Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет58/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Сақалын сипау. Сақалын сипап біраз отырды да, сөз таппаған соң балаға дүрсе қоя берді («Ақырамаштан наурызға дейін»). Ер адамдарға тән бұл кинема олардың терең ойға берілгендігін, мәселенің шешімін іздеп отырғандығын білдіреді.
Санын соғу. Әлден соң санын сарт еткізіп: «Өйбұй!» деді оқыстан. Кемпірі аузына апара жатқан шайын шашып алды. Бұл кинема өкінудің, әттеген-айдың, бармағын шайнап қалудың белгісі.
Ала көзімен ата қарау. Сайрай бермей баршы орныңа, деді кемпірі шалына ала көзімен ата қарап («Қарғын»).

  • Оу, әділқазылар-ау, менің әлгі... пәселкемді не істейсіңдер? деп еді, екеуі де бұған ала көзімен ата қарап:

  • Өй, поселкеңізді... аларсыз бір кезде, деді мынадай сәтте басты қатырмашы дегендей теріс айналып («Ақырамаштан наурызға дейін»).

Көз соматизмі арқылы орындалатын бұл кинема – жақтырмау, жаратпау мағынасын білдіреді. Жалпы көркем шығарма тілінде көз, қас, бас, қол соматизмдеріне байланысты кинемалар өте өнімді қолданылады, бұл адамның айтайын деген ойын жеткізуде дәл осы дене мүшелерінің басты рөл атқаратындығын білдіреді. Д. Исабеков шығармаларында көзге қатысты көзін
сығырайта қарау, бақырайып қарау, тесірейіп қарау, аларып қарау, ежірейе қарау, қадала қарау сияқты түрлері кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет