Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады



бет14/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
С тілінде программалау УМКД

Бақылау сұрақтары


  1. Тіркестік айнымалылардың сипатталу тәсілдері қандай?

  2. Тіркестік айнымалы қандай идентификатормен және қалай анықталады?

  3. Бір тіркестік айнымалыға немесе тұрақтыға қанша символ жазуға болады?

  4. Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

  5. Тіркестік өрнектер дегеніміз не?

  6. Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?

  7. Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады?

  8. С тілінде сөз тіркестерін өңдейтін қандай функциялар бар? Оларды қалай пайдаланады және олар қалай жазылады?

  9. Палиндром сөз деген не?

  10. Мәтіндегі сөздердің санын қалай анықтауға болады?

  11. Орыс тілінің әріптерін қалай пайдалануға болады?

  12. Символдар кодировкасы деген не?



ЛЕКЦИЯ № 7


Тақырыбы: Массивтер. Бірөлшемді және көпөлшемді массивтер.

Лекция жоспары:

Бір өлшемді массивтер


  1. С тілінде кездейсоқ сандарды пайдалану

  2. Екі өлшемді массивтер



Лекция мазмұны





  1. Бір өлшемді массивтер

Жиым немесе массив – бір типтегі элементтердің реттелген жиыны.


Олар бір атаумен – идентификатормен аталады да, индексті айнымалы ұғымына сәйкес келеді. Мысалы, мынадай тізбек
0 1 1 2 3 5 8 13 21
Фибоначчи тізбегінің 9 элементін құрайды (алғашқы екі санды таңдап алып, келесі санды алдыңғы екеуін қосу жолымен алады). Ал мынау өзіне және бірге бөлінетін жай сандар тізбегінің алғашқы 7 элементі:
1 3 5 7 11 13 17
Осындай бір текті тізбектерді жиым түрінде С тілінде сипаттап, оған бастапқы мән беріп инициалдау үшін былай жазамыз:
int fib[8]={0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21}; немесе
int fib[]={0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21}; деп көрсетеміз,
мұндағы fib – жиым аты, оның элементтерінің типі int, ал ені, яғни ұзындығы – 9, жиым элементтерінің индекстері 0-ден бастап нөмірленеді, сол себепті 9 элемент 8 индекспен көрсетіледі. Мәндері толық көрсетілсе, индексті жазбаса да болады. Ал былай болса,
int fib[8]={0, 1, 2, 3}; қалған элементтері 0 болып саналады.
n=10; k=2; fib[n-k] = {0, 1, 2, 3}; десе де болады.
Жоғарыдағы тізбектің 7-ші элементін бір бүтін айнымалыға меншіктеу үшін былай жазамыз.
int а = fib[6]; // а = 8:
Жиымды сипаттау кезінде оның ені нақты санмен көрсетіледі, мысалы, a[20], a[n] деп жазу үшін алдын ала #define n 20 жолы көрсетіледі немесе const n=20; болып жазылады.
Жиым элементтерін енгізу немесе оларды түрлендіру үшін цикл операторлары қолданылады. Төменде 10 элементі бар жиымды 0-ден 9-ға дейінгі сандармен толтырып, содан кейін оларды кері бағытта экранға шығару мысалы көрсетілген:
main()
{ int ia[10]; int index;
for(index = 0; index <10; index ++) ia[index] = index;
for(index = 9; index >=0; index --)
printf(“ %i”, ia[index]); }
С тілінде жиымды жиымға бірден теңестіруге болмайды, мысалы, а0, а1, а2, ... , а9 және с0, с1, с2, ... , с9 жиымдары үшін а = c деп жазуға рұқсат етілмейді. Олардың элементтерін цикл ішінде бір-біріне біртіндеп теңестіру керек. Мысалы, мынадай цикл жазылуы тиіс:
int a[9], c[9];
for(int i=0; i<9; ++i) a[i]=c[i];




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет