Жиымдар мен құрылымдардың қандай айырмашылығы бар?
С тілінде құрылымдар қандай тәсілдермен сипатталады? Олардың бір-бірінен айырмашылықтарын түсіндіріңдер.
Құрылым элементтерін қалай инициалдауға болады?
Құрылымға нұсқауыш‖ термині нені білдіреді?
Құрылымның элементін пайдалану кезінде нүкте (.) немесе -> таңбалары не үшін қолданылады?
Құрылымдардың өрістерінің өздері құрылым бола ала ма?
Нұсқауыштарды құрылымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері қандай?
Құрылымдарды функция аргументі ретінде пайдалануға бола ма?
Құрылымдармен жұмыс істеуде қандай амалдар қолданылады?
Құрылымдар жиымдарын қалай құруға болады?
Құрылым элементтерін экранға шығару мүмкіндіктерін көрсетіңдер.
Біріктірмелердегеніміз не? Олар қалай сипатталады?
ЛЕКЦИЯ № 10
Тақырыбы: Файлдар. Мәтіндік, типтелген және типсіз файлдар
Лекция жоспары:
Файлдарды пайдалану
fprintf және fscanf функцияларын пайдалану
fgets және fputs функцияларын пайдалану
fwrite және fread функцияларын пайдалану
Лекция мазмұны
Файлдарды пайдалану
Файл – сыртқы есте сақтау құрылғыларында (магниттік дискілерде) орналастырылған және мәлімет өңдеу, тасымалдау кездерінде біртұтас күйде қарастырылатын мәліметтер жиыны.
Файлдармен жұмыс істеу үшін оларды, алдымен, ашу керек, яғни файл туралы мәліметті – атын, адресін программаға белгілі ету қажет.
С тілінде файл ашу fopen() функциясы арқылы орындалады. Ол сыртқы құрылғыдағы физикалық файлды, мысалы, А:\NUR.DAT, программадағы оның логикалық атымен байланыстырады. Логикалық ат дегеніміз – файлға нұсқауыш, яғни файл туралы мәлімет сақталатын жады аймағына сілтеме жасау.
Файлға нұсқауыш сипатталуы тиіс.
Сонымен, файлдармен жұмыс істегенде нұсқауыштар қолданылады.
Файлға нұсқауыш мынадай түрде сипатталады: FILE *fp;
мұндағы FILE типі – тақырыптық файлында анықталған құрылым. Бұл нұсқауышты көрсетілген файлмен сол файл ашылғаннан бастап, байланыстырып қоюға болады. Ол үшін келесі функция пайдаланылады:
fopen ("файл адресі/аты","қатынасу типі");
ол файлға нұсқауыш мәнін қайтарады немесе қате болса, NULL мәнін береді.
Мысалы, мынадай оператор орындалуы нәтижесінде fp = fopen ("ex1.txt", "w");
жұмыс бумасындағы ex1.txt файлы оған мәлімет жазу (write) үшін ашылады, ал программада бұл файлды fp нұсқауышы арқылы пайдаланамыз (яғни fopen() функциясы файлдың сыртқы атын оның программада қолданылатын ішкі логикалық атымен байланыстырады).
Сонымен, файлды ашатын fopen() функцияcының жалпы жазылуы: fp = fopen(name, mode)
мұнда fp – файлға сілтейтін нұсқауыш; name – файлдың адресін де көрсетуге болатын аты, көбінесе символдық тіркес арқылы жазылады; mode
файл қандай режимде қолданылатынын көрсететін параметр, бұл да символдар тіркесімен төмендегідей түрде жазылады:
"r" – файлды оқу үшін ашу (файл бұрын ашылған болуы тиіс); "w" – бос файлды информация жазу үшін ашу;
"a" – файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу;
"r+"– файлдан информация оқу және оған информация жазу үшін
ашу);
"w+"– бос файлдан информация оқу және оған мәлімет жазу үшін
файл ашу (бұрын файл болса, ол өшіріледі);
"a+"– файлдан информация оқу және оның соңына информация қосып жазу үшін ашу).
"t" – файл мәтіндік (текстік) режимде ашылады, ол rt, wt, at, т.с.с. болып көрсетіле береді.
"b" – файл екілік режимде ашылады, rb, wb, ab, т.с.с. болып көрсетіле береді.
Келісім бойынша файл көбінесе мәтіндік режимде ашылады.
Файлмен жұмыс істеп болған соң, оны жабу үшін келесі функция қолданылады:
fclose (файл_нұсқауышы).
Файлға мәлімет жазу/оқу үшін жалпы енгізу/шығару функциялары тәріздес бірсыпыра функциялар пайдаланылады:
fprintf(), fscanf(), fputs(), fgets(), getc(), putc(), fgetc(), fputc().
Бұлардың ішіндегі getc()/fgetc(), putc()/fputc() функциялары әрекеттері ұқсас, айырмашылықтары тек getc() пен putc() макроанықтаулар да, aл
fgetc() және fputc() – нағыз функциялар болып табылады.
Барлық файлдық функциялар прототиптері файлында орналасқан.
Файлдардан мәлімет жазу/оқу әрекеттерін үш топқа бөлуге болады:
символдарды енгізу/шығару операциялары;
сөз тіркестері жолдарын енгізу/шығару операциялары;
блок бойынша енгізу/шығару операциялары.
Символдарды енгізу/шығару операцияларында файлдан бір ғана символ оқылады немесе оған бір символ жазылады. Мысалы:
fgetc(FILE *fp); ашылған файлдан символ оқиды. fputc(int ch,FILE *fp); ch символы кодын файлға жазады.
Сөз тіркестері жолдарын енгізу/шығару операцияларында бір мәлімет алмасуы кезінде файлдан сөз тіркесі жолдары оқылады немесе оған сөз тіркесі жазылады. Мысалы:
gets(char *S); файлдан мәлімет байттарын '\n' символы кездескенше біртіндеп оқиды да, оларды S тіркесіне орналастырып, '\n' символын ‗\0‘ (нөлтерминатор) белгісіне айналдырады.
fgets(char *S,int m,FILE *fp); fp түрінде сипатталған файлдан байттарды оқып, оларды '\n' символы кездескенше немесе m байт оқылып біткенше S тіркесі мәні ретінде жазып шығады.
Блок бойынша енгізу/шығару операцияларында мәліметтер алмасу олардың бір блогын толық қамтиды. Мысалы:
fread (void *ptv, int size, int n, FILE *fp);
мұнда fp файлынан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағына оқылады (оқылатын блок үшін алдын ала орын дайындап қою қажет).
fwrite (void *ptv, int size, int n, FILE *fp);
мұнда ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағында орналасқан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ашық тұрған fp файлына жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |