдарды сатып алу немесе сату санының үлестік құралдарын, және де үлестік құралдардың своптарына кіреді. Мұндай әділ қаржы құралдарының құны негізгі үлестік құралдардың нарықтық бағасына әсер етеді.

AG29. 47(a)-параграфқа сәйкес, пайданың немесе зарардың (пайда және шығын, қаржы активтері, сатуға арналған құралдармен байланысты) өзге таза актив ақпараттарынан ерекшеленеді.

AG30. Субъект сияқты үлестік құралдары, сыныпталатын қаржылық құралдар көтерме бағаланбайды. Не пайда немесе зарар, не таза активтер/капитал үлесінің өзгеріске ықпалы болмайды.

B қосымшасы

ҚСҚЕХС басқа түзетулер

«Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚСҚЕХС

75-парафграфқа келесі өзгерістер енгізіледі:


  1. Активтер мен міндеттемелерді күтілетін іске асыру күндері туралы ақпарат субъектінің өтімділігін және төлем қабілеттігін бағалау кезінде пайдалы болып табылады. «Қаржы құралдары: ашып көрсету және ұсыну» 15 ҚСҚЕХС «Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету» 30 ҚСҚЕХС қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемлерді өтеу күндерін ашуды талап етеді. Қаржылық активтерге сауда және өзге де дебиторлық берешек кіреді, ал қаржылық міндеттемелерге сауда және өзге де несиелік берешек кіреді. Қорлар мен резервтер сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемлерді күтілетін өтеу және есептеу мерзімдері туралы ақпарат, активтер мен міндеттемелердің ағымдық немесе ұзақмерзімдік болып сыныпталуына қарамастан пайдалы болып табылады.

129-параграфқа (d)(ii) келесі өзгерістер енгізіледі:

129. ...


(d) …

(ii) рҚаржылық емес сипатты, мысалы қаржылық тәуекелді басқаруға қатысты субъектінің мақсаттары мен саясатын ашу (15 ҚСҚЕХС 30 ҚСҚЕХС қараңыз).



148-параграфқа келесі өзгерістер енгізіледі:

148. 140-параграфқа сәйкес, талап етілуі мүмкін кейбір негізгі болжамдарды ашу басқа Стандарттарда талап етіледі. Мысалы, 19 ҚСҚЕХС көзделген жағдайларда резервтер сыныбын қозғайтын болашақ оқиғаларға қатысты негізгі болжамдарды ашуды талап етеді. 15ҚСҚЕХС 30 ҚСҚЕХС әділ құны бойынша есептелінетін қаржылық активтер немесе міндеттемелердің әділ құнын бағалау кезінде пайдаланылған біршама болжамдарды ашуды талап етеді. 17 ҚСҚЕХС жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың қайта бағаланған баптарының әділ құнын бағалау кезінде қолданылатын елеулі жорамалдарды ашу талап етіледі.



148-параграфтан кейін келесі жаңа тақырыптар мен параграфтар қосылады.

Капитал

148А. Субъект пайдаланушыларға қаржылық есептіліктің мақсатын, саясатын және капиталды басқару үдерісін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ()

148В. 148А-параграфының талаптарына сәйкестендіру мақсатында субъект келесі ақпаратты ашуы тиіс:

(а) Субъектінің капиталын басқару мақсаттары, саясаты және процедурасы туралы сандық ақпаратты, оның ішінде (өзгелерді қоспағанда):



  1. Субъект капитал ретінде басқаратын құралдың сипаттамасы;




  1. Субъектіге оның капиталына қатысты сыртқы талаптар қойылған жағдайда, осындай талаптардың сипаты және бұл талаптар капиталды басқару кезінде қалай есепке алынады; және



  1. Субъект капиталды басқару мақсаттарына қалай қол жеткізеді.


(b) (b) субъект капитал ретінде басқаратын құрал туралы жиынтық сандық деректер. Кейбір субъектілер жекелеген қаржылық міндеттемелерді (мысалы, реттелген берешектің кейбір түрлері) капиталдың бөлігі ретінде қарастырады. Басқа субъектілер кейбір үлестік компоненттерді (мысалы, ақша ағынын хеджирлеуге байланысты туындайтын компоненттер) капиталдан алып тастайды.

(с) Бұрынғы кезеңмен салыстырғандағы (а) және (b) кез келген өзгерістер.

(d) Субъект есептік кезеңнің ішінде оның капиталына қатысты қойылатын сыртқы талаптарды орындады ма.

(e) Субъект есептік кезеңнің ішінде капиталға қатысты осындай сыртқы талаптарды орындамаған жағдайда, талаптарды орындамау салдарын ашу.

Мұндай ашып көрсету субъект басшылығының басты мүшелеріне ішкі көздерден ұсынылаған ақпаратқа негізделуі тиіс.

148С. Субъект капиталды бірнеше тәсілмен басқара алады және оған капиталға қатысты түрлі талаптар жүктелуі мүмкін. Мысалы, конгломерат құрамына сақтандыру және банк қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар кіруі мүмкін; мұндай субъектілер өз қызметін бірнеше заң құзыретінде жүзеге асыра алады. Капиталға және басқару тәсілдеріне қойылатын талаптарды біріктірілген ашу пайдалы ақпарат беруі немесе қаржылық есептілік пайдаланушыларының субъектінің капиталдық ресурстарын түсінігін бұрмалауы мүмкін жағдайларда, субъект капиталға қатысты оған жүктелген әрбір талап бойынша ақпаратты ашуы тиіс.

154В-параграфтан кейін келесі параграф қосылады:

154С. «Қаржылық құралдар: ақпаратты ашу» 30 ҚСҚЕХС енгізілуімен 75, 129 және 148-параграфтар өзгертілді және 148А-148С-параграфтары қосылды. Субъект 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе осы күннен кейінгі кезеңді қамтитын жылдық қаржылық есептілікке өзгерістерді қолдануы тиіс. Субъектілер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 30 ҚСҚЕХС қолданған жағдайда, осы өзгерістер бұдан ерте кезеңге де қолданылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет