АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет56/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95

Қорытынды жасауға негіз

Осы қорытынды жасауға негіз 30 ҚСҚЕХС толықтырады, бірақ оның бөлігі болып табылмайды.

Кіріспе

ВС1. Осы қорытындыға Негіздеме ҚСҚЕХСК пікірлерін жинақтайды, олардың негізінде «Қаржылық құралдар: ақпаратты ашу» 30 ҚСҚЕХС қорытындылар жасалады. Осы Стандарт ҚЕХСК жариялаған «Қаржылық құралдар: ақпаратты ашу» 7 ҚЕХС негізделеді, осы Қорытындыға Негіздеме 30 ҚСҚЕХС 7 ҚЕХС ауытқитын баптарды ғана қамтиды.

BC2. Қаржылық құралдарға арналған осы жоба ҚСҚЕХСК конвергенциясы бағдарламасының ҚСҚЕХС ҚЕХС конвергенциясына бағытталған түйінді бөлігі болып табылады.

BC3. Осы Стандарты әзірлеу кезінде ҚСҚЕХСК қоғамдық секторға жататын ерекше мәселелерді қоспағанда, талаптары қолданыстағы ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес болған барлық жағдайларда 7 ҚЕХС бастапқы мәтінін сақтауға келісті, соның нәтижесінде ақпаратты ашу бойынша талаптар қосылды немесе жойылды.

BC4. 2007 жылғы қыркүйекте ҚЕХСК «Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚЕХС қосымша шығарды, онда қаржылық есептілікті ұсынуға «жиынтық кіріс» деп аталатын жаңа компонент енгізілді. ҚСҚЕХСК бұл компонентті, сондай-ақ 1 БЕХС ұсынған басқа да кейбір толықтыруларды қарастырмағандықтан, бұл толықтырулар 30 ҚСҚЕХС енгізілген жоқ.

Жеңілдік займдар

BC5. Жеңілдік займдар субъектілерге беріледі немесе субъектілер нарықтан төмен талаптармен алады. Субъектілер беретін жеңілдік займдарға дамушы елдерге, шағын фермерлік шаруашылықтарға несиелер, университеттерде немесе колледждерде оқу үшін талаптарға жауап беретін студенттерге берілетен студенттік несиелер, табысы төмен отбасыларға берілетін тұрғын үй несиелері мысал бола алады. Мұндай несиелер қоғамдық секторға тән және мемлекеттік кәсіпорындардың немесе басқа да қоғамдық сектор субъектілерінің әлеуметтік саясатын жүргізу мақсатында жиі беріледі. Жеңілдік займ берудегі мақсат нарықтағыдан төмен талаптармен ресурстарды ұсыну немесе алу болып табылады. Осы себеп бойынша ҚСҚЕХСК жеңілдік займ үшін қоғамдық сектор субъектілерінен ақпаратты кешенді ашу талап етіледі деп қорытынды жасады және сондықтан 37-параграфта осындай несиелер үшін ақпаратты ашу бойынша қосымша талаптар енгізді.



ҚОЛДАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУ

МАЗМҰНЫ




Параграф

Кіріспе.............................................................................................................

IG1–IG4

Маңыздылығы………………………………..……………………….

IG3–IG4

Қаржылық құралдардың түрлері және ақпаратты ашып көрсету деңгейі ….......................................................................................................

IG5–IG6

Қаржылық жағдай және қаржылық қызмет нәтижелері үшін қаржылық құралдардың маңыздылығы...................................................................

IG7–IG16

Өзгерістері кіріс немесе шығысдарда көрсетілген әділ құн бойынша қаржылық жағдайлар .……..................................................

IG7–IG11

Міндеттемелерді орындамау және бұзу …….....................................

IG12

Пайыздық шығыстардың жалпы сомасы ..…………........................

IG13

Әділ құны ………….…………………………………………….…

IG14–IG16

Қаржылық құралдармен байланысты тәуекелдердің сипаты мен мөлшері …..............................................................................................

IG17–IG40

Ақпаратты ашып көрсету – сапалық сипаттамалар ………………

IG17–IG19

Ақпаратты ашып көрсету – сандық сипаттамалары ……………...

IG20–IG40

Несие тәуекелі …………………………………………………...

IG23–IG31

Ұсталынатын қамтамасыз ету және басқа да несиенің сапасын арттыру тетіктері …..................................................

IG24

Несие сапасы ……………………………………………...

IG25–IG27

Мерзімі кешіктірілген немесе құнсыздандырылған қаржылық активтер …….........................................................

IG28–IG31

Нарықтық тәуекел ……......................…………………………..

IG32–IG40

Нарықтық тәуекелдер туралы ақпаратты ашып көрсету........... ………………………………

IG37–IG40


Енгізу бойынша нұсқау

Бұл нұсқау 30 ҚСҚЕХС қоса беріледі, бірақ оның ажырамас бөлігі болып табылмайды.

Кіріспе

IG1. Осы нұсқауда 30 ҚСҚЕХС ақпаратты ашу бойынша кейбір талаптарды орындаудың ықтимал тәсілдері ұсынылады. Осы басшылық қосымша талаптар жасамайды.

IG2. Қолайлы болу үшін ақпаратты ашу бойынша әрбір талап осы Стандартта жеке талқыланады. Іс жүзінде ашылатын ақпарат жалпы түрде ұсынылады және жекелеген есептер бірнеше талапты қанағаттандыруы мүмкін. Мысалы, тәуекелдерді шоғырландыру туралы ақпаратта несие және басқа да тәуекел түрлеріне ұшырау туралы ақпарат болуы мүмкін.

Маңыздылығы

IG3. 1 ҚСҚЕХС егер ақпарат маңызды болмаса, ҚСҚЕХС ақпаратты ашуға қойылатын жеке талаптардың орындалмауы мүмкін деп көрсетеді. ҚСҚЕХС маңыздылыққа келесі анықтама беріледі:

Баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау әрқайсысы жеке немесе жиынтығында пайдаланушылар қаржылық есептілік негізінде жасаған шешімге немесе бағалауға ықпал ететін болса, маңызды болып табылады. Маңыздылығы туындаған жағдайлардың контексінде бағаланатын қалдырып кету немесе бұрмалау сипатына және мөлшеріне байлаынсты. Баптардың сипаты немесе мөлшері, екеуінің үйлесуі шешуші фактор болуы мүмкін.

IG4. 1 ҚСҚЕХС сондай-ақ осы анықтамаға келесі түсініктеме береді:

Ақпаратты қалдырып кету және бұрмалау пайдаланушылардың шешіміне ықпал етуін бағалау және егер олар маңызды болса, онда осы пайдаланушылардың сипаттамаларын қарастыру талап етіле ме? Пайдаланушылардың қоғамдық сектор, экономикалық қызмет, бухгалтерлік есеп туралы білімі жеткілікті және ақпаратты зейінмен зерделеуге дайын деп болжанады. Сәйкесінше, бағалау жүргізу кезінде осындай өзіндік қасиеттері бар пайдаланушылар шешім қабылдау және бағалау кезінде қалай ықпалға ұшырауын күтуге болатынын назарға алу қажет.

Қаржылық құралдардың түрлері және ақпаратты ашып көрсету деңгейі (9 және AG1-AG3-параграфтар)

IG5. AG3-параграфында «субъект өзінде туындаған жағдайлар шеңберінде осы Стандарт талаптарына сәйкес ұсынылатын ақпараттың қаншалықты толық болуы, талаптардың түрлі аспектілеріне қаншалықты мән беру және сипаттары әртүрлі ақпаратты біріктірмей, жалпы көрінісін көрсету үшін ақпаратты қалай біріктіру керек деген шешім қабылдайды» делінген. Осы талап субъектінің осы параграфта айтылған барлық ақпаратты ашып көрсетуінсіз қанағаттандырылуы мүмкін.

IG6. 1 ҚСҚЕХС 29(с)-параграфы субъектіден «қоғамдық сектор үшін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының арнайы талаптарын сақтау пайдаланушыларға белгілі бір операциялардың, өзге оқиғалардың және жағдайлардың субъектінің қаржылық жай-күйіне немесе қаржылық қызметінің нәтижесіне салдарын түсінуге көмектесуге жеткіліксіз болып табылатын жағдайларда, қосымша ашып көрсетуді» талап етеді.

Қаржылық жағдай және қаржылық қызмет нәтижелері үшін қаржылық құралдардың маңыздылығы (10-36, AG4 және AG5-параграфтар)

Өзгерістері кіріс немесе шығысдарда көрсетілген әділ құн бойынша қаржылық жағдайлар (13(а)(i) және AG4- параграфтар)

IG7. Келесі мысалда субъект осы Стандарттың А Қосымшасының AG4- параграфына сәйкес жүргізе алатын есептеу көрсетіледі.

IG8. 20Х1 жылғы 1 қаңтарда субъект номиналды құны 150,000 АБ1 және купонының белгіленген жылдық мөлшерлемесі 8% 10-жылдық облигациясын шығарады, бұл сипаттамалары ұқсас облигациялар бойынша нарықтық мөлшерлемеге сәйкес келеді.

IG9. Бақыланатын (базалық) пайыздық мөлшерлеме ретінде субъект лондондық банкаралық нарықтағы (LIBOR) ұсыныс мөлшерлемесін пайдаланады. Облигацияны шығару күні LIBOR 5 пайызды құрады. Бірінші жылдың аяғында:

(a) LIBOR 4.75 пайызға дейін төмендеді.

(b) Облигацияның әділ құны 153,811АБ құрады, бұл 7.6 пайыз пайыздық мөлшерлемеге сәйкес келеді2.

IG10. Облигацияны бағалау кезінде субъект кіріс қисығы көлбеу пішінді болуына байланысты, пайыздық мөлшерлеменің барлық өзгерістері кіріс қисығының бір уақытта жылжуына байланысты болады және назарға алынатын бірден бір нарық жағдайларының өзгерістері LIBOR мөлшерлемесінің өзгеруі болып табылады.

IG11. Субъект облигация әділ құнының өзгерістерінің мөлшерін бағалайды, ол нарықтық тәуекелдің туындауына әкеп соғатын нарық жағдайларының өзгеруімен байланысты емес:



[AG4(a)-параграфы]

Алдымен субъект талданып отырған жағдайға бақыланатын нарық бағасын және кезең басындағы шартқа сәйкес, міндеттеме бойынша ақшалай қаражат ағынын пайдалана отырып, кезең басындағы жағдай бойынша ішкі табыстылық нормасын есептейді.

Қарастырылып отырған құралға тікелей қатысты ішкі табыстылық нормасының үлесін анықтау үшін құрал бойынша есептелген жалпы табыстылық нормасының шамасы кезең басындағы бақыланатын (базалық) пайыздық мөлшерлемеге азайтылады.


Купоны 8 пайыздық 10-жылдық облигацияның айналу кезеңінің басында облигацияның ішкі табыстылық нормасы 8 пайызды құрайды.

Бақыланатын (базалық) LIBOR мөлшерлемесі 5 пайызға тең болғандықтан, қарастырылып отырған құралға тікелей қатысты ішкі табыстылық нормасының үлесі 3 пайызға тең.



[AG4(b)-параграфы]

Әрі қарай субъект кезең аяғындағы шартқа сәйкес, жағдай бойынша ақшалай қаражат ағынын және кезең аяғындағы бақыланатын (базалық) пайыздық мөлшерлеменің сомасы (i) және құралдың қзіне тікелей тиесілі және AG(a)-параграфына сәйкес анықталған ішкі табыстылық нормасының құрамдас бөлігіне (ii) тең дисконттау мөлшерлемесін пайдалана отырып, осы жағдай бойынша ақшалай қаражат ағынының дисконтталған құнын есептейді.



Құралдық ақшалай ағыны кезеңнің аяғындағы шартқа сәйкес құрайды:

  • Пайыздар: 2-10-ыншы жылдар аралығында жылына 12,000(a) АБ.

  • Негізгі сома: 10-жылы 150,000 АБ.

Осылайша, облигацияның келтірілген құнын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконттау мөлшерлемесі 7,75 пайызға, немесе кезең аяғындағы 4.75 пайыз мөлшеріндегі LIBOR мөлшерлемесінің сомасына және қарастырылып отырған құралға тікелей тиесілі, 3 пайыз мөлшеріндегі ішкі табыстылық нормасының үлесіне тең.

Бұл 152,367(b) АБ мөлшеріндегі келтірілген құнды береді.



[AG4(c) параграфы]

Кезең аяғындағы міндеттеменің бақыланатын нарықтық бағасы мен (b) параграфына сәйкес анықталған сомасның арасындағы айырмашылық бақыланатын (базалық) пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне қатысты емесе әділ құнның өзгерісі болып табылады.

Атап айтқанда осы сома ашып көрсетуге жатады.


Кезең аяғындағы міндеттеменің нарықтық бағасы 153,811(с) АБ құрайды.

Осылайша, субъект есептілікте нарықтық тәуекелдің туындауына әкеп соғатын нарық жағдайының өзгерісіне байланысты емес облигацияның әділ құны ретінде 1,444 АБ сомасын, яғни 153,811АБ – 152,367АБ ашып көрсетеді.



(а) 150,000АБ х 8% = 12,000АБ

(b) PV=[12,000 АБ х (1-(1+0.0775)-9)/0.0775] + 150,000 АБ х (1 + 0.0775) -9

(с) нарықтық баға = [12,000 АБ х (1-(1+0.076)-9)/0.076] + 150,000 АБ х (1 + 0.076) -9


Міндеттемелерді орындамау және бұзу (22 және 23-параграфтар)

IG12. 22 және 23-параграфтар несиелерді өтеу бойынша міндеттемелердің орындалмауы және бұзылуы туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. Міндеттемелерді кез келген орындамау немесе бұзу 1 ҚСҚЕХС сәйкес қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді міндеттемелерді жіктеуге ықпал етуі мүмкін.



Пайыздық шығыстардың жалпы сомасы (24(b)-параграф)

IG13. 24(b)-параграфқа сәйкес, ашып көрсетілетін пайыздық шығыстардың жалпы сомасы 1 ҚСҚЕХС 102(b)-параграфына сәйкес, қаржылық қызмет нәтижелері туралы есепте жеке берілетін қаржылық шығындардың бөлігі болып табылады. Қаржылық шығындар бабына қаржылық емес міндеттемелермен байланысты сомалар да кіруі мүмкін.



Әділ құны (31-34-параграфтар)

IG14. 30 ҚСҚЕХС әділ құн иерархиясындағы деңгей туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді, оған қаржылық жағдай туралы есепте бағаланған активтер мен міндеттемелердің әділ құны жатады. Мұндай ақпарат басқа да ашып көрсету форматы сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда кесте түрінде ашып көрсетілуі тиіс. 33(а)-параграфының талаптарына сәйкес, активтер туралы келесі ақпаратты ашып көрсету қажет. (Сондай-ақ салыстырмалы ақпаратты ашып көрсету талап етіледі, бірақ төменде келтірілген мысалда ол жоқ).



Әділ құны бойынша бағаланатын активтер




Келесілерді пайдаланумен, есеп беру кезеңінің аяғында әділ құнды есептеу:

Сипаттама

20Х2 ж. 31 желтоқсан.

1 деңгей

млн. АБ

2 деңгей

млн. АБ

3 деңгей

млн. АБ

Кіріс немесе шығыс арқылы әділ құны көрсетілетін қаржылық активтер













Сатуға арналған ЦБ

100

40

55

5

Сатуға арналған туындылар

39

17

20

2

Сатуға арналған қолда бар қаржылық активтер













Үлестік инвестициялар

75

30

40

5

Жиыны

214

87

115

12

Ескерту: ұқсас кесте міндеттемелер бойынша беріледі

IG15. 30 ҚСҚЕХС кезеңнің басында және аяғында қаржылық жағдай туралы есепте кез келген маңызды параметрлері бақыланатын нарықтық деректерге негізделмейтін (3-деңгей) бағалау әдістерін пайдалана отырып, әділ құны бойынша бағаланатын активтер мен міндеттемелердің қалдықтарын тексеруді талап етеді. Мұндай ақпарат басқа да ашып көрсету форматы сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда кесте түрінде ашып көрсетілуі тиіс. 33(а)-параграфының талаптарына сәйкес активтер туралы келесі ақпаратты ашып көрсету қажет. (Сондай-ақ салыстырмалы ақпаратты ашып көрсету талап етіледі, бірақ төменде келтірілген мысалда ол жоқ).

3-деңгей бойынша әділ құнымен бағаланатын активтер




Есеп беру кезеңінің аяғындағы әділ құнды есептеу




Кіріс немесе шығыс арқылы әділ құны бойынша көрсетілетін қаржылық активтер

Сатуға арналған қолда бар қаржылық активтер

Жиыны




Сатуға арналған ЦБ

млн. АБ


Сатуға арналған туындылар

млн. АБ


Үлестік инвестициялар

млн. АБ


млн. АБ

Кезең басындағы қалдық

6

5

4

15

Барлық кіріс немесе шығын













кіріс немесе шығын құрамында танылатын

(2)

(2)

-

(4)

таза активтер/капитал құрамында танылатын

-

-

(1)

(1)

Сатып алу

1

2

2

5

Шығарылым

-

-

-

-

Есептеу

-

(1)

-

(1)

3-деңгейден аудару

-

(2)

-

(2)

Кезеңнің соңындағы қалдық

5

2

5



12
















Есеп беру кезеңінің соңында қаржылық жағдай туралы есепте активтер бойынша кіріс немесе шығын құрамында енгізілетін кезеңдегі барлық кіріс немесе шығын

(1)

(1)

-

(2)
















(Ескерту: ұқсас кесте міндеттемелер ойынша берілуі мүмкін)




Кіріс немесе шығыс құрамына енгізілетін кезеңдегі (жоғарыда) кіріс немесе шығыс табыс құрамында келесі түрде беріледі:







Кірістер

Кіріс немесе шығыс құрамына енгізілетін кезеңдегі барлық кіріс немесе шығыс

(4)

Есеп беру кезеңінің соңында қаржылық жағдай туралы есепте активтер бойынша кіріс немесе шығыс құрамында енгізілетін кезеңдегі барлық кіріс немесе шығыс

(2)

(Ескерту: ұқсас кесте міндеттемелер бойынша берілуі мүмкін)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет